Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.98 Mb.
#22275
1   2   3   4   5   6   7

1.2. Парсы шығанағындағы дағдарыс.
Құрама Штаттарында өтіп жатқан сайлаудың нәтижелерін әлем халқы тағатсыздықпен және жақсы үміттермен күтіп еді. Шынын айту керек, көпшілік халық Кіші – Дж. Буштың сайлауда жеңіп шығуын қалаған да болатын. Өйткені, Б.Клинтон әкімшілігінің «демократиялық құндылықтар мен адам құқықтары» ұранымен әлемнің кез келген нүктесіндегі «гуманитарлық дағдарыстарды» қарулы күштердің ықпалымен шешкісі келетіндігі сыртқы саясатынан айқын байқалған еді. Сайлау алды жарыссөздерде Республикандықтардың үндеулерінде АҚШ-тың әлемдік аренада халықаралық құқық нормаларын сақтауы мен американдық құндылықтарды жалпыға бірдей таратуға соншалықты құштар болмауы керектігі айтылып, басқа мемлекеттердің де ұлттық мүдделері ескерілетіндігі мәлімдеген болатын. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райстың мәлімдегеніндей «Республикандық әкімшіліктің сыртқы саясаты қайдағы бір тұманды халықаралық қауымдастықтың шеңберінде емес, ұлттық мүдделеріміздің нақты түбірімен анықталатын болады». Осындай мәлімдемелер көптеген мемлекеттердің лидерлерімен қарапайым халықтын құлағына жағып, оң баға берулеріне себеп болды да, жаңа әкімшіліктін сайлауалды ұстанған «Америкаға қауіп төніп тұр» деген басты ұраны ұмытылып кетті. Кім және не үшін қауіп төндіріп тұрғандығы түсіндіріліп те жатпады. Әйтеуір, жаңа Президенттің алғашқы шығуларында: «Біздің еліміз жаңа дәуірдің қауіп-қатеріне дайын тұруы керек» дегенін естіген едік1. Ел Президенті айтқан әрбір сөзіне жауап бере сөйлейді. Бұл мәлімдемелердің астарында, әрине мемлекеттің ұлттық мүддесі жататындығы белгілі. Кіші-Дж.Буш командасына ел экономикасының Б. Клинтон кезіндегі проблемалар мұра болып қалды. Мұнай бағасы американдық энергетика қауіпсіздігіне еш тура келмейтін еді. Доллар бағамының түсе бастауы мен рынок қорының экономикалық рецессияға соқтыруы мүмкін еді. Еуро Одақпен арадағы сауда-экономикалық байланыстар біраз кешенді мәселелер бойынша тоғыспай жататын еді. Бұрынғы әкімшіліктің Балқан мәселесі мен Орталық Азияға мардымсыз ықпалы бүгінде Кіші-Буш әкімшілігінің күн тәртібінен мықтап орын алған.

Баяғыда, осыдан алты ғасыр бұрын Ресейдің Псков шіркеуінің патриархы, князь III Василийге «Біздің Мәскеу – Үшінші Рим, төртінші Рим енді болмайды» депті. Онысы христиан дінінің дүниежүзілік кіндігі Мәскеу дегені болса керек. Үшінші Рим туралы тезис Ресей мемлекетінің әлемдік саясатта ерекше маңыз атқаратынын «негіздейтін еді» ол кезде2. Енді осындай ұранмен АҚШ отаршылдықтың жаңа дәуіріне аяқ басайын деген сияқты.




1К. Сыроежкин. Год после трагедии. //Континент. № 18 2002. С 34

2Н. Қуантайұлы. АҚШ ораза айында крест жорығые бастайды. //Ақжол Қазақстан. № 9 2002. 4 б.

Ауғанстандағы антитеррорлық операциясын сәтті аяқтаған соң АҚШ Президенті дүниені «зұлымдық құрсауынан» құтқаруға кірісті. Бірақ ешкім де, халықаралық қауымдастық та АҚШ-қа бүкіл әлемде тәртіп орнатуын сұраған жоқ.. Ондай құқықты АҚШ үкіметінің өзі шығарды. 2002 жылғы 29 қаңтарда Президент Буш өз мәлімдемесінде «зұлымдық ошағы» концепциясын жариялап, онда Иран, Ирак және Солтүстік Корея секілді елдердің аты аталғандығы белгілі1. Бұл елдер алдымен тоталитарлық диктатура орнаған, модернизацияға қаны қас үкімет басқарып отырған елдер деп айыпталды. Екіншіден, аталған елдер жаппай қырып-жою қаруларына еге немесе еге болу табалдырығында тұрған елдер деп жарияланды. Осыған орай АҚШ әкімшілігі Солтүстік Кореяға экономикалық санкция енгізуі мүмкін екендігін жариялады. Солтүстік Корея басшылығы өз кезегінде «АҚШ-тың Пхеньянға қысым көрсетуі соғыстың басталуын тездетеді және біз мұндай астамшылдыққа көнбейміз» деп мәлімдеді2. Ал Иран халқының осы жағдайларға байланысты басты көзқарасын мемлекет басшысы Аятолла Аль-Хомеини білдірді: «Иракқа қарсы қысым үзілді-кесілді тоқатылсын. Бұл біздің БААС режимі мен С.Хусейн диктатурасын қолдаймыз дегеніміз емес». Ал, Ислам төңкерісі қорғанысы корпусының Бас қолбасшысы Рахим Сафави өз пікірін қатаң жеткізді: «Екі деспот, екі тиранның соғысы, тек аймаққа ғана емес, әлем үшін де тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген қатер болып есептеледі»3.

Жалпы, Иракқа қарсы соғыс бірден басталған жоқ. Алдымен халықаралық аренада әбден сыннан өткен «дипломатиялық соғыс» жүргізілді. Ол әрекет 2001 жылдың соңында-ақ басталған болатын. Ал, 2002 жыл ақпан айындағы Ливанның «Al-Mustaqbal» баспасөзінің мәлімдеуінше, Орталық Барлау Басқармасының директоры Дж. Тенет Египет президенті Хосни Мубаракпен кездесуінде «АҚШ-тың Иракқа соғыс ашуы шешіліп қойылғандығын және ол өзгермейтін соңғы шешім» екендігін айтқанын жариялады4. АҚШ Президенті Дж. Буш Ирак халқына қастығының жоқтығын, бірақ С. Хусейн режимін құлатпай болмайтындығын айтса, Мемлекеттік хатшысы К. Пауэлл NBC радиосына берген сұхбатында: «Біздіңше, жаңа режимде жаңа басшы болғаны Ирак халқы үшін едәуір жақсы болар еді, бірақ біздің басты көздегеніміз – Иракты қарусыздандыру» дегенді айтты. Ақ үй осылай Ирак басшылығын айыптап жатқанда, 2002 жылдың қазан айында С.Хусейн референдум арқылы қайта сайланып жатты5.


1Р. Кертаев. АҚШ – Ирак: дипломатиялық соғыс. //Қазақстан ZAMAN. № 41 2002.

2Санкция енгізу – отқа май құю деген сөз. //Егемен Қазақстан. 8 қаңтар 2003.

3Е. Пастухов. Обратный эффект. //Континент. № 7 2003. С. 33

4К. Сыроежкин. Дипломатическая война. //Континент. № 19 2002. С. 14

5Буш пен Пауэлл нәтиже шығара алмады, Хусейн қайтадан Президент сайланды. //Жас Алаш. 22 қазан 2002.

АҚШ-тың мұндай әрекетіне Вашингтон шенеуніктерінің жасаған бірнеше қатаң мәлімдемелері де себеп болған еді. Мәселен, «Fox News» телекомпаниясына сұхбат берген Пентагон басшысы Дональд Рамсфелд: «Ирак секілді террористер мен олардың қызметіне қолдау көрсетіп отырған елдер біздің жауларымыз болып табылады» деген болатын1. Бірақ, Американың Иракқа қарсы операциясын тек араб елдері ғана емес, АҚШ-тың антитеррорлық коалициясындағы одақтастарының да басым көпшілігі қолдамады.Бұл операцияға қарсы елдер біріншіден, Ирактың жаппай қырып-жою қаруларын жасайтындығының бұлтартпас дәлелдерін, екіншіден, БҰҰ-ның аталмыш акцияны іске асыру жөніндегі мандатын талап етті.Әлем мемлекеттерінің басшыларын толғандырып отырған мәселе, қалайша бір мемлекет күш-қуаты арқылы өзіндей тәуелсіз басқа мемлекет тағдырын шеше алады. Және де, ол мемлекет БҰҰ-ның мүшесі болуы кім- кімді де ойландыратын мәселе2. Алайда, Ақ үй әкімшілігі ұжымдық пікірді естігісі де келмеді. Оны АҚШ-тың Қорғаныс министрі Д.Рамсфелдтің:«Дәлелдердің жоқтығы Иракта жаппай қырып-жою қаруының жоқтығының дәлелі бола алмайды» дегені анықтаса керек3 Ендеше, АҚШ-тың өз ісінің дұрыс-бұрыстығына ешкімді де сендіруі қажет емес, әрине өз азаматтарын қоспағанда. Американдық баспасөз тараған ақпараттарға сүйенсек, 2002 жылдың 22 қыркүйегінде Пентагон Президент Бушқа Ирак басшысы С.Хусейнді қызметінен тайдыру жөніндегі жобаны ұсынған. «The Washington Post» мәліметтері бойынша, «бұл соғыс халыққа қарсы емес, Ирак үкіметіне қарсы бағытталған». Аталған басылымға берген сұхбаттарында әскери сарапшылар, «1991 жылғы соғыспен салыстырғанда, алдағы операция 2-10 тәулікте толығымен аяқталады» деп мәлімдеген болатын4.

2002 жыл қыркүйекте Венада өткен БҰҰ-ның Ирак мәселесіне қатысты отырысында АҚШ өз ұстанымынан қайтпайтындығын ашық аңғартқан. Ал Ирак жағы болса БҰҰ-ның сарапшыларын ел территориясына кіргізуге келісім берді. Ресми Бағдат бұл әрекеті арқылы Ирак үкіметінің шын мәнінде жаппай қырып-жою қаруларын жасамайтындығына әлем жұршылығының көзін жеткізгісі келгендігін жасырмады. БҰҰ ҚК-не мүше тұрақты бес мемлекеттің екеуі – АҚШ пен Ұлыбритания біржақты позиция ұстанып отырса, Ресей, Франсия және Қытай елдері Иракқа АҚШ–тың соғыс ашуына қарсы болды. Алғаш АҚШ –қа қарсы болған Германия канцлері Г. Шредер 21 қаңтар 2003 жылы Госларе қаласындағы социал-демократтардың митингісінде: «Германия Қауіпсіздік Кеңесінде Иракқа қарсы соғысқа дауыс бермейді. Және Бағдаттқа қарсы ешқандай да әскери әрекетке араласпайтынын» мәлімдеген болатын. 22 қаңтарда Парижде Еуропадағы ғасырлық соғыстар бітіп интеграцияға жол ашылған – Франция мен Германия арасындағы Елисей Келісімінің (1963 жыл
1В. Сергеенко. Я так хочу. //Континент. № 18 2002. С. 4

2Р. Кертаев. АҚШ – Ирак: дипломатиялық соғыс. //Қазақстан ZAMAN. 11 қазан 2002.

3К. Сыроежкин. Дипломатическая война. //Континент. № 19 2002. С. 14

4Р. Кертаев. АҚШ – Ирак: дипломатиялық соғыс. //Қазақстан ZAMAN. 11 қазан 2002.

22 қаңтар) 40 жылдық мерекесінде Франция Президенті Жак Ширак та бұл соғысқа қарсы екендігін мәлімдеді1. Ресей Президенті В.Путин де өз позициясын нақтылап, Еуро Одақ мемлекеттерінің көзқарастарын жақтады. Ал Қытай Президенті болса АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысын қатты айыптады. Себебі, Ирактың басына түскен жағдай ертең кез келген елдің тағдырына айналуы мүмкін. Жалпы, АҚШ-тың бүгінгі әректі «күш барда ақыл керек емес» дегенге ұқсайды5. Сенаттағы Демократтардың лидері Том Дэшл АҚШ терроризмге қарсы күреске басқа елдермен бірге шығуы керек деген пікірді айтады. Бірақ, АҚШ үкіметіндегі Демократтардың Дж.Буш бастаған Республикандықтарға қарсы шығуы олардың түбегейлі позициясын білдірмейді. Өйткені, Ирак-Кувейт соғысына байланысты Республикандар сайлауда жеңіліп қалған болса, Югославия дағдарысына байланысты Демократтар ұтылып еді. Енді Ауғанстан және Ирак мәселелеріне байланысты Кіші-Буш әкімшілігінің белгілі дәрежеде абыройының түскендігі анық2.

Бұндай халықаралық деңгейдегі мәселені БҰҰ-ның келісімімен шешіп үйренген қауымдастық бұл жолы да осы жолды ұстанды. 2002 жылдың 8 қарашасында БҰҰ ҚК Ирактың қарусыздануын талап ететін және Ирак жерін тексеруге рұхсат беретін № 1441 мандатын шығарды. Резолюция бойынша егер Иракта шынында да ондай қарулар болса немесе жасап жатса, БҰҰ-на желтоқсанның 8-не дейін ол қаруларынан бас тартқандығы туралы мәлімдеуі тиіс еді. Бірақ ондай мәлімдеме болған жоқ. 2002 жыл 18 қарашада Ханс Бликс басқарған БҰҰ инспекторлары Ирак жеріне кіріп, тексеруді бастады. Олар Ирактағы 700-дей объект пен С.Хусейн резиденциясын тексерді3. Бірақ жаппай қырып-жою қарулары табылған жоқ. Ал ресми Ирак, инспекторларды тыңшылық әрекетпен айналысып жүр деп айыптады. Өйткені ондай қару табылмағанымен АҚШ тарабы Иракқа қарсы тағы бір сылтау табады деп күдіктенеді. Сонда да Ирактың «Аль-Самуд 2» зымырандары жойылып жатты. Инспекторлар мен Ирак басшылығы арасындағы «ви-экс» газы мен «сібір жарасына» қатысты дау сол күйінше қалды. Осындай кереғарлықтармен БҰҰ инспекторлары 23 желтоқсанда өз жұмыстарын аяқтады. Ақ үй әкімшілігі сол кездің өзінде-ақ Иракты «өтірік ойын көрсетіп жатыр» деп айыптап, ол тек С.Хусейн биліктен кеткенде ғана шын мәнінде орындалатындығын мәлімдеген болатын.Ирак қаруын жойып жатты, оны жойғызып жатқан БҰҰ. Ал АҚШ ашық түрде соғысқа дайындалып жатты. Ал оған тосқауыл болған нақты шараны байқаған жоқпыз.Сол кезде АҚШ пен коалиция әскерлерінің саны 300 мыңға жеткен еді. Мыңға жуық танк, 600-ден астам әскери ұшақтар мен 700 тікұшақ және 110 корабль соғысқа дайын тұрды4.

1М. Лаумулин. Между Альянсом и континентальной блокадой. //Континент. № 3 2003. С. 33

2В. Добровольский. Патриотами не рождаются. //Континент. № 19 2002. С. 27

3С. Муташев. Миссия невыполнима – 2. //Континент. № 23 2002. С. 33

4Ирак уничтожает оружие, США готовится к войне. //А и Ф Казахстан. Март 2003.

Соғысқа әлем халқы қарсы болды. БҰҰ-ның штаб-пәтері болған Нью- Иорк қаласында Ирактағы соғысқа наразылық білдіріп, көшеге шыққан американдықтар саны 100 мыңнан асқан. Ал Сан-Францискода 250 мың адам қарсылық акциясын өткізіпті. Буштың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райс «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында: «Қарсылық демонстрациялары АҚШ-тың С. Хусейн режимін құлатып, қарапайым ирактықтарға көмектесу жөніндегі шешіміне ықпал ете алмайды» деп мәлімдеді. Солай бола қойсын, бірақ әлемнің 60 елінің, 600-ден аса қалаларында соғысқа, АҚШ-тың бұл саясатына қарсы наразылық білдірген миллиондаған халықтың бейбітшілік үшін көрсеткен наразылықтарының да еленбегенін көрдік. «Financial Times» газетінің таратқан мәліметі бойынша бір күнде Италияда Ирактағы соғысқа қапсы 2 миллионнан астам адам, Ипания, Германия, Франция және Англияда 2 миллион адам ереуілге шыққан. Католиктердің қағбасы болған Римде 3 миллион адам, Берлинде – 500 мың адам, Парижде 200 мың, Афиныда 200 мың, Мельбурнда 150 мың, Осло мен Бейрутта 60 мың, Штутгардт, Амстердам, Хельсинки, Брюссель, Копенгаген, Вена және т.б. қалаларда 50 мыңнан 15 мыңға дейінгі халық көшеге шығып наразылықтарын білдірген1. 2002 жыл қазанда «Daily Mirror» басылымы мен ICM телеарнасын жүргізген сауалнамасы бойынша ағылшындардфың 71 %-ы АҚШ Иракқа қарсы жоспарлап отырған әскери операцияға өз елдерінің қатысуын БҰҰ ұйымы келісім бермеген жағдайда қолдамайтындықтарын айтқан. Сонымен қатар, сұралғандардың 41%-ы аталмыш операцияны БҰҰ ұйымы құптаған күннің өзінде оның ақталуы екіталай екендігін мәлімдеген. Респонденттердің 17%-ы ғана АҚШ-тың терроризмге қарсы күресі сәтті жүріп жатыр деген ой айтқан. Ал, 89%-ы 11 қыркүйектегі терактінің қайталануы әбден мүмкін деген пікірді білдірген2.

Жақында ғана (2002 ж қыркүйек) елді шулатып, «Батыстың қаза болуы» деген кітап жазған ультра оңшыл Патрик Бьюкенен де Буш саясатын жақтырмай отыр. «Жеңістеріне мастанған Ақ үй қызыл сөзбен алдап, халықты соңынан ерткісі келсе де, соғысты қолдап кету ауруынан сақ болайық» деп Еуропа елдерінің позициясын білдірген болса, американ жазушысы Норман Мейер отандастарының шовинизмінен шошынып отыр. «Американың өзіне-өзі сүйсінуі ұят болып барады. АҚШ саясатындағы оңшылдар 11 қыркүйектен көп ұпай тапқанынан соншалықты, егер мен заговорға сенетін болсам, сол күнгі жарылыстар осылардың қолынан болған жоқ па деп ойлар едім» деп жазады автор3. Жалпы алғанда терроризм дегеніміздің өзі – саясаттың көлеңкелі, құпия түрде жүзеге асуы болып отыр. Саясат қашан таза және ашық түрде жүргізіліп, қоғамға есеп бермейінше, терроризм саяси ойындардың бірі болып қала бермек4.
1Меир Кохане. Соғысқа күллі адамзат қарсы. Әлемдік үкімет ше?.. //Жас Алаш. Ақпан 2003.

2Три угрозы миру. //Континент. № 19 2002. С. 6

3Н. Қуантайұлы. АҚШ ораза айында крест жорығын бастайды. //Ақжол Қазақстан. № 9 2002. 4б.

4Е. Карин. Спецслужбы и терроризм: опасные игры. //Континент. № 18 2002. С. 36-37

Кез келген мемлекет өз қауіпсіздігіне алаңдауға құқылы ғана емес, міндетті де. Ол стратегиясының жүзеге асуы үшін өзінде бар әлеуеті мен барлық мүмкіндіктерін жасайды. Бірақ сол стратегиясы арқылы басқа мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге тиіс. 2002 жыл 20 қыркүйекте Дж. Буш әкімшілігінде «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» қабылданды. Стратегия былай басталады: «Бүгінде Құрама Штаттары теңдессіз әскери әлеует пен күшті экономикалық және саяси ықпалға еге». Бұл мәліметке ешкім де шүбә келтірмесе керек. Біріншіден, бұл мәлімдеме «әлеуеті күшті қарсыластарының АҚШ дәрежесіне қатарласуы мен асып кетуін болдырмайтындығын» білдіреді. Екіншіден, сыртқы елдерге шығу мүмкіндігі «АҚШ-тың мықты қарулы күштерінің шетелдерде болуы, әлемдегі бірнеше стратегиялық маңызды аймақтарда бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрақсыздықпен күрес және қауіпсіздік саласындағы алдымызда тұрған көптеген мәселелерді шешу үшін АҚШ Батыс Еуропа, Солтүстік-Шығыс Азия және басқа да ұзақ шетелдерде әскери базасын орнатуы керек» дегенді білдіреді. Үшіншіден, бұл мәлімдеме «зұлымдық ошақтарын» бұғауда ұстау үшін қажет. Тек қана аталған елдер емес, «жаппай қырып-жою қаруын жасауға ғылыми-техникалық потенциялы мен материалы бар елдер» де бұған қосылады. Тәуелсіз елдердің территорияларына кіру сөз болғанда, стратегияда «жаудың шабуыл жасаған уақыты мен тұрақты жайы белгісіз болғанның өзінде» АҚШ әскерлері «мемлекеттің мүдделері мен өз міндеттерін ескере отырып, өз бетінше әрекет ете алады делінген. Бұл АҚШ-тың ұлттық мүдделері жайлы сөз болғанда ешқандай да келісімге келмейтіндігін білдіреді1.

АҚШ бүгінде жаңа қару-жарақпен жабдықталу жөнінен алдына жан салмайды. Атап айтқанда, 12 миллиард долларға бағаланатын 7 кеме (3 эсминец, 4 ұшақтасығыш) жасауды жоспарлап отыр. Осылайша АҚШ 300 кемеден тұратын теңіз флотын нығайта түсуге күш салуда. Сонымен қатар, F/А – 22 реактивті жойғыш ұшақтарын жүзеге асыруға 267 миллиард доллар құюды қолға алған. Ал ең бастысы, 1972 жылғы келісім-шарттан шығып, әлемді дүр сілкіндірген зымырандарға қарсы жүйені құруға 9,1 миллиард доллар қажет ететін жоспарды біртіндеп жүзеге асыруда. Бұл өз кезегінде «Вашингтонға Солтүстік Корея мен Таяу Шығыстан төнген қауіптен қорғану үшін керек» делінген американдық ресми деректерде2.

Батыс елдерінің геосаяси және геоэкономикалық мүдделеріне байланысты әртүрлі кезеңдерде Иракқа қарсы күш қолдануға дейін барғандары тарихтан белгілі. Ирак мемлекеті орналасқан Тигр – Ефрат өзендерінің аралығы ұзақ тарихқа ие. Ол әлемдік өркениет бесігі. Осынау адамзат өркениетінің кіндігі болған елге XIX ғасырдан бастап ағылшын отаршылдары келе бастаған. Ирак үшін екі бірдей дүниежүзілік соғыс негізгі тарихи бетбұрыс болды.



1К. Сыроежкин. Наш пароль – сила и лицемерие. //Континент. №23 2002. С. 19

2А. Исақов. Жаппай қарулану қайда апарады? //Егемен Қазақстан. Қыркүйек 2002.

1914 жылы 17 қарашада Басра қаласын басып алған ағылшындар, 1918 жылы Ирак территориясын толық иемденеді. 1920 жылғы мамырда Ұлыбритания Ұлттар Лигасының рұқсатымен Ирак жеріне билігін толық жүргізетін болды1.

1941 жылғы сәуірде Британияға қарсы көтерілісте Ирактағы билік басына келген Рашид аль-Гайланидің Германияға арқа сүйегені белгілі. Англия мұндай мұнайлы елді Германияға бергісі келмегендіктен, 1941 жылы мамырда Иракқа Парсы шығанағы мен Иордания тарапынан келіп кірген еді. Содан 1958 жылы Республика болып жарияланғанынша Ұлыбританияның мандаты астында болып келді. Ал Саддам Хусейн билігі кезінде Ирак бүгінгіні қоспағанның өзінде екі үлкен соғысты бастан кешірді. Біріншісі – Иранға қарсы соғыс, ол 1980-1988 жылдары болып, ешбір тарапқа пайдасыз аяқталған еді. Сарапшылардың пікірінше бұл соғыс мұнайға бай Хузистан провинциясы үшін таластан басталған. 1982-1990 жылдар аралығында Иракқа басты қару-жарақ жеткізіп беруші ел – КСРО болды және Иракқа Франция мен Қытай қарулары да жеткізіліп тұрды. Әбден күшейіп алған Ирак Президенті Батысқа қарсы идеологиялық доктрина орнатты. Кувейт елі мен Румейла кен орны үшін таласып, ол елді мұнай бағасын өсіріп жіберуде айыптады. Және Иран-Ирак соғысы кезінде Кувейттен алған 17 миллиард долларды кешуді талап етті. Бұл талаптарды орындамаған Кувейтке Ирак тарапынан қауіп төніп тұр еді. Ағылшындар елден кеткенімен соңдарында баяу іске қосылатын «мина» тастап кеткен еді. 1899 жыдың өзінде Британия шейх Мубаракпен келіскен түрде Кувейтті өз протектораты етеді. Кейіннен, Ирактың бір вилояты (провинция) болған Кувейт 1961 жылы Лондонның тікелей араласуымен тәуелсіз елге айналды. 1990 жылы сол «мина» жарылды. Саддам Хусейннің «ел территориясын қалпына келтіру» саясаты Кувейтті басып алуына себеп болды. АҚШ өз елшісі арқылы Ирактың Кувейтке әскери әрекетіне араласпайтындығын, керек болса құптайтындығын білдіреді. Ал Ирак мемлекеті Кувейтке басып кіргенде антиирактық коалиция құрылып, Иракқа соққы беріледі. Коалиция 34 елден құрылды. Әскер саны 700 мың, 4 мың танк, 3700 артиллерия қарулары мен 2 мың ұшақ, 145 әскери және 50 көмекші кемелер соғысқа қатысты. Әскери әрекеттер 1991 жылғы 17 қаңтарда басталып, 28 ақпанда Ирактың толық жеңілісімен аяқталды. Коалиция одақтастары Ирактан 50 мың әскери тұтқын, 3008 танк, 1856 БТР, БМП, 2140 қару алынып, 123 ұшағы жойылды. Ал коалиция мыңға тарта әскерінен айырылып, 52 ұшақ (оның 40-ы АҚШ-тікі) пен 23 тікұшағы жойылды2. Негізгі міндет орындалды. Кувейт азат етілді, Ирак әскері талқандалды. Бірақ Саддам Хусейн режимі билікте қалды. Американдықтар Бағдатқа кірмеді. С. Хусейнге қарсы көтерілген шиіттер мен курттардың көтерілістеріне де жәрдем бермеді. С. Хусейннің өзін оңдап алуы мен көтерілісті басып тастауына мүмкіндік берілді.
1А. Турсунов. Полицейские войны: кризис жанра. //Континент. № 7 2003. С. 30-31

2Е. Канонович. Ирак: до и после войны. //Каз. Правда. 25 марта 2003.

2003 жылдағы АҚШ-тың Иракқа қарсы екінші әскери операциясындағы Қарулы күштерінің саны алдыңғыдан әлдеқайда көп. Коалиция тарапында 300 мыңға жуық әскер, мың танк, 600 ұшақ пен 700 тік ұшақ және 110 корабль болды. Коалициялық одаққа әскери планда Ирак ғана, саяси планда коалицияға енбейтін қалған мемлекеттердің барлығы да қарсы болды.

Қазіргі таңда, Иракқа қауіп төндіріп тұрған екі фактор бар: біріншісі, Парсы шығанағындағы АҚШ-тың үстемдіктің сақтауы ғана емес, Ирак мұнайы үшін де жүргізіп отырған саясаты болып отыр. Екіншісі, осы күнге дейін қалыптасып бітпеген Ирак халқының арасындағы өзара қайшылықтар1.

Ирактағы күрділер бірталай уақыттан бері өз алдына мемлекет болуға әрекеттеніп келеді. Бұл мақсаттарын олар АҚШ пен Ирак соғысын пайдалана отырып іске асырмақ болды. Жалпы, күрділер әлемнің бірнеше елдерінде шоғырланып өмір сүреді. Көпшілігі Оңтүстік-Батыс Азияда мекендейді: Туркияда 6,5 миллион, Иранда 5,5 миллион, Иракта 4 миллион, Сирияда 720 мың күрді бар. Планетадағы жалпы саны 40 миллионға жуық. Оларда ежелден өз алдына мемлекеттері болған емес. XIX ғасырда еуропалықтардың Шығысқа келуімен «ұлттық мемлекеттерге бөлу» идеясы да бірге келіп еді. Содан бері күрді мәселесі Шығыстағы ең бір ушыққан мәселелердің бірі2.

АҚШ үкіметі Иракқа қатысты мәселенің барлығын Саддам Хусейннің режиміне әкеп тірейді де, елдегі тұрақтылық пен даму сол режимнің жойылуына байланысты деп есептейді. Құрама Штаттарының Президенті Дж. Буш 2003 жыл 17 наурызда американдық телеарнаға шығып сөз сөйледі. Тікелей эфир арқылы дүниежүзіне таратылған Президент сөзінде Саддам Хусейн мен оның командасына 48 сағат ішінде Иракты тастап шығып кетуі керек деген ультиматум қойылғандығы жарияланды. Ондай болмаған жағдайда әскери акция басталатындығы жайында ескерткен Дж. Буш, Ирак әскерилерінің С. Хусейн бұйрықтарын орындамауын талап етті. Керісінше жағдайда олардың әскери қылмыскер ретінде айыпталатындығы айтылды3. Бірақ АҚШ Президентінің бұл уьтиматумы орындалмады. 20 наурызда таңғы сағат 7:00 ультиматум мерзімі аяқталып АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысы жарияланды. Соғыс басталған күні-ақ АҚШ Бағдаттың бес нысанасына бомба тастады. Иракта өз кезегінде АҚШ-тың Кувейт маңындағы әскери нысандарына төрт зымыран жіберді. Оның екеуі нысанаға түсіп, екеуі әуеде жарып жіберілді4. АҚШ пен Ирак арасындағы бұл соғысқа бірқатар елдердің Президенттері өз көзқарастарын білдіріп, мәлімдеме жасады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттерден айтар болсақ, мәселен:


1М. Хасанов. Рождение Ирака. //Континент. № 19 2002. С. 23

2С. Акимбаев. Курдский вопрос на засыпку. //Континент. № 19 2002. С. 24

3Д. Ельцов. Буш и Хусейн – враги на век. //А и Ф. № 12 2003. С. 6

4Хроника военных событий. //Караван. № 12 2003. С. 7

Ресей Президенті В. Путин «Соғысты тоқтату керек. Бұл өте үлкен саяси қателік» дегенді айтса, Франция Президенті Жак Ширак «Соғыстың басталып кетуі өте өкінішті жағдай, енді гуманитарлық дағдарыс басталатын болды» деді. Ал Қытай үкіметі бұл соғысқа үзілді-кесілді қарсы шығып, АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптағанымен, барлығы да әрі қарай нақты қандай әрекет жасайтындықтарын ашып айтпады1. АҚШ-пен стратегиялық қарым-қатынас жасауды басты назарда ұстап отырған Қазақстанда соғысқа қарсы үлкен наразылық шеруі өте қойған жоқ.

Соғыс АҚШ пен Ұлыбритания әскерлерінің басымдығымен өтіп жатты. 30 наурыз күні Ирактағы АҚШ әскери операцияларының қолбасшысы генерал Томас Фрэнкстың мәлімдеуінше жердегі соғысқа шектеулер қойылып, басымдық әуе соққыларына берілді. Осы мерзімде Пентагон Ирактағы әскери іс-қимылдарының алғашқы қорытындысын шығарды. Ол бойынша АҚШ пен коалиция ұшақтары соғыс басталғаннан бері Иракқа шамамен дәл бағыттағы 6 мың бомба тасталған. Сонымен қоса Ирактағы нысандарға 675 «Томагавк» бомбалары жұмсалыпты. Одақтастар ұшағы арнайы тапсырмамен 6 мыңнан астам рет әуеге көтерілген. Осы уақыт аралығында американдықтар шығыны 38 адамды құраған, 107 адам жарақаттаныпты. 17 американдық солдат жоғалып кеткендер санатына қосылса, оның жетеуі тұтқынға түскен. Бұл мәліметтері Пентагон өкілі Стэнли Маккристал таратты2.

Осы тұста, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Сирияның Ирактың «диктаторлық режиміне» қолдау көрсетуін тоқтатуын талап етті. «Сирия қазір маңызды талдау жасауы тиіс. Не болмаса ол лаңкестер мен Хусейннің өлім аузындағы режимін қолдауын жалғастырсын, не болмаса қарсы жаққа шықсын» деді өз сөзінде Пауэлл. Сирияның Ұлыбританиядағы елшісі Муафан Насар: «АҚШ бір араб елінен соң екіншісіне ұрынады. Бірақ нағыз жаппай қырып-жоятын қаруы бар ел – Израилді көзге ілмейді» деп АҚШ саясатын айыптады. Ал Сирияның Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде ел халқының туысқан Ирак жағында екендігі атап көрсетілді3.

АҚШ алдыңғы бөлімшелері 1 сәуір күні Бағдат қорғанысының «қызыл желісін» қиып өтті. АҚШ Қорғаныс министрлігінің «Fox News» телекомпаниясына берген мәліметтеріне сүйенсек Ирак жағы осы қорғаныс желісі үзілген шақта химиялық қаруын қолданады деп қауіптенгендіктерін айтып еді. Бірақ ондай жағдай болған жоқ4. Осындай басымдықтармен АҚШ әскерлері 6 сәуірде Бағдат аймағына кірді. 9 сәуірде Бағдат орталығына басып кіргенде де Ирак тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Сөйтіп, 23 күнге созылған соғыс, 11 сәуірде АҚШ пен коалиция елдерінің толық жеңісімен аяқталды. Кейбір алдын ала жасалған болжамдардай Ирак мұнайы жанған жоқ.
1М. Жақып. Бұл соғысты кім жақтайды? //Егемен Қазақстан. 28 наурыз 2003.

2Соғыс жалғасып жатыр. //Егемен Қазақстан. 1 сәуір 2003.

3М. Жанұзақұлы. Сирияға тықыр таянды. //Жас Алаш. № 46 2003.

4Бағдат қорғанысының «қызыл желісі» қиылды. //Егемен Қазақстан. 4 сәуір 2003.

«Егер мұнай өртенгенде,- дейді Ресейлік физик-ядершик И.Филимоненко,- атмосфераға 2,5 миллионнан астам кюри радиоактивті элемент (мысалы, радий-226) шашылатын еді. Ол жер шарына толық жететін доза. Осылайша, дүниежүзілік Чернобыль пайда болмақ»1.

АҚШ Орталық командованиесінің 14 сәуірдегі мәліметтеріне сүйенсек соғыс барысында коалиция тарапынан 546 адам өлген, 1118 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, 117 адам хабарсыз кеткен. Соғыс ашудағы АҚШ пен одақтастарының басты мақсаты орындалды деп есептеуге болады.С.Хусейн режимі құлатылды. Тағы бір мақсат Ирак мұнайын иемдену еді. Ол да орындалды. Ең маңыздысы соғыс кезінде Ирактағы мұнай скважиналары толық дерлік сақталған. Енді, оны аз уақыт ішінде қайта іске қосып, мұнай шығара беруге әбден болады. Ирактағы соғыс АҚШ-тың күткенінен өзгерек болды десек қателеспейміз. Біріншіден, АҚШ-тың стратегиялық одақтасы болған Туркия өз жеріне АҚШ-тың әскери базаларын орналастырудан тайсақтап, АҚШ-тың солтүстік майданының болмай қалу қаупін туғызды. Екіншіден, Ирактың оңтүстігіндегі шиіттер 1991 жылғы соғыстағыдай С.Хусейнге қарсы шықпады, керісінше соңғы қандары қалғанша отандарын қорғайтындықтарын көрсетті. Үшіншіден, АҚШ-тың CNN, Ұлыбританияның BBC телерадиоларының ғана хабарларын таратуды көздеген, басқа арналарға белгілі дәрежеде шектеу қойған коалиция мүшелері ақпараттық соғыста да анау айтқан жетістіктерге жете алмады. Өйткені, газетті ашқан, теледидарды немесе компьютерді қосқан адам дүниеде не болып жатқанын білуге ғана емес, неге бұлай болып жатқанын білуге де хақылы. Бұл жерде «Ал-Жазира» телекомпаниясының маңызы үлкен болды. Және де АҚШ күткеніндей Ирак әскерлері жаппай тұтқынға түскен жоқ, керісінше, жанкештілікпен соғыса білді2.

Ең үлкен өзгеріс соғыстың аяқталар тұсында болды. Елдің соңғы Тикрит пен Бағдат қорғаныстары ешқандай қарсылықсыз берілді. 2 сәуір күні коалицияның 3-дивизиясының 7 мыңдық әскері Эль-Мусайиба жанындағы көпір арқылы Ефрат өзенінен қарсылықсыз өтті. Басра қаласындағы өте күшті қарсылықтарды еске түсірсек, бұл түсініксіз жағдай. 5 сәуірде американдық әскерлер Бағдат төңірегіне рейд жүргізіп, 6 сәуірде бірнеше АҚШ танкілері Бағдат орталығына дейін еш қиындықсыз жетіп, шығындарсыз қайта оралды. Бұндай көрініс екі жағдайда ғана болады. Біріншіден, Ирак жағы американдық әскерлерге жолды ашып қойған кезде, екіншіден, ондай күш шындығында да Иракта жоқ болған жағдайда. Бірақ мына жағдай факт. Соғыс басталғанға дейін АҚШ-тың ОББ-ның мәліметтері бойынша Иракта 2200 танк, 3400 жеңіл танк пен БТР, 220 әскери ұшақ, 110 ЗУР атқыш қондырғылар, 62 «волга» ЗРК, 44 «печора» ЗРК және 700 зенитті артиллериясы мен 300 мыңдық әскері болған3.


1Всемирный Чернобыль. //А и Ф. № 8 2003.

2К. Сыроежкин. Странная война. //Континент. 23 апрель – 6 май 2003. С. 25

3Там же, С. 25

Бірақ соғыс «театрында» ондай күштер байқалған жоқ. АҚШ Талибтермен соғыс жүргізген кезде де солай болып еді. Американдық әскерлер 6-9 сәуір аралығында Бағдатты еш қарсылықсыз алды. Осыған байланысты баспасөз беттерінде түрлі болжамдар жасалуда. Ол мәліметтердің жалпы түйіні - Ирак генералдары АҚШ басшылығымен келісімге келіп, С.Хусейнді сатып кетті не болмаса С.Хусейннің өзі елін тастап қашып кетті дегенге саяды. Және де С.Хусейн өлді деп жарияланғанымен оған сенушілер аз. Оған бір себеп – Австралияның «Сидней Морнинг Геральд» газеті Бағдат жұртшылығының Саддам Хусейн даусы жазылған кассета алғанын жариялауы болып отыр. Онда С.Хусейн ирактықтарды басқыншыларға қарсы күш біріктіруге шақырғандығы хабарланады.Осы тұста АҚШ-тың С.Хусейннен басқа Ирак басшылығында болған 55 адамға іздеу жариялағандығын айта кетейік1.

Ирак бағынды, енді АҚШ-тың басты қиыншылығы көпұлтты Ирак халқының басын біріктіріп ұстау болса керек. 15 сәуірде АҚШ және Ұлыбритания басшылығы Эн-Насиридегі АҚШ-тың әскери базасында Ирактың бүгінгі жағдайы мен басқарылу тәртібіне қатысты келіссөздер өткізді. Онда Ирактық өкілдер С.Хусейн диктатурасын жақтамайтындықтарын, сонымен бірге басқа бір елге бағынышты болғысы келмейтіндіктерін жасырмады. Ирактың Ислам төңкерісі Жоғары кеңесінің лидері Абдул Азиз Хаким: «Иракта өзінің ғана өтпелі үкіметі болуы керек. Басқаларының бәрі Ирак халқының құқығын бұзады және колониализм дәуіріне алып келеді. Біз Американың да, басқа мемлекттің де көмегі мен қамқорлығын қажет етпейміз» деп мәлімдеді. Қазіргі Ирактағы Американдық Джей Гарднер әкімшілігі елдегі бұрынғы билік басындағылармен келісе алмай отыр. Бұрынғы оппозициялық топтардың ең күштілерінің бірі Ирак Ұлттық Конгресінің лидері Ахмед Чалабидің Эн-Насиридегі келіссөзге келмеуі де осыны аңғартады2. Дегенмен, 7 мамырда АҚШ Президенті өзінің Ирактағы арнайы өкілі және азаматтық басшысы ретінде Пол Бремерді тағайындады. Бремер бұған дейін мемлекеттік хатшылар Уильям Роджер мен Генри Киссинджерлердің көмекшісі болған. АҚШ Мемлекеттік департаментінің антитеррорлық бөлімін басқарған. Сондай-ақ АҚШ-тың Нидерландиядағы елшісі болып қызметтер атқарған. АҚШ-тың Ирактағы қайта құру және гуманитарлық ықпал ету жөніндегі басқармасы Ирактың жаңа мұнай өнеркәсібі министрін тағайындады. Бұл орынға осы ведомствода жоспарлау бөлімінің директоры болған Тамир Аббас Габдан келді. Оның орынбасарлығына аталған министрлікте бөлім басқарған, бірақ соңғы жылдары елден тыс жерлерде қуғында болған Фадиль Осман бекітілді. Ал министрлік сарапшыларының жетекшілігіне американдық азамат, Royal Dutch/Shell компаниясында АҚШ бөлімшесінің бұрынғы болған Филипп Кэролл бекітілді3.

1Дүбірге толы дүние. //Егемен Қазақстан. 8 мамыр 2003.

2В. Сергиенко. Ломать – не стоить. //Континент. 23 апрель – 6 май 2003.

3Дүбірге толы дүние. //Егемен Қазақстан. 8 мамыр 2003.

Сондай-ақ Буш әкімшілігі Ирактағы бітімгершілік және гуманитарлық қызмет жөніндегі жоспарын жасап бекітті. Бұрын хабарланғандай бұл аймақ үш аймақтық-әскери контингентке бөлінді: американдық, британдық және поляктық аймақтар. Қазірде американдық аймақта 135 мыңдық әскер тұр1.

Ирак қарсылығының соңғы бекінісі Тикриттің құлауымен соғыс аяқталды. Бұл жақсы, өйткені бейбіт тұрғындардың қырылуы мен шаруашылық кешендерінің қирауы тоқтайды. Бірақ бұл – соғыстың толық аяқталғанын білдірмейді. Кез келген соғыс аяқталған соң, шешілуі тиіс мәселенің жауабынан гөрі сұрағының көбейеиіні бар. Солардың бірі – АҚШ-тың демократия орнату мен жаппай қырып-жою қаруын жоюды дәл осы Ирактан бастағандығында болып отыр.

Қазіргі таңда әлем назары АҚШ-қа ауып отырған жайы бар. Соңғы кездері осынау алып державада болып жатқан өзгерістер сарапшыларды бей-жай қалдырмайды. Мәселен, АҚШ-тың 2001 жылдың 1 қаңтарынан бері орын алған 25 компания мен корпорацияның дағдарысқа ұшырауы 210 миллиард долларлық шығынға алып келді. Сонымен бірге экономикадағы инвестиция көлемі құлдырай түскені байқалады. Мысалы, 2001 жылы сырттан келген инвестиция 108 миллиард доллар болса, бұл көрсеткіш 2002 жылдың алғашқы жартысынан 19,6 миллиард доллар көрсеткішке ие. UNCTAD келтірген деректер бойынша 2000 жылғы 1 триллион 492 миллиард долларлық инвестиция салымынан 2001 жылы 735 миллиард долларға дейін қысқарғандығы белгілі болып отыр. Соңғы кездерде Венесуэладағы саяси дағдарыс тығырыққа тіреліп отырған әлем экономикасына залалын тигізіп отыр. Соның салдарынан болар қазіргі таңда әлемдік нарықтағы 1 баррель мұнай бағасы 26 доллардан түспей отыр. АҚШ экономикасының құлдырауына ешкім де мүдделілік танытпаса керек. Өйткені, әлемдік ішкі жалпы өнімде АҚШ-тың алатын орны 30%-ды құрайды. Бұл кез келген елдің экономикасына оңайға соқпайды2.

Дамыған елдерге әлемге үстемдік жүргізу үшін қорғаныс пен шабуыл жүйелерін барынша нығайтуы керек-ақ. Ал мұның миллиардтаған қаржыны керек ететіні белгілі. Мұндай қаржыны тек қана көмірсутегі шикізатына деген бағаның төмендеуінен үнемдеуге болады. Олай болса әлемде мұнай қоры жөнінен екінші орынға шығып отырған Ирактағы Хусейн үкіметін құлатып, неге айтқанынан шықпайтын үкімет орнатпасқа. Дүниежүзіндегі мұнай қоры жөнінен бірінші орында тұратын Сауд Аравиясына тиісу қауіпті екендігі белгіл. Бұл елге қысым жасау – бүкіл «Ислам әлеміне» қысым жасаумен бірдей. Сондықтан кезінде Кувейтті жаулап алу арқылы мұнай рыногында өз билігін жүргізуге ұмтылған Ирактың әрекеті АҚШ-тың ұлттық мүддесіне қайшы келген болса, бүгінде Ирак тағдыры қыл үстінде.


1Дүбірге толы дүние. //Егемен Қазақстан. 8 мамыр 2003.

2А. Исақов. Әлемдік үстемдікке ұмтылу. //Егемен Қазақстан. 8 қаңтар 2003.

Негізінен ядролық және бактериологиялыұқ қарудың болу мүмкіндігі Ирактан гөрі Солтүстік Кореяда басым еді. Бірақ АҚШ Солтүстік Кореяға емес өз әскерін Ирак маңына шоғырландырып қойды. Өйткені Солтүстік Кореяда тез арада ақша табатын байлық жоқ еді. Ал АҚШ-қа әлем қауымдстығына жасаған жақсылығының, яғни терроризмге қарсы сғыстың орнын жабу керек. Сондықтан да Ирактың мұнайын қайткен күнде де алуға тура келді1.

Ирактағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге толық мүмкіндігі бола тұра, АҚШ-тың Ирак диктаторын құлату мен бактериологиялық қауіпті қаруды жою сияқты сылтаулары өзінің негізсіз екендігін көрсетті. Алыс тарихқа бармай-ақ, бергісін айтсақ та болар. Екі ірі фашист бірін бірі жеңді, Гитледі Сталин жеңді. Ал Сталин режимін уақыт жеңді емес пе?! Оның жанында шағын Ирактағы диктаторды ауыздықтауға әлемдік дипломатияның күші еркін жететін еді. Бірақ мәселе шағын Ирактың кішкене диктаторын ауыздықтауда емес, қазіргі күнде кім стратегиялық маңызды жерді басып алса, түрлі елдерді барынша өз ықпалында ұстаса, жер бетіндегі энегия көздеріне және бай ресурстарға көп ие болса, болашақта сол мемлекеттің үстем болатындығында болып отыр2. Күші жетіп тұрғанда, ішкі-сыртқы ешқандай қоғамдық пікірмен де, ұымдырмен де санаспай, дербес елді басып алып, одан да үлкен алпауытқа айнала түсу бүгінгі әлемдік саясаттың басты белгісіне айналып бара жатқандай. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Конгреске арнаған сөзінде Иракты басып алғаннан соң мұнда құрылымдық өзгерістерлі қолға алу керектігін айтқан болатын. «Бұл өзгеріс – мұнайға сүйенетін жаңа империя құру деген сөз. Империя өз бетімен кездейсоқ құрыла салмайды. Sykes–Picot келісімі бойынша араб елдерін Британия мен Франция империялары өз мүдделеріне сай бөлшектеген болатын. Ал бүгінде, араб дүниесі Буш пен Шаронның ойластырған империясының пышағына түсті» дейді Аль-Жазира телеарнасы3.

Деректер бойынша Ирактың мұнай қоры 115 (кейбір деректерде 200 миллиард) миллиард баррель. Бұл – АҚШ, Канада, Мексика, Батыс Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия және Таяу Шығысты қоспағандағы қалған бүкіл Азия елдерінің көмірсутегі қорына (116 миллиард баррель) тең. Ирак АҚШ үшін бүгін ғана маңызды болып отырған жоқ. АҚШ-тағы мұнай қоры 22 миллион баррель екендігі белгілі болғаннан бері, осы ел АҚШ-тың энергетикалық стратегиясының күн тәртібінен түскен емес. 1991 жылғы бірінші антиирактық соғысқа дейін АҚШ мұнай сұранысының 45%-ын импорт құраған болса, қазір ол 60%-ға жеткен. Ал 2007 жылға барып мұнай импорттау 100%-ға жетпек. Ол үшін мол мұнай қоры бар аймақты өз ықпалында ұстау маңызды мемлекеттік мүдде. Таяу Шығыс пен Иранда әлемдік мұнай қорының 65%-ы бар.




1Ш. Мұқан. АҚШ-қа Ирак неүшін керек? //Жас Алаш. 8 сәуір 2003.

2К. Әбішев. Араб, шешен, ұйғыр – террорист, ислам – экстремист. //Жас Алаш. Сәуір 2003.

3http: // english. Aljazeera.net.

АҚШ әлемдегі мұнай өндіруші елдерді екіге бөледі. Біріншісі, жұтып алушы елдер, екіншісі, жұтылушы елдер. АҚШ жұтып алушы елдерден қорқады. Өйткені олар күшті және экономикалық тәуелсіз ел бола алады. Сол елдер бақталас болмас үшін түрлі жолдармен ауздықтау керек болады. Ондай елдер қатарына Сауд Аравиясын, Алжирді, Ирак және Иранды жатқызады. Сондықтан да Ирактағы соғыс операциясының өзі Ақ үйге сес көрсете бастаған араб елдерін жуасыту арқылы мұнай бағасын айтарлықтай дәрежеде төмендетумен де байланысты түсіндіріледі. 1970 жылы бір баррель мұнай 40 доллар еді. Егер осылай сатыла бергенінде бүгінгі араб елдерінің табысы 1,5 триллион долларға жеткен болар еді. Қазірде мұнай бағасы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін болған. Басқаша айтқанда, белгілі бір мұнай экспоттаушы ел мұнай бағасын АҚШ-тың қалауына қарамастан өсіргісі немесе төмендеткісі келсе Вашингтон мұны өзінің ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет деп түсінеді1. Германия мен Францияның соғысқа қарсы шығуы да, идеологиялық жағынан текетірестіктен гөрі пайда көзі үшін және стратегиялық маңызды аймақ үшін таласқа көбірек ұқсайды. Мәселен Францияның «Эльф – Тоталь» компаниясының Ирак мұнайының 25%-ын игеру жөнінде келісімі болған. Ал Ресей болса, АҚШ «зұлымдық ошағы» ретінде Иракты атағаннан бастап, ол елмен экономикалық байланыстарын күшейтіп жіберді. Ирактың Ресейге қарызы бүгінде 7 миллиард доллардан асқан2. Кейбір сарашылардың мәлімдегеніндей Ирак мәселесін бүкіл әлем бірлесе отырып кеңескенде соғыссыз-ақ шешілер еді. Өйткені, Франция, Ресей және Германияның Иракқа ашық болмаса да қолдау білдіруі Саддам Хусейннің де алған бетінен қайтпауына себеп болды.

Бағдаттағы Хусейн ескерткіші құлатылған 9 сәуір күні тікелей эфирден репортаж беріп тұрған Аль-Жазира телеарнасының тілшісі «басқыншыларды қуана қарсы алып жатқан намыссыз, жігерсіз елде не істемекпін»? деп, бүкіл әлемге арабтардың ащы шындығын жайып салды3. Бұдан өзімізге қандай сабақ алмақпыз. Ортақ аймақтық мүдделері бар елдердің ортақ саяси, әскери, мәдени стратегиялары мен тактикалары болмаса жеке-жеке ұлттық-мемлекеттік мүдделеріне жете алмайды4. Керісінше дамыған постиндустриалды мемлекеттер бұл жағдайларды өз мүдделеріне еркін пайдаланып кететіні тарихтан белгілі. Ирак соғысындағы АҚШ мүддесі дегеніміз, ең алдымен, американдық трансұлттық компаниялардың мүддесі екендігі бүгінде жасырын емес.

1http: //english.aljazeera.net.

2М. Жақып. АҚШ пен Ресей Ирактағы соғыстан кейін тіл табыса ма? //Егемен Қазақстан. 5 мамыр 2003.

3М. Жанұзақұлы. Соғыстан кейінгі араб әлемі. //Жас Алаш. 8 мамыр 2003.

4Н. Назарбаев. Тарих толқынында. – А., 1999. 258 б.

Енді, АҚШ-тың Ирак мұнайынан қанша пайда табатынын есептеп көрейік. Ирактағы соғыс АҚШ-қа 100-120 миллиард долларға түсті. Бұл АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің 1 %-ын ғана құрайды екен. Ол әрине АҚШ экономикасы үшін түк емес. Негізінен АҚШ-тың экономикалық өсімі сырттан келетін шикізатпен тығыз байланысты. Оның ішінде мұнайдың алатын орны ерекше. АҚШ күніне 11 миллион баррель мұнай экспорттайды. Егер мұнай бағасын 30 доллар шамасында алсақ, күніне 130 миллион доллар, ал 15 доллардан алсақ 165 миллион долларды құрайды екен. Оны жалдық өлшеммен есептесек жылына 3 миллиард 960 миллион баррель мұнай, оны 30 доллардан сатса 120 миллиардқа жуық, 15 доллардан сатса 60 миллиард доллар болмақ. Сонда АҚШ Ирактағы соғыс шығынын небәрі екі жылдың көлемінде тек өз жеріндегі мұнайдан-ақ толтырады екен. Бұл бір. Ал екіншісі, АҚШ Ирактан күніне 4 миллион баррель мұнай өндіруіне болады. Ол жылына 1 миллиард 440 миллион баррельді құрайды. Оны 15 доллардан сатса 21 миллиард 600 миллион болады, 30 доллардан сатса 43 миллиард 200 миллион доллар шамасында болмақ. Ирактың мұнай өндірісінің тең жартысын беретін Румейла кеніші қайта қалпына келтірілуде. Парсы шығанағындағы Британ күштерінің қолбасшысы Брайан Барридждің мәлімдеуінше Румейла кен орнының инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру үшін 1 миллиард доллар қажет екен. Осы қаражаттың жартысын тауып беруге ниеттенген Дж. Буш АҚШ Конгресінен 489,8 миллион доллар сұрады. Жоғарыдағы мұнай табыстарын есептеп жіберсек, АҚШ мұнайды 15 доллардан экспорттаса жылына 60 миллиард доллар пайда табады екен. Ирак мұнайын 15 доллардан сатса 21 миллиард 600 миллион доллар болады екен. Соның 10 миллиардын соғыста көмекке келген одақтастарына үлестіріп және Ирактың инфрақұрылымын қайта қапына келтіруге жұмсаса, қалған 10 миллиард 600 миллион доллар өз пайдасына қалады. Жоғарыдағы 60 миллиардқа соңғы пайданы қоссаңыз 70 миллион болмақ. Бұл мұнайдың 15 доллар болған кездегі нақты пайдасы1.

АҚШ-тың акциялары мен корпорацияларының капиталына келсек, АҚШ әлемдегі қаржы орталығы. Бұл дәрежені ұстап тұру үшін өз капиталын қандай жолмен болсын мұнайға апаруы керек. Ол болмаған жағдайда АҚШ экономикасында дефляциялық дағдарыс басталып, түрлі компаниялар мен жекелеген миллиардерлердің акциялары құнсызданып, девальвацияға ұшырайды. Сөйтіп АҚШ-тың триллиондары желге ұшады. Мұның арты әрине, әлемдік дағдарысқа алып келеді. Тағы бір айта кететін нәрсе, АҚШ әскери шығынды көбейте отырып, экономика өсімін ынталандырады. Дамыған мемлекеттің экономикасын ынталандыру үшін әскери немесе басқа да салаға қаржыны көп жұмсайды. Сонда өсім бұрынғы жеткен нүктесінен асып түседі.

1Ш. Мұқан. АҚШ-қа Ирак не үшін керек? //Жас Алаш. 8 сәуір 2003.

АҚШ бұл соғыстан экономикалық жағынан пайда тапқанымен саяси жағынан ұтылды. Жалпы араб әлемін алмағанда бүкіл жер жүзі халқы алдында абыройының түскендігі рас. Сонымен экономикалық пайда басым ба, әлде саяи жеңіс пе? Жалпы алғанда, әлемнің құрылымы саясатқа емес, экономикаға неігізделеді. Кез келген ел экономикалық стратегияларын жүзеге асыру үшін саяси шешімдер қабылдайды. Соған қарағанда экономикалық пайда саяси ұтылыстың орнын толтырады екен.

Американдық белгілі саясаткер, АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Збигнев Бжезинский өзінің мемуарында (1983) Вьетнам соғысынан кейінгі кезеңдегі АҚШ-тың жалпы жағдайына былай деп баға береді: «Біріншіден, мен әлемге американдық идеологияның әсер етуі мен біздің көзқарасымызға үлкен тарихи оптимизм керектігін жете түсіндім. Және де мен Американың соңғы жылдарда әлемдік аренадағы салмағының түсіп кеткедігін көрдім. Бірақ, адам құқықтарын жалау ете отырып АҚШ-тың қайта көтерілуіне мен сендім. Соңғы жылдары әлемдік аренадағы өзгерістерге байланысты АҚШ жалғызсырап қалды. Мен біздің қоғамымыз мына жауласқан әлемде жалғыз қалуынан қорыққан едім»1.

Збигнев Бжезинский алып Еуразия континентін «Ұлы шахмат тахтасына» теңейді. Жұмыр жердің қазба, қазына байлықтарының үлкен бөлігі осы континентте шоғырланған. Демек, ендігі әлемдік саяси тартыстар мен мүдделер қақтығысы осы континент үстінде өтуге тиіс. «Алдағы уақытта кім осы континентте ықпалын өткізіп, әмірін жүргізе алса, ол әлемге үстемдік етеді» деп түйеді автор. Шахмат тахтасында ойыншылардың болуы заңды құбылыс. Бұлардың ең бастысы бүгінде АҚШ болып отыр. Онан кейін әлемдегі бұрынғы ықпалынан айырылмауға ұмтылатын және әскери қайта қоймаған Ресей мен қазіргі кезде жедел дамып келе жатқан, болашақта АҚШ-тың басты қарсыласына айналатын Қытай тұр. Батыс Еуропадағы Франциядағы Еуро Одақтың жетекші мемлекеті Германияда негізгі ойыншылар қатарына жатады. «Ал Англия мен Жапония АҚШ мүддесіне қатысты ойындарға қатыспауға тиіс, қатысса Америка жағында болады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысында фашизмді насихаттап беті күйген Германия да АҚШ мүддесіне қарсы жеке-дара шықпайды, шықса Францияны алға салып шығады» дейді Бжезинский2.

Иракқа қарсы АҚШ-тың бірден-бір одақтасы болған Ұлыбританияның да бұл соғыста өз мүддесінің бар екендігі белгілі. Оны жалпы алғанда, экономикалық және саяси деп бөліп қарастыруға болады. Экономикалық мүддесіне келер болсақ, оның АҚШ-пен тығыз байланысты екендігіне көзіміз жетеді.


1В. Евгеньев. Образы США и СССР в концепции мировой политики З. Бжезинского. //Полис. № 1 2003. С. 182

2З. Бжезинский. Великя шаматная доска. – М., 2000. С. 5

Стратегиялық дерек көздеріне сүйенсек 2002 жылдың соңына қарай Ұлыбританияда еңбек рыногында 1 миллион жұмыс орнын қамтамасыз ететін американдық 6 мың компания тіркелген екен. АҚШ-тың Ұлыбритания экономикасына салған инвестициясы да 233 миллиард долларды құрап, ол қалған Еуропа елдерінен кірген инвестицияның 40%-ын алады екен. Англия да өз кезегінде АҚШ экономикасы үшін басты инвестор. 2000 жылдың өзінде Англия АҚШ экономикасына 229 миллиард долларлық инвестиция енгізген. Ол АҚШ экономикасындағы бүкіл шетел инвестициясының 18 %-ы деген сөз. 2001 жылы АҚШ-тағы британдық тауарлар мен көрсетілген қызмет құны 29 миллиард долларға жеткен. Бұл аталғандар аз ақша емес. Сондықтан екі ел экономикасы бір-біріне тәуелділігі жоғары. Әсіресе соңғы кездегі АҚШ экономикасындағы құлдырау мен Ұлыбританияға енгізетін инвестиция көлемінің азаюы екі ел үшін де тиімсіз. Олай болса Британия үкіметі АҚШ экономикасына пайда келтіретін соғысты неге қолдамасқа. Өйткені ОПЕК бақылауынан тыс, төмен бағадағы мұнайға Британия экономикасы да зәру. Әзірге Ирак мұнайында «British petroleum» компаниясы ғана бар. Алдағы уақытта бұл саладағы әрекеттерін кеңейте түсу Англия экономикасының негізгі басымдықтарының бірі болары анық. Англияның Ирак соғысына араласатын екінші себебі саяси мүддеге барып тіреледі. Ұлыбритания АҚШ-пен экономикалық серіктес ретінде жақын, сонымен бірге Еуро Одақтың да белді мүшесі. Англияның болашақта АҚШ пен Еуро Одақ арасындағы қарама-қайшылықтардан делдал ретінде өз саяси позициясын нығайтып алу мүмкіндігі бар. Сол арқылы Германия–Франция стратегиялық одағына қарсы тұра алады. АҚШ-тай алып елден қолдау табу кез келген елбасы үшін беделі мен сайлаудағы жеңісінің кепілі болмақ. 1963 жылы 9 сәуірде Англияны ұзақ басқарған премьер-министрлерінің бірі Уинстон Черчилль АҚШ-тың құрметті азаматы атағын алып еді. Соғыстан кейінгі жылдарда Черчиллдің АҚШ-пен мүдделес саясат жүргізуі де оның билік басында ұзақ отыруына пайдасын тигізді. Ал Тони Блэр сайлаушыларының 70%-ы Ұлыбританияның БҰҰ-ның санкциясынсыз соғысқа араласуына қарсы болған. Және де ағылшындардың 50 %-ы Т. Блэрдің АҚШ-ты жақтап Иракқа қарсы соғыс ашуы Британияның басты мүддесі емес деп айыптайды. Осының барлығы келесі сайлауға өз әсерін тигізбеуі мүмкін емес, әрине АҚШ тарапынан тегеурінді қолдау мен мардымды медет болмаса1.

Тарихқа жүгінер болсақ, бірде Ұлыбритания, бірде Құрама Штаттары бастаған одақтастар алма-кезек өз мүдделерін қорғап Иракқа соғыс ашқан екен. Бірақ әр соғысқан сайын қарсылық та күшейіп барады және соғыс шығыны да шаш етектен.

Қазақстан Орталық Азия аймағымен қоса осы дүрбелеңнен қалай аман өтеді. Былайша айтқанда Ауғанстан, Ирак соғыстарының Қазақстанға әсері қандай болмақ.


1Р. Лебеков. Своя игра. //Континент. № 7 2003. С. 29

Болып жатқан оқиғаларға байланысты біздің еліміздің басшылығы сабырлы саясат ұстануда. Біз экономиканы көтеруде американдық инвестицияны пайдаландық, пайдаланып та жатырмыз. Қазақстан өз мүддесін өзге ел есебінен қарастырмайды. Өзгеде кегі де, кеткені де жоқ. Қазақстанға ең бастысы заманының тыныш болғаны керек. Кез келген саяси дағдарыс пен халықаралық шиеленістер халықаралық құқық негізінде екі жақтың да мүддесін бір арнаға түйістіру арқылы шешілуі керек. Ирактағы соғысқа байланысты Қазақстан үкіметінң мәлімдеуінше соғыс қандай дәрежеде болмасын Қазақстан экономикасына бәлендей дәрежеде әсер ете қоймайды1.

Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың мәлімдеуінше Ұлттық қорымыздың мөлшері 2 миллиард доллар болып, ол соғыстың екі жылға созылған жағдайында мұнай бағасы 10 долларға түскен күнде де бюджетті ұстап тұра алады екен2. 2003 жылғы наурызда Қазақстан Әлеуметтанушылары мен Саясаттанушыларының Ассоцияциясы осы мәселеге қатытысты Қазақстан халқына сұрау салды. Сұрау нәтижелері бойынша халықтың 83,5%-ы АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысына үзілді–кесілді қарсы, ал 2,6%-ы Иракқа қарсы соғысты қолдаған екен. Респонденттердің 50%-ы АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысының астарында мұнай жатқанын айтса, 25%-ы Кіші-Дж.Буштың әлем лидері ретінде имидж қалыптастыруы деп түсінетіндіктерін мәлімдеген. Ал халықтың 20%-ы АҚШ саясатын Иракта АҚШ-қа бағынышты үкімет орнату деп бағаласа, 5%-ы ғана бұл соғысты халқаралық тероризммен күрестің заңды жалғасы деп түсінетіндер екен. Ирак соғысының Қазақстанға әсері қандай болмақ деген сауалға респонденттердің 30%–ы Қазақстан АҚШ әскері үшін әуежайларын берген жағдайда, соғыс қаупі күшейеді дегенді айтады. Халықтың әрбір тоғызыншысы Ирак соғысының қазақстанға ешқандай да әсері болмайтынын тілге тиек етеді3. Жалпы алғанда қазақстандықтар кез келген шиеленістің бибіт жолмен шешілуін қалайды. Соғыстың себебін АҚШ-тың трансұлтық компанияларының Ирактағы мұнайға байланысты мүдделері мен Президент Буштың әлемге үстемдік ету пиғылынан көреді екен. Қазақстанға тигізер әсері де АҚШ әскери базасының елімізде орналасуы немесе орналаспауына байланысты болмақ. Ел басшылығы әрине халықпен бірге. Қазақстандық эксперттердің сараптауынша Ирак соғысына байланысты Ауғаныстандағы жағдай бақлаудан тыс қалып, елдегі беделі шамалы Х. Карзай әкімшілігі дала командирлеріне төтеп бере алмай қалуы мүкін. Ондай жағдайда Орталық Азия аймағының оңтүстік бөлігін қауыпсіз деп айта алмаймыз4. Қазақстан алдымен Орталық Азиядағы бауырлас елдермен интеграцияда болып, берік қауыпсіздік мәселесін бірге қарастырғаны жөн.
1Э. Полетаев. Война в Ираке: иерархия мнимых и реальных угроз. //Континент. №23 2002. С. 30

2В. Васильева. Казахстан к войне готов. //Независимая газета. 18 марта 2003.

3М. Сарсенов. Противостояние США-Ирак: Существует ли угроза безопасности Казахстана. //Мегаполис Казахстан. Март 2003.

4К. Сыроежкин. Голос войны. //Континент. № 7 2003. С. 26

Екінші бір серіктестік сызығы - Ресей арқылы өтеді. Солтүстіктегі алып көршімізбен ЕурАзЭҚ шеңберінде тығыз байланыс орнату Қазақстан үшін сырқы саясаттағы басты басымдықтарының бірі. Қазақстанға эконоикалық, саяси және демографиялық жағынан үлкен әсер ете алатын ел - Қытай. Қытайдың әсер ету ықпал болмай қалмайтыны белгілі. Тек соны Қазақстан мүддесі үшін тиімді арнаға бұру біздің міндетіміз. Келесі бір маңызды мәселе-әлем саясаты мен экономикасына ықпалы күшті супердержава АҚШ-пен арадағы стратегиялық серіктестік шеңберін одан әрі кеңейте беру. Өйткені Қазақстан экономикасындағы инвестицияның басым бөлігі АҚШ-қа тиесілі.

«Көршілерің қанша жақсы болса да, әдетте, әркім әлді көршісін сыйлауға бейіл». Қазақстан Республикасы Президентінің Ел халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында осындай сөздер бар. Шындығында да солай. Әлемдік тәжірибенің ұстанымы да осыны көрсетеді. «Өзіңе өзің бекем бол, көршіңді ұры тұтпа» дейді мұндайда қазақ. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық эканомикада ғана емес, саясатта да жарға жықпай қоймайды. Қазақстан әлемдік тенденцияларға қарсы тұра алмақ емес. Бұл сапарда кідірістер де кездесер, алайда, қандай саяси қажеттілік талап етсе де, Қазақстанда кері шегінуге жол жоқ... Алайда осынау міндеттердің бәрінің үддесінен шығу елдің қауіпсіздігіне келіп тіреледі1.

Интернет: «Ең қорқынышты нәрсе не: жер сілкінісі ме, су тасқыны ма, өрт пе, басқа да табиғат апаттары ма әлде соғыс па?» деген сауалнама жүгізіпті. Әрине, ең қорқыныштысы да, ең қасіреттісі де – соғыс. Өйткені ол қолдан жасалады. Бірақ оны болдырмауға болады. Тек мемлекет басшыларына ақыл, парасат, иман керек. Қандай мәселені де соғыссыз, қантөгіссіз шешудің жолы табылады. Тіпті жолы табылмаған жағдайда соғыс арқылы шешкеннен гөрі шешусіз күйінде қалдырған әлдеқайда тиімді. «Соғыста адамзаттың орта жасар, күші бар азаматтары қолына қару алып, бірін-бірі өлтіруге аттанады. Бұл адамзаттың ең үлкен қателігі. Егер жұлдыздар адамға айналса, аспан оларға тарлық етер еді, егер балықтар адамға айналса, теңіз оларға тарлық етер еді. Бұның бәріне себеп, адамдағы нәпсі деген әдет» деп жазған еді гуманистік идеялардың жаршысы болған, әлемге танымал қырғыз жазушысы Ш.Айтматов. Соғыс – адам баласының ақымақтығының, дәрменсіздігінің ең шырқау шегі. Бір елдің екінші елді күшпен, зорлық-зомбылықпен бағындырып, үстемдік етуі - жабайылықтың көрінісі. Алғашқы қоғамдық құрылыста, орта ғасырларда, тіпті XX ғасырға дейін адам баласы қан-қасап соғыстардан ада болған емес. Ал қазір адамзат қоғамы кемеліне келді емес пе? Енді бір мемлекеттен екінші бір мемлекет тек ақыл-ойымен, өнер-білімімен, әдебиетімен, озық бизнесімен, бір сөзбен айтқанда өркениетімен ғана үстем болуы мүмкін.

Бейбітшілік пен тыныштық тіршілік атаулының табиғи бақытты күйі. Адам баласы бәрінен жалығуы мүмкін, бірақ тыныштық пен бейбітшіліктен ешқашан жалыққан емес.
1Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.//Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 1999.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет