Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Парасат» Ұлттық ғылыми технологиялық холдингі
ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
Мультимедиа технологиялары мен «Қазақстан тарихы, 11 сынып» электрондық оқулығының интерактивтік контентін пайдаланып
он-лайндық сабақтарды өткізу
әдістемесі
Алматы, 2010
Он-лайндық сабақтарды өткізу әдістемесі – ҰАО, Алматы – 13 б.
Оқу-әдістемелік құралда оқушылардың дербес білімдік троекториясын жүзеге асыру ретінде он-лайндық сабақтарды өткізу мәселелері қарастырылады. Құралда «Қазақстан тарихы, 11 сынып» пәні мысалында on-line режіміндегі сабақтарды өткізу әдістемесі берілген.
© ҰАО, 2010
Кіріспе
Соңғы жылдары бүкіл әлемде ақпараттық қатынастық технологиялардың күн сайын қарқынды таралуы мен пайдаланылуы байқалады. Компьютерді пайдаланушы адамдардың санының артуымен бір мезгілде компьютерлік желілер мен Интернет арқылы алатын ақпарат көлемі де бірден артты. Ақпараттық қатынастық технологиялардың (АҚТ-дың) қарқынды дамуынынан туындаған өзгерістер іс жүзінде қызметтің барлық саласында болып жатыр, оқыту саласы да бұдан тыс қалмайды.
Оқытудың қазіргі заманғы формаларының бірі дәстүрлі оқыту әдістерінің шегін әдәуір кеңітетін және дамытатын, әрі оқушылардың танымдық пен шығармашылық белсенділігін дамытуға, олардың оқу материалын толық меңгеруіне мүмкіндік тудыратын он-лайн сабағы болып саналады.
Он-лайндық технологиялар сипаты бойынша әдеттегі дәрісханалық сабақтарға жуық болатын шынайы уақыт режіміндегі ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, бірақ сол кезде оқу бөлмелерін Интернетке шығатын компьютерлермен және проекциялық құралдармен, бейне конференция байланысы үшін құралдармен жабдықтауды және бір мезгілде компьютерлер жанында мұғалімдер мен білім алушылардың болуын талап етеді.
Он-лайн сабақтарын басқа қалада, мемлекетте тұратын білікті педагогтар жанды интерактивтік тарату режімінде жүргізеді, ал оқушылар біздің елдің және бүкіл әлемнің ең алыс ауылдарында, қалаларында тұрады. Он-лайн сабағына қатынас құру және оған қатынау үшін оқушылар өздерінің меншікті компьютерлерін немесе өз мектебінің компьтерлік сыныбындағы компьтерлерді пайдаланады. Екі жақты байланыс, үйден немесе мектептен шықпастан, қолайлы оқу мүмкіндігін қалдыра отырып, тікелей сыныптық сабақтардың тиімділігі мен сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай әдеттегі сабаққа бір оқытушы және үйден немесе сыныптан әрқайсысы жүйеге кіретін алты-жеті мектеп оқушысы қатысады. Оn-лайндық оқытудың ең тиімді технологиясы бейнеконференция байланысы болып саналады.
Он-лайн сабақтарын өткізу үшін білімдік ортаны құру қажет. Білімдік орта – бұл оқу мекемесінің барлық өзіне тән құрамдас бөліктері: басқару жүйесі, оқытушылары және т.б. бар жеке алынған өзгеше құрылым. Әлемдік және отандық практикада қазіргі уақытта CRMS (сыныпты басқару жүйесі) және LMS (оқу процесін басқару жүйесі) деп аталатын жүйелер пайдаланылады. Ашық коды бар тегін жүйелердің бірі LMS Moodle болып саналады. Оның көмегімен шынайы түрде қашықтықтан оқытудың білімдік ортасын құруға болады. Бұл жүйе форумдар мен чадты, виртуальдық тақталарды, аудио және бейне конференцияны, жаттығуларды, тестілерді және т.б. дайындау мүмкіндігіне ие болады.
Мектеп оқушылары тіркелгеннен кейін, көмегімен виртуальдық сыныпқа кіруге болатын пайдаланушының аты мен құпия сөзін алады.
Сабақ кезінде мультимедиалық материалдар: бейне, кескіндер, мәтіндер мен аудиожазбалар пайдаланылады.
Мектеп оқушысы сабақ басталар алдында материалдар бумасын: электрондық оқулықтарды, цифрлық білімдік ресурстарды, СД-дискілерді және т.б. білімдік порталдан шығарып алады немесе электрондық пошта бойынша алады.
Оқытушы мектеп оқушыларының мұқтаждығы мен дамуына байланысты әрбір сабақтың ырғағын береді және бақылайды. Әрбір сабақ үлгі бойынша білімдерді бағалауды, жаттығуларды орындауды және түсініктерді тексеруді енгізеді. Әрбір сабақтан кейін мектеп оқушылары оқулық бойынша берілген үй жұмысын орындауы тиіс.
Сабақтың материалы дыбыстық нұсқаулар, бейнежазбалар көмегімен беріледі. Сабақ кезінде мектеп оқушылары оқытушыны көреді, ал оқытушы веб-камерасы қосылған барлық оқушыларды көреді. Мұғалім мен мектеп оқушылары гарнитурдағы микрофондар көмегімен қарым-қатынас жасайды. PowerPoint-тың, бейнеклиптердің, бейнежазбалардың, мәтіндердің және т.б. таныстырылымын қарап шығу мүмкіндігі бар. Одан басқа, мектеп оқушылары мен мұғалімдер шынайы уақыт режіміндегі өзекті ақпаратты алу мақсатымен веб-сайттарға бірлесіп қатыса алады.
Пән бойынша он-лайн сабақтарын жобалау мен өткізу әдістемесі цифрлық білімдік ресурстардың көрсетілген ерекшеліктерінің негізінде жасалуы тиіс.
Ұйымдастыру қөз қарасы тұрғысынан он-лайн сабақтың екі түрі мүмкін:
-
дәрісханадағы (мектеп сыныбындағы) қатысушылар тобындағы сабақ;
-
бір бірінен алыста тұрған қатысушылардың үлестірілген топтарымен сабақ.
Ұйымдастырудағы айырмашылық сол, сабақтың екінші типін өткізу үшін қосымша алдынала дайындық қажет: сабақты өткізу уақыты туралы келісушілікке қол жеткізу, сабақты өткізудің қорытынды айы-күні туралы сабаққа қатысушыларды хабарландыру.
Он-лайн режіміндегі сабақты өткізудің ең айқын формасы арзан технологиялар көмегімен шынайы уақыттағы қарым-қатынас болып саналады. Бұл мамандандырылған технология ретінде де (жаңа қаратпа сөздер пайда болған кезде әрбір қатысушының браузерінің терезесі автоматты түрде жаңарады), өзара әрекеттестіктің формасы ретіндегі «чад эмуляциясы» ретінде де бола алады, сол кездегі шынайы технологиялық негіз:
-
Форум;
-
Барлық қатысушылардың қатынас құруы бар электрондық пошта жәшігі;
-
Барлық қатысушылар бір мезгілде редакциялай және толықтыра алатын ортақ арзан құжат болып саналады.
Сонымен, бір терезеде ресурстармен және басқа материалдармен жұмыс істеу тәсілдері анықталатын сабаққа қатысушылардың өзара әрекеттестігі болады. Бірақ сол уақытта ресурс жасалатын қадамдардың тізбектілігі мен мағыналы толтырылуын береді.
Қарым-қатынас жасауға арналған терезені де мақсатқа сәйкес түрде екі бөліктен тұратындай етіп модельдеу керек: мұғалім өзінің сабақ дирижері қызметін іске асыратын шартты сынып тақтасы, сондай-ақ отырған балалардың өз қақпа сөздері берілетін шартты сынып.
Мұғалім белгілі бір тәжірибеге ие болғаннан кейін бір бағытты жаппай әңгіме шегінен толығымен шығуы және бірнеше процесті параллель өткізуді іске асыруы мүмкін. Мысалы, топтан әр түрлі ішкі топтарды бөліп, олармен әр түрлі чаттар мен форумдар аясында өзара әрекеттестікті жүргізеді; тестілеуді іске асырады.
Сонда веб-іске асыру сабақтың конференция, ми шабуылы, пікірталас, жарыс-байқау, квест сияқты формаларына ие болады.
Желілік мұғалім мен оқушылар арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру үшін, сондай-ақ он-лайн режімінде Интернет-сабақты өткізу үшін оқу курсы бойынша және әрбір нақты сабақ бойынша форумдар бар болады.
Оқу курсы бойынша форумда жалпы ұйымдастыру сипатындағы ақпаратты орналастыруға болады. Жеке жағдайда, әрбір мұғалімге өз сәлемін тұжырымдау және онда оқытудың келешек процесі бойынша жоспарлар мен нұсқауларды баяндау ұсынылады.
Ең басынан бастап бірлескен жұмыс ережелерін айқын белгілеп алған өте маңызды болады. Бар ресурстардың негізінде оқып білетін материалдың жалпы схемасын және оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды жобалап алу қажет. Осының барлығы оқып білетін пәндердің мақсаты және міндеттерімен, оның мазмұнының алғашқы құрылымымен, осы пәнді оқып білудегі негізгі маңызды бағыттарымен анықталады.
Өзің үшін «оқу пәнінің картасын» жасау пайдалы – қай сабақтарда басқа сабақтардың материалы мен терминдері пайдаланылады, ерсілі-қарсылы сілтемелер бар ма. Интернет-сабақтар жағдайында бұл ерекше қолайлы, өйткені әрқашанда сілтеме бойынша тура сабақ мәтініне өту мүмкіндігі бар.
Желілік өзара әрекеттестіктегі бастама, әдеттегі сабақ процесіндегідей, мұғалімнен шығуы тиіс.
Алайда осы бірінші қадам жасалған кезде (сәлемдесу форумға орналастырылған, хабарлама оқушылардың адресіне жөнелтілген) мұғалімнің рөлі өзгереді. Ол әрқашанда қатысатын, мезгіл-мезгіл дирижердің рөлін атқаратын тьютерге айналады, бірақ ол туралы оқушыларға білдірмейді. АҚТ құралдарын іскер пайдалану мұғалімге, оқушыларда оқу процесін өздері басқаратындай пікірдің пайда болуына көмектесуі тиіс.
Он-лайн сабақтарының құрылымы дәстүрлі сабақтардың құрылымындай: білімдерді өзекті ету, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, бақылау. Сол әдістер қолданылады: түсіндірме-безендіру, репродуктивті, ішінара іздестіру және басқалар. Бірақ бағыттылығы интерактивтілік, кеңесшілермен-мамандармен жедел кері байланыс, сабақтың ақпараттық өрісін кеңейту мұндай сабақты дәстүрлі оқытудан ашық білім алудың өзіне тән өтпелі формасына түрлендіреді.
Он-лайн сабақтарында келесі әдістемелік тәсілдерді пайдалануға болады:
-
Мұғалімнің Интернет-технологияларды пайдалануы: сабақтың пән саласындағы жетекші мамандармен оқу сұқбатын ұйымдастыру;
-
. Оқушылардың Интернет-технологияларды пайдалануы: сабақтың мәселелік саласы бойынша бейнеконференция режімінде жетекші мамандармен кеңесу;
-
Білімдерді бақылау: желілік жоба, желілік жарыстар, олимпиадалар, викториналар;
-
Мектеп оқушыларының мультимедиалық таныстырымдармен сөйлеуі тілін, ойлауын, жадын дамытады, бастысын нақтылауға, бөліп алуға, логикалық байланыстарды тағайындауға үйретеді.
-
Рөлдік ойын – оқушылар ұжымын шағын топтарға бөліп, олардың әрқайсысына мынадай тапсырмалар беру:
-
Сабақтың тақырыбын талдау керек. Сабақ авторының көзқарасын атап көрсету керек.
-
Интернеттен табу және сәйкес көзқарасты білдіретін ресурсқа сілтемені форумға орналастыру керек.
-
Осы тақырыпқа шетел және отандық ғалымдардың көзқарастарын қысқаша сипаттау керек.
-
Оқып білетін тақырып бойынша ақпарат қай беттерде бар екендігін Интернеттен табу және оған өз қатнасыңды білдіру керек.
-
Ұғымдарды салыстырып, олардың мәтін мәнінде қолданылуын, эмоциялық бояуын және т.б. түсіндіріп, форумда талқылау керек.
Қазақстан тарихы, 11 сынып бойынша он-лайн сабағына мысал
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қоғамдық саяси жүйе»
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
ҚР-ның қоғамдық саяси жүйесінің ерекшеліктерін ашу, оның негізгі құрылымдық құрамдас бөліктерін атап көрсету;
-
Тарихи деректерді жинақтау, салыстыру және талдау, қорытынды жасау, біліктерін дамыту;
-
Балаларды өз беттерімен білім алуға үйрету;
-
Патриотизм мен белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеу.
Жабдық: мұғалімнің, оқушының (оқушылардың) компьютерлері
Ақпараттық білімдік орта: «Қазақстан тарихы, 11сынып» электрондық оқулығы, Интернет.
ТҮСІНІКСІЗ – ҚАНДАЙ БАҒДАРЛАМА, ПОРТАЛ?
Сабақтың барысы
Мұғалім оқушымен (оқушылармен) сәлемдеседі.
Мұғалім түсіндіреді:
а) Қазақстан тарихы бойынша білімдер жүйесіндегі сабақтың орны – «Тәуелсіз Қазақстан республикасы» блогы;
б) сабақтың қарастыратын мәселесі – Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси жүйесінің қалыптасу процесін анықтау және оның құрылымдық элементтерін бөліп көрсету.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы, Н. Назарбаевтың «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасу және даму стратегиясы» кітабының қысқаша мазмұнын ашу.
«Тәуелсіз Қазақстан республикасы» электрондық оқулығымен жұмыс
Оқушының (оқушылардың) алдына мынадай міндет қойылады: Қазақстан республикасының ерекшеліктерін бөліп көрсету және тәуелділіктің қалыптасу процесін анықтайтын тарихи құжаттарды белгілеу.
Мұғалім оқушыға (оқушыларға) ұсынады:
1. Электрондық оқулықтың «25 желтоқсанда қабылданған «Қазақ КСР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларацияны қабылдау» бейнеқатарымен таныстыру.
2. «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Қонституциялық заң бейнеқатарымен таныстыру
3. «1995 жылы қабылданған қазірде жұмыс істейтін ҚР Конституциясы» бейнеқатарымен таныстыру.
Мұғалім ҚР-ның Конституциясы мемлекеттік өкіметтің жүйесін анықтайтынын атап өтеді және ҚР-ның Конституциясымен танысу тапсырмасын береді (3 бап, 3, 4 п, 40 бап 3 п, 41бап 1,2 п).
Оқушы (оқушылар) Конституция мәтіндерімен жұмыс істейді:
3 бап
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12. N 1/2 қаулысымен.
.
40 бап
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Оқушыға (оқушыларға) тапсырма:
1. Келесі элементтерді: ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР жоғарғы соты, ҚР Президенті, Сенат, Мажілис, Атқарушы өкіметтің орталық органдары, акиматтар, соттар, заң өкіметі, атқарушы өкімет, сот өкіметі – пайдалана отырып, «тілсіз» схемадағы жұмысты орындау:
I
I III IV
Схемамен жұмыс.
Осы жүйедегі Президенттің орнын анықтау (I жүйе блогы).
Оқушы (оқушылдар) Президент өкіметтің бірде бір тармағына жатпайтынын, бірақ заң, сот және атқарушы өкіметтерінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететінін анықтайды.
Оқушы «Президент» ішкі тақырыбымен және ҚР Конституциясының 41 бабымен танысады.
Оқушымен (оқушылармен) әңгіме:
1. ҚР Президентіне кім сайлана алады?
2. Президент қандай өкілеттіктерге ие болады?
Парламент (II блок схема)
Оқушылар «Парламент» ішкі тақырыбымен және ҚР Конституциясының 49, 50, 51 баптарымен танысады.
Бейнеқатармен танысудың алдында оқушыларға (оқушыға) мынадай тапсырмалар беріледі:
1. ҚР Парламентінің құрылымын анықтау.
2. Парламентке кім сайлана алады.
2. Парламент орындайтын міндеттерді айрықшалау.
Үкімет (III блок схема)
Оқушы «Үкімет» ішкі тақырыбымен және ҚР Конституциясының 64, 65 баптарымен танысады.
Оқушыларға (оқушыға) тапсырмалар:
1. Электрондық оқулықтың фотоальбомын пайдалана отырып, ҚР Үкіметінің басшысы кім болып саналатынын анықтау.
2. «Үкіметтің құрылымы» ішкі модулін пайдалана отырып, «Үкімет құрылымы» схемасын сызу және Премьер-министрдің міндетін анықтау.
3. Үкімет кімнің алдында есеп береді және кімнің алдында жауапты?
Сабақтың қорытындысын шығару.
Үй тапсырмасы.
Мұғалім электронды оқулық бойынша үй тапсырмаларын қалыптастырады:
«Президент, Парламент, Үкімет» ішкі модульдермен жұмыс.
1. "Қазақстандағы парламент тарихы" мәтінінен төмендегі сұрақтардың жауаптарын табыңыз:
а). Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның заң шығару органы қалай аталады?
б).Кеңестерді жаппай тарату қашан басталды?
в).Тарату кезіндегі Қазақстанның жоғары заң шығару органын кім басқарды?
г). Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі қанша рет сайланды?
д). Қазақстанда екі палатадан тұратын парламент қашан сайланды ?
е). Қазақстан парламентінің соңғы сайлауында қай партия ең көп дауыс жинады?
2. «Үкімет» гипермәтінінен 5-тен аз емес анықтамалар, түсініктер, тарихи терминдерді тауып, жазыңыз.
3. Электронды оқулықтан 8,15-интерактивті тапсырмаларды орындаңыз.
Нормативтік құқықтық база.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 30.08. 1995 ж.
-
www. аkorda. "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» конституциялық заңы № 2464, 28. 09.1995 ж., өзгерістер мен толықтырулар 19.06.1997 ж., 08.05.1998 ж., 0б. 11 1998 ж. және 06.05.1999 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |