Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Дәріс №7. Дәрістің атауы. Баспалдақтар, арақабырғалар, дарбазалар және т.б. ғимараттардың элементтері



бет3/6
Дата01.07.2016
өлшемі3.31 Mb.
#171081
1   2   3   4   5   6

Дәріс №7. Дәрістің атауы. Баспалдақтар, арақабырғалар, дарбазалар және т.б. ғимараттардың элементтері.
Баспалдақтар, арақабырғалар, дарбазалар және т.б. ғимараттардың элементтері.
Өндірістік ғимараттың сатысын негізгі, қызметтік, өрт сөндіруге және апатты жағдайларға арналған деп бөледі (сурет 5).

Негізгі саты қабат аралық жүріп тұруға, сондай-ақ өрт немесе апаты жағдайда адамдарды эвакуациялауға арналған.

Қызметтік сатылар қондырғы орнатылған жұмыс аумақтарымен байланысты қамтамасыз етді, кейде қабат арсында қосымша байланыс ретінде қолданылады. Сонымен қатар қызметтік сатылар тұратын және жөнделетің аумақтарының көпірлі крандарын атқарады.

Өртке қарсы сатылары өрт болған жағдайда үстіңгі қабаттар мен ғимарат жамылғысына жету үшін арналған. Апат сатылары өрт пен апат кезінде ғимараттан адамдарды эвакуациялау үшін қолданылады.






Сурет 5 Өртке қарсы сатылары: а — тігінен, б — көлбеу, в — авариялық
Дәріс жоспары

1. Саты


2. Басқа элементтері

Өндірістік ғимараттың сатысын негізгі, қызметтік, өрт сөндіруге және апатты жағдайларға арналған деп бөледі (сурет 5).

Негізгі саты қабат аралық жүріп тұруға, сондай-ақ өрт немесе апаты жағдайда адамдарды эвакуациялауға арналған.

Қызметтік сатылар қондырғы орнатылған жұмыс аумақтарымен байланысты қамтамасыз етді, кейде қабат арсында қосымша байланыс ретінде қолданылады. Сонымен қатар қызметтік сатылар тұратын және жөнделетің аумақтарының көпірлі крандарын атқарады.

Өртке қарсы сатылары өрт болған жағдайда үстіңгі қабаттар мен ғимарат жамылғысына жету үшін арналған. Апат сатылары өрт пен апат кезінде ғимараттан адамдарды эвакуациялау үшін қолданылады.




Сурет 5 Өртке қарсы сатылары: а — тігінен, б — көлбеу, в — авариялық
Ғимараттарындағы терезелер – түрлері және олардың қабырғада орналасуы. Терезе жақтаулары мен панелдері.
Қажетті жарық пен аэрация үшін өндірістік ғимараттардың беттік қабырғаларына орнатылатын терезенің көлемі азаматтық құрылысқа арналған терезенің көлеміне қарағанда үлкен болады. Олардың өлшемдерін унификация мақсатында ені бойынша 0,5 м биіктігі бойынша 0,6 м деп алады. Түптеулердің жармалары аспаның тік және көлденең осі болады. Олар жоғарғы, төменгі, ортаңғы аспалы болады.

Көп жағдайда өндірістік ғимараттардың терезелерінің түптемелерін біртекті етіп орнатады.

Өндірістік ғимараттардың терезелерінің ойықтары ағашты, болатты және темірбетон түптемелерінен, шыныблоктардан, шыныпакеттерден немесе полимер негізінде жасалған жарық өткізгіштерден жасалады.

Терезе блокын орнатып болғаннан соң беттік қабырғаның ойықтарына цинкті болаттан жасалған тұмшалағыш, ал ішкі бетіне ағаштан немесе бетоннан жасалған терезе асты тақтасын орнатады.

Ыстық цехтарда (құймалы және т.б), ауа ылғалы жоғары цехтарда болат терезе түптемелері орнатылады. Олар ағаш түптемелеріне қарағанда ұзаққа шыдайды және пайдалануда жеңіл. Терезе ойықтарын жеке түптемелермен толтыруға болады.

Қарапайым болат түптемелерге қарағанда қазіргі таңда болат терезе панельдері кең қолданыс тапты. Олар әдетте қарапайым, қатты және биіктігі 20 м дейінгі терезе ойықтарын бекітуге мүмкіндік береді. Терезе панельдерін труба тәрізді немесе иілген профильден жасайды. Олардың өлшемдері қабырға панельдерінің биіктіктерінің 1200 және 1800 мм, биіктігі 6 м өлшемдеріне сай болуы керек. Олар саңылаусыз және ашылатын жармалармен, біртекті және екі қабатты швынылаумен болуы мүмкін. Панель жалпы рамадан және шыныланған элементтерден (рамадан) тұрады, оларды ілгекке немесе дәнекердің көмегімен бекітеді. Ойықтарының биіктігіне байланысты панельді бір-біріне орнатады, олардың өздік массасы төмендегі қабырға панеліне жіберіледі. Әр панельді каркас колоннасына төрт жерден болтпен бекітеді.


Көлемдік жобалау және конструктивті шешімге өрт қауіпсіздігінің талаптары маңызды әсер етеді. Олар бойынша ғимараттардың ең үлкен жіберілетін қабаттылығы конструкциялардың талапты отқа төзімділігінің дәрежесі және өртке қарсы кедергілердің арасындағы қабаттың ең үлкен жіберілетін ауданы анықталады.

Егер технологиялық үрдіс мүмкіндік берсе, от қатынасындағы қауіпті өндірісті жайларды бір қабатты ғимараттарда сыртқы қабырғаның бойында, ал көпқабатты ғимараттарда – жоғарғы қабаттарда орналастырылады. Өрттің пайда болуы жағдайында ғимараттан адамдардың қауіпсіз – эвакуациясы мүмкіндігін қарастырады. Ол үшін эвакуациялық жолдар мен шығуды жобалайды.


СӨЖ бақылау сұрақтары

1.Өнеркәсіп ғимараттарының және үймереттерінің көлемді-планды шешімі.

2.Жобалау түрлері және цехтарды шектеу.

3.Бағам адымының пролет биіктігін және енін, қабаттылығын таңдау


Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Ғимараттарындағы терезелер – түрлері және олардың қабырғада орналасуы.

2.Ғимараттың терезесі және терезе жақтаулары мен панелдері.

3.Ғимараттардың көлемдік-жобалық шешімі.
Дәріс №8. Дәрістің атауы. Бірқалыпты қималы конструкцияларды есептеу.
1 Ортасынан созылуға есептеу.

Ортасынан созылуға жұмыс істейтін элементтер ең әлсіз қима бойынша есептеледі:



σр=N/Fнт≤Rpmo

(4.1)

mo=0,8 коэффициенті әлсіз жерлерде пайда болатын кернеу концунтрациясын ескереді. Fнт–ні анықтаған кезде ағаштың талшықты құрылымын ескеру қажет.


Сурет 14,1. Элементтің ортасынан созылуы.

Элементтің бұзылуы зигзаг тәрізді болады (сурет 14,1).



&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2 Ортасынан қысылуға есептеу

Беріктікке есептеу келесі формуламен жүргізіледі:



σс = N/Fнт ≤ Rс

(4.2)

Аса ұзын сырықтар үшін бойлық иілуді ескеру қажет

φ = 1- а (λ/100)2

(4.3)

Ағаш үшін а= 0,8, фанера үшін а = 1.

Сурет 14,2. Қысылуға есептеу үшін.

а- кернеуге байланысты деформациялар; б- бойлық иілу коэффициенті; в- элементтердің әлсіз жерлері.

&&&

$$$002-008-003$3.2.8.3 Сұрақ атауы 3 Иілетін элементтер
Ағаш элементтерін иілуге жақындатып жасайды. Беріктікті иілу кернеуі максималды болатын қима бойынша және әлсізденген жерлерде тексереді.

Сурет 14,3. Иілуге есептеу үшін.



σи = М/Wнтmб ≤ Rи

(4.4)

Wнт–ні анықтаған кезде 200 мм ұзындықта жатқан әлсіз жерлерді бір қимаға біріктіреді; mб- қима өлшемдерін ескеретін коэффициент.

Қисық иілу, жүктеу әсер ету өсі қиманың симметрия өсімен әсер етпегенде пайда болады, мысалы прогондарда(сурет 14,3).

qx= q sinα;              qy= q cosα;

Mx=qxl2/8;               My=qyl2/8;



σmax= Mx/Wy +  My/Wx≤Ru

(4.5)

WxжәнеWy– прогон қимасының кедергі моменті.

Wx =bh2/6;              Wy=hb2/6



F=√f2x+f2y ≤fпред

(4.6)

1- аса қысылған нүкте; 2- аса созылған нүкте.

Қысылып иілген сырықтар деп бір мезетте иілу моментін және бойлық күшін қабылдайтын сырықтарды айтады (сурет 14,4).



Сурет 14,4. Қысылып иілген элементтердің иілістері.

Беріктікке тексеру:

σ= N/F +  M / Wξ ≤Ru

(4.5)

ξ<1- сырықтың деформациясынан болатын, бойлық күштің әсерінен иілу моментінің көбеюін ескеретін коэффициент.

ξ=1-N / φRcFбр

(4.6)

Созылып-иілетін элементтерде иілу моментінен басқа сырықты созатын күштер әсер етеді. Кері әсерлі қосымша моменті негізгі моментті азайтады. Оларды есептерде ескермейді, ағаштың ақаулықтары есебінен.






&&&

$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}





  1. Ортасынан созылуға есептеу жолдарын қарастыру

  2. Ортасынан қысылуға есептеу жолдарын қарастыру




  1. Иілетін элементтер. Бойлық күштің әсерінен иілу моментінің көбеюін ескеретін коэффициентін табу.


Дәріс №9. Дәрістің атауы. Кіріспе. Құрылыс конструкция түрлері және оларға қойылатын талаптар
Құрылыс конструкцияларын материалына байланысты бөледі:

  • Тасты және теміртасты

  • Бетонды және темірбетонды

  • Металды (болатты және алюминийлі)

  • Ағаш және пластмасса

Тасты конструкцияларды қабырға тұрғызуда және кей жағдайда бағандарда қолданады. Беріктігін жоғарылату үшін темір торлармен армирлейді.

Бетон және ТБ (темірбетон)конструкцияларын жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады. Олар болады:

  • Монолитті, құрылыс алаңында жасалады

  • Құрылымды, зауыттарда жасалынып құрылыс алаңына әкелінеді

  • Құрылымды-монолитті, құрылымды элементтерден тұрады және арасы бетонмен құйылады

ТБ элементтері құрамында арматуралы қаңқасы бар.

Металл конструкциялары болаттан, кей кезде алюминий балқымаларынан жасалады. Алюминий балқымаларынан жасалған конструкциялар қымбатырақ болып келеді. Металл конструкцияларын көбінесе өндірістік, биік және әртүрлі ғимараттарда қолданады. МК (металл конструкциялары) элементтері прокатты және құрылымды болып келеді. Прокатты элементтерді металлургиялық зауыттарда жасайды (бұрышты, швеллер және двутавр).

Ағаш конструкциялары тұтас болып келеді немесе желімделген ағаштардан құралады. Тұтас ағаштардан құрастыру арқылы құрылымды элементтерді алады, ол үшін болттарды немесе шегелерді қолданады (оларды нагель д.а.). Ағашты желімдеу үшін синтетикалық суға төзімді желімдер қолданады.

2ҚК-на (құрылыс конструкциялары) келесі талаптар қойылады, бұл талаптарға конструкциялар жобалау, жасау, тасымалдау, орнату және қолдану кезінде жауап беру керек

  • Ұзақтылық

  • Сенімділік

  • Отқа төзімділік

  • Үнемділік

  • Индустриалдылық

  • Унификация

  • Эстетикалық

ТБ конструкцияларын капиталды құрылыста кеңінен қолданады, қолдану температурасы 50-ден жоғары емес және -70 тен төмен емес. Қолдану аймағы:

  • Атом реакторларында, қуатты пресс қондырғыларда, теңіз құрылымдарында, көпірлерде, әуе алаңында, жолдарда, зауыттарда және қоғамдық ғимараттарда қолданады;

  • Жұқа қабырғалы көлемді конструкцияларда, силос,бункер және қоймаларда;

  • Көптеген массивті құрылғыларда;

  • Санитарлы-техникалық және жер асты құрылымдарда;

  • Жылу және гидростанцияларда, таукен өндірісінде.

ТБ – комплексті құрылыс материалы. Құрамындағы бетон мен арматура бірлесіп істеуі арқасында жүктеме астында монолитті элемент ретінде қарсы төтеп береді. Бетон қысуға жақсы істейді де, арматура созылуға жақсы жұмыс істейді. Бетонның созылуға қарсылығы қысуға қарағанда 10-20 есе төмен. Арқалыққа жүк түскен кезде үстіңгі бөлігінде қысылу пайда болады

да, астыңғы жағында созылу пайда болады. Құр бетонды арқалыққа (сурет 2,1 а)жүк түскен кезде арқалық морт сынады. Сондықтан арматурасыз бетон қолданысы көп таралмаған.



Сурет 2,1. Арқалықтың бұзылу сұлбасы

Аса мықты арматура мен жұмсақ арматура (сурет 2,1 б)жұмыстары бірдей болып келеді, бірақ мықты арматураның көтергіш қабілеті жоғары болып келеді. Аса мықты арматураның қолдануы шектелген, өйткені сызаттардың тым ашылып кету салдарынан конструкция эксплуатацияға жарамсыз болып қалады.

Зерттеулер көрсеткендей аса мықты арматураны алдын-ала кернелген конструкцияларда қолдануға болады. Ол үшін арматураны алдын-ала тартып сосын формаға бекіткеннен кейін бетон құйылады, бетон қатқаннан кейін арматураны босатады, кернелген болат қайтадан орнына келу үшін батонды қысады. Бұндай конструкцияда (сурет 2,1 в)сызат пайда болу үшін созу кернеуіне арматураның қысу кернеуі төтеп береді.

Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар

Жүктеулердің ұзақтығы бойынша СНиП 2.01.07-85* бойынша келесі түрлерге бөлінеді үнемі және уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ерекше)



  1. ҚК есептеу кезінде тіркестердің ең қолайсыз әсері ескеріледі. Екі түрлі тіркес бар:негізгі және ерекше.

  2. Ғимарат пен құрылымдардың жауапкершілік дәрежесі ол ғимараттың уақытынан бұрын бұзылуы кезінде материалды және экономикалық шығын мөлшерімен анықталады. Ғимарат жауапкершілігін анықтау үшін үш дәреже қабылданған

І- жоғары

ІІ- қалыпты

ІІІ- төмен

Коэффициент γn: I дәреже үшін - 0,95 тен аса, бірақ 1,2 ден аспау керек; II дәреже үшін - 0,95; III дәреже үшін - 0,95-тен төмен, бірақ 0,8-ден төмен болмау керек.

8Шектік жағдайлармен есептеген кезде материалдың басты беріктік көрсеткіші ретінде оның кедергісі алынады, нормативті және есептік

Rн – нормативті кедергі (СНиП бойынша);

R–есептік кедергі, келесі формуламен анықталады:

R=Rнm

(5)

Мұнда,

γm – материал бойынша сенімділік коэффициенті, γm>1.

Есептік кедергіні есептеген кезде жұмыс шарты коэффициентін ескере отырып алу керекγc,

Нормативті және есептік мәндер жүктеулерге де бар, өйткені олар өзгеріп отырады және анықтау мүмкіншілігі жоқ болғандықтан.

Nн – нормативті кедергі (СНиП бойынша);

N – есептік кедергі, келесі формуламен анықталады:

N=Nнγf

(6)

Мұнда, γf–жүктеу бойынша коэффициент(γf>1).

Есептеу кезінде материалдардың нормативті және есептік кедергісін дұрыс таңдай білу керек.



Болатты конструкциялар үшін нормативті және есептік кедергілер 51 СНиП II-23-81* кестесі бойынша алынады (Rуп Rу Rип)

Ағашконструкциялар үшін:кесте 3 СНиП II-25-80.

ТБ конструкциялары үшін: СНиП 2.03.01-84* кесте 12, 13. Арматура үшінСНиП 2.03.01-84*.

Тасты конструкциялар үшін :кесте 2-12 СНиП II-22-81. 

Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары




  1. ТБ даму перспективалары

  2. Жүктемелер түрлеріне не жатады, әрқайсысын талдаңыз

  3. Жүктемелер тіркестерін келтіріңіз

Дәріс №10. Дәрістің атауы. Темірбетон конструкцияларының физика-механикалық сипаттамалары
ТБ үшін бетон анықталған физика-механикалық сипаттамаларға ие болуы керек: керекті беріктік, арматурамен мықты байланысы, өткізбеушілік (арматураны коррозиядан қорғау үшін). Бетондарды келесі сипаттамалар бойынша бөледі:

  • Структурасы- үлкен тығыздықты бетонның толтырғышының аралары байланыстырғышпен толтырылған; үлкен кеуекті, кіші- және құмсыз; кеуектелген, яғни толтырғышы бар және байланыстырғышы қатқан күйінде кеуектер түзген; ұяшықты, яғни ұяшықтары жасанды түрде жасалған.

  • Тығыздығы бойынша- 2500кг/м3(аса ауыр); 2200- 2500кг/м3(ауыр); 1800-2200кг/м3(ұсақ түйіршікті);500- 2000кг/м3(жеңіл);

  • Толтырғыш түрі – қатты толтырғышы бар, кеуекті; арнайы.

  • Түйіршік құрамы, ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті;

  • Қатаю түрі- табиғи, жылумен өнделген атмосфералық қысымда; автоклавты өңдеу, жоғары қысыммен.

СНиП 2.03.01 – 84* бойынша ТБ дайындау үшін келесі бетон түрлері қарастырылған:

  • Ауыр 2200- 2500кг/м3(қатты тығыздықты толтырғышы бар);

  • Ұсақ түйіршікті 1800кг/м3-тан аса (ұсақ толтырғышы бар);

  • Жеңіл (кеуекті толтырғышы бар);

  • Ұяшықты, автоклавты және автоклавты емес;

  • Арнайы.

Бетонның отыруы деп қатаю кезінде көлемінің өзгеруін айтады. Кәдімгі ортада кепкен бетон көлемі азаяды, ал суда кепкен кезде ұлғаяды (3.1 сурет а). Бетон отыруы келесі факторларға байланысты: цемент түріне және үлесіне (цементтің көптігі отыруды көбейтеді), су көлемі (судың көптігі отыруды көбейтеді), толтырғыш ірілігі (құмның көптігі отыруды көбейтеді), қатаю түрі (ылғалда кепкен бетонның отыруы аз болады).

Отыру қатаюдың бастапқы кезінде қарқынды болады.



Сурет 3.1. Бетон отыруы

а- отыру сызаттарының түзілуі, б,в- симметриялы және симметриялы емес армирленген бетонның деформациялары;

Арматура үлесі және орналасуы отыруға әсер етеді(Сурет 3.1, б,в).



Бетон беріктігі көптеген факторларға байланысты. Бетон беріктігі күш әсеріне байланысты әртүрлі болады (созылу, қысылу, иілу, жаншылу). Бетон беріктігі келесі шамалармен сипатталады: текшелі беріктік R; призмалы беріктік Rb; созылуға беріктік Rbt; жаншылуға беріктік.

Бетон маркалары және классы. Бетон классы деп жобалау кезінде бетонның керекті бір сипатының орташа статистикалық мәнін айтамыз. Бетон класстары келесідей болады:

  • В- қысуға беріктік, текшелі беріктік, жобада көрсетіледі.

  • Вt – остік созуға беріктік, керек кезде тағайындалады

Бетон маркалары деп оның қандай да бір физикалық қасиетін сипаттайтын шама болып табылады:

  • F – аязға төзімділік (F50-F500);

    • W – су өткізбеугіштік, арнайы конструкцияларда талап етіледі, мысалы резервуарлар(W2-12 кгс/см2);;

    • D – тығыздығы бойынша, жылуөткізгіштік бойынша талаптар қойылғанда (D 500-2000 кг/м3);




  • S – өздігінен кернеуленуі, өздігінен кернеуленген цементті қолданғанда талап қойылады(S0,6-4).

Бетонның өстік беріктігі бойынша классы В, 150мм бетон текшені қысуға сынау нәтижесінде алынған нәтижені айтамыз. Сынақ 28 тәуліктен кейін 20±2 0С –та қатқан үлгілерді сынаумен жүргізіледі.

Бетон түріне және жұмысына байланысты бетон класстары келесідей болады:



  • Цементтен жасалған ауыр бетондар үшін:В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В30…В60;

  • Кернеуленетін бетондар үшін В20…В60;

  • Жеңіл бетондар үшін, егер орташа тығыздығы D600…D900 – B1…B7 және т.б. (СНиП 2.03.01-84*)

Арматура деп ТБ құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).



Сурет 3,2. ТБ конструкцияларын армирлеу

а- тақталар, б- арқалықтар, в- бағандар.

Беті бойынша арматуралар жазық және ауыспалы қималы болады (сурет 3,3). Қолдану бойынша арматуралар кернеуленетін және кернеуленбейтін болып бөлінеді.



Сурет 3,3. Ауыспалы қималы арматура түрлері;

а- сырықты, б- сым, в- орақ тәрізді.

Арматураның негізгі физика-механикалық көрсеткіштері. Болаттың негізгі механикалық қасиеттері “кернеу-деформация”диаграммасымен анықталады, сынақ үлгілерді созу арқылы жүзеге асады. Барлық арматуралық болаттар диаграммалары бойынша 3 түрге бөлінеді(сурет 3,4 ):


  • Ағу аймағы анық болаттар (жұмсақ болаттар);

  • Қатты болаттар, ағу аймағы анық емес (аз легірленген, термо қатайтылған болаттар);

  • Сызықтық байланысты болаттар,ағу аймағы жоқ (аса берік сымдар);

Сурет 3,4. Арматуралы болаттың деформацияға ұшырауы диаграммасы

Беріктіктің негізгі сипаттамалары:


  • Жұмсақ болаттар үшін физикалық ағу шегі σу;

  • Қатты және аз легірленген болаттар үшін σ0,2;

  • Аса берік сымдар үшін σu.

Арматуралық болаттардың тағы басқа қасиеттері де өте маңызды болып келеді:

  • Пісірімділік – болаттың электр пісіруге қолайлылығы, бұл кезде пісіру аймағында сызаттар пайда болмау керек; жақсы пісірімді болаттар олар аз көміртекті және аз легірленген болаттар. Термо қатайтылған және созумен қатайтылған болаттарды пісіруге болмайды.

  • Реологиялық сипаттары- ағуы және релаксация;

  • Шаршаудан тозу, көп қайталанатын жүктемелерден пайда болады, және салдарынан морт сынады;

  • Динамикалық беріктену, кенет динамикалық жүктемеден пайда болады, мысалы жарылу немесе сейсмикалық әсерден.

Арматура мен бетонның сіресуі ТБ-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:

  • Арматураның кедір-бұдыр беті бетонмен жақсы тіркеседі (3,8 сурет )

  • Бетонның отыру кезінде арматура беті мен бетон беті арасында үйкелістің күшеюі арқасында;

  • Арматура беті мен бетон бетінің желімденуі арқасында, цемент коллойдты массаның тұтқырлығы салдарынан.

Тіркесу күші ұлғаяды - бетон классының көтерілуімен,су-цемент қатынасының төмендеуімен, бетон жасының ұлғаюымен және кедір-бұдырлықтың көбеюімен
Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Бетонның деформациясының түрлері

  2. Серпімділік және серпімді-пластикалық модульдері

  3. Темірбетонның физикалық-механикалық қасиеттері және артықшылықтары мен кемшіліктері

  4. Арматура қасиеттері және түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет