Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет15/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
10
университеттің де қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетеді деген ұстаным бар. Ал, оқыту 
сапасын төмендетпей, студенттерді университетте «сақтап қалу» академиялық қолдау кешені 
арқылы жүзеге асырылады. Екінші себеп, пэр-тьютор ретінде артта қалған білім алушылармен 
қосымша сабақтар жүргізген студенттің әрбір сағатына профессорға төлегеннен әлдеқайда төмен 
төлемақы төленеді.
Бірқатар зерттеуші, пэр-тьютор бағдарламасының студенттердің оқудағы жетістігіне, 
көрсеткіштеріне жағымды әсер еткенін анықтай келе, оның келесі басымдықтарын айқындадық:
1. пэр-тьютор, студенттің оқу іс-әрекеті мен дағдыларын, оқу үдерісіне толықққанды қатысу 
белсенділігін жоғарылатады;
2. оқыту екі жаққа пайдалы үдеріс: пэр-тьютор – оқытушы- білім алушы;
3. пэр-тьютор, білім көрсеткіштері мен қабілеттері аралас студенттермен, оқытушының жеке- 
дара жұмыс жасау жүктемесін жеңілдетеді;
4. пэр-тьютор сабақтары, көп мөлшерде қаржыны талап етпейтін, жалпы университетттік білім 
беру үдерісінің кемшіліктерінің алдын алатын академиялық қолдау көрсету түрі .
D.Saunders [15] өз еңбегінде жоғары деңгейде ұйымдасқан университеттік пэр-тьютор 
бағдарламасының төмендегідей негізгі сипаттамасын берді:
- қауіпті зонадағы студенттерді пэр-тьютор сабақтарына тарту, оқыту іс-әрекетін ментор ретінде 
өткізу, студентке көмек қажеттілігі психологиялық стигмасын (жапсырма), кедергілерін төмендетуі;
- пэр-тьюторлардың жұмысын ынталандыру, белсендіру, олардың маңызды жұмыс атқарып 
жатқанын сезіндіруі;
- пэр-тьютор сабақтары тиімді болу үшін, қосымша оқыту әдістері, жас, жеке тұлға ерекшеліктері 
және т.б. мәселелер бойынша семинарлардың жүргізілуі;
- қауіпті зонадағы студенттерге тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделген жеке дара пэр-тьютор 
сабақтарының тиімділігі;
- жергілікті колледждер, университеттер мен кәсіби мекемелермен жақын қарым-қатынас орнату, 
пэр-тьютор бағдарламасына қатысты жаңа идеялар, зерттеу жұмыстары жасауға мүмкіндік беруі.
АҚШ студенттерінің университетте пэр-тьютор cабақтарын жүргізуінің басты себептеріне, 
материалдық-қаржылық жағдайын көтеру, оқу пәні бойынша кредиттер жинау, университетті 
аяқтау (graduation) талабын орындау жатады. Кейбір американдық студенттер университеттің тала-
бынсыз ерікті түрде (волонтер) тьютор болып, артта қалушы студенттердің оқу үлгерімін арттыруға 
өз үлесін қосады.
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі пэр-тьютор ұғымының мәні мен, университеттегі 
рөлін анықтау, әртүрлі университеттердегі тәжірибесін жан-жақты талдау төмендегідей қорытынды 
жасауға мүмкіндік берді:
1) тьюторлық жүйе-студенттерді пән білімін жетілдіруге бағытталған оқытушылардан басқа 
белгілі бір кеңесшілерге бекітудің университеттік жүйесі; 
2) пэр-тьютор бағдарламасы аясында, студентердің мотивациясын, жауапкершілігін арттыру 
үшін «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching), «оқыту арқылы екі рет оқу, қайталау» – (to teach is 
to learn twice) сияқты идеялары қолданылады.
3) пэр-тьютор қосымша сабақтары, белсенді оқыту формасы ретінде «оқыту арқылы оқу» 
парадигмасы аясында дамиды. 
4) пэр-тьютор бағдарламасы университеттік білім сапасын арттырады, студенттердің оқу 
үлгеріміне жағымды әсер етеді, оның жеке оқу траекториясын саналы түрде жүзеге асыруына
өзіндік ықпалын тигізеді. 
АҚШ университеттеріндегі оқыту үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған академиялық 
қолдау көрсету бағдарламаларының мәні мен ұйымдастырылу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау 
жүргізу, олардың белгілі бір орталық деңгейінде институционалдық деңгейде ұйымдастырылғанын,
студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға, белсенді білім алу позициясын дамытуға 
орасан үлесі бар екенін анықтаймыз. Кешенді түрде жүргізілетін эдвайзер, тьютор сияқты 
академиялық қолдау көрсету бағдарламалары арқылы АҚШ университеттері, студентің қажеттілігі 
мен жекетұлғалық, кәсіби дамуына бағытталған оқыту-тәрбие үдерісін қалыптастыруды мақсат 
етеді деп қорытынды жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет