ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІН
САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУ
Алматы, 2012
Ұлттық ақпараттандыру орталығының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір айтушылар:
Бекмағамбетова Р.К., педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Мухамбетжанова С.Т., педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту саласындағы шетел тәжірибесін сараптамалық шолу. – Алматы: «ҰАО» АО, 2012. – 48 б.
Осы сараптамалық шолу «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау мен білім беру қызметінің сапасын талдау» 101 бағдарламасының аясында «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» 008 бағдарламасы бойынша дайындалған.
Сараптамалық шолу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының алуан түрлі компьютерлік жабдықтары мен электрондық инфрақұрылымын, оның ішінде Жаңа Зеландия, Бразилия, Ұлыбритания, Чех республикасы, Словакия, Чили, Ресей сияқты шетелдік елдерін сипаттауды енгізеді.
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………............
|
4
|
Мектепке дейінгі ұйымдардың электрондық инфрақұрылымы………....
|
5
|
Мектепке дейінгі ұйымдардағы Ғаламтор мен қатынас .…………….......
|
17
|
АҚТ және денсаулық …………………………………………………….....
|
19
|
Қорытынды………………………………………………………………......
|
24
|
КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде қазіргі жағдайда табысты бейімделуге қабілетті баланың тұлғалығын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайды қамтамасыз етуге икемделінген.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, тұрақты дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жылдам ақпараттануы мен динамикалылығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейтеді. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға толық қамтуды, мектепке дайындау үшін оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қатынас құруын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы әлемдік үрдістер қатарына жатады. Соңғы онжылдықта балаларды күту мен қарау бойынша жекелеген білімдік қызметтер көрсетудің орнына ұлттық білім беру жүйесінің маңызды бөлігі ретінде баланың дамуының ерте кезеңін және мектепке дейінгі білімді берудің қажеттілігін түсінді. Көптеген дамыған елдерде балалар бақшасына бару міндетті және тегін болып саналады. Мектепке дейінгі білім беру неғұрлым салмақты қаржыландырылса, адамдар солғұрлым ғұмыр бойы жақсы өмірлік нәтижелерді көрсетеді. Өйткені мектепке дейінгі балалық шақта тұлғаның параметрлері мен ерекшеліктері қаланады, көбінесе оның интеллектуальдық және физикалық қабілеттерінің, мүдделері мен мүмкіндіктерінің келешектегі даму сапасы мен бағыты анықталады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білімдік процесс сапасын арттыруды шешуде ақпараттандырудың үлкен әлуеті бар. Қазіргі заманғы ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасында пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесі менеджментінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық компьютерлік сауаттылығын игеруге және балаларды мектепте оқытуға дайындауға, балаларды қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі.
Көптеген елдерде соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беруде АҚТ-ды пайдалану тұжырымдамасы дайындалынды немесе қазіргі уақытта дайындалынып жатыр. Мектепке дейінгі ұйымдардың электрондық инфрақұрылымының шетелдік тәжірибесін талдау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттндыру саласындағы басшылық саясатты жетілдіруге мүмкіндік туғызатын болады да ақыр соңында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің жоғары сапалы деңгейіне қол жеткізуге бағытталады.
МЕКЕТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ИНФРАҚ ҰРЫЛЫМЫ
Шетел әдебиеттерінде негізделген пікір орнықты: мектепке дейінгі білім беруде АҚТ-дың рөлі мен әлуетін сыни зерттеудің, келешекте оны қолданудың бағыттарын қалыптастырудың және осы салада шешімдер қабылдаудың уақыты келді.
Осы сараптамалық шолудың мақсатына білім беруді басқару органдарымен өзараәрекеттестік пен басшылық ету үшін білім беру ұйымдарында АҚТ-ды пайдалануды зерттеу кірмеді, өйткені АҚТ-дың осы қызметтерінің артықшылығы ақиқат және мәнін түсіндіруді қажет етпейді. Біз өз алдымызға қандай инфрақұрылымның көмегімен педагогикалық мақсаттар – оқыту, тәрбие, мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалығын дамыту – шешілетінін талдау міндеттерін қойдық.
Еуропада бала өмірінің алғашқы алты жылында оның қабілеті мен икемділігінің дамуы маңызды болып саналатынын жете түсінді. Әлеуметтік өзара ерте әрекеттестік және білімдер мен машықтарды ерте игеру баланың ғұмыр бойы оқу мен іс-әрекет ету қабілетіне шешуші ықпал етеді1.
Жаңа Зелендиялық кеңестің «New Zealand Council for Educational Research» (2004) білімдік зерттеулерінің баяндамасында мектепке дейінгі білім беруде АҚТ-дың маңыздылығын атап өтеді, өйткені кіші жастағы баланың күнделікті өмірі мен үйренуі өтетін орта мен адамдарға АҚТ шарасыз түрде ықпал етеді.
Мектепке дейінгі білім беруде бұл технологиялардың әлуеті, авторлардың пікірі бойынша, төмендегі мүмкіндіктерді:
а) балалардың ойыны мен үйренуін қолдау мен жетілдіруді;
б) МББ маман-практиктерді дамыту мен біліктіліктерін арттыруды қолдау мен жетілдіруді;
в) МББҰ-мен байланысты МББҰ-ның, ата-аналардың және басқа тұлғалардың арасындағы өзарабайланыс пен қатынасты қолдау мен бекітуді
енгізеді.
Осы құжатта айтылады: «АҚТ баланың шығармашылық дамуына және өзін-өзі білдіруге, тек үлкендердің басшылығымен пайдаланылатын, арнайы таңдап алынған бағдарламалық құралдардың арқасында ғана емес, және де, мысалы, цифрлық фотоаппараттар мен бейнекамералер, бағдарламаланатын ойыншықтар немесе радиотелефондар, бөлмелерде де және ашық аспан астында да іс-әрекеттің алуан түрлі білім беретін ойындық түрлері сияқты кеңінен тараған АҚТ құралдарын тікелей пайдалану да мүмкіндік туғыза алады»2.
«Келесі ұрпақтың форумы» Зерттеу тобының мүшелері (АҚШ) мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әлуетінің дамуы көзқарасы тұрғысынан АҚТ ерекше түрде тиімді бола алатынын көрсетті. Осы кезде мұны зерттеушілер, бұл балалар басым түрде ойыншықтармен және аспаптармен ойын процесінде үйренеді, оларға АҚТ-ды технологиялық ойыншықтар мен құрал-жабдықтар түрінде ұсыну қажет деп пайымдайды. Егерде біз мұны істей алатын болсақ, онда мұндай технологиялық ойыншықтар мен аспаптар балалар тұлғалығының маңызды жақтары мен олардың оқу процесін өзгерте алады деп пайымдады.
Технологиялық құралдар:
-
оқыту процесіндегі балалар мен педагогтар арасында болатын өзара байланысты өзгертеді;
-
бұрын балаларда ешқашанда болмаған дауысты оларға ұсына отырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді;
-
бұрын қолдары жетпеген идеялармен және тұжырымдармен балалардың жанасуына мүмкіндік беретін динамикалық объектілерді құрастырудың жаңа тәсілдерін ашады;
-
оқытудың стратегиясын өзгертуге мүмкіндік туғызады;
-
әлеуметтік өзараәрекеттестікке жаңа жолдар ашады.
2011 жылы БАТИ ЮНЕСКО-ның «Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық және қатынастық технологиялардың мүмкіндіктері» сараптамалық шолуы жарық көрді, онда мектеп жасына дейінгі балалар үшін АҚТ-ды қолданудың маңыздылығы мен тәсілдері дәлелденеді.
Жабдық пен бағдарламалық жасақтама көз қарасы тұрғысынан шетелдік мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылатын электрондық инфрақұрылымды топтастыруға болады.
Жабдықтарға:
-
типтері мен көлемдері әр түрлі компьютерлерді;
-
енгізу/шығарудың стандартты құрылғыларын (сканерлерді, плеерлерді, принтерлерді);
-
енгізу/шығарудың интерактивтік құрылғыларын;
-
енгізу/шығарудың арнайы құрылғыларын — мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін және ең кіші жастағы балалар үшін;
-
цифрлық фотоаппараттар мен бейнекамераларды;
-
цифрлық және бағдарланатын ойыншықтарды, роботтар жасауға арналған құрастырушыларды (LEGO WeDo);
-
цифрлық микроскоптар мен телескоптарды, температураның, қашықтықтың және жарықталынудың цифрлық өлшегіштерін;
-
графикалық тақталарды, интерактивтік сынып тақталарын;
-
имиджерлерді, цифрлық (оның ішінде сөйлейтін) фотоальбомдарды;
-
желілік өзараәрекеттестік пен қатынасқа арналған құрылғыларды (телефондарды);
-
әуендік пернетақталарды, қозғалыстарды цифрлау мен әуендік түсіндірулер құрылғыларын (Soundbeam),
-
i-Pod’тарды және күшейткіштерді жатқызуға болады.
Бағдарламалық жасақтамаға:
- ортақ, әр түрлі бағыттағы;
- нақты салаларда қолданылатын арнайы;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған;
- кәсіби дамытуға арналған;
- жоспарлаулар, құжаттаулар, аттестаттаулар жүргізуге арналған;
- басшылық жасауға арналған;
- жүйелілік бағдарламалар жатады.
Ғимараттардан тыс көшедегі түсірілімдер үшін сымсыз камералар; арақашықтықтықтан басқарылатын және бағдарламаланатын ойыншықтар; CD- және MP3-плеерлер; микрофондар және дыбыс жазатын құрылғылар пайдаланылады.
Сол немесе басқа технология тағайындалған мақсаттарға сәйкес келетін көзқарас тұрғысынан жазбалар мен қатынастар; құрастырулар (роботторды құрастыруды енгізе отырып); бақылаулар мен зерттеулер; рөлдік ойындар және т.б. үшін арналған технологияны атап көрсетуге болады.
Шетелдік елдерде мектепке дейінгі білім беруде қолданылатындардың нақты мысалдары ретінде Wild Planet Kid Quest радиотелефондарды, Polaroid Pixie SD мен Discovery Kidsифрлық бейнекамераларды, QX5 TTS цифрлық микроскопты, тақтаны интерактивтікке түрлендіретін MIMIO жылдам сканерді, WeDo роботтар құрастырушысын, Fourier цифрлық өлшеуіш құралдарын, оқушылардың KidSmart кіріккен жұмыс орнын (IBM бірлестік өндірісі) және басқа ұқсас құрастырылымдарды атауға болады.
Интерактивтік тақта – маркермен жазуға немесе экранға бір мезгілде кескін проекциялана алатын, саусақпен көрсетуге болатын сыныптағы ақ тақта. Интерактивтік содан тұрады, саусақтың орны сенсорлық экранда (немесе үстелдегі тышқанның орнына ұқсас графикалық тақтадағы стилус) қалай қабылданса, маркердің немесе саусақтың орны компьютермен дәл солай қабылданады. Мұндай мүмкіндікке әр түрлі тәсілдермен: экранның өзіндегі арнайы сенсорлық қабаттармен (матрицалармен), жылдам сканермен – кез келген (ақ) тақтаның әлдебір жағына бекітілген онша үлкен емес пластинамен, проектордың өзімен құрамдасқан сканермен қол жеткізуге болады.
Интерактивтік тақталарды жасаушылар, негізінде тақтаға жазатын аспаптың орны анықталатын өндірістің әр түрлі технологияларын пайдаланады.
Қазіргі уақытағы базардағы бар технологиялар:
- Резистивтік матрица негізіндегі технология;
- Инфрақызыл мен ультрадыбыстық үйлесім технологиясы;
- Электрмагниттік толқындарға негізделген технология;
- Лазерлік технология;
- Оптикалық технология.
Интерактивтік тақтаны тактилдік басқару стандарттық емес және жеке сабақтарды жүргізуге көмектеседі де мектеп жасына дейінгі балалармен немесе мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде өте маңызды болады.
Интерактивтік тақта көп орынды талап етпейді. Егерде тақта үшін тура проекциялы проектор төбеге бекітілетін болса, онда топтың ортасында аппаратура үшін қосымша тіреуіш орнатудың керегі жоқ. Кері проекциялы тақтаға ие бола отырып, проекторды қосу мәселесінен қашуға болады, өйткені ол экранның аржағында орналасады да онымен біртұтас құрастырылымды құрайды. Жылдам модельдер де бар: олар қабырғаға бекітілмейді және оларды бір дәрісханадан басқа дәрісханаға жеңіл түрде орын ауыстыруға болады. Интерактивтік тақталар барлық жастағы оқушылар үшін жарамды: тақтаның биіктігін кез келген бала бойына реттеуге болады. Оқытудың инновациялық әдістері мен техникалық құралдары бүгінгі таңда әркімге қол жетімді. Қабырғаға құрастырылғын немесе жылдам тақтаны таңдау кезінде олар туралы айырмашылықтарды есте сақтау керек3:
|
Төбеге бекітілген проекторы бар қабырғаға орнатылған интеративтік тақта
|
Тасымалдық проекторы бар тура проекциялы жинақы интерактивтік тақта
|
Құрамдас проекторы бар кері проекциялы жинақы интерактивтік тақта
|
Орынды үнемдеу
|
√
|
|
|
Кәбілдері бар проблемадан қашуға мүмкінлік береді
|
√
|
|
√
|
Проектордың жарық ағынын жаппайды
|
√
|
|
√
|
Ауыстырып қоюдан туындайтын зақымданудан проекторды қорғайды
|
√
|
|
|
Басқа бөлмеге орын ауыстыруға мүмкіндік береді
|
|
√
|
√
|
Әр түрлі бөлмелерге пайдалануға мүмкіндік береді
|
|
√
|
√
|
Проекторды төбеге орнатуға шығын талап етпейді
|
|
√
|
√
|
Проекторға арналған тіреуге шығын талап етпейді
|
√
|
|
√
|
Балалар бақшасы тәрбиешісінің идеал көмекшісі болып саналатын – кіші жастағы балалармен жұмыс істеу үшін оның маңызды бірқатар ерекшеліктері бар, көп пайдаланылатын Elite Panaboard UB-T8804 тақтасын мысал ретінде келтіруге болады. Біріншіден, ол тек маркермен ғана емес, және де қолмен де басқарылады, әрине, балалар қарындашпен немесе фломастерме
н сурет салуға әдеттенген, бірақ заттарды қолмен қозғалту анағұрлым табиғи болып келеді. Екіншіден, балалар тапсырманы командада немесе бір бірімен жарысып орындай алады – тақта бір мезгілде барлық бет бойынша үш жанасуды таниды. Тағыда жануардың картинкасын басып, оның атын есту немесе тапсырмаға сәйкес – мысалы, жыл мезгілдерінің біріне жататындарды экранда сүйреп таси отырып, картинкаларды топтастыру балаларға қызықты болады.
Тіпті интерактивтік тақтаның қарапайым бағдарламалық жасақтамасының көмегімен педагог көптеген ұқсас тапсырмаларды (аса қызықтыларын) орындай алады, бірақ нағыз шығармашылық қиялға кеңістікті жаңа бағдарламалық жасақтама EasiTeach Next Generation береді. Ол педагогқа тез әрі өте аз зорығатын сабақтары үшін, балаға дұрыс жауабы үшін тірілген ертегілер кейіпкерлерін немесе басқа кереметтерді сыйлауға, дайындамалар дайындауға мүмкіндік береді.
Интерактивтік тақта – бұл педагог алдын ала дайындалынған материалды көрсететін проекторға арналған жай ғана экран емес, сабақтарда болатын іс-әрекеттерге балалардың белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жалпы жұмыстық кеңістік. Тәрбиешілер әрбір баланың қажеттілігін қашан қанағаттандыра алады, сонда олар олардың әр қайсысына табысқа жетуге жақсы мүмкіндік бере алады.
1-сурет. SMARTBoard5 интерактивтік тақтасы (АҚШ)
Екінші шешім, сондай-ақ интерактивтік тақта мөлшері үлкен графикалық тақта ретінде пайдаланылған кезде, интерактивтік ойындық үстелдерді жасау үшін пайдаланылады.
2-сурет. Көрпайдаланылатын интерактивтік тақтаны Unified School балалар бақшасында пайдалану, Калифорния штаты, Помон қаласы (АҚШ)
Әрине, мектеп жасына дейінгі балалармен сабақты тек интерактивтік тақтаны ғана пайдалануға құруға болмайды, бірақ тіпті оны ұзақ емес пайдалану балаларды құлшындаруға мүмкіндік береді, оқу процесін аса қызықты және тиімді етеді.
Компьютер шетелдік мектепке дейінгі ұйымдарда пән ортасын дамытушы ортаға айналды. Ол жеке білім беретін ойындық құрылғы ретінде емес, білімдік процестің әртүрлі бағыттарымен жалғасуға қабілетті, оларды байытатын, тұтастай балалар бақшасының дамитын ортасын түбірімен өзгертетін, барған сайын енетін әмбебап ақпараттық жүйе ретінде қарастырылады.
Бала білімдік міндеттерді шеше отырып, компьютердің өзін де меңгереді. Тышқанды иелене отырып, қолдар қозғалысының үйлесімін, қолдардың ұсақ моторикасын дамытады. Психофизикалық процестер – жад, назар, қабылдау, қиял қалыптасады. Қазіргі таңда балаға тек базалық білім бере алатын ғана емес, және де олардың іс-әрекеттерін білімдерді өзіндік игеруге бағыттаған сол тәрбиеші ұтады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін дайын шешім ретінде IBM Kidsmart6 бағдарламасын – барлық әлемде 10 жылдан артық әрекет ететін және барлық әлем бойынша 50-ден астам елді, оның ішінде 18 ел – УО-тың мүшесін қамтитын IBM бірлестігінің ауқымды қайырымдылық бағдарламасын атауға болады. KidSmart шығармашылықтың, байланыстың және ынтымақтастықтың жаңа формасына тіпті өте кіші балаларды үйрету әлуетіне ие болғандардың, АҚТ көмегімен сабақ беру мен оқытуды жетілдіру қажеттілігін қанағаттандыру үшін дайындалынған болатын. Бағдарлама 1999 жылы басталған және бүгінгі таңда 40 млн-нан астам $ қаржы салымы салынды. Жинаққа IBM үстел компьютері мен мониторы, үш жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін Little Tikes ойыншықтар өндірушімен бірлесіп арнайы дайындалынған мықты әрі әдемі оқу жиһазы, KidSmart білім беруші бағдарламасы бар шебер-диск, белсенді акустикалық жүйе, микрофоны бар құлаққап, фотопринтер және педагогтар үшін басшылық бар7.
Бағдарлама Ресейде 2007 жылы тарала бастады. 2010 жылға қарай бағдарлама Ресейдің 10 қаласын қамтыды, оған 20 мыңнан артық мектепке дейінгі балалар және мыңға жуық педагогтар қатысты. Мәселен, 2010 жылы Пермь қаласы әкімшілігінің білім беру департаментімен (Ресей) келісім бойынша 26 пермдік балалар бақшасына (балалар бақшасына екі компьютерлік кешен бойынша) арнайы оқу жабдықтарының 52 жинағы түсті.
3-сурет. Пермь қаласының №298 балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік білімдік кешендер
Шетелдік мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымындағы жаңа шешімдер планшеттік компьютерлер болып саналады. Apple8 бірлестігінен Ipad оқытуды тіпті жаңа деңгейге көтереді, өйткені басқа білімдік құрылғыларда осы уақытқа дейін болмаған мүмкіндіктерге ие болды. Қуатты құрамдас қосымша бағдарламалар мен App Store-дан қосымша бағдарламалар мектеп жасына дейінгі бабаларға мазмұнмен интерактивті түрде өзараәрекеттестікке, бір сәтте ақпаратты табуға, ресурстардың тұтас кітапханасына қатынас құруды алуға мүмкіндік береді.
VTech9 Америкалық бірлестік мектеп жасына дейінгі балалар үшін электрондық оқытудың келесі буыны болып табылатын InnoPad балалар планшетін шығарды. Құрылғы төрттен тоғыс жасқа дейінгі балаларға бағдарланған, дайындаушылардың ұйғаруы бойынша кіші пайдаланушыларға шағын құрылғылармен жұмыс істеудің бастамасын үйренуге мүмкіндік береді. InnoPad-тың 5 дюймдік диагоналды сенсорлық сұйықкристалдық дисплейі бар. Құрылғы әр түрлі жаққа көлбеу планшетте ойындарды басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрамдас гироскоппен, сондай-ақ SD жады қарталарын, USB порттарын және микрофондарын ажыратып қосатын ойықтармен жабдықталады.
InnoPad-қа әр түрлі бағдарламалары бар картриджілер бөлек сатылады. VTech мәлімдегендей, картриджілерге электрондық кітаптарды да, дамытатын ойындарды да және басқа интерактивтік контентті иемденуге болады. Сондай-ақ InnoPad-тың көмегімен әуенді тыңдауға және бейнероликтерді қарап шығуға болады. Ата-аналар оқыту мен сабақтардың әр түрлі кезеңдерде өз балаларының алға басу бағытында болуы үшін Lodge навигаторы қосымшасын пайдалана алады.
4-сурет. VTech бірлестігінің InnoPad балар планшеті (АҚШ)
Балалар бақшасында ең жиі қолданылатын құрылғылардың бірі цифрлық камералар болып саналады. Балалар жобаларды орындау уақытында құжаттамалық фото- мен бейнетүсірілімдерді жүргізеді, оларды құрдастары мен ата-аналарына көрсету үшін өз жұмыстарының фотографиясын жасайды. Кескіндерді жазу үшін балалар таңданарлық жеңілдікпен әр түрлі аспаптарды пайдаланады.
Грейдің10 пікірі бойынша цифрлық камера іс-әрекетке мақсаттылық береді. Өз беттерімен түсірілім жасайтын балалар, айқын нәрсе, фотографиялар үшін объектілерді ұқыпты түрде іздейді.
Көпшілігі неге сол немесе басқа түсірілім жасалғанын түсіндіре алады, ал түсірілім объектісін таңдауды түсіндіре алмайтындарға педагог қарап шығу кезінде осыны істеуге мүмкіндік береді. Мүлдем дерлік барлық балалар міндеттерді орындай алады және өздерінің түсіндірмелерін ұсынады. Сонымен, камера, менің пікірім бойынша, оқудың нәтижелерін айқындауға және бекітуге көмектеседі». Цифрлық фотоаппараттар шынайы уақиғаларды бекіте де, ойдан шығарылған жағдаяттарды жасауға көмектесе де алады.
Үлкен мүмкіндіктерді цифрлық және бағдарламаланатын ойыншықтар ұсынады. Мұндай аспаптар міндеттерді шешу, геометриялық ұғымдарды игеру машықтарын ынталандырады, жұмыс істеуде ынтымақтастыққа үйретеді, олар әмбебап оқу іс-әрекеттерін дамытады. Ойыншықтардың берілген мінез-құлықтарын бағдарламалау кезінде бала осы ойыншықтардың көзқарасы тұрғысынан міндеттерді көре білуі тиіс. Ол үшін ол әлемді «эгоцентрлік» түйсіктен және центрінде, С. Паперт11 (Papert, 1980) синтондық деп атаған, басқа объект тұрған санақ жүйесін қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болады. Бағдарланатын ойыншықтар – балаға «алға», «артқа», «оңға» және «солға» командаларын беруге мүмкіндік беретін, корпусында қарапайым батырмалар орналасқан, әдетте ұсақ, еденде қозғалып жүретін роботтар. Командаларды орындау тізбегін жазуға болады, ал содан кейін бағдарламаны іске қосу керек (батырманы басып «қозғал» дейміз).
Кіші жастағы балаларға құнды басқару тәжірибесін беретін әр түрлі бағдарланатын ойыншықтар бар болады. Мәселен, TTS12 (Ұлыбритания) бірлестігі шығаратын Bee-Bot бағдарланатын ойыншық Білім беруді жеткізудің Британдық қауымдастығы British Educational Suppliers Association (BESA) тағайындаған «2006 жылғы Білімдік ресурстар» сыйлығының лауреаты болып саналады. Бұл еден бойынша қозғалып жүретін Bee-Bot салалардың кең ауқымында машықтарды дамыту үшін пайдаланылатын бола алады. Оны мықты және жинақы дизайн, айқын және ашық түсті батырмалар, 40 қадамға дейінгі жад, басқару бағдарламасын пайдаланудағы жеңілдік ерекшелейді. Ол оңға және солға 90°-қа бұрылыс, 15 см ұзындыққа қадымдап қозғалыс жасай алады. Роботты жебелігі бар батырмалардың көмегімен ұсақ моторикаларды дамыту үшін, шығармашылық ойынды қолдауға пайдалануға болады, өйткені әр түрлі кілемшелермен, «сәнді киімдермен» (тропикалық кеудешелермен), жерасты жолдарымен (тоннелдермен) жабдықталған. Ауыстыру «киімдерінің» бар болуы робот орындайтын рөлді оңай өзгертуге мүмкіндік береді..
Сьюзен Гарретттің, «Wakefield Education Advisory Service» кеңес беру қызметі қызметкерінің сөзі бойынша Bee-Bot өзіне тартымды түрімен қарапайым пайдалануды үйлестіреді. Ол әрбір команда қалай қабылданады, содан кейін дыбыстық сигнал береді, ал робот мөлшерінің онша үлкен еместігі оны аса практикалық пайдалануға болады дегенді білдіреді.
Осы бірлестіктің роботтарының басқа түр өзгешелігі Соnstructa-Bot – әмбебап экскаватор болып саналады. Bee-Bot-тағыдай басқарудың сол элементтерін және қозғалыстың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, балалар ойыншық көліктік құралды бір орыннан екінші орынға қозғалта алады. Робот құрылыс алаңында немесе ойын бөлмесінде пайдаланыла ма, оның орын ауыстыруы балаларға үлкен ләззат әкеледі. Құрамдас тіркеме заттарды тасымалдауға арналған. Балалар карапайым: алға/артқа және оңға/солға командалардың көмегімен объектілерді бір орыннан екінші орынға қалай орын ауыстыратынын біледі. LEGO-ға қосу бірегей дизайнды құрастыруға мүмкіндік береді.
5-сурет. Bee-Bot бағдарланатын ойыншық
|
6-сурет. Соnstructa-Bot бағдарланатын ойыншық
|
Бағдарламаланатын ойыншықтардың басқа нұсқалары болып, мысалы, Чилидің бала бақшаларында пайдаланылатын CuiCui, сондай-ақ сенсорлық кері байланысы бар Roamer немесе Roamer-Too13, LEGO WeDo саналады.
Чилидегі «CuiCui» жобасы – жергілікті халықтың балаларының үлесі жоғары оқушылардың арасында, қаржыландыруы төмен ұйымдарда мектепке дейінгі білім беруде қол жетерлік және сапасын арттыруға бағытталған білімдік бастама. Роботтар оқи білмейтін кіші жастағы (3 жасқа дейінгі) балалар үшін дайындалынған. Роботтың өзі – Темуко католиктік университеті мен TIDE .A.14 бірлестігі бірлесіп дайындаған, үш жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде пайда болған электрондық, технологиялық және педагогикалық өнім
Бағдарламаланған ойыншықтарды пайдалану оң нәтижегелерге жеткізеді. Кейде мұндай ойыншықтар іс-әрекеттің күрделі түрлерін саналы түрде кіріктіреді немесе балаларға оларды өздерінің қарап көруі бойынша алуға және ойындарда пайдалануға мүмкіндік береді. Прайстың сөзі бойынша «...балалар бағдарламалаудың мәнін түсіне бастайтынын, жыл соңына қарай енді кейбіреулері ойыншықтармен аса күрделі айлалы әрекеттерді орындай алатын болатынын көреміз»15.
Mini Solar16 балалар құрастырушысы қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім берудің әр түрлі салаларында пайдаланыла алады, мысалы, энергияны және оның қайтадан басталатын көздерін оқып білу кезінде. Mini Solar құрастырушысы балаларға күн энергиясының артықшылықтарын көрсетеді: осы құрастырушының бөлшектерінен жинастырылатын қозғалатын ойыншық батарея түріндегі тұтыну көздерін керек етпейді.
Дыбыс жазатын Easi-Speak MP3 Recorder/Player құрылғы (Ұлыбритания) – NASEN 2011 сыйлығының номинанты, ERA Award 2009 - Innovation, GOLD Practical Pre-School Award 2008 және б. жеңімпазы. Ол қозғалыс кезіндегі дауысты, дыбысты немесе әуенді жазуду жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құрылғы балалар үшін тартымды. Өйткені микрофон сияқты көрінеді, және де оларға, компьютерге байланбастан, тілшінің немесе әншінің рөлін орындауға мүмкіндік береді.
Easi-Speak тікелей микрофонға жазуға, алыста тұрып жазбаларды қайта жаңғыртуға немесе файлдарды бірден ұсынылған USB арқылы компьютерге шығарып алуға мүмкіндік береді, дыбыстың сапасы жоғары кезінде 4 сағатқа дейін жазуға болатын 128 МБ құрамдас жады бар. Жүктелетін файлдардың *wav немесе *mp3 форматы бар. Әуендерді редакциялау үшін бағдарламалық жасақтамасы Easi-Speak файл түрінде сүйемелденеді. Құрамдас аккумулятор USB арқылы зарядталады.
7-сурет. Дыбыс жазатын Easi-Speak MP3 Recorder/Player
құрылғысы (Ұлыбритания)
Достарыңызбен бөлісу: |