ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 деңгейлі құжаты
|
« » 20 ж.
№ 1 басылым
|
Ф 042-05.1.10.03-2011-01
|
Элективті пәндер каталогы
|
Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі проректор _________ Б. Рскелдиев
«____» _____________ 20_ жыл
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5В060600 – Химия мамандығы
№ р/с
|
Пәндердің кодтары
|
Пәндердің және циклдардың атауы
Пәннің қысқаша мазмұны
|
1
|
2
|
3
|
Жалпы білім беру пәндері
|
01
|
Pci 0101
|
Психология
(психологиялық емес мамандықтар студенттері үшін)
Кредит саны 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша - 3
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – философия, әлеуметтану.
Оқыту мақсаты: Студенттерде психология қарастыратын негізгі мәселелері туралы түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномені, сана және санасыздық қатынасы, психикалық үрдістердің, қасиеттердің және күйлердің заңдылықтары мен механизмдері, тұлға және адамдық өзара қатынастар мәселелері.
Қысқаша мазмұны: Психология пәні, тапсырмалар және әдістері. Психология пәні мен объектісі. Субъективті және объективті нақтылықтың қатынасы. Қазіргі заманғы психологияның құрылысы. Психология және басқа ғылымдар. Іс әрекет және танымдық үрдістер психологиясы. Тұлға психологиясы. Қабілеттіктер. Темперамент. Мінез. Эмоциялар мен сезімдер. Мотивация. Ерік.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Психология ғылымының жалпы негізгі түсініктерін; оның пәнін, тапсырмаларын, зерттеу әдістерін, адам мінезі мен психикасын түсіндіретін негізгі түсініктер мазмұнын біледі.
Іскерлігі: Адам психологиясының ғылыми білімдеріне негізделіп, психикалық нақтылыққа бағыттала алады; негізгі компоненттерін бөліп, (бағыттылық, мотивация, өзін өзі бағалау және басқа) тұлға құрылымын ажырата алады; өзінің болашақ мамандығында алған білімдерін қолдана алады.
Дағдысы: Ғылыми әдебиеттерді теориялық талдауға; арнайы әдебиеттермен, монографиялармен жұмыс істеуге дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Психикалық нақтылықты оның көп қырлы байқауларында адекватты бағалауға мүмкіндік беретін психологиялық білімнің қажетті минимумын игерген.
Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гизатуллина А.Г.
|
02
|
Sam 0102
|
Өзін-өзі тану
Кредит саны-2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3
Пререквизиттер – Жоқ.
Постреквизиттер – Жоқ.
Оқыту мақсаты: Жеке тұлғаның және ортаның көп қырлы мүмкіндіктерін, индивидтік және әлеуметтік өмірдің мәнінің потенциалын ашу.
Қысқаша мазмұны: Студенттік өмір – бақытты шақ. Менің жан дүнием. Болашақ бүгіннен құрылады. Қарым-қатынас мәдениеті. Өзара түсіністік және достық. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Заманауи жалпы мәдениет. Табиғат жаны. Шығармашылық қуанышы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Адамның тұлғалық-психологиялық мінездемелерін және өзін-өзі тану жолдарын, шығармашылықты өздігінен жүзеге асыруды біледі.
Іскерлігі: Өзін-өзі шығармашылық және тұлғалық сферада жетілдіру әдістерін еркін таба алады.
Дағдысы: Өзін-өзі тану аймағында өз білімін практикада қолдану дағдысын игерді.
Құзіреттілігі: Оқу, өмірлік және кәсіби жағдайларда
мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырады, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы, педагогика магистранты Сергеева К.С.
|
03
|
Kul 0103
|
Мәдениеттану
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3
Пререквизиттер – Жоқ.
Постреквизиттер – Жоқ.
Оқыту мақсаты: Негізгі мәдениеттік категориялардың, теориялардың, концепциялардың мазмұнын ашу. Мәдениеттік білімнің негізін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Мәдениеттану пәні және әдістері, мәдениет маңызы және тұлғасы, мәдениет тілі, адам өмірі мәдениет сияқты. Алғашқы тұрмыстық мәдениет, Ежелгі шығыс мәдениеті, Ежелгі Грек және Рим мәдениеті, ортағасырлық мәдениет, Қайта жаңғырту дәуірімен Реформация мәдениеті, жаңа дәуірдің европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениетінің шығуы, қазақтардың салт-дәстүр мәдениеті, қазіргі қазақстандық мәдениет, Қазақстанның Евразиялық мемлекет ретінде әлеумет мәдениеттік жетістіктері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Мәдениеттанудың негізгі категорияларын және түсініктерін біледі.
Іскерлігі: Отандық және әлемдік қоғам ішінде өздігінен мәдениеттік өзгерістердің мәнісінің және мағынасының талдай алады.
Дағдысы: Мәдениет және ұлт аралық қатынаста білімін іс жүзінде қолданауға дағдыланған.
Құзіреттілігі: Негізгі және жалпы білімдік білімі бар, келіспеушіліктер өздігінен шеше алады. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін түсіне алады.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы С.Кудратова.
|
04
|
Ped 0104
|
Педагогика
Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3
Пререквизиттер – Жоқ.
Постреквезиттер – Жоқ.
Оқыту мақсаты: Объектке қатысты педагогикалық шығармашылық пен іскерлікте, оларды басқарудағы дағдыларға білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Педагогика пәні және тапсырмалар. Білім философиясы. Педагогикалық зерттеу түсінігі. Тұтас жүйе ретінде педагогикалық процесс. Кәсіби шығармашылық және педагог тұлғасы. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Тұлға дамыту құралы ретінде білім беру мазмұны. Оқыту түрлері. Оқытуды ұйымдастыру формасы. Оқыту әдістері. Бала ұжымы. Білімдерді бақылау және есепке алу әдістері.
Күтілетін нәтиже:
Білімі: Педагогиканың негізгі категорияларын; педагогикалық шығармашылықты зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық ретін біледі.
Іскерлігі: Педагогикалық шығармашылықты талдай алады. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын біледі.
Дағдысы: Педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алу дағдысы бар.
Құзіреттілігі: Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру туралы жалпы және базалық білімін, оқу-тәрбиелік шығармашылықты басқару қабілетін, педагогикалық жұмыс технологиясын, формасын, әдістерін таңдау дағдысын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Психология кафедрасының доценті
Аубакирова Р.Ж.
|
05
|
DGYa 0105
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3 Пререквизиттер – Жоқ.
Постреквизиттер – Жоқ.
Оқыту мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.
Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы. Жіктелуі. Іс қағаздарын жүргізу технологиясы және қағаз айналымын ұйымдастыру. Іскерлік қағаздардың негізгі түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдар құжаттары. Бұйрық құжаттары. Ақпаратты-анықтамалық құжаттар. Еңбек келісімшартын өңдеу. Жеке құжаттар. Коммерциялық хаттамалар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Құжат түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра біледі.
Іскерлігі: маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, іскерлік қағаздарды олардың өңделу, құрылымы және функция ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс толтыра алады.
Дағдысы: Іскерлік қағаздарды өңдеу дағдысын иеленеді.
Құзіреттілігі: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.
|
06
|
MEOR
EAZES 0106
|
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастар
Кредит көлемі - 2 (1+1+0)
Пререквизиттер - Экономикалық теория, Халықаралық экономика
Постреквизиттер - Мамандық бойынша профильденетін пәндер.
Оқыту мақсаты: «ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» теориялық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибелік мәнін зерттеу болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Еуразиялық экономикалық қауымдастық: мақсаттары, құрамы, құрылымы.ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру.Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы. Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу. Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет. Энергетикалық нарықты қалыптастыру және бірлесіп дамыту. Агроөнеркәсіптік сектордағы өзара әрекет. Қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық.ЕурАзЭқ және БҰҰ. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік кеден ұйымы. ЕурАзЭҚ және Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму және реконструкция банкі арасындағы қарым-қатынас. ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: ЕурАзЭҚ идеясымен, оның іске асу барысымен, оған мүше елдерін, ЕурАзЭҚ шеңберіндегі әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынас мәселелерін біледі.«ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық экономикалық қатынастардың» негізгі теориялық тұжырымдамаларын және
нормативті –құқықтық базасын біледі.
Іскерлігі: нақты тапсырмаларды еркін қоя біледі және шеше алады.
Дағдысы: экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін зерттеу, өздігінен экономикалық ойлау және талдау дағдыларын меңгереді.
Құзіреттілігі: базалық және жалпы білімін, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттілігін, халықаралық экономикалық қатынасты ұйымдастыру мен басқару мәселелерінде біліктілігін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі:аға оқытушы Темиргалиева А.С.
|
07
|
Shak 0107
|
Шәкәрімтану
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 2
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Шәкәрімтану пәні Абайдың ақын шәкірті, ойшыл, философ, композитор, тарихшы, шежіреші Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту. Ақын мұрасының әлі ашылмай келе жатқан жаңа қырларын айқындай түсу. Шәкәрім шығармашылығындағы руханилылық мәселесіне ерекше зер салу. Ақынды әлемдік деңгейде таныту.
Қысқаша мазмұны: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы. Ақын шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырдағы әдеби процеспен үндестігі. Әдеби мұраларының тарихпен, әдебиетпен, руханиятпен байланысы. Шәкәрім – ақын, философ. Ақынның қайраткерлігі. Шәкәрім туралы ой-пікірлер, көзқарастар. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі. Зерттеушілердің қозғаған басты тақырыптары, проблемалары. Ұлттық айшық, бейнелілік.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы жайлы және көркем туындыларын біледі.
Іскерлігі: Шәкәрімнің шығармашылықғын түсінеді.
Дағдысы: Шәкәрімтанудың салаларын, Шәкәрім шығармашылығын зерттеу дағдысын меңгереді.
Құзіреттілігі: Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к., доцент Ж.М.Әубәкір
|
1
|
2
|
3
|
Базалық пәндер – 44 кредит
|
1 Білім беру траекториясы – «Аналитикалық химия»
|
01
|
MMOA 0201
|
Мұнай және мұнай өнімдері анализі
Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5 Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер - Гетероциклді қосылыстар, Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар
Оқыту мақсаты: Мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық, топтық және фракциялық құрамы, мұнай және мұнай өнімдерін талдау әдістерін оқу.
Қысқаша мазмұны: Мұнайлардың пайда болуы және жіктелуі. Мұнайдың физикалық қасиеттері, элементтік құрамы, фракциялық құрамы. Негізгі мұнай өнімдерінің топтық және құрылымдық-топтық құрамы, оларды анықтау әдістері. Мұнай және мұнай өнімдерінің элементтік анализі. Мұнай өнімдерінің құрамы мен эксплуатациялық қасиеттері. Негізгі қалыптандыру көрсеткіштерін анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Мұнай химиясының теориялық негіздерін, мұнай және мұнай өнімдерінің сапалық және сапалық анализі негізделген физикалық және химиялық заңдылықтарды, сонымен қатар мұнайды бөлу және анықтау әдістерін біледі.
Іскерлігі: Мұнай және мұнай өнімдерінің талдауын физико-химиялық әдістерді қолданып жүргізеді, зерттеу әдісі және талдаудың объектісінің нормативті құжаттарына бағдар жасай алады.
Дағдысы: Мұнай және мұнай химиясының талдау мен анықтауының негізгі аналитикалық әдістерін, аналитикалық анықтаудың метрологиялық аспектілерін игерді.
Құзіреттілігі: Мұнай химиясының негізгі білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.
|
2 Білім беру траекториясы – «Жоғары молекулалық қосылыстар»
|
02
|
PkPH 0202
|
Поликонденсация процестерінің химиясы
Кредит көлеммі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Жоқ
Оқыту мақсаты: Поликонденсация әдісімен полимерлерді алудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, олардың механизмдері мен кинетикасын оқыту.
Қысқаша мазмұны: Поликонденсацияның кинетикасы, механизмі және термодинамикасы, олардың механизмі мен кинетикасы. Тепе-теңдік және тепе-теңдіксіз поликонденсация. Сополиконденсация. Үшөлшемді поликонденсацияның ерекшеліктері. Қатты фазадағы поликонденсация.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Поликонденсациялық үрдістердің – термодинамика, кинетика, поликонденсация реакцияларының механизмін және химизмінің теориялық негіздерін біледі.
Іскерлігі: Поликонденсацияның қарапайым сатылары мен жалпы үрдістің өзін басқара алады.
Дағдысы: Білімдерін практика жүзінде полимерлерді синтездеу облысында қолдануға дағдыланған.
Құзіреттілігі: Жоғары молекулалық қосылыстардың физикасы мен химиясы облысында базалық білімдерін, зерттеушілік іскерлігін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К.
|
1 траектория – «Аналитикалық химия»
2 траектория – «Жоғары молекулалық қосылыстар»
бойынша оқылатын жалпы базалық пәндер
|
03
|
TBH 0203
|
Теориялық бейорганикалық химия
Кредит көлемі –3(2+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 3
Пререквизиттер – Жоқ
Постреквизиттер – Аналитикалық химия, Физико-химиялық анализ әдістері, Химиялық сандық анализ
Оқыту мақсаты: Бейорганикалық химияның теориялық негіздерін, химия ғылымының негізгі заңдарын және теориясын оқу.
Қысқаша мазмұны: Атом-молекулалық ілім негіздері. Атом құрылысы және периодтық жүйе. Атомның кванттық-механикалық моделі. Химиялық байланыстар түрлері. ВБ және МО әдістері. Химиялық процесстердің негізгі теориялары: термодинамиканың І және ІІ заңдары, химиялық реакциялар кинетикасы және химиялық тепе-теңдік. Бейэлектролит ерітінділерінің қасиеттері. Электролиттердің сулы ерітінділері, электрролит ерітінділердегі алмасу реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Комплексті қосылыстар құрылымы туралы қазіргі көзқарас және координациялық теория негіздері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Негізгі стехиометриялық заңдарды, химиялық байланыс табиғатының негізгі теорияларын, ерітінділердің жалпы қасиеттерін және ерітіндідегі электролит күйлерін біледі.
Іскерлігі: Есептеулерді шешуде стехиометриялық заңдарды қолдана алады.
Дағдысы: Компонент концентрацияларын есептеу, зертхана құжаттарын өңдеу дағдыларын игереді.
Құзіреттілігі: Теориялық бейорганикалық химияның негізгі білімдерін игерген, зерттеу дағдылары.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.д, профессор Яшкарова М.Г.
|
04
|
OMFTH 0204
|
Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы
Кредит көлемі − 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны − 5
Пререквизиттер – 31 кредит
Постреквизиттер – Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар, Гетероциклді қосылыстар
Оқыту мақсаты: Органикалық химияның негізін қалайтын бөлімдерін оқыту: органикалық молекулалар құрылысының, электронды және кеңістік эффектілер, органикалық молекулалардың стереоизомериясы, химиялық қасиеттер, реакциялардың негізгі механизмдерінің теориясы.
Қысқаша мазмұны: Органикалық қосылыстар молекулаларындағы химиялық байланыстардың типтері. Органикалық молекулардың жіктелуі. Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылымы. Қазіргі заманғы ИЮПАК номенклатурасының негізгі принциптері. Көмірсутектер, қасиеттері мен қолдануы. Моно- және полифункционалды қосылыстар. Галогентуындылар. Негізгі заңдылықтар. Спирттер мен жай эфирлер. Карбонильді қосылыстар, полярлық, қасиеттер, қышқылды-негіздік катализ, кето- енольді таутомерия, қайта топталу. Карбон қышқылдары және олардың туындылары. Азоттекті қосылыстар, синтездеу әдістері, қасиеттері, қолданылы. Гетерофункионалды қосылыстар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Көмірсутектердің және функционалды туындыларының химиялық қасиеттері мен маңызды алу әдістерін, органикалық қосылыстардың негізгі класстары арасындағы генетикалық байланысты, молекула құрылысына тәуелді химиялық қасиеттерінің өзгеруінің заңдылықтары, органикалық қосылыстардың қасиеттері мен құрылымын зерттеуіндегі маңызды әдістерін біледі.
Іскерлігі: Жай және күрделі заттардың физико-химиялық қасиеттерін талдауды, іс жүзінде органикалық қосылыстарды түрлі қиындықтағы синтездеудің оптимальді әдістемесін, алынған өнімді қазіргі заманғы әдістер мен әдістемелерді қолдана отырып идентификациялай алады.
Дағдысы: Молекуланың элекронды және геометриялық құрылысы негізінде жай және қарапайым заттардың қасиеттерін суреттеудің теориялық әдістерін, органикалық қосылыстардың синтезінің негізгі әдістерін игерген.
Құзіреттілігі: Зерттеу тапсырмаларын шешуге арналған органикалық химия облысындағы заңдардың базалық білімдерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.
|
05
|
KYaKKK 0205
|
Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстар
Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Гетероциклді қосылыстар
Оқыту мақсаты: Көп ядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстардың құрылымының жалпы заңдлықтарын, номенклатурасын, алу әдістерін, физикалық және химиялық қасиеттерін, өнеркәсіптік қолданылуын оқыту.
Қысқаша мазмұны: Конденсирленген ядролары бар көпядролы ароматты қосылыстар. Конденсирленбеген ядролары бар көпядролы ароматты көмірсутектер. Өнеркәсіпте алу мен құрылымы. Ацетиленді альдегидтер мен кетондармен конденсациялау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Көпядролы конденсирленген және конденсирленбеген қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттерін, алу әдістерін, номенклатурасын, құрылымын біледі.
Іскерлігі: Органикалық қосылыстардың кез келген классының жалпы формуласын кескіндеп, органикалық қосылыстың атауы бойынша құрылымдық формуласын кескіндейді және керісінше, электронды эффектілер әсерінен органикалық молекулалардағы электронды тығыздықтың таралуын көрсете алады, органикалық қосылыстардың қасиеттерін олардың химиялық, электрондық және кеңістік құрылымына байланысты болжай алады, түрлі органикалық қосылыстарды алу әдістері мен қасиеттеріне байланысты есептер шығара алады.
Дағдысы: Органикалық заттармен жұмыс істей алады, органикалық заттардыі қоспаларын тазартып бөлуді жүзеге асырады, органикалық қосылыстардың негізгі физикалық константаларын анықтай алады.
Құзіреттілігі: Органикалық қосылыстар химиясының облысында базалық білімі мен зерттеушілік қасиеттері бар.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.
|
06
|
GK 0206
|
Гетероциклді қосылыстар
Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – Жоқ
Оқыту мақсаты: Гетероциклдар химиясының негізгі түсініктері мен жағдайларын оқу
Қысқаша мазмұны: Гетероатомның химиялық тибиғатына және цикл мөлшері бойынша гетероциклді қосылыстардың жіктелуі. Пиридинді қосылыстар алу көздері. Никотин қышқылы. РР витамині (дәрумені).
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Әртүрлі гетероцикл өкілдерінің химиялық байланыс табиғатын, құрылысын және жіктелуін, құрамын және қасиеттерін, алу жолдарын, реакциялық қабілетін және реакция механизмін біледі.
Іскерлігі: Атауларда IUPAC халықаралық номенклатурасын қолдану; реакция механизмін түсіну үшін құрылыс теориясындағы электондық көзқарас, практикалық есептеулер мен жаттығуларды шешуде теориялық негізделген заңдылықтарды қолдана алады.
Дағдысы: Қосылыстардың құрылысына байланысты реакциялық қабілеттерін және қасиеттерін сипаттау, зерттеудің эксперименттік және теориялық негізгі әдістерін игерген.
Құзіреттілігі: Органикалық химияның соның ішінде гетероциклді химияның негізгі білімдерін игерген, зерттеу дағдылары бар.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.
|
07
|
НКЕ 0207
|
Химиялық кинетика және электрохимия
Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Химиялық тепе-теңдіктерді есептеу, Химиялық физика
Оқыту мақсаты: Химиялық кинетиканың теориялық негіздерін оқу, электрохимиялық жүйелер, электрохимиялық үрдістер мен олардың механизмдерін оқу әдістері жайлы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Химиялық кинетиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. Химиялық реакцияның механизмі. Тұйық жүйедегі гомогенді және гетерогенді реакциялардың жылдамдығы. Химиялық кинетиканың негізгі заңы. Молекулалық пен химиялық реакция реті. Жабық жүйелердегі формальді жай гомогенді біржақты реакциялардың кинетикасы. Күрделі: қайтымды, параллель, ретті реакциялардың кинетикасы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның әсері. Активтелу энергиясы. Аррениус теңдеуі. Химиялық кинетиканың теориялары. Активті соқтығысулардың теориясы. Аралық күйдің теориясы. Фотохимиялық және тізбекті реакциялар. Гетерогенді реакциялардың кинетикасы. Гомогенді және гетерогенді катализдің негіздері. Каталитикалық реакциялардың механизмі және кинетикасы. Электролит ерітінділерінің құрылысы мен қасиеттері. Ерітінділер теориясы. Электрохимиялық үрдістердің заңдылықтары мен негізгі заңдары. Электрохимиялық элементтің электқозғаушы күші. Электродты потенциал. Электрохимиялық реакциялардың термодинамикасы мен кинетикасы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Химиялық кинетиканың заңдарын, негізгі түсініктерін және олардың математикалық жазылуын, математикалық талдаудың әдістері мен негізгі түсініктерін, термодинамика заңдарын, электростатика заңдарын, түрлі типтегі қосылыстардың химиялық байланыс теориясының негіздерін біледі.
Іскерлігі: Негізгі кинетикалық: реакция жылдамдығы, жылдамдық константасы, реакция реті сияқты сипаттамаларға есептеу жүргізе алады, математикалық статистика мен мүмкіндік теориясына байланысты негізгі есептерді шешіп, типтік мамандыққа сай есептерді шығару кезінде математикалық әдістерді қолдана алады.
Дағдысы: Химиялық және физикалық өлшеу әдістерін өткізе алады, эксперимент жүргізу кезінде кеткен қателіктерді дұрыс бағалау әдістерін біліп, іс жүзінде қолдана алады.
Құзіреттілігі: Жобалау, теориялық және эксперименттік зерттеуге байланысты есептерді шешу үшін физикалық химия саласындағы базалық білімдерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.
|
08
|
HTE 0208
|
Химиялық тепе-теңдіктерді есептеу
Кредит көлемі 4 (2+2+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 6
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Жалпы химиялық технология
Оқыту мақсаты: Тепе-теңдік жүйелерінің теориялық негіздерін, термодинамика негіздері және ерітінділер туралы оқу.
Қысқаша мазмұны: Гомогенді тепе-теңдік, оның белгілері және жағдайлары. Гомогенді жүйелердің әр түрлі типтері үшін химиялық реакциялардың изотерма теңдеуін шығару. Гетерогенді тепе-теңдік. Сұйықфазалық жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік. Ерітінділер. Идеал ерітінділер заңдары.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Негізгі термодинамикалық заңдарды, ерітінділердің құрамын және құрылысын біледі.
Іскерлігі: Термодинамикалық фактроларды есепке ала отырып кинетикалық константалар мен тепе-теңдік жүйелерінің есептеулерін жүргізе алады.
Дағдысы: Термодинамикалық сипаттамаларына байланысты тепе-теңдік жүйелерінің тепе-теңдік күйін болжай алады. Құзіреттілігі: Физикалық химия саласынада негізгі білімін игерген, зерттеу дағдысы бар.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к, доцент Омарова Н.М.
|
09
|
КН 0209
|
Коллоидтық химия
Кредит көлемі 4 (2+1+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 6
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Жалпы химиялық технология
Оқыту мақсаты: Фазалардың бөліну шекарасында болатын физико-химиялық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын, сонымен қоса дисперсті жүйелердің қасиеттерін оқу.
Қысқаша мазмұны: Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Беттік құбылыстар мен қатты молекулалардың механикалық қасиеттері. Фазалар бөліну шекарасындағы адсорбция. Дисперсті жүйелердегі электробеттік құбылыстар. Лиофобты элементтер. Лиофильді диспресті жүйелер. Эмульсиялар мен көбіктер. Аэрозольдер. Седиментациялық тұрақтылық. Агрегаттық тұрақтылық. Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Дисперсті жүйелердің негізгі қасиеттерін, фазалардың бөліну шекарасында өтетін негізгі физико-химиялық үрдістерді, коллоидты жүйелердің коагуляциясы мен тұрақтандыру, тазарту, алу әдістерін, коллоидты жүйелердің бөлек класстарын біледі.
Іскерлігі: Коллоидты химияның заңдылықтары мен негізгі түсініктерін фазалардың бөліну шекарасында өтетін үрдістерді түсіндіру үшін қолдана алады, алынған білімін өндірістің технологиялық мәселелерін шешу үшін қолданды.
Дағдысы: Дисперсті жүйелердің негізгі физико-химиялық параметрлерін есептеуге дағдыланған, фазалар бөлінуінің кейбір беттік сипаттамаларын эксперименттік анықтауға арналған әдістемелерді біледі.
Құзіреттілігі: Зерттеушілік және практикалық бағыттағы есептерді шешуде коллоидты химия облысында базалық білімі бар.
Бағдарлама жетекшісі:
Руководитель программы: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.
|
10
|
КМКН 0210
|
Кванттық механика және компьютерлік химия
Кредит көлемі - 2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 3
Пререквизиттер – 31 кредит
Постреквизиттер – Физикалық химия, Органикалық химия, Зат құрылысы
Оқыту мақсаты: Микроәлем жайлы қазіргі заманғы түсініктемелердің фундаментальді ғылыми негіздерін оқу, кватты механика тілінде микроәлем үрдістері мен құбылыстарын суреттеу әдістері, макромолекулалар құрылымының компьютерлік жобалау, молекулалардың химиялық және физикалық қасиеттерін интерпретациялау және есептеу әдісін оқыту.
Қысқаша мазмұны: Квантты теория негіздері. Кейбір қарапайым жүйелер үшін Шредингер теңдеуі. Квантты механикадағы сутегі атомы. Қозған күйдегі сутегі атомының магнитті моменті. Зееман эффектісі. Электрон спині. Спиннің формализмі. Көпэлектронды атомдар. Шредингер теңдеуі мен көпэлектронды функцияның қасиеттері. Көпэлектронды толқындық функцияның антисимметриясы. Бірэлектронды Хартри жақындауы. Слейтер атомдық орбитальдары. Көпэлектронды атомдағы электронның тумалы күйі. Атомдардың электрондық конфигурациялары. Толық кванттық сандар. Атомдық термалар. Хунд ережесі. Валентті сызбанұсқалар әдісінің жалпы орналасуы. МО әдісі.
Күтілетін нәтиже:
Білімі: Химиялық ғылымдар жүйесінде компьютерлік химия мен квантты механиканың орны мен маңызын біледі, қарапайым жүйелер мен есептер үшін Шредингер теңдеуін, толқындық функциялар квадратының болжамдық мәнін, молекулалаық жобалаудың негізгі әдістерін біледі.
Іскерлігі: Екіатомды молекулалардың тербелмелі және айналмалы спектрлерінің жиілігінің изотопты орын ауыстыруын есептей алады, негізгі күйдің термісінің анықтай отыра атомның электрондық құрылымының жаза алады, квантты химия және молекулалық механика әдістері арқылы есептей алады, есептеулер нәтижелерін талдап, зерттеумен салыстырып, жұмыс істей алады.
Дағдысы: Типтік физикалық есептерді шығару әдістемесін игерген, дербес компьютермен жұмыс істеуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Химиялық және зерттеушілік есептерді шешу үшін квантты механика облысында базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент Омарова Н.М.
|
Достарыңызбен бөлісу: |