Топырақты шит себуге әзірлеу - Бүкіл агротехникалық шаралардың арасында жерді мұқият баптап өңдеу аса маңызды буындардың бірі болып табылады. Топырақты дұрыс әрі дер кезінде өңдеу себілген шиттің дүркіреп тез өніп шығуын және шитті-мақта өнімін неғұрлым мол алуды қамтамасыз етеді.
Топырақтың өңдеу оның құрылымын жақсартады және егіс даласының арамшөппен былғануын кемітеді, топыраққа ауаның кіруі мен бір мезгілде онда ылғалдың барынша жақсы енуі мен сақталуына игі ықпалын тигізеді.
Р. Назаров топырақты тиімді пайдаланудың ғылыми зерттеулер негізінде жасалған тәсілдері қозаның өнімді мол беруін үздіксіз арттырып отыруды және топырақтың құнарлылығын жақсарта түсуді қамтамасыз ететінін, сөйтіп мақта шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігі күшейе түсетінін атап көрсетті.
Қозаны вегетациялық өсіп-жетілуі барысында күтіп-баптау
Қозаны дұрыс және дер кезінде күтіп-баптау – оның ойдағыдай жақсы өсіп-жетілуі мен дамуының, мол және сапалы өмін беруінің кепілі. Оны күтіп-баптау әрбір ауыспалы егіс танабы мен жекелеген учаскелердегі өсімдіктің талап ететін қажеттігіне қарай жүргізілуі тиіс.
Қозаны күтіп-баптау мерзімін кешіктіру немесе оны қалай болса солай, сапасыз жүргізе салу өсімдіктің өсіп-жетілуін нашарлатады, бойлап өсуін, гүлдеуін және жетілуін кешіктіреді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы мақта шаруашылығы жағдайында қозаны күтіп- баптау жұмыстары алғашқы өскіндердің жер бетінде көрінуіне дейін-ақ басталады.
Мысалы, шит себіліп жатқан кезде немесе бұл жұмыс аяқтала салысымен нөсерлеткен жаңбыр жауатын жағдайлар әдетте жиі кездеседі. Сөйтіп топырақтың үстіңгі қабаты езіледі де, кЕбе келе бірте-біртХ қатты қабыршықтарға айнаЫЋп, қатып қалады. Ондай қатты қабыршақтардыУ қалыңдығы 3-4 сантимХтр, кейФі тіпті одан қалың болады. Мұндай жағдайда енді өне бастаған шиттің әлі нәзік өскіндері әлгі қатты қабыршақтарды жоғары қарай тесіп өте алмайды, оның үстіне, әбден қиналып, зардап шегеді. Сондықтан да жаңбырдан кейін пайда болатын қатты қабыршақтардың зиянды әсерін болдырмайтын шараны шит өнбей жатып, жас өскіндер жер бетіне көтерілмей тұрып жүзеге асыру керек.
Топырақтың мұндай қатты қабыршақтарына қарсы дер кезінде тиімді күрес жүргізілмесе, шиттің өніп шығуына, өскіндердің еңсе көтеріп өсуіне қатер төнеді, олардың өліп қалуы, өсімдіктің жиілігіне зардабын тигізіп, өте-мөте сиретіп жіберуі әбден мүмкін. Ал, мұның бәрі де қозаның қалыпты өсіп-жетілуіне, олардың пісіп –жетіліп мол өнім беруіне келеңсіз әсерін тигізеді.
Олай болса, топырақтың бетінде пайда болатын ондай қатты қабыршақтың зардапты әсерін болдырмау үшін мүмкіндігінше тез қимылдап, топырақтың жаңбырдан кейін қатып қалуын күтпей, егіс танабына тырма салу керек, ротациялы мотыгамен сондай-ақ қол тырмамен не шапқы шотпен қатты қабыршақтарды жоюға тырысу керек.
Топырақтың қатты қабыршақтарын жою кезінде топырақты қопсыту тереңдігіне ерекше назар аудару керек. Ротациялық мотыганың жұмысшы органдары өсіп келе жатқан шитті топырақтың үстіңгі қабатына қопара шығарып тастамайтым болуы тиіс, сондай-Ағ өнім шыққае өскіндер тамърымен қоса жойылып кетпейтін болуы қажет.
Топырақтың қатты қабыршақтарын тырмалау кезінде топырақты қопсыту тереңдігі 5-6 сантиметрден аспауы керек.
Қозаның қатараралығын баптау – жұмыстары жүйектің бойында өскіндер өсіп шығып, айқын бегіп берген кезде басталады. Қозаның қатараралығы吽 баптау дұМыстары кеЈіккен сайын онда арам шөптер тез әрі қаулап ҩсЕ бастайды.
Ҋатараралық баптау жұмыстарының негізгі міндеЂі – арамшөптердЖ тез Жою,топырРқтың үстіңгі қабатын қопсығын қалпында ұстау, ылғалдың мол мөлшерде ᐱосқа Ћсырап бжлуына жҙне төменгі қабаттағы тұздардың Цоғары көтерілуіне жол бермеу, қозаның өсіп жетілуіне және талшығының сАпасы жақсы мол өнімге негЖЗ ға;айтын қолайлы жағдайлар жасару.
Қозаның ұшын шырпу және оның маңызы қозаның негізгі сабағының ең жоғарғы ұшы өзіне қоректік заттарды оның жан-жағына таралған бұтақтарынан гөрі әрі көп, әрі жақсы тартып алады, қозаның жан-жағына таралған бұтақтары тап осы себептен де өздеріне қоректік заттар мен суды аз алып түйіндері мен гүлдерінің бөлігін жоғалтады. Әдетте, 45-60 тіпті одай кӉп өнімдік түйін салРтын қозаеың ақыр аяғында 6,8 көптегенде 12-13 тЮлық пісіп жетілетін көсекті әрең дХгенде сақтап қала алады. Қозаны шыЀпу нәтижесінде соның өнім беретін бұтақтары өзіне қРжетті заттар мен ылғалды неғұрлым жеткілікті мөлшерде алады да өнімдік көсектердің көбірек сақталуына жағдай сақталады. Оның үстіне ол көсектер ірі болады және әлдеқайда тез пісіп жетіліп жақсы ашылады. Қозаны шырпу оның негізгі сабағының сондай-ақ бұтақтарының ұшындағы бір-екі түйінді ғана қамтуы тиіс. Мұның өзі олардың ұш жағын шамамен 1-2 см қысқарта кесу керек.
ОБСӨЖ № 2
ОБСӨЖ тақырыбы: Шикізат өсімдіктердің негізгі топтары. Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Көкек жанаргүлі.
2.Қала гравилаты.
3.Қарама – қарсы жапырақты ербасы.
Глоссарий:
1.Қарама- қарсы жапырақты ербасы.
2.Қала гравилаты.
3.Субеде.
4.Бояулық риян.
5.Дәрілік авран.
6.Дәрмене.
ОБСӨЖ № 3
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Зығыр.
2.Итбүлдірген.
ОБСӨЖ мақсаты: Зығыр және итбүлдірген және сол сияқты дәрілік өсімдіктер мен таныстыру.
Зығыр – Лен обыкновенный
ОБСӨЖ мәтіні: Зығыр – биіктігі 1 иетрден асатын, бір жылдық, шөптектес өсімдік. Ақ түсті, жіңішке, ұзын, желілі тамыры бар. Сабағы жұмыр, жоғарғы жағында жайылақ тік өседі. Жапырақтарыкҩп, отырмалы, кеЧектесіп орналасқАн, қандаЃыр тәрізді. Гүлдерц ірі, көкшіл көкшіл түсті, гүл сабақтары ұзын, өсімдіктің жоғарғы жағыНда шоғырлАнып тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырАқшалары да бес-бестен. Оᐻар гүл тостағаншасынан ұзындау болып келеді. Жемісі – 5 жерден ашылатын қауашақ. Ішінде ашық қоңыр түсті, сырты жылтыр, екі жағынан қысып жалпайтқан жұмыртқа тәрізді тұқымдары болады. Июнь айының аяқ жағынан август айына дейін гүлдейді. Июльдің аяғында жеміс береді.
Зығыр - мәдени өсімдік. Алайда кей жерлерде жолдардың жиегінде, егістіктердің арасында жабайыланып кеткен түрлері де кездеседі. Дәрілік мақсат үшін зығырдың тұқымын пайдаланады. Құрамында майлар, белоктар, қоймалжың, минералдық заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер, линАмарин деген клюкозид бар. ЛинаМРриннің ішекті҃ жұмысын реттеп отыратын, қоймалЦың заттардың қабынуға қарсы әсер ететін және іш жүргізетін қасиеттері бар. Осыған байланысты зығыр тұқымынан жасалған дәрілер өкпе, жоғарғы тыныс жолдары және бүйрек, қуық қабынғанда емге қолданылады. Халық медицинасында осы айтылғандарға қосымша қуыққа
Тас байланғанда ауыз уылғандан, жұтқыншақ бездері қабынған да оларды шаю үшін қолданылады. Профессор Н Г. Ковалева зығыр тұқымын асқазанда, ұлтабарда жара пайда болғанда, тоқ ішек қабынғанда емдеу үшін пайдаланады. Ал зығыр майын күйікті іріңді жараларды емдеуге қолданады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 2 шай қасық зығыр тұқымын 1 стакан қайнап тұрған суға салады және оны 20- минут араластырып, сүзіп алады да 1ас қсаықтан күніне 3 рет ішеді. Қант ауруын халық арасында былай емдейді, зығыр тұқымын бұршақтың қабығын, қара жидектің жапырағын, арпаның сабағын бірдей етіп алып араластырады. Осы қоспаның 3-ас қасығын 3 стакан салқын суға салады да 10 минут қайпнатып, стаканың ¼ -індей мөлшерде күніне 3 рет ішеді. Күйікті емдеу үшін жараға таңып тастайды.
Итбүлдірген –Брусника
Итбүлдірген- қысы- жазы көгеріп тұратын аласа бұталы өсімдік. Биіктігі 30 сантиметрден аспайды. Бұтақтары жұмыр, сыртында жоғары қараған түктері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қыста да түспей, қар астында жата береді, теріс қаратып қойған жұмыртқаға ұқсайды, төменгі жақтарында бірнеше қара дақтары бар. Бұтақтарының жоғарғы жағында орналасқан гүлдерінің түсі ақ немесе қызыл, төрт тісті, қоңырау сықылды, 4-5 гүл жапырақшасынан тұрады, гүл сабақтары қысқа. Тұқымы қызыл түсті дөңгелек шар тәрізді, дәні ащылау, диаметірі 8-миллиметрге дейін жететін жеміс. Мұны август-сентябрь айларында піскен кезінде, ал жапырағын ерте көктемде гүлдегенге дейін жинап алады.
Итбүлдірген таулы жердегі тасты алаңдарда жайылымдарда, орманды жерлерде өседі. Құрамында арбутин глюкозиді, урсол, аскарбин қышқылдары,илік заттар бар. Арбутиннің микроб өлтіретін, жапырақтарының несеп жүргізетін, қан қысымын төмендететін қасиеттері бар. Бүйрекке тас байланғанда, қуық және несеп жолдары қабынғанда, асқазан қышқылы кемігенде, іш өткенде және ревматизм, подагра, бауыр ауруларын емдеу үшін қолданады. Кейде асқа тәбетті арттыру үшін пайдаланады. Балалардың шыжың ауруын емдеуде де жақсы нәтижелер беріп жүр.
Дәнді дайындау және қолдану тәсілі. Итбүлдіргеннің 1 ас қасық жапырағын қайнап тұрған 1 стакан суға салып, жарты сағат тұндырады да, суығаннан кейін сүзіп алып, тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Балалардың шыжың ауруын емдеу үшін итбүлдіргеннің 1 қачық жапырағы мен 1 қасық жемісін алып, оған 2 қасық шайқурайдың шөбін қосып араластырады да, 3 стакан суға салып, 10 минут қайнатады. Дайын болған дәріні ішуді түс қайта бастайды. Әр ішкенде 1 стаканнан 3 рет ішіп тауысады. Соңғы стаканды ұйықтар алдында ішеді.
ОБСӨЖ № 4
ОБСӨЖ тақырыбы: Тропика мен Субтропикада өсетін дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Ажгон.
2.Гамамелис.
3.Индигофера.
Бақылау сұрақтары:
1.Букко, гамамелис.
2.Гидрастис, зедоария.
3.Аспидосперма.
4.Ажгон, Гваяк ағашы.
5.Гаултерия, Индигофера.
ОБСӨЖ №5
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Жантақ.
2.Жылан таран.
ОБСӨЖ мақсаты: Етжапырақ бадан.
Етжапырақ бадан – бадан толстолистный
ОБСӨЖ мәтіні: Етжапырақ бадан – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жуан, қара қоңыр, жер астын кеулеп көлбеу өседі. Тамырдан тікелей өсіп шыққан жапырақтары үлкен, қалың етті, күздігүні қып-қызыл болып шоғырланып тұрады. Гүл өсетін сабақтары жапырақсыз, жуан әрі тамыр жапырақтарына қарағанда екі есе биік, жоғарғы жағында сыпырғы сияқтанып жиналған гүл шоғы бар. Гүлдері қызыл түсті, әдемі, қоңырау сықылды, гүл жапырақшалары бөлек-бөлек. Май-июль айларында гүлдейді.Етжапырақ бадан орманды, таулы жерлерде, тастақты беткейлерде, өзен жағаларында, жалпы кез келген жерге шыға береді, құрғақшылыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын күзде, ал жапырағын июнь-июль айларында жинап алады. Құрамында илік заттар, танин, галло қышқылы, арбутин гликозиді, крахмал қант бар. Етжапырақ баданның тамырынан жасалған дәрілердің қан тоқтататын, қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоютын қасиеттері бар. Етжапырақ бадан асқазан жолдары ауырғанда, дене қызуы көтерілгенде, бас ауырғанда қолданылса өте жақсы нәтиже береді. Ауыз уылғанда және тамақ бездері қабынғанда оларды шаю үшін пайдаланады. Дене сыртындағы жарақаттардың, іріңді жаралардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар онымен тоқ ішектің ауруларын емдейді. Дизентерияны емдеу үшін антибиотиктермен қосып пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 1 ас қасық толы ұнтақталған тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, стакандағы судың жартысы қалғанша буландырады. Дәрінің стаканда қалғанын 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.
Жылан таран – змеевик, горец змеиный
Жылан таран – биіктігі 1 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, жылан тәрізді, өсімдіктің толып жатқан қосымша тамырлары бар. Тамырынан бұтақтары жоқ жалаң 1-2 түзу сабақ өсіп шығады. Сабақтары ұзын, биік, көптеген отырмалы, ұзынша жапырақтары бар. Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары ірі, сопақша келген. Жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қошымша жапырақшалар мен бірігіп, түтікке айналған. Гүлдері қызыл түсті, сабақтарының ұшында ұзындығы 6 сантиметрлік масақ жасап шоғырланып тұрады. Гүлдерінің аңқыған иісі бар. Жемісі – қара қоңыр түсті үш жылтыр жаңғақша. Май-июнь айларында гүлдейді.Жылан таран шабындықтарда, батпақты жерлердегі шөптердің арасында, орман шетіндегі алаңдарда өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын пайдаланылады. Құрамында 25 -ке жуық илік заттар, витаминдер, А провитамині бар. Өсімдіктің тамырларын август-октябрь айларында жинап алады. Тамырды күрекпен қазып алады да, жуып тазалайды. Оны сабағы мен қосымша тамырынан, жапырақтарынан пышақпен ажыратып, 10 сантиметрлік бөліктерге бөліп, кептіріп алады.Жылан тараннан жасалған дәрілерді ішек қабынғанда емдеу үшін, әсіресе тоқ ішектің ауруларына қарсы пайдаланылады. Іш өткенде және жатырдан немесе асқазаннан қан кеткенде емдеуге қолданылады. Тіс түбінің еттері қабынғанда ауызды шайып емдейді. Халық медицинасында жылан тараннан жасалған дәрілерді дизентерияға қарсы, асқазаннан және денедегі басқа да жерлерден қан кеткенде, өт және несеп жолдары қабынғанда, асқазан мен ұлтабарға жара түскенде қолданылады. Дене сыртындағы қанталап тұрған және іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, сонан соң сүзіп алып, ауыз шаюға, дене сыртындағы жараларды емдеуге қолданылады. 5 грамм өсімдік тамырын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырып және осылайша көбейтіп алады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Өт қалтасына және қуыққа тас байланғанда осы тұнбаны іше отырып, балық пен ет тағамдарын, тамаққа ащы заттарды қосуды азайтқан жөн.
ОБСӨЖ №6
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Емен.
2.Етжапырақ бадан.
Бақылау сұрақтары:
1.Емен өсімдігінің биіктігі қанша.
2.Қазақстанда емен ағаш ормандары қай жерлерде кездеседі.
3.Еменнің қабығын қандай ауруларға қолдануға болады.
4.Етжапырақ бадан өсімдігінің құрылысы.
5.Етжапырақ бадан өсімдігін қолдану тәсілі.
ОБСӨЖ № 7
ОБСӨЖ тақырыбы: Шипалы жеміс- жидектер. Бүлдірген.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Бүлдірген.
2.Бау бүлдіргені.
ОБСӨЖ мақсаты: Бүлдірген жеміс жидек.
ОБСӨЖ мәтіні: Жемістер мен жидектер өздерінің тағамдық қасиеті мен көкеністерді сәтті толықтырады . Бұлар көбіне сол бір заттардың ; көміртегінің органикалық қышқылдардың , минералдық тұздардың , пектиндердің клетчаткалардың , белоктардың көзі болып табылады. Ал көміртегі көкеністерде негізінен баяу ыдырайтын крахмал күйінде кездессе , жемістер мен жидектерде – глюкоза фруктоза , сахароза күйінде кездеседі және де бұлар бойға анағұрлым тез сіңеді. Жемістер мен жидектерде , көкенәіске қарағанда , органикалық қышқылдар ( алма , лимон ,янтарь қышқылдары ) айтарлықтай көп , олар асқорыту сөлдерінің бөлінуіне үлкен әсерін тигізеді. Дәмі мен хош иісі жағынан әралуцан жидектер мен жас, мұздатылған , кептірілген және өңделген күйінде тамаша диеталық және емдік азық ретінде қолданылады.
Бау бүлдіргені- баолық континентте көп өсірілетін жидек өсімдіктерінің (раушангүлдер тұқымдасы ) ішіндегі әржақты медицина дәрулерінің ежелден белгілерінің бірі . Бүлдірген Европаға алып келген француз Фрезьенің есімімен “фрайзе ” аталған. Бүлдірген ең ерте пісетін жидек дақылы , ол тез жеміс беруімен ерекшеленеді, ал ремонтанттық, яғни үздік жеміс салатын сорттарынан жидектерді кеш алуға болады. жемісінде 5,5 –9,2 тиімді мөлшерде қант , 0,60-1,7 органикалық қышқылдар ( алма , лимон қышқылдары көптеген витаминдер , пектин, илік заттар минералдық заттардан кальций , фосфор марганец мыс темір тотығы өте көп . Жапырақтарында илік заттар және алколойдтердің қосындысы кездеседі.Бүлдірген ең жақсы шипалы жидектердің бірі , бірақ оның жемісін жас және кепкен күйінде пайдаланып қана қомай , гүлдерін жапырақтарын да пайдаланады. – одан шай қайнатады. ( қатты терлетеді) Жидек несеп жүргізуге , қан тоқтатуға , қабынуға қарсы әсер етеді . . Оны ішек қарын жлдарын ауруларына , гастритке , бауыр , өт жолдары ауруларына жалпы нығайту дәруі ретінде созылмалы ауруларға және авитаминозға қолзхданады.Бүлдіргеннің жас жемісі мен жырының емдік мақсатқа подагра , бауыр бүйрек тас ауруларына аш қарынға ( 4-8қасықтан ішеді. ) аздап несеп жргізетін дәру ретінде қолданылатын кепкен жемістің тұндырмасын былай дайындайды. 2 ас қасық құрғақ жемісті 1 стакан қайнаған суға салдып қайнатады. Суығаннан кейін жарты стаканнан тәулігіне 3 рет ішеді.Бүлдірген жидегі анемияның ( неммесе қан аздықтың) профилактикалық қуатты дәру өйткені ондағы темірді организм бойына тез сіңіреді . Жидек шырыны мен жемістің сұйық тұндырмасы фитонцидтерге бай тамақ қабынып ауырғанда ауыз бен тіс етінің шырышы бұзылғанда олады шаю үшін пайдаланады.
Бүлдірген жапырақтары мен тамыръларының шипалық қасиеті бар . Өсімдіктің бұл бөліктеріә несеп жүргізуге әсер етеді , тұтқыр дәру саналады. Жапырақ тұндырмасы мен қайнатпасын сары ауруға туберкулезге , қуық тас ауруларына ісінуге , ескі жараларға , бөртпелерге қарсы қолданады. Бүлдіргеннің хош иісті дәмі жидегі шөлді басады, тәбет ашады , ас сіңіруге жақсы әсер етеді жүрек тамыр жүйесінің жүмысын жақсартады , улы заттарды шығаруға көмектеседі. Организмнің қорғаныш қабілетін күшейтеді.
Бүлдірген жегеннен кейін кейбір адамдарда пайда болатын есек жемнен сақтану үшін оны тамақ ішкеннен кейін 30 минуттан соң қаймақпен сүтпен немесе басқа тамақтармен қатар жеген жөн. Көктемнің аяғынак таман бүлдірген жүйекшелерін кілемдей құлпырып , жерде жайылып жатқан сабақ бұтақшаларымен үш қосынды жапырақтар басады . Сабақ бұтақшалар буындарда тамырлана алады. Жемістер- жалған жидектер , олардың үстіңгі бетінде сары жаңғақшалар шығады да , тегінде сол жаңғақшалар жеміс болып табылады , ал жидектер – ол қосынды жемістер етті гүл тұғыры бар көпжаңғақшалар . Бүлдірген қалың қардың астында жатқанда ғана суыққа шыдайды . ( -25, 30 С температураға төзеді) ылғалды қажет етеді . Өйткені тамыр жүйесі онша терең орналаспаған суарып тұру керек , әсіресе жидектер толыса бастаған кезде және жеміс салғаннан кейін келесі жылдың гүлшоғыры салына бастаған кеде су құю керек отырғызылғаннан кейінгі бірінші жылы бүлдіргенніңт тамыры 30-40 см/ге тереңдейді диаметрі 50 см болады . Екінші жылы 50 см тереңдікке жетеді, ал диаметрі 60 см / ден 85 см / ге дейін болады . Бүлдірген қопсыған топырақта жақсы өседі. Әдетте вегетативтік жолмен мұртшалардан шығатын сабақ бұтақшаларды өсіреді. Оларды жаздың аяғында немесе күздің басында отырғызады . Солтүстік аудандарда көктемде жақсы тыңайтылған құмдақ жерге жарық түсетін учаскеге отырғызады. Жас бақтың қатар аралығында отырғызуға болады . Бүлдіргенді егіп өсіру үшін бір- екі жылдық бұтадан жас тамырланған өсімдікті алу керек. Отырғызғаннан кейін бір екі жылда жеміс сала бастайды . Төт жылдан кейін барлық бүлдіргенді қайта отырғызу керек . Ал жас өсімдіктерді басқа жүйекке тамот картоп қияр егілмеген жерге отырғызған жөн өйткені бүлдірген мен олардың зиянкестері және ауруларыц ортақ болып келеді. Көшетті маусым айының аяғында және тамыз айында көшіріп отырғызады. Егер ауа –райы ыстық болса жапырақтардың бір бөлігін қырқып тастайды . Көшетті отырһғызған кезде жоғарғы бүршікті топырақпен жауып тастамау керек және сондай – ақ оның тым сорайып шығып тұрмауын да қарастырған жөн . Бүлдіргенді отырғызғаннан кейін 5-7 тәулік торлы су сепкіштен су құйып көлеңкелеген жақсы ( бұл үшін жанына түйе жапырақты шаншып қойса болады) . Көшет қазып алхғанға дейін тамрлануы керек . Өсімдіктердің шанақтанцу және гүлдеу кезінде микроэлементтер мен ( 0,4%- тік қалайы күкірт қышқылы мен ) тамырдан тыс үстеп қоректендіру өнімді арттыруға көмектеседі және жидектің сапасын жақсартады . Зиянкестердің ішінде бүлдіргенге қауіптісі бүлдіршген қоңызы. Ол көктемде тұмсығы мен гүл шанағын тесіп оған жұмыртқа салады. Жұмыртқадан балапан құрт шығып шанақты жейді балапан құрт қуыршақтану үшін топыраққа көміледің ал тамыз айында қоңыз жоғалап шығады да бүлдіргеннің қыстық жас жапырақтарын кеміреді .Осы тамыз қоңызы суық түскен кезде жердегі жапырақтардың астына тығылып көктемге дейін ұйықтайдды . Бүлдіргенді пленкамен бүркеген жақсы қоңыз онда өзін өте қолайсыз сезінеді. Бүлдірген қоңызын бүлдіргенді өсімдік тұндырмаларымен( қара меңдуана және сасық меңдуана ) өңдеп өлтіреді.
Бүлдіргеннің ең көп тараған сорты Комсомолка . Жемістерінің дәмі мен өнімділігі мен тез пісетіндігі мен және биологиялық белгілерімен де ерекшеленетін басқа көптеген сорттары белгілі олардың ішінде Красвица , Загоья , Фестивальбная , Заря сортары жемісінің десерттік дәмімен көзге түседі.
ОБСӨЖ № 8
ОБСӨЖ тақырыбы: Болашағы бар дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қос үйлі мысықтабан.
2.Маралшөп тамыры.
3.Мыңжапырақ..
Реферат тақырыптары:
1.Торсылдақ шылдыршөп.
2.Көкшіл көкшегүл.
3.Ементоғай бөденешөбі.
4.Дөңгелек жапырақты алмұртшөп.
5.Шоғыр қоңыраугүл.
ОБСӨЖ № 9
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді пайдаланатын бөліктері, дайындау кептіру.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Шашыратқы.
2.Шеркез.
3.Шықшөп.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктерді пайдалану.
Шашыратқы – ЦИКОРИЙ ОБЫкНОВЕННЫЙ.
ОБСӨЖ мәтіні: Шашырақты –биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры –жуан, ұзындығы 1 метрден асалы. Сабақтары тік өседі, оны сиректеу түк басқан. Тамыр жапырақтары сопақша келген, шеттерінде ойықтары бар.ол өсімдіктің түп жағында топталып тұрады. Сабақ жапырақтары отырмалы әлі жіңішке, шеттері бүтін болады.гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының қуысында 2-3 тен орналасқан. Июнь- сентябрь айларында гүлдейді. Жолдардың жиегінде, шалғынды бетекйлерге, егістік жерлерде, шалғынды беткейлерде, егістік жерлерде, ауыл арсында өсе береді.
Дәрі жасау үшін шашыратқаның тамырын күзде қазып алады. Оның құрамында белок, май, ащы, заттар, инсулин, холин, илік заттар, аскорбин қышқылы, қант, В витамині бар.
Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, тамаққа тәбетті арттыратын, өт айдайтын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Мұны ас қорыту бездерінің жұмысынреттеу үшін, асқазанның қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін де пайдалынады. Сонымен қатар тамақ үлкейгенде , нерв жүйесі қажығанда, тіс ауырғанда және бүйрек ауруларын емдеу үшін қолданылады. Өт қалтасы қабынғанда және тес пайда болғанда да шашыратқының шипалық қасиеті мол деп есептелінеді.
Дене сыртында пайда болған іріңді бөртпелерді өсімдіктің тұнбасын емдейді. Қант дибетін емдеу ішін де осы өсімдіктен жасалған дәрілерді ішеді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі.Ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да , 1 ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.
Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, 20-25 тамшыдан күніне 5 рет ішеді.
Шеркез және аз жапырақты шеркез - СОЛЯНКА РИХТЕРА И МАЛОЛИСТНАЯ.
Шеркез- биіктігі 3 метрге жететін, көп жылдық, бұталы өсімдік. Қабығы ақ сұрғылт түсті жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан. Гүлдері майда, жапырақтарының қуысында масақша тәрізденіп өскен. Май айынан ноябрь айына дейін гүлдейді. Құмды жерлерде және далалы аймақтарда өседі. Аз жапырақты шеркез- биіктігі 12 сантиметрге жететін аласа бұта. Сазды және тастақты беткейлерде, сортаңды және құмды жерлерде өседі.дәрі жасау үшін күздешеркездің жемісі мен қалған гүлдерін жинайды. Аз аз жапырақты шеркездің көк бұталарын пышақ пен кесіп алады. Құрамында сальсолин, сальсолидин деген алкалоидтер, сальсомин бар. Медицинада шерекздің спритті тұнбасы мен сальсолин, сальсолидин деген алкалолоидтері қолданылады. Олардың қан қысымын төмендететін, мидың қан тамырларын кеңейтетін, жалпы нерв жүйесін тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктерді қан қысымы көтерілгенде, бас ауырғанда, бас айналғанда емге қолданылады. Бірақ бауыры және бүйрегіауыратын, жүрегінің қызметі нашарлаған адамдарға шеркезді дәрі ретінде пайдалануға болады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. өсімдік жемістері мен гүлдерінің, немесе кептірілген жас бұтақтарының ұнтақталған 20 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат тұндырады да, жарты ас қасықтан күніне 2-3 рет ішеді.
Спиртті тұнба. Ұнтақталған өсімдік жемістерінің 1 ас қасығын жарты стакан араққа салып 8-10 күн тұндырады да, 60 тамшыдан күніне 2-3 рет ішеді.
Шықшөп – Росянка круглолистная.
Шықшөп биіктігі 25 см – ге жуық ұсақ жәндіктер қоректенетін. Көп жылдық, шөптектесін өсімдік. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын , олар сабақтарының түп жағында топталып тұрады. Дөңгелектеу , жоғарғы жағында қызыл түсті бедерлері бар және оның біреуі ірілеу Олардың бөліп шығаратын сөлдеріне шыбын – шіркейлер жабысады да, оларды өсімдік қорек ретінде пайдаланады. Гүлдері майда, ақ түсті , олар сабағының жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы түтікше қоңырау тәрізді бес қалақшадан тұрады да , кейіннен олар жемісімен бірге жұлынады, Гүл тәжінің жапырақшалары бесеу. Жемісі сопақша келген қауашақСәуір айларында гүлдейді
Шықшөп батпақтарда , ылғалды, құмды жерлердеөседі. Дәрі үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинайды. Оның құрамында дрозерон, плумбагин, ферменттер, аскорбин, алма , лимон қышқылдары бар.
Шықшөптенжасалған дәрілердің қақырық түсіретін , жөтел басатын, тер шығаратын, несеп айдайтын , дененің қызуын төмендететін қасиеті бар. Халық медицинасында көкжөтелді , бронх демікпесін және қақырыққа қан араласқанды емдеу үшін қолданылады. Шықшөптің жапырағында таңертеңгілікте пайда болатын шық секілді сұйық затпен сүйелді емдеиді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 2 стакан суға салып 6 сағат тұндырады да оған 4 грам бромды натрии қосады. Көкжөтелге қарсы осы тұнбаған 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Шықшөппен жолжелкеннің жапырағынан , қоға жайдан теңдей етіп алып араластарады. Оның 2 шай қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады да, жөтелге қарсы 1 ас қасықтан 3-4 рет ішеді.
ОБСӨЖ № 10
ОБСӨЖ тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді жинау.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Дәрілік өсімдіктерді жинау.
2.Кептіру.
Глоссарий:
1.Көкек жанаргүлі.
2.Көкпек, шайтанкелмес.
3.Көктемдік жанаргүл.
ОБСӨЖ № 11
ОБСӨЖ тақырыбы; Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар.
2. Асқазан ауырғанда пайдаланылатын қоспалар.
3. Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар.
ОБСӨЖ мақсаты: Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын түрлі қоспалар мен таныстыру.
Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар .
ОБСӨЖ мәтіні: А) жалбызтіктен тамырының екі бөлігі , өгейшөп жапырағының екі бөлігі , жұпаргүл шөбінің бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына екі стакан 400 мл қайнап тұрған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Сонан соң 20 минут тұндырып , дәкемен сүзеді. Осы тұнбаны жылы күйінде араға 3 стакан салып стаканның 4/1 бөлігінде ішуге болады.
Б) жалбызтікен тамырының екі бөлігінің өгейшөп жапырағының екі бөлігінің жұпаргүл шөбінің бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір қасығына екі стакан 400 мл қайнаған ыстық су құйып , шай демдегендей қайнатады. 20 минут тұндырып , дәкемен сүзіп алады. . Осы тұнбаны жылы күйінде екі мезгіл жарты стаканнан ішеді. Бұл адамның тамаққа тәбетін арттырады.
В) жалбызтікен тамырының бір бөлігін , салаубас гүлінің бір бөлігін , құлқайыр шөбінің бір бөлігін , аюқұлақ бір бөлігінен қосынды жасайды . Осы қосындының 2 шай қасығына бір стакан 200 мл қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатады. Суытылғаннан кейін дәкемен сүзіп аладыОсы тұнбаны күніне үш рет жарты стаканнан ішуге болады.
Асқазан ауырғанда пайдаланылатын қоспалар :
А) итшомырт қабығының екі бөлігінің , анис дәнінің екі бөлігінің , мыңжапырақ . жапырақ бөлігін, мия тамырының үш бөлігін алады. Осы қосындының 2 шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып , 10 минут баяу отқа қайнатады. Содан кейін дәкемен сүзіп , таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.
Б) итшомырт қабығының алты бөлігін , мыңжапырақ жапырағының екі қалақай жапырағының екі бөлігін қосады. Осы қосындының бір ас қасығына екі стакан ыстық су құйып , 10 минут қайнатады Содан кейін дәкемен сүзіп , түнде жатар алдында 0,5 немесе 1 стаканнан ішеді.
В ) итшомырт қабығының үш бөлігі , қалақай жапырағының екі бөлігі , мыңжапырақ шөбінен екі бөлік жасалған қосындының 2 ас қасығына бір стакан ыстық су құйып шай демдегендей қайнатады . 20 минут тұндырып алады да дәкемен сүзеді . Осылай дайындалған тұнбаның жарты стаканын немесе ¾ бөлігін түнде жатар алдында ішеді.
Г) қалақай жапырағының үш бөлігі , итшомырт қабығының үш бөлігі , жалбыз жапырағының екі бөлігі , иір тамырының бір бөлігі , шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы , Осы қосындының екі ас қасығына бір стакан қайнап тұрған су ұйып , 10 минут қайнатады. Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді . Осылай әзірленген тұнбаны түнде жатар алдында жарты болмаса бір стакан ішеді.
Д)итшомырт қабығының үш бөлігі , қалақай жапырағының үш бөлігі , жусан шөбінің екі бөлігі , шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі ас қасығына екі стакан қайна тұрған су құйып 10 минут қайнатады. Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді . Суытып таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.
Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар:
А) жусан шөбінің бір бөлігі мен сүбеде жапырағының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатып , дәкемен сүзеді. . Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стаканнан ішеді
Б) жусан шөбінің екі бөлігі , мыңжапырақ жапырағының екі бөлігі , бақ бақ тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына бір стакан қайнаған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Дәкемен сүзіп алынған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір – екі ас қасықтан ішеді.
В) жусан шөбінің төрт бөлігі мен мыңжапырақ жапырағының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының бір ас қасығына бір станкан ыстық су құйып шай демдегендей қайнатып , біраз тұндырып дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын , бір екі ас қасықтан ішеді.
Іш өткенде қолданылатын қоспалар ;
А) шаянмойн тамырының бір бөлігі мен шелна тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қоспаның екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып шай демдегендей қайнатады.Содан кейін жарты сағат тұндырып , дәкемен сүзілген тұнбаны күніне 3 мезгіл ішеді.
Б) қандыағаш бүршігінің , шаянмойын тамырының бір бөлігінің қосындысы . Осы қосындының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып , шай демдегендей қайнатады. Содан кейін 20 минут тұндырып , сүзіп алынған тұнбаны күніне 3-4 мезгіл ішеді.
Зәр айдайтын қоспа түрлері :
А)толкнянка жапырағының үш бөлігі , гүлкекіре гүлінің бір бөлігі қоспасының бір ас қасығының үстіне бір стакан қайнаған ыстыұ су құйып , 15 минут тұндырып дәкемен сүзіп , бүйрек ауырғанда тамақ алъдынан 20 минут бұрын күніне 3-5 рет бір ас қасықтан ішу керек .
Б) толокенянка жапырағының төрт бөлігі , арша жемісінің төрт бөлігі , арша жемісінің төрт бөлігі , мия тамырының бір бөлігі . Осы қоспаның бір ас қасығының үстіне бір стакан қайнаған ыстық су құйып , 15 минут тұндырып , дәкемен сүзіп бүйрек ауырғанда ішеді.
В) арша жемісінің екі бөлігі , қырықбуын шөбінің екі бөлігі, бидайық тамырының бір бөлігі . Осы қоспаның екі ас қасығына бір стакан қайнаған ыстық су құйып 15 минут тұндырып сүзеді. Дәрігердің белгілеуімен ішеді.
Тер шығаруға пайдаланатын қоспалар :
А) таңқурай жемісі 50 г , жөке ағашының гүлі 50 г мөлхшерінде алынады б) таңқурай жемісі 40 гөгейшөп
Жапырағы 40 г , жұпаргүл шөбі 20 г мөлшерінде алынады.
В) таңқурай жемісінің екі бөлігі , өгейшөп жапырағының екі бөлігі , жұпаргүл шөбінің бір жапырағын араластырып , екі ас қасық қоспаға бір стакан қайнаған ыстық су құйып , 5 минут қайнатады. Дәкемен сүзіп кәдімгі қайнаған су сияқты ішеді.
Жүрек қан тамыры ауруларын емдеуге пайдаланылатын қоспалар (өсімдіктер грамм есебімен алынып отыр)
Бұрыш жалбыз ( жапырағы ) –30 ; бестармақты сасықшөп (шөбі)-30 ; дәрілік шүйгіншөп ( тамыры ) 20 ; кәдімгі құлмақ (бүршігі ) –20: бұл қоспадан дайындалған тұнбаны нерв қозғанда , ұйқы қашқанда пайдаланылады . Ол үшін осы тұнбаны күніне үш мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Дәрілік шүйгіншөп (тамыры) –25 ,0 ; бестанрмақты сасықшөп (шөбі) 25,0 ; кәдімгі зире (жемісі ) –25,0 ; кәдімгі фенхель )(жемісі ) –25,0 Қоспадан дайындалған тұнбаны нерв қозғанда , жүрек соғуы жиелегенде пайдаланады. Ол үшін осы тұнбаны күніне үш мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Дәрілік шүйгіншөп (тамыры) –30,0 ; бұрыш жалбыз (жапырағы ) –30,0; үш жапырақты субеде –40,0. Бұл қоспадан тұнбаны нерв қозғанда пайдаланады. Ол үшін тұнбаны күніне екі мезгіл жарты стаканнан ішеді.
Бүйрек және зәр жолдары ауырғанда пайдаланатын дәрілік өсімдіктерден жасалатын қоспалар :
Достарыңызбен бөлісу: |