Оқу курсының типі: ЖК
«Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі» курсының мақсаты – студенттерді мектепте қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстармен таныстырып, оны іске асырудың жолдарын үйрету.
Пәннің негізгі міндеттері:
студенттерді жазба жұмыстарды зерттеген ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;
студенттерді мектепте жүргізілетін жазба жұмыстармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
жаңартылған білім беру бағдарламасында ұсынылған жазба жұмыстар туралы таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;
болашақ мамандарға қазақ тілін оқытуда жазба жұмыстарды қолданудың жолдарын игерту;
өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.
6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы
бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН - 6. Сандық технологияның дамуымен байланысты көпфункциональды ақпараттар легімен жұмыс істейді, өзгерістерге тез бейімделеді, тіл үйренуге бейім, ынтымақтастық жағдайында топта жұмыс істейді және сыни ойлай алады.
ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады.
ОН - 11. Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Достарыңызбен бөлісу: |