288
Бірінші күні жұмыртқаның сары уызын, екінші күні ақ қырғауылдың
етін, үшінші күні қой етін, төртінші күні жас өгізшенің етін асып, қоңыр-
қызыл шараппен шылап, хош иісті шөппен сәндеп, жегізеді. Зоххак риза
болып, Ібілістен не қалайтынын сұрайды. Сонда Ібіліс: «О, патшам,
маған ештеңенің керегі жоқ, ақ жүзіңді көргеніме ризамын. Тек бір-ақ
тілегім сол, иығыңа ернімді тигізсем, бақыттымын», – дейді.
Ібілістің пісірген тамағының дәмі аузында тұрған патша рұқсат етеді.
Ібілістің Зоххактың
иығына ерні тиюі мұң екен, екі иығынан жылан
ирелеңдеп, өсіп шыға келеді. Шауып тастаса, қайта шығады. Тәуіп,
дәрігердің бірі де амалын таба алмайды.
Ол кезде Ібіліс түрін өзгертіп, дәрігердің кейпіне түсіп, қайта келеді
де: «Жыланды шауып тастағанымен, құтыла алмайсың, одан да адамның
миын жегізіп отырсаң тыныш табады», – дейді. Сөйтіп, Ібіліс жер бетінен
адамзатты жойып жібергісі келеді (Брагинский И.С., 1972).
«Шаһнама» және басқа да көптеген қисса-дастандарда жылан самұрық
құстың
балапанын жемекші болғанда, балапандарды батыр құтқарады:
Айдаһар бұл шаһарда болған тажал,
Кез болды, балам, бізге осындай хал.
Көп жұртқа мөрді басып ала бердім,
Сөзіме, балам, менің құлағым сал.
Өлтірсең айдаһарды
қайрат қылып,
Қыз түгіл, астымдағы тағымды ал
(Қазақ қиссалары. 1986).
Бұл – «Әділ-Зайыт» қиссасының үзіндісі.
«Гүлшат-Шеризатта» Гүлшаттың түсіне Шеризат батыр аждаһа
бейнесінде кіреді:
Көрінген аждаһа боп ер екен ол,
Ойланып саған қастық жүр екен ол.
Қолыңнан
тақытыңды тартып алар,
Япырмау кім екенін білмеймін сол.
«Сейфүлмәлікте»:
Көреді Сейфүлмәлік бір айдаһар,
Әлемді ашуланса бір-ақ жалмар.
Келді де балапанға тұра ұмтылды,
Болдырып отыр еді құс жануар.
Достарыңызбен бөлісу: