7
1.3. Жҥк тасымалдау және коммерциялық операциялар
Жүк
тасымалдауды
ұйымдастыру
барысында
тасымалдау
және
коммерциялық операциялар орындалады.
Жүк тасымалдау операциясы дегеніміз – бұл қоймадағы жүкті кӛлік
құралдарына (вагондар, автомобильдер т.с.с.) тиеу және олардан қоймаға түсіру,
жол табаны әр түрлі темір жолмен тасымалдауда жүкті вагоннан-вагонға
ауыстырып тиеу, жүкті кӛліктің бір түрінен екінші түріне
ауыстырып тиеу
(тікелей операция); жүктің бар-жоғын немесе салмағын (қайта ӛлшеу) тексеру
үшін оны қойма ішінде жылжыту және т.с.с.
Коммерциялық операция дегеніміз – бұл тасымалдау және тапсыру
құжаттарын, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру, темір жолмен жүк
тасымалдау үшін алымдар мен тӛлемдердің барлық түрлерін ӛндіріп алу.
Сонымен қатар, коммерциялық операциялар мыналарды қамтиды: вагондарды әр
түрлі жүктерді тасымалдауға дайындау және оларды
коммерциялық тұрғыдан
қарап тексеру; жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға кӛлік-
экспедициялық қызмет кӛрсету, акт жасау, талап қою, шарт жасасу, іс қағаздарын
жүргізу; тарифтік нұсқаулар мен конвенциялық тыйым салу кітаптарын
толықтыру және түзету. Жүкті ӛлшеу, вагондар мен контейнерлерге пломбы салу,
жүкті ашық жылжымалы құрамға тиеуге қатысты құжаттарды толтыру,
олардың
сақталуын қамтамасыз ету және басқалары да коммерциялық операциялар болып
есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: