Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар
Жаттығуларды құралмен немесе құралсыз орындауда қолдарын жанынан жоғарыға көтеріп, қолдарын кезекпен, бірінші біреуін, содан кейін екіншісін немесе екі қолын бірге төмен түсіре білуді дамыту. Құралды алдынан, артынан, басының үстімен қолдарына кезекпен ауыстыруды үйрету. Алдынан немесе басының үстінен шапалақтап қолдарын артына жасыруды үйрету. Қолдарын алға созуды, екі жаққа созуды, алақандарын жоғары қаратып, қолдың басын көтеріп түсіруді, саусақтарын қозғалта білуді дамыту. Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне қою.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтеріле білуді дамыту. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру жаттығуларын жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп отыру. Тізесінен бүгілген аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын бір-біріне соғып, шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде аяқтарымен қамту. Таяқшамен, валикпен (диаметрі 6-8 см) табанының ортасына сүйеніп, жан-жағына қырындап қозғалу.
Кеудеге арналған жаттығулар
Бір-біріне басының үстінен (алға және артқа) допты бере білуді дамыту. Қолды алға көтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын өзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын өзіне тарту, аяқтарын кезекпен көтеріп, оларды бір-біріне қою (оң аяғын сол аяққа немесе керісінше). Отырып алға еңкею. Тіземен тұрып алға еңкею. Арқасымен жерде жатып бір мезгілде қолы мен аяғын көтеріп, түсіру, велосипед тебісіне еліктеп аяқтарын қозғау. Жерге ішпен жатып аяқтарын майыстырып жазу (бір-бірлеп және бірге). Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып ішпен жату және керісінше айналу. Ішпен жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы иілу және иықтарын көтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау
Биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату.
Сырғанау
Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.
Шаңғымен жүру
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру.
Велосипед тебу
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу.
Жүзуге дайындық
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау.
Дене тәрбиесі шаралары айына 1 рет, ұзақтығы 15-20 минут.
Дене шынықтыру мейрамы айына 2 рет-қыста, жазда, ұзақтығы 20 минут.
Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- түрлі тәсілдермен: «жыланша» ирелеңдеп саптізбекте бір-бірден, еркін, басын төмен түсірмей, тепе-теңдікті сақтап жүру;
- бағытын, жүгіру қарқынын өзгерте отырып, 20 метрге дейін жүгіруді;
- екі аяқпен, секіруде екпінмен итеріліп, 2-3 метр арақашықтыққа алдыға қозғала секіруді;
- 15-20 см биіктіктіктен тереңдікке секіруді;
- биіктігі 5-10 см заттардың үстінен секіруді;
- 1,5 метр арақашықтықтан берілген бағытта және күйде допты бір-біріне домалатуды;
- допты қос қолмен кеудеден, бастан асыра лақтыруды;
- допты еденге (жерге) соғып, қағып алуды;
- заттарды алысқа оң және сол қолмен көлденең және тік нысанаға лақтыруды;
- төрттағандап еңбектеу, заттардың үстінен өту, сатымен, гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді;
- таңертеңгілік жаттығулар кешенін, сауықтыру жаттығуларын орындауды;
- қозғалыс ойындарын ойнау;
- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру, сапта өз орнын табуды;
- музыка әуенімен саппен жүруді;
- би қимылдарын және музыка әуенімен ойын кейіпкерлерінің бейнелі қимыл-қозғалысын орындауды;
- жалпы дамытушылық жаттығуларды орындауда қажетті бастапқы қалыпты қабылдау, орындау жүйелілігін сақтауды;
- биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанатуды;
- үш аяқты велосипед тебуді;
- суға кіру және шомылу, су ішінде ойнауды білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |