Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет492/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
408
Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі өзін- өзі ұстауы. Қандай көңіл- күйде 
болсаң да: шаттық, қайғы- қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін- өзі билеп, ұстауы 
қажет. Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті.
«Менің ойымша, тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды- әрқашанда бақытсыз». 
Сократ адамның жан дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің 
жолын көрсетті.
Ал, Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты 
бейнелеуде қолданды. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін 
жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде 
этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке 
үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы 
рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның 
пайдасы болмас еді» - дейді.
Әл-Фараби «этика» немесе «этикалық өнер» - адамның адамгершілік сапалары мен 
интеллектуалдық қабілеттері туралы ғылым, ол адам мінез-құлқының ережесі мен нормаларын 
және бақытқа жету тәсілдерін зерттейді деп тоқтала келе, этикалық категорияларға жақсылықты, 
достықты, өзара көмек көрсетуді, әділеттідікті, абыройды жатқызады 
Қазақ совет энциклопедиясында: «этика – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, 
адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әртүрлі 
қоғамдық құбылыстарындағы сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі» - деп 
жазылған [3].
И. Конның этикалық сөздігінде: «Этика – зерттеу объектісі мораль болып табылатын 
философиялық ғылым», философиялық сөздікте «этика – зерттеу объектісі мораль болып табылатын 
ең көне теориялық пәндердің бірі». Ж. Н. Сарсенова «этиканы – мораль теориясы» десе, ал, Р. Г. 
Апресян мен А. А. Гусейнов ғылымды, білім саласын, интеллектуалдық дәстүрді этика деп атап, 
«мораль» мен «адамгершілік» сөздерін синоним ретінде қолдана отырып, оларға этиканың зерттеу 
пәні ретінде анықтама береді .
Ал, бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, 
адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін заман талабына сай білім мен тәрбие 
беружүйесін ізгілендіруде, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауда халықтық педагогика 
мұраларын пайдалану арқылы тәрбиелеудің маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің 
мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (27.07.2007 N 3193) заңында: «Ұлттық және жалпы 
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуатмүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен 
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау 
арқылы ой-өрісін байыту » 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасында: «Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі – әрбір мектепте тұлғаның 
адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру»
ҚазақстанРеспубликасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз 
Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат құндылықтарына баса 
назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыпының толымды түлеуі, гуманитарлық 
ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық 
салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттың мәдениетінің қазыналары мен дербестігін 
мойындау», – деп атап көрсетілген болатын.
Н
.Ә. Назарбаев «Әлемдік жаһандану дәуірінде ізгілік, кісілік, адамгершілік, имандылық, 
бауырмалдылық, отаншылдық, ұлтжандылық сияқты ұлттық құндылықтарды сақтап қалу 
айтарлықтай маңызды. 
Ал, бұлардың барлығының негізі ұлттық тәлім-тәрбиеде жатыр».
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік құндылықтары қалыптасқан 
халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет