ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Этнопсихология мәселелері
Орындаған: «» мамандығының
2 курс студенті Тексерген:
Өскемен, 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында байланыс.
1.1 Салт-дәстүр сабақтастығы
1.2 Этнопсихология мәселелері
2 Ұлттық психикалық құрылым - мәдени ерекшелiктiң шартты белгісі. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Этнопсихология —халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерi мен салттарындағы ұлттық сана-сезiмiн, өмiрге деген көзқарасын, өзiндiк ойлау ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшiн қажеттi факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмiрiнiң, тiлi мен мәдениетiнiң, әлеуметтiк психологиядағы сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтастығы болып табылады.
Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады.
Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |