Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жӛнелту стансасының тауар кеңсесінде операцияларды



Pdf көрінісі
бет64/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.10 Жӛнелту стансасының тауар кеңсесінде операцияларды
атқару технологиясы 
Тауар кеңсесінде жүк қағазын алған соң жүкті қабылдап-тапсырушының 
жүкті қабылдау ресімнің дұрыстығын тексереді. Қабылдап-тапсырушының жүк 
қағазына енгізген мәліметтерінің дұрыстығы мен толықтығына, оны қол қою 
арқылы куәландырғанына назар аударады.
Жүк тасымалын ГУ-27 үлгісіндегі жүк қағазымен ресімдеуде тауар кассирі 
немесе коммерциялық агент жүк қағазының түпнұсқасы (1-парақ) негізінде 
ГУ-29у-ВЦ машинкамен басылған үлгіні (жол ведомосын, жол ведомосының 
түбіртегін және жүктің қабылданғаны туралы квитанцияны) компьютерлік 


87 
әдіспен толтырады. Жол ведомосының баспаханалық нӛмірін жүк қағазының 
түпнұсқасына кӛшіреді. Жүк тасымалын ГУ-29-0 үлгісіндегі жүк қағазымен 
ресімдеуде тауар кассирі немесе коммерциялық агент жүк жӛнелтілімдерін 
нӛмірлеу кітабы бойынша жӛнелту нӛмірін береді және оны кӛшіргіш қағазбен 
барлық данасына түсіреді. Жүк тасымалын ГУ-27у-ВЦ үлгісіндегі жүк қағазымен 
ресімдеуде тауар кеңсесінде жүк қағазының түпнұсқасы негізінде компьютерлік 
әдіспен жол ведомосын, жол ведомосының түбіртегін және жүктің қабылданғаны 
туралы квитанцияны толтырады. 
Жүк қағазын толтыруда тауар кассирі «Ерекше белгілер мен мӛртабан 
орны» графасына пойыз құрамындағы вагонды қалқалау тәртібі туралы, оларды 
массасына, жылжымалы құрамның тегіне немесе габаритіне қарай шектеу, 
«дӛңестен сырғытпау» және т.с.с. туралы белгі соғады. Кіре ақысы анықталып, ол 
туралы қажетті деректер жүк қағазы мен жол ведомосына жазылады, жүкті 
жеткізу мерзімі анықталып, ол жол ведомосы мен жүктің қабылданғаны туралы 
квитанцияға түсіріледі. 
Тауар кеңсесінде ТКК АЖО ұйымдастырылғанда тасымалдау құжаттарын 
ресімдеу операциялары (тасымалдау құжаттарын басып шығару, бұрыштама соғу, 
бағалау, жеткізу мерзімін қою және т.с.с.) автоматтандырылған режимде 
атқарылады. ТКК АЖО жағдайында бағалау қолмен және автоматтандырылған 
режимде жүргізіледі. ТКК АЖО-да бағалауды жергілікті жұмыс режимінде 
жүргізу үшін тауар кассирі экранға шығатын кіре ақысын есептеуге қажетті ақ 
шетті толтыруы қажет. Кіре ақыны есептеу жағдайы стандартты ақ шетті 
толтырудан кейін де енгізілген ақпаратпен қамтамасыз етілмейтін жағдайда 
бағалау режимінде «тарифтік белгілер» деп аталатын арнайы ақ шет болады. 
ТехТҚ арқылы есеп айырыспайтын жүк жӛнелтушілер үшін бағалауды 
жүргізуде жӛнелту нӛмірін берген соң әр түрлі алымдар квитанциясының реттік 
нӛмірі туралы сауал беріліп, ол бойынша тасымалдау тӛлемдері ӛндірілетін 
болады. ТКК АЖО-ға берілген жүк қағазын бағалау қатынас пен жӛнелтілімнің 
барлық түрлері бойынша екі режимде жүргізіледі. «Бағалау» режимінде жүк 
қағазының барлыпарақтарын және вагон қағазын ресімдеуді тауар кассирі ТКК 
АЖО-дан алатын ақпараттық (жӛнелту нӛмірі, тарифтік белгілер, жеткізу мерзімі 
және т.с.с.) негізінде қол әдісімен жүргізеді. ―Бағалау + басу‖ режимі жүк 
қағазының барлық парақтарын ТКК АЖО басып шығару құрылғысында 
компьютерлік әдіспен ресімдеуге және оларды А4 кӛлеміндегі немесе орама 
қағазда басып шығаруға мүмкіндік береді. 
Екі бағалау режимінің әрқайсысында ‖рұқсат‖ (‖виза‖) ‖клиент‖, ‖бос ‖ деп 
аталатын үш жұмыс нұсқасы кӛзделген.
‖Рұқсат‖ режимінде алдын ала ТКК АЖО арқылы бұрыштама соғылған, 
яғни оларға рұқсат нӛмірі кӛрсетілген жүк қағаздарымен жұмыс жүргізіледі.
―Бағалау‖ режимінде вагон туралы мәліметтерді (нӛмірі, жүк кӛтерімділігі) 
және нетто жүктің нақты массасын енгізу ғана талап етіледі, осыдан кейін баға 
қоюға бұйрық беріледі, осының нәтижесінде мәлімет экранға беріліп, оны тауар 
кассирі тасымалдау құжаттарына кӛшіреді. 
―Бағалау + басу‖ режимінде жол ведомосының жиынтық басылымына 
қажетті кӛлемде мәліметтер енгізіледі (2-, 3-, 4-парақтар).


88 
ТКК АЖО-да құжаттарға бұрыштама соғылмайтын жағдайда ТКК АЖО-
ның ӛзінде «клиент» режимі кӛзделген. Мұндай кезде баға қоюды жүргізу үшін 
тауар кассирі жүк қағазындағы ақпаратты енгізуі тиіс. 
Тауар кассирі баға қою және тасымалдау құжаттарын ресімдеу үшін 
енгізілетін ақпараттарды қысқарту мақсатында ТКАЖО-да «бос» режим 
кӛзделген. 
Кез келген жұмыс режимінде ТКК АЖО жүкті жеткізу мерзімінің 
аяқталатын күнін анықтап, басып шығарады, ол жол ведомосына және жүктің 
қабылдағаны жӛніндегі квитанцияға қойылады.
Баға қою аяқталған соң тауар кеңсесінде жүк қағазына, жол ведомосына, 
жол ведомосының түбіртегіне және жүктің қабылдағаны туралы квитанцияға 
жүктің тасымалдауға қабылданған уақыты туралы стансаның күнтізбелік 
мӛртабаны басылады. Жүк жӛнелтуші жол ведомосының түбіртегіне қол қойған 
соң жүктің қабылданғаны жӛніндегі квитанция оның қолына беріледі. Жүк 
қағазы, жол ведомосы және вагон қағазы стансаның технологиялық орталығына 
жіберіледі. Ұсақ жӛнелтілімдер мен контейнерлік жӛнелтілімдердің жүк қағазы 
мен жол ведомосы вагон қағазын толтыру үшін қабылдап-тапсырушыға 
жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет