Сабақ жоспары Сыныбы : 3 «Е» Сабақтың тақырыбы : Жеміс-жидектер Сабақтың мақсаты



Дата13.02.2020
өлшемі288.31 Kb.
#447978
түріСабақ
жемістер жидектер

Жеміс-жидектер

618


Сабақ жоспары

Сыныбы: 3 «Е»

Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидектер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша толық мәлімет бере отырып, жемістер мен жидектердің атауаларын дұрыс атай білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың_түрі'>Сабақтың түрі: Аукцион сабағының элементтерін қолдау.

Әдістәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,жұмбақтар айту.

Көрнекілігі: Слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3.Түгендеу

4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

5.Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.



  1. IIӨткенді қайталау

Бүгін сабағымыз ерекшелеу болады. Ал қазірше біз аукционда отырмыз деп елестетейік. Көбіміз білетін шығармыз, аукцион деген не?

Аукцион-бір нәрсені сатып алу, кім де кім ең жоғары бағаны ұсынса, сол сатып алушы болады.

Бізде кіші-гірім аукцион өткізіп көрейік.

Олай болса бастайық. Алма сатылады. Бұл алма сұраққа толық және дұрыс жауап берген оқушыға бұйырады.(Қиықшаның сыртына өрік,шие және жүзімнің суреттері салынған. Ол қиықшаның сыртқы жағында мына тапсырмалар жазылған): Өрік- Мен туралы не білесің?

Шие- Мен туралы не айтасың?

Жүзім- Мен туралы қандай жаңылтпаш білесің?



Өрік:   Мен өрікпін,өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін.



Шие:   Шиемін мен, шиемін

Бұтақта мен отырамын

Бала келсе піскенде,

Ауызына асығамын



Жүзім: Қызым, жүзім же

Жүзімді үзіп же!

Сендер жүзім,өрік, шие туралы жақсы айттыңдар.

Кеелесі сатылатын мынау әдемі ашықхат (әдемі ашықхатты таңдау керек). Ашықхат мына сұраққа жауап берген оқушыға бұйырады.



Сұрақ: Ал енді алма мен алмұрт туралы не айтасыңдар? (Слайдтан алма мен алмұрттың суреті көрсетіледі.)

Сиаттау: -Мынау-алма. Алма- жеміс. Ол дөңгелек. Алма ағашта өседі. Алма қызыл,жасыл, сары түсті болады. Мен алманы жақсы көремін.

-Мынау-алмұрт. Алмұрт –жеміс. Алмұрт сары,жасыл түсті болады. Алмұрт өте дәмді,тәтті.

Мына ашықхат сенікі,игілігіңе жарат.

-Біздің аукцион аяқталды.



Сергіту сәті.

Ал енді жаңа сабаққа көшейік.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Фрукты.


-Фрукты-ягоды сөзінің қазақ тіліндегі баламасын кім айтады?

-Жеміс- жидектер.



Жаңа сабақ:

Кіріспе:

Балалар , адам өміріне жеміс-жидектердің пайдасы мол. Бізге жемістер әртүрлі дәрумендер береді. Дәрумендер –денсаулығымызға өте пайдалы. Ал енді жемістер мен жидектерді ажыратып көрейік. Ол үшін слайдқа назар аударайық.

Ж-  алма                                      Ж- шие

Е-  алмұрт                                   И

М –өрік                                       Д- құлпынай

І-  жүзім                                       Е

С- анар                                         К- таңқурай

Т- шабдалы                                  Т- бүлдірген

Е- ананас                                      Е

Р- алхоры                                      Р- қарақат

Осы жаңа сөздерге сөз тіркестерін  құрайық.

Жеміс-фрукт

Жидек-ягода

Таңқурай-малина

Құлпынай- клубника

Дәрумен-витамин

Алмұрт-груша

Алма-яблока.

Қызыл таңқурай, тәтті  құлпынай, дөңгелек алма, сары алмұрт. Фонетикалық жаттығу: -Осы сөз тіркесіндегі қазақ тіліне тән дыбысқа дыбыстық талдау жасау.

Жаңа сабақты бекіту: Ауызша тапсырма. Сыныпты 2 топқа бөлу.

1-топ. Мәнерлеп оқу, мзмұндау.

2-топ. Мәтінге сұрақ қою. 2-жаттығу. Диалогты рөлге бөліп оқу. Орыс тіліне аудару.

Дәптермен жұмыс. 3-жаттығу.(жақшадағы сөздерді аударып жазу)

4-жаттығу. «Апорт » өлеңін оқу. –Апорттыңатасы қай қала?

-Алматы қаласы. (Қаланың суреті слайдтан көрсетіледі).

-Алматы қандай қала?(«Алматым жүрегімде» өлеңі тыңдалады ).

Сабақты қорытындылау:

Тіл дамыту. Балалар, күнделікті сабақ барысында біз кезектесе отырып, өлең, жұмбақ айтушы едік. Ал бүгін кім жұмбақ, өлең айтады?

Үй  тапсырмасын беру: 5-жаттығу. Берілген сөздерді қазақ тіліне аудару. Жаңа сөздерді жатқа айту.

Бағалау: Ескерту,мақтау айта отырып,белсенді оқушыларды бағалау.

Кері әсер: Балалар,бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақтан мәлімет ала алдыңыздар ма? Сабақ ұнады ма?

 

абақтың тақырыбы: Базарда. Саяжайда. Жеміс. Жидек. Көкөніс. Қайталау. 


Сабақтың мақсаты: 
1. Жаңа сөздермен таныстыру, сөйлемдер құрастыру. 
2. Сұрақ-жауап арқылы тіл дамыту, диалог түрінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 
3. Оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыру. 
4. Тақырыпқа байланысты мақалдармен таныстыра отырып, олардың дұрыс айтылуын үйрету. 
5. Терме диктанты арқылы осы тақырыпқа байланысты сөздердің дұрыс жазылуын тексеру, сонымен қатар білетіндерін тексеру. 
Көрнекі құралдар: Суреттер, муляждар, қиықшалар. Интерактивтік тақта. 
Мақалдар: 1. Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей. 
2. Не ексең, соны орасың. 
3. Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. 
1 Работай до поту, поешь в охоту или Без труда не вынешь и рыбку из пруда. 
2.Что посеешь, то пожнешь. 
3. Один день осени кормит месяц зимы. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Сәлемдесу: 
Қазақ тілінде, балалар, «қонақ» деген сөз бар. Ол сөзді барлық қазақтар- қонақжай халық, жақсы көреді. Қонақтарға жақсы сыйлықтар сыйлайды. Бүгін біздің сабағымызда қонақтар бар. Олар біздің мектептің мұғалімдері. Оларды қарсы алайық.Біздің Сіздерге арналған бүгінгі сыйлықтарымыз «бестік» бағаларымыз болсын. 
Оқушылар: Қош келдіңіздер! 
Бүгін сабақта біз «Көкөніс. Жеміс. Жидек. Базарда» деген тақырыптарды қайталаймыз. 
-Бүгін кім кезекші? - Топта кім жоқ? – Бүгін нешесі? – Қазір қай жыл мезгілі? 
-Көктем туралы не білесіңдер? Не айтасыңдар? 
Қазір көктем. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.Көктемде қар ериді. Күн жылиды. Көктемде наурыз мейрамы болады. Көктемде жаңбыр жауады. 
Жақсы. Қазір бүгінгі тақырып бойынша өткен сөздерді сөзжұмбақ арқылы еске түсірейік. Тақтадағы сөзжұмбақты кім толтырады? 
1. Көкөніс. Годен как при права к острым блюдам. 
2. Вершки лука. 
3. Көкөніс. Его наполняют медом и используют при простуде. 
4. Көкөніс. Неотъемлемая часть винегрета и борща. 
5. Жидек. Полосатый , растущий на колючем кустарнике. 
6. Жидек. Самая ранняя ягода. 
7. Көкөніс. Дыня по-казахски. 
8. Жидек. Сам алый, сахарный, кафтан зеленый, бархатный. 
9. Жеміс. Ближайший родственник яблока. 
10. Көкөніс. Ее бабушки используют для каши, а дети вынимают из нее семечки. 
11.Жеміс. Мы запекаем его в пироге или варим в компоте. 
12. Жидек. Синяя с косточкой внутри. 
13. Корешки лука. 
14. Жидек. Сладкая, ароматная, чтобы сорвать ее надо потрудиться, чтобы не исцарапаться. 
15. Көкөніс. Мы любим сок из него, а так же борщ и салат с ним. 
Екі оқушы тақтамен жұмыс істейді. 
Ал олар сөзжұмбақты толтырғанша біз терме диктантын жазайық.Бірінші қатардың оқушылары көкөністерді теріп жазады.Екінші қатардағы оқушылар жемістерді тереді. Ал мен оларды атамаймын, тек суреттерін көрсетемін. 
Тексеру: Әр қатардан бір бала оқиды. 
Ал екі баланы тексерейік. Біреуі тапсырманы оқиды, екіншісі жауабын айтады. 
Жарайсыңдар, балалар! Ал енді базарға да баруға болады. 
Қазір біз фонетикалық жаттығуды оқимыз: 
Біз базарға барамыз, 
Жеміс, жидек аламыз. 
Қауын, қарбыз тәтті ғой, 
Бірақ бағасы ащы ғой! 
Хормен және жекеше оқылады. 
Енді базардан жеміс-жидек, көкөніс сатып алатын кез де келді. 
Тақтаға екі оқушыдан шығады. 
*** 
-Сәлеметсіз бе! 
-Сәлеметсіз бе!Маған көп көкөніс, жеміс керек. Той болады. 
-Жақсы. Не керек? Менде көп жемістер, көкөністер бар.Мынау қызыл алма өте дәмді. 
-Алманың бір килограмы қанша тұрады? 
-Үш жүз тенге. 
- Ойбай! Ол өте қымбат! Дорого! 
*** 
-Сәлеметсіз бе! 
-Сәлеметсіз бе!Маған мамам көкөніс, жеміс сатып ал деді. Бізге қонақтар келеді. 
- Саған не керек? Маған бір қарбыз, бір қауым және бір килограмм өрік керек. Арзанрақ керек! 
- Мына қарбыз өте тәтті, дәмді. Арзан. Дешево. 
-Жақсы. Аламын. Қанша ақша керек? 
- Екі жүз теңге. 
- Алыңыз! 
-Рахмет! Сау болыңыз! 
Жақсы, балалар, жарайсыңдар.орындарыңа отырыңдар. Рахмет. Қазір үстелде жатқан қиықшаларды алып, сыртындағы тапсырмаларға жауап беріңдер. 
Үстелдің үстінде үш қиықша жатады. Оларда өрік, шие және жүзімнің суреттері салынған, ал қиықшаның сыртқы жағында мына тапсырмалар жазылған: Өрік – Мен туралы не білесің? 
Шие - Мен туралы не айта аласың? 
Жүзім – Мен туралы қандай жаңылтпаш білесің? 
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін, 
Бау-бақшаға көрікпін. 
Шие: Шиемін мен шиемін 
Бұтақта мен отырамын 
Бала келсе піскенде, 
Ауызына асығамын 
Жүзім: Қызым, жүзім же, 
Жүзімді үзіп же! 
Сендер жүзім, өрік, шие туралы жақсы айттыңдар, ал енді алма мен алмұрт туралы не айтасыңдар? На доске две картинки крупно. 
- Мынау алма. Алма – жеміс. Ол дөңгелек. Алма ағашта өседі.Алма қызыл, жасыл, сары түсті болады. Мен алманы жақсы көремін. 
- Мынау – алмұрт. Алмұрт – жеміс. Алмұрт ағашта өседі. Алмұрт сары, жасыл түсті болады. Алмұрт өте тәтті, дәмді. 
Ал енді жұмбақ шешеміз. Мен оларды орыс тілінде ал сендер жауабын қазақ тілінде беріңдер. 
1. Сам алый, сахарный, кафтан зеленый, бархатный. – Қарбыз 
2. Круглое, румяное, с дерева достану я.- Алма 
3. Ағашта оның мекені, піскенде түсіп кетеді. -Алмұрт 
4. Терезесіз, есіксіз үй ішінде толған адам. – Қияр 
5. Жүз киім киген ақсақал отыр, кім оны шешіндірсе, сол көз жасын төгеді. – Пияз. 
Мәтінмен жұмыс. Текст слушается с голоса учителя. Перед этим новые слова для понимания текста: 
Сатушылар- продавцы 
Сатып алушылар – покупатели 
Бағалары- цены 
Арзан – дешево, дешевый 
Біздің базар Интернационал көшесінде орналасқан. Ол үлкен. Онда көп адам бар: сатушылар, сатып алушылар. Біздің базарда көкөніс, жеміс көп. Қауын, қарбыз, асқабақ, шие өрік, шабдалы. Адамдар базарға келіп көкөніс, жеміс-жидек сатып алады. Базардың бағалары арзан. 
Сабақ қортындысы.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Кенжалиева Галия Туракбаевна



Жеміс-жидектер айтысы

Табиғат-күллітіршілікатаулыныңқұттықонысы, алтынұябесігі, құтберекесі. Осытабиғаттыңтөртмезгілініңерекшелігіменестеқалатынықазанайы. Айналасарытүскебоялып, сарыалтындайжалтырапкөздіңжауыналарысөзсіз. Осыған байланысты

Неқасиетбардейсің, осыкүзде-

Депайтқаныәркімніңесімізде.

Етмайыментоқашынқолтықтапап,

Байлық, ырысәкелгеносыбізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқпа,

Отанның берекелі қамбасына-

деп, ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салуға ортаға салайық.. Ендеше 2«ә» сынып оқушылары өнер көрсетеді.

Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық.

(Оқушылар қолдарына вазаға салынған жемістерін ұстап ортаға келед)і.

Бәрі:

«Жомарт күздің жемісі» дәмді болсын,

Көңіліміз жайнасын,әнге толсын!

Ән «Күз келгенде»

Әннен соң,қолдарындағы жемістерін дастарханға қояды.

1-оқушы:2-оқушы:

Қосып білім нұрға-нұр,Берекесін сыйлауға,

Біздер бүгін жарқынбыз. Өлкемізге күз келді

Басы оқу жылының, Жемістерін жинауға,

Берекелі Алтын күз. Шақырады біздерді.

3-оқушы:

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.Өйткені:

Егінді ел жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ән: «Ақ бидай»



Мұғалім:Осындай дәулеті тасқан еліміздің алқабы астыққа толы болса нан да,ән де болары сөзсіз. Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық. (Ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды.)

Жүзім:

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,



Өзім әбден тойыппын.

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды,

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,



Күнде қызыл алмамды .

Қауын:

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,



Ауырын-ай, ауырын.

Қияр:

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей бер ұял ма.

Көтергенше берейін,



Қапшығыңа сияр ма?

Өрік:

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.



Асқабақ:

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәмі,



Таптырмайтын дәрі.

Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,



Қызанаққа жалғанда.

Қарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Мұғалім:Алтын күз сіздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді,олар тапсырмалар болар бәлкім?

Алтын күз:-Әрине,(Жапырақтарын көрсетеді) Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.

1-Жапырақ тапсырмасы ( Жұмбақтар)

1)Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)

2)Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)

Мұғалім:Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?

Алтын күз:Олар айтысқа шығады.

К ө р і н і с

Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшаның ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан кетпейді..(Кетеді)

Бағбан:(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау, Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.



Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!

Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.

Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.

(Әрқайсысын жұлқылап оятады)



Жуа:Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!

Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!



Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)

Би

2-жапырақ тапсырмасы



«Көкөністердің адамға пайдасы».

(Балалар ортаға шығып орындайды.)

1-бала.Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

2- бала.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .

3-бала.Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.

4-бала.Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

5-бала.Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

6-бала.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

7-бала.Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

Мұғалім:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттері мен де таныстық. Осы көкөністеріміз бенжемістерімізге байланысты ойын ойнап сергіп алайық.

Ойын

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).

Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)

3-жапырақ тапсырмасы

( Пайдалы кеңестер)

1-бала.Көкөністер неғұрлым ірі туралса,соғұрлым қоректік заттары жақсы сақталады.

2-бала.Жас картопты асқанда суды алдымен қайнатып алады.

3-бала.Сәбіз,картоп,пиязды аршығанда,қол сарғайып кетеді.Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүрту екрек.

4-бала.Қабығымен асқан картопты тез аршу үшін 1-2 минут салқын суға салып алған дұрыс.

5-бала.Қызылша,сәбіз,картопты бір ыдыста қайнатылса, олардың түсі де,түрі де бұзылады.

6-бала.Қауын немесе қарбыз жегеннен кейін суық су ішпеңіз.

7-бала.Кепкен жемістерді, алма мен алмұртты -40 минут,өрікті -20минут,мейізді-5 минут қайнату керек.

Мұғалім:

Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.

Күзіміздің қоштасатын уақыты да жақын екен.

Алтын күз:

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман –есен болыңдар.

Себеттегі суреттерге жазылған салат рецептілерін таратады.



Мұғалім:Алтын күз бізбен қоштасарда өзіңнің өнеріңді тамашаласақ дейміз.

Ән«Кеш жарық»



Мұғалім Күзге рахмет айтып,қонақтарға пайдалы кеңестер үлестіреді.

1-тапсырма. Мына сөздерден сызба құра:

Алма,құлпынай,алмұрт,таңқұрай,жүзім,қарақат,шие,шабдалы,өрік,

анар,банан,апельсин,

мандарин,мүкжидек(клюква),жиде, қауын,алша,ананас,қара бүлдірген,годжи,алхоры,лимон,

итмұрын,барбарис

Жемістер- _______

Жидектер-

2-тапсырма. Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құра

3-тапсырма. Жеміс не жидек атауы кездесетін өлең,жұмбақ,мақал айт

Кері байланыс

1. Жеміс. Полосатый , растущий на колючем кустарнике. қарбыз
2. Жидек. Самая ранняя ягода.  бүлдірген,таңқұрай
3. Жеміс. Дыня по-казахски. қауын
4. Жеміс. Сам алый, сахарный, кафтан зеленый, бархатный. қарбыз
5. Жеміс. Ближайший родственник яблока. алмұрт
6.Жеміс. Мы запекаем его в пироге или варим в компоте. алма
7. Жеміс. Синяя с косточкой внутри. қара өрік
8. Жидек. Сладкая, ароматная, чтобы сорвать ее надо потрудиться, чтобы не исцарапаться. бүлдірген
 
1-тапсырма. Мына сөздерден сызба құра:

Алма,құлпынай,алмұрт,таңқұрай,жүзім,қарақат,шие,шабдалы,өрік,

анар,банан,апельсин,

мандарин,мүкжидек(клюква),жиде, қауын,алша,ананас,қара бүлдірген,годжи,алхоры,лимон,



итмұрын,барбарис

Жемістер- _______

Жидектер-

2-тапсырма. Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құра

3-тапсырма. Жеміс не жидек атауы кездесетін өлең,жұмбақ,мақал айт

Кері байланыс

1. Полосатый , растущий на колючем кустарнике. 
2. Самая ранняя ягода. 
3. Дыня по-казахски. 
4. Сам алый, сахарный, кафтан зеленый, бархатный. 
5. Ближайший родственник яблока. 
6. Мы запекаем его в пироге или варим в компоте. 
7. Синяя с косточкой внутри. 
8. Сладкая, ароматная, чтобы сорвать ее надо потрудиться, чтобы не исцарапаться. 
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет