ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ПАРАСАТ» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ
ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
Г.Қ. Нұрғалиева, Г.Б.Ахметова
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМДІК ПОРТАЛДАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
МОДЕРАТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕМЕСІ
Алматы, 2010
Нұрғалиева Г.К., Ахметова Г.Б. Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 52 б.
ISBN
Бұл жұмыста желілік әлемнің педагогикалық түрде ұйымдастырылған аспаптар ортасы сияқты модераторлық әдістеменің мәні құлшыныстық-мақсатты, мағналы, операциялық және бағалау-нәтижелілік компоненттердің бірлігінде желілік дайындықтың призмасы арқылы қарастырылады.
Желілік өзара әрекеттестік технологиясының өзі берілген кәсіптік маңызды нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін, мамандардың субъективтік-субъективті өзара байланысын бейнелейтін қарым-қатынастың көп деңгейлі виртуальдық формалары мен әдістері болып табылады.
ISBN
© ҰАО,
Нұрғалиева Г.К.,
Ахметова Г.Б.
КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру постиндустриальдық қоғамның тұрақты заңдылықтарымен: ғылыми көлемді өндірістің өсуімен, ғылыми-техникалық ақпарат көлемінің дамуымен, технологиялардың шапшаң алмасуымен, ғылыми және көлемді ғылыми қызметке тартылған адамдар санының көбеюімен, ойлау іс-әрекетінің қуатты сыртқы құралдарының бар болуымен байланысты болады.
Білім беруді ақпараттандыруды философиялық түсіндіру танымның «ақпараттық логикасын» анықтайтын нұсқаулық, мәселелерді іске асырудың барабарлығы негізінде технологияландырған шешімдер мен құрал-аспаптар таңдауда үстемдік ететін мақсаттар қойылымының дұрыстығы идеяларында жатыр [Дж.Дьюи, С.Хук, Дж.Тафте, А.Мур, А.Мерфи және б.]. Постиндустриялық қоғамның жаңа сапалық күйге немесе ақпараттық қоғамның сатысына өтуі тек ақпараттық технологияларды енгізу қарқынына ғана емес, және де қоғамның желілік өзара өзара әрекеттестікке дайындығына да байланысты болады [М.Порат, И.Масуда, Т.Стоуньер, Р.Катц].
Постиндустриальдық қоғамның нәтижесі сияқты кибернетикалық кеңістіктік тиімділікті арттыру, жаңашылдықты ынталандыру, бәсекелестік қабілетті бекіту мақсатымен стратегиялық ресурс сияқты ақпаратты анықтайды. Өндіріс пен қоғамда өзгеріске ықпал ететін теориялық білімді қарқынды жинақтау мен шоғырландыру болып жатыр, оны жаңа зияткерлік технологияны өзекті етуі растайды. Желілік қоғамда осы кезде білім күш пен билік сипатына ие болады, осылайша кәсіптіктің рөлі артады және білім берудің деңгейі жоғарылайды, мемлекеттің ақпараттық пен экономикалық процестерінің тереңдеуі негізінде біртұтас ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттердің қазіргі заманғы аса ауқымдану үрдісі мен технологиялық дамуы сәйкес түрде кәсіптік білім берудің жаңа мақсаттары мен міндеттерін ұсынады да ақпараттық-қатынастық өзара әрекеттестіктің парадигмасын қайта қарауды талап етеді. Ақпараттық-қатынастық өзара әрекеттестіктің парадигмасы желілік дайындықты өзін өзі өзекті етуге, мақсатқа сәйкес ұғынуға, мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісуге және білім беру субъектілерінің желілік әрекеттестігінің зияткерлік белсенділігіне мүмкіндік туғызады. Білім беру саласындағы мамандар шекарасыз желілік әлемнің кәсіптік қоғамдастығында ақпараттық-қатынастық өзара әрекеттестіктің мүмкіндігіне, желілік саясат пен экономика жағдаятында өзін өзі өзекті етуге ие болуы тиіс.
Ақпараттық-қатынастық технологияларды (ары қарай АҚТ) білім беру жүйесіне енгізу болашақ мамандардың бәсекелестік қабілетін және оның кәсіпқойлардың әлемдік қоғамдастығына кіруін қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып саналатындығы туралы ғалымдардың зерттеуі айғақтайды. Сондықтан барлық әлемде АҚТ негізінде білім беруді ақпараттандыру процесі ірі көлемде жүзеге асырылады, олардың дамуына үлкен қаржы салынады, кәсіптік білім беру жүйесінде АҚТ саласындағы ең соңғы жетістіктер белсенді түрде пайдаланылады.
Бұл жұмыста бір бірімен көп нормалы өзара байланыста тұрған және белгілі бір тұтастықты құратын құлшыныстық-мақсатты, мағналы, операциялық және бағалаушылық-нәтижелі компоненттер бірлігіндегі желілік әлемнің педагогикалық ұйымдастырылған аспаптық орта сияқты модераторлық іс-әрекеттің әдістемесінің маңызы желілік дайындықтың призмасы арқылы ашылады. Желілік өзара әрекеттестіктің технологиясы берілген кәсіптік-маңызды нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін мамандардың субъективті-субъективтік қатынасты бейнелейтін көп деңгейлі виртуальдық формалар мен кәсіптік өзара байланыс әдістері болып табылады.
АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМДІК ПОРТАЛДАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МОДЕРАТОРЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ӘДІСТЕМЕСІ
Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі ақпараттық-қатынастық және құнды-межеленген технологиялар саласындағы жетістіктердің кірігуіне негізделген. Модератор іс-әрекетінің әдістемесін техникалық жасақтау жүйенің ашықтығына мүмкіндік туғызады. Әдістеменің педагогикалық бағыттылығы, бірінші тараптан, құлшыныстық-мақсатты, мағналы, операциялық іс-әрекеттік және бағалаушылық-нәтижелі компоненттер бірлігімен қамтамасыз етіледі, екінші тараптан, өзін өзі өзекті етуге, мақсатқа сәйкестілікке, мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісуге және зияткерлік белсенділікке бағытталған қарым-қатынас заңдылықтарын ескере отырып жүзеге асырылады (1-сурет).
Желілік әлемде өзара әрекеттестіктің әділ шарты ақпаратты дайындауға, алу мен жеткізуге, ақпаратқа қатынас құруға кепілдік беретін ашықтықпен және байланыс үшін жаңа тораптар санын көбейтумен сипатталатын желілік ауқымды ортада адамдардың қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ашқан қатынастық медиум сияқты Интернет болып саналады. Желілік қатынастық ортаның тиімділігі нақты саны нақты желілік тораптың сипаты мен байланысына тәуелді болатын өзара байланысқан кешендерден тәуелді болады.
Қазіргі уақытта Казнеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтің дамуына, ақпараттық-білімдік порталдардың кеңінен енуіне байланысты модераторлық іс-әрекет өзекті мәселеге айналды.
Модераторлық іс-әрекеттің тиімділігі, аса байқалған цифрлық білімдік қызмет көрсету нарығының қазіргі жағдаятында, пайдаланушылардың желілік дайындығымен анықталады. American Educational Research Association-ның болжамы бойынша әлемдегі білімдік қызмет көрсетудің көпшілігі Интернет арқылы ұсынылады да, 2010 жылы әлемдік білім берудің үштен екісі желілік технологияларды қолданумен жүзеге асатын болады. Ауқымды ақпараттық кеңістікте күн өткен сайын саны артып, 100 миллион адам оқитынын практика көрсетіп отыр. Сарапшылар қарама-қайшылықтың бар екендігін атап көрсетеді – жыл сайын АҚШ пен Ұлыбританияда желілік оқу курсына тіркелгендердің 60-70%-ы желіде жұмыс істеу машығының жоқтығынан оқуды аяқтамайды екен.
Кәсіптік қоғамдастықтардың желілік порталдары өзекті кәсіптік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл жағдаятта желілік кәсіптік қоғамдастықтың басшысы модератор болып саналады.
Кәдімгі пайдаланушылармен салыстырғанда қоғамдық желілік ресурстарға (чаттарға, форумдарға, эхоконференцияларға) тым кең құқығы бар адамды модера́тор деп атайды.
Желілік қоғамдастықты философтар тек ақпараттармен және білімдермен алмасуға ғана емес, және де шығармашылық пен бизнес-процесстерге қатысуға, белгілі бір саладағы білімдерге ие болу мен дамытуға және оларды практикада пайдалануға мүдделі адамдарды біріктіруге мүмкіндік беретін мамандардың өзара әрекеттестіктерінің ең болашағы бар формаларының бірі сияқты қарастырады.
1-сурет – ақпараттық-білімдік порталдардың
модераторлық іс-әрекетінің әдістемесі
Желілік өзара әрекеттестіктің негізіне жататындар: адамзаттық болмыстың негізгі формасы сияқты ғалымдар анықтайтын қарым-қатынас (А.Н.Леонтьев); қоғамның өмірі де, жеке адамның өмірі де мүмкін емес болатын адамдардың өмір сүру шарты (М.С.Каган); ойлар мен уайымдарды жеткізу процесі (Л.С.Выготский); өзара түсінісу процесі (С.Л.Рубинштейн); қоғамдық мән сияқты адам болмысының жеке формасының маңызды жақтарының бірі (В.Ф.Ломов, В.А.Петровский); тұлғаның танымдық мүдделерінің даму процесі (А.В.Мудрик).
Желілік қоғамда құндылық бағдар желі әлеміндегі мамандардың жете түсінген және құлшыныс тудырған әрекеттестігімен сипатталады, айналадағы ақиқаттың шындығын тез игеруге, ақпаратты қабылдауға, сақтауға және жаңғыртуға, жаңаны өндіруге, ақпараттар ағынын басқаруға және кәсіптік іс-әрекетке байланысты оларды өңдеуге рұқсат етеді.
Модератордың желілік технология жағдаятында қазіргі заманғы кәсіптік өзара әрекеттестікке дайындығы, «желілік тұлға» сияқты өзінің «менін» қабылдайтын процес болатын өркениеттің жаңа моделінің белгісі ретінде желілік әлемге қатынасты жете түсінуге бағытталған.
Кәсіптік қоғамдастықтың өзара әрекеттестік формасы сияқты жаңа әлеуметтік құрылымды жете түсіну қатынастық кеңістіктің өзгеруіне қызығушылықтың пайда болуымен және кәсіптік желілік қатынасқа қатысуға талаптануымен анықталады. Желілік дайындық желілік ресурстарды пайдаланушы сияқты іздестіру жүйелерінде жұмыс істеу, кіріккен ақпараттық-басқару жүйелерінде жұмыс істеу, өз ресурстарын әзірлеу, кәсіптік ақпараттарды іздестіру, желіге ақпараттарды орналастыру, кері байланысты қамтамасыз ету, желідегі әріптестерді іздестіру, кәсіптік желілік қарым-қатынас жасау, кәсіптік өзара байланысты дамыту, өзінің кәсіптік блогын дайындау мен басқару, кәсіптік-бағдарланған бағдарламалық жасақтаманы талдау, конвергенттік технологияны пайдалану, кәсіптік қызметте желілік дамудың жалпы стратегиясын өзгерту және т.б. тәсілдерін игеруді ұйғарады
Желілік саясат әдептілік тұжырымдама аясында виртуальдық қатынас заңдарын сақтауға бағдарланған жаңа бағыт болып саналады. Кибернетика кеңістігінің әлеуметтік құрылымы ақпаратты әзірлеу, тарату, пайдалану процестерімен, желілік әдептілік нормаларымен реттелген. Интернет-мәдениет және net-әдептілік синтезі желілік кәсіптік қоғамдастықтың заңдылықтарымен және қағидаларымен өзара байланысты болады. Кәсіптік өзара әрекеттестік еркін сипатта болады да тұлғаның кәсіптік-бағдарланған даму бағдарламасына тәуелділіктен, желілік кеңістіктегі кез келген бағыттағы мақсатты қозғалысты білдіреді.
Желілік саясатта модераторлардың құндылық бағдары компьютерлік әдептілікті, net-әдептілікті, білімдік ақпараттық ресурстардың әдебін, олардың кірігу мәселесін, ауқымды желіде оларды ұсыну технологиясын білдіреді.
Қоғамның ауқымдану жағдаятында желілік саясаттың ерекшелігі желілік саясат авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау қажеттілігімен, кәсіптік қоғамдастықтың ережелерін сақтаумен анықталады. Жеке тұлғалардың қоғамның барлық саласындағы желілік өзара әрекеттестігі туындайды да, өздері олардың экономикалық өзара әрекеттестігінің желілік формаларын туындатады. Желілік әлемде өзара әрекеттестік медиажүйеге жаңа кәсіптік кеңістік сияқты, өзінде «қорғаныстық» пайдаланушы мәртебесін алу қажеттігін дамытуда тұлғалық өзара байланысты ұйғарады да, болашақ мамандардың киберкеңістіктің халықаралық стандартарын талдау біліктігін, зияткерлік меншікті қорғау бойынша нормативтік базаны негіздеу біліктілігін, желілік қатынас қағидаларын талдау біліктілігін, желілік жазба сөз мәдениетін сақтауды, өзінің меншікті пайымдауын тұжырымдауды, икемді және ұшқыр желілік құрылымдарға қатысу ережелерін орындауды, өзінің желілік бағдарын жасау біліктілігін қалыптастырады.
Желілік экономика ауқымды ақпараттық-қатынастық орта сияқты қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің эволюциясына, реттеудің нарықтық механизмдері мен желілік ұйымдастыру құрылымдарын дамытуға мүмкіндік туғыза отырып, қаржылық интеракциялар көлемін арттыруға бағдарланған. Интернет-еңбек нарығының кадрларына күнделікті қажеттілік Интернет-бірлестіктердің қызмет істеуінің шынайы мүмкіндіктерін, әрбір маман үшін жаңа кәсіптік мүмкіндіктерді ашатын қарым-қатынасты анықтайды. Желілік эконоиканың кәсіптік мүмкіндіктері, кез келген бірлестіктің немесе маманның экономиналық жүйенің кез келген нүктесінде тұрып-ақ, өзіндік маркеттің негізінде географиялық орналасудан тәуелсіз аз шығындармен өзара әрекеттестік ете алатындығымен анықталады.
Ауқымды әлеуметтік-экономикалық орта сияқты желілік экономикада модераторлардың құндылық бағдары экономикалық жүйенің кез келген нүктесінде тұрған кез келген бірлестік немесе адам кез келген бірлестікпен немесе адаммен бірлесіп жүргізетін іс-әрекетті ұйымдастыру және аз шығынмен қаржылық пен кәсіптік әрекеттерді орындау үшін оңай байланыс жасай алады. Желілік экономика Интернетте, телеқатынастық желілер мен басқа желілік құрылымдардағы экономикалық уәкілдердің арасындағы қатынастың желілік жүйелі түрде ұйымдастырылған көпдеңгейлі кеңістіктік құрылымы болып табылады. Ол өзіне жаңа ақпараттық технологиялар мен ақпараттық өнімдерді дайындау индустриясын, телеқатынастық пен провайдерлік іс-әрекеттерді, электрондық бизнесті, электрондық нарықтарды, электрондық биржаларды, телебанкингті, тележұмысты қамтиды. Ауқымды электрондық кәсіптік орта сияқты желілік экономикаға маманның қатынасы кәсіптік бизнестегі желілік іс-әрекеттердің, экономикалық тәжірибе мен технологиялардың алмасу мүмкіндіктерін білу арқылы дамиды. Желілік экономикаға құндылық қатынас желілік өзара қатынастардың жүйелі түрде ұйымдастырылған көпдеңгейлі құрылымы сияқты іс-әрекетті ұйымдастырудың желілік формаларында көрініс табатын тұлғалық мүддеде қайта қалыптасады. Желілік дайындық ауқымды электрондық ортада мамандардың алдына кәсіптік іске асыру тәсілдерін, қашықтық еңбек қатынастарын жасауды, Интернет-бизнес іс-әрекеті мен конвергенциясын ұйымдастырудың желілік формаларын пайдалануды, қазіргі заманғы электрондық төлем жүйелерін, телебанкингті пайдалануды, виртуальдық шараларға қатысуды меңгеру міндетін қояды.
Модератордың порталдардың басқа қатысушыларымен ақпарқатынастық өзара әрекеттестігі келесі қағидалармен анықталады: кәсіптік өзін-өзі анықтау, өзін-өзі реттеу, желілік кәсіптік қоғамдастықтың қатысушыларының бірлігі, ақпаратты тұлғалық қабылдау, бірлесіп жүргізетін іс-әрекетке шығармашылық қатынас, маманның тұлғалық қалыптасуы, кәсіптік іс-әрекет пен ашықтық жетістіктерінің байланыстары, жинақталған кәсіптік әрекеттердің тиімділіктері, ынтымақтастық негіздегі жылдам қатынастар, өзін-өзі балалаулар.
Сонымен, ақпараттық-білімдік порталдардың модераторлық іс-әрекетінің әдістемесі ақпараттық-қатынастық пен құндылық-бағдарлық технологиялар салаларындағы жетістіктердің кірігуіне негізделген. Ол, бір тараптан, құлшыныстық-мақсатты, мағналы, операциялық-іс-әрекеттік және бағалаушылық-нәтижелі компоненттер бірлігімен қамтамасыз етіледі, екінші тараптан, өзін-өзі өзекті етуге, мақсатқа сәйкестілікке, мәтінмәндік-жағдаяттық алдын ала келісуге және зияткерлік белсенділікке бағытталған қарым-қатынас заңдылықтарын ескере отырып жүзеге асырылады.
ЖЕЛІЛІК КӘСІПТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ МОДЕРАТОР ІС-ӘРЕКЕТІ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚҰЛШЫНЫСТЫҚ-МАҚСАТТЫ КОМПОНЕНТІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Модератордың өзара әрекеттестік іс-әрекеті әдістемесінің құлшыныстық-мақсатты компонентін іске асыру технологиясы, пәні болжаумен, нысананы көздеумен, тұлғалық білім алуымен, бағыттылығымен, белсенділігімен, өзіндік санамен байланысты болып саналатын болжамдық іс-әрекетке негізделеді.
Құлшыныстық-мақсатты компоненттің құрамындағы желілік өзара әрекеттестіктің негіздері болашақ кәсіптік іс-әрекетке қатынастық жүйені білдіретін кәсіптік құлшыныс деңгейі болып саналады. Бұл жағдаятта желілік өзара әрекеттестік кезінде студент рөлінің өзгеруі маңызды болады, яғни желілік жағдаятта байланыс табыстары желілік қоғамдастықтың қатысушыларының субъективті-субъективтік қатынастарынан тәуелді болады. Осыдан іс-әрекеттің субъектісі сияқты «желілік» маманның жетекші сипаттамасы, өзін сыртқы ақиқатқа, басқа адамдарға және өз-өіне ынталы, дербес, шығармашылық қатынаста көрсететін, оның белсенділігі болып саналады. Бұдан былай біз желілік өзара әрекеттестіктің заңдылықтар призмасы арқылы байланыс орнату, жағдаяттарға бағдарлау, сұрақтар мен мәселелерді талқылау, шешімдерді қабылдау, байланыстан шығу реті желілік өзара әрекеттестіктің кезеңдерімен сәйкес анықталатын осы компоненттің технологиясын ашатын боламыз.
Желілік өзара әрекеттестіктің заңдылықтарына сәйкес – 1-кестеге сәйкес білімдік процесс субъектілерінің өзін-өзі өзекті ету – маман өзінің «Менін» көрсету мақсатымен желілік кәсіптік қызметтегі өзінің әлуетін іске асырады.
Өзін-өзі өзекті ету процесі туа біткен үрдістің пайда болуы мен анықтамасы арқылы тұлғалық мүмкіндіктерді іске асыруға бағытталған. Желілік өзара әрекеттестіктің жоғарғы дәрежесі сияқты өзін-өзі өзекті етуді салыстырмалы түрде икемділікті тез табумен байланыстырады, яғни оның өз тұлғалығына сәйкестігін жете түсінуі, өз кезегінде кәсіптің негізгі мағнасына, айқын өмірлік жоспарға және өз мүмкіндікдіктерінің теңбе-тең бағаларына жауап беретін түрткі кәсіптік бағыттылықтың жоғары деңгейін байланыстырады. Желілік өзара әрекеттестік жағдаятында бұл заңдылық желілік қоғамдастықта ұсынылған шынайы кәсіптік ортада маманға кәсіптік атақты тағайындауға рұқсат етеді. Маман өзі үшін кәсіптік болашақты, олардың жетістіктерін, жаңа кәсіптік мақсаттар белгілеуді, өзінің табиғи шығармашылық әлеуетін үйлесімді ашу мен бекіту талабын анықтайды.
Желілік өзара әрекеттестіктің қатысушылары үшін негізгі ереже қоғамдастықта негізделген желілік әдеп ережелерін сақтау болып саналады.
Модераторлық іс-әрекеттің технологияларын сипаттау кезінде біз шартты түрде «оқу қоғамдастығы», «желілік қоғамдастық», «бірлестік қоғамдастық» сияқты ұғымдарды пайдаландық. Оқу қоғамдастығы деп біз студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында, студенттер мен курстастардың арасында желілік өзара әрекеттестік болатын ақпараттық-білімдік ортаны түсінеміз.
1-кесте. Құлшыныстық-мақсатты кезеңде желілік өзара әрекеттестік
желісіндегі өзін-өзі өзекті ету ережесі.
Желілік өзара әрекеттестік кезеңдер
|
Оқу қоғамдастығы
|
Желілік қоғамдастық
|
Бірлестік қоғамдастығы
|
Байланыс орнату
|
Оқытушылармен, курстастармен қатынасқа талаптану
|
Модераторы, болашақ әріптестері, құрдастары-студенттері бар қатынасқа талаптану
|
Басшылармен, әріптестермен қатынасқа талаптану
|
Жағдаяттағы бағдар
|
Берілген мәселе
бойынша кеңейтілген материалға талаптану
|
Желілік кәсіптік қоғамдастықтың мүшелерімен танысуға талаптану
|
Кәсіптік міндеттерді шешудегі өзін-өзі анықтауға талаптану
|
Сұрақтар мен мәселелерді
талқылау
|
Дәрістің тақырыбы бойынша сұрақты талқылаудағы қажеттілік
|
Жеке ұстанымға пікір айтудағы қажеттілік
|
Өз ұстанымыңды дәл, сындарлы тұжырымдаудағы қажеттілік
|
Шешім қабылдау
|
Топтық талқылау негізінде шығармашылық тапсырмаларды орындауға талаптану
|
Басқа қатысушылардың пікірлерін, олардың ұстанымдарын өзіңдікімен байланыстырып объективті бағалауға талаптану
|
Сұрақтарды шешуде ымыраға талаптану
|
Достарыңызбен бөлісу: |