Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-  бейнелер, оған сканерленген фотосуреттер, сызбалар, карталар  жəне слайдтар кіреді; -



Pdf көрінісі
бет51/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   189
bilimdi akparattandyru

-  бейнелер, оған сканерленген фотосуреттер, сызбалар, карталар 
жəне слайдтар кіреді;
-  дауыстың дыбыстық жазылуы, дыбыстық эффекттер жəне 
 музыка;
-  бейне, күрделі бейнеэффектілер.
Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген 
мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, əдемі бейне-
лер немесе анимациялар мен өтетін прецентациялар статикалық 
мəтінге қарағанда, визуал тартымды жəне олар қажет болған 
эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арт-
тырады. Мультимедианы қолдану мектеп жағдайында физика 
немесе химия бойынша оқушыларға бір қатар тəжірибелерді 
көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедианың көмегімен кеңістікте 
қозғалуға болады жəне оқушыларға сыныптан шықпай-ақ, та-
рих курсындағы мұражай экспонаттарын немесе археологиялық 
ескерткіштерін көрсетуге болады. Заманауи ұшақтардың 


106
ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей 
дайындау мүмкін емес, себебі бұл əдіс шынайы жағдайларды 
жəне келешек ұшқыштан талап етілетін интербелсенді əсерлесуді 
модельдейді.
Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары 
мен əр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді – адам матералды қалай 
оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интербелсенділік 
мүмкіндіктерін пайдалануын жəне өзінің сыныптастарымен бірге 
қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру 
үдерісінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа білім 
берудің электрондық басылымдары жəне ресурстарымен жұмыс 
істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті жəне талабына сай əсер 
ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын 
қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс 
қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа 
баспаларын жəне ресурстарды қолдану оқыту үдерісін оқушылар 
арасындағы білім алуының өзіндік стильдеріне жəне қарқынды 
қызығушылығына əлеуметтік жəне мəдени ерекшеліктеріне қатысты 
иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту 
үдерісінің  бірнеше аспектілеріне жағымды əсер етеді. Мультиме-
диа:
1. ақпаратты қабылдау жəне түсіну оқыту сияқты когнитивтік 
аспектілерін ынталандыруға;
2. оқушылардың мотивациясының артуына;
3. оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын жəне ұжымдық 
танымдық дамуына;
4. 
оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға жəне 
оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға 
ықпал етеді.
Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың 
артықшылықтарын қатарына:
-  оқыту үдерісінде оқушы қабылдауының бірнеше кана-
лын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше əртүрлі 
сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға 
келтірілетінін;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет