Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қалалық білім бөлімі №51 гимназия бекітілді



бет1/4
Дата23.06.2023
өлшемі31.47 Kb.
#475328
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
САНДАР ӘЛЕМІ. 5 класс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
51 гимназия


БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің
2013 жылғы «____» __________
_____ бұйрығымен


Б а ғ д а р л а м а


«САНДАР ӘЛЕМІ»


/7- кластар/

Ақтөбе - 2013 жыл
Курс бағдарламасының негізі (қандай ереже, бағдарлама, кім, қашан бекіткен) Я.И.Перльман «Қызықты алгебра», В.А.Гусеев и др. «Внеклассная работа по математике» т.б. оқулықтарын пайдаланған.
Құрастырған (дар): № 51 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Куздибаева Гүлжамал Жанабайқызы № 51 гимназияның әдістемелік (педагогикалық) кеңесі отырысында 7- кластарға (мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы )
арналған «Сандар әлемі» курс бағдарламасы талқыланды.
(курс атауы)
Хаттама № «___» қыркүйек 2013 жыл
Гимназия директоры _______________ А.Б.Бегимова
(қолы) (аты-жөні)
Қалалық сараптау комиссиясынның отырысында «Сандар әлемі» курс бағдарламасы мақұлданды. (курс атауы)
.
Хаттама № ______ «__» _ қыркүйек _ 2013 жыл
Сараптау комиссиясы төрағасы ____________ Р.Н.Тастанбаева
(қолы) (аты-жөні)

Түсінік хат

7 - кластарға арналған «Сандар әлемі» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.


Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму жеңгейін ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Соған сәйкес оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда, болашақта математикалық теңдеулерді, қиын есептерді шығаруға арнаулы курс негізделіп жасалған.
Арнаулы курс бағдарламасы оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып білімдерін тереңдету, өзіндік ізденістерінің артуына мүмкіндік береді.

51 гимназияның математика пәнінің мұғалімі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет