Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Жобалық-сметалық құжаттама құрамы



бет23/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

2. Жобалық-сметалық құжаттама құрамы. Жобалық-сметалық құжаттама құрамына кіретіндер:

  • жалпы түсіндіру хаты;

  • сәулеттік-құрылыс шешімдері;

  • кірістірілген тұрғын емес орынжайлар бойынша техноло- гиялық шешімдер;

  • инженерлік жабдық бойынша шешімдер, қайта құруды ұйымдастыру жобасы;

  • ғимаратты техникалық пайдалану жобасы;

  • сметалық құжаттама.

Екі кезеңді жобалау барысында әзірленетін, ғимаратты қайта құру жобасында келесілер қамтылады:
а) жалпы түсіндіру хаты (негізгі сұлбалар: ситуациялық жоспар; салынған, қайта құрылып жатқан және жобаланатын ғимараттар, абаттандыру мен көгалдандыру көлемдері, сыртқы инженерлік желілер жөніндегі түбегейлі шешімдер көрсетілген бас жоспар);
б) сәулеттік-құрылыс жоспарларының қысқаша сипаттамасы қамтылған құрылыс шешімдері; сумен қамсыздандыру, желдету, кәріздендіру, газбен және электрмен қамсыздандыру шаралары; конструкцияларды қорғау шаралары; белгіленген тәртіпте ресімделген, қолданылатын үлгілік және қайталамалы жобалардың, конструкциялар мен тораптардың, азаматтық қорғаныс жоспарларының тізбесі (негізгі сұлбалар: салмақ түсетін және қоршау конструкцияларының сұлбасы көрсетілген ғимараттардың жоспарлары, қималары мен қасбеттері; үлгілі емес конструкциялардың, тораптардың, сұлбалардың жұмыс сызбалары);
в) қамсыздандыру көздерінің және қабылданған шешімдердің қысқаша сипаттамасы, үлгілік және қайталамалы қолданылатын конструкциялар, тораптар (негізгі сызбалар: жоспарлар, сұлбалар, конструкциялардың сызбалық қималары) жобаларының тізбесі бар инженерлік бөлімдер (су құбыры, кәріздендіру, жылыту, электрмен қамсыздандыру және т.б.);
г) қайта құруды ұйымдастыру жобасы;
д) ғимаратқа техникалық қызмет көрсетудің басты қағидаттарын, ажырап қалатын құрылғылар, пайдалану кезінде ерекше назарда болуы тиісті тораптар туралы мәліметтерді қамтитын «Технология және ғимараттарды пайдалану» бөлімі;
е) сметалық құжаттама: нысандық және жергілікті сметалар; жиынтық сметалық есеп пен шығындар жиыны; тиісті қайта құру кешеніне кіретін нысандарды қайта құру құнының сметалық ведомостері; материалдардың ведомостері.
Қайта құру жағдайларында құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі түрлері (жер жұмыстары, конструкцияларды күшейту және т.б.) жаңадан тұрғызылатын конструкциялардың (немесе олардың элементтерін) бар конструкцияларға не технологиялық жабдыққа жанасуымен ұштасады. Бұл жайттар таршылық жағдайында негізгі жұмыстардың орындалу күрделілігін де, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді (ҰТШ) қайта құру нысанын жобалап болғаннан кейін емес, оны бастамас бұрын, нысаналды зерттеу және бастапқы деректерді жинау үдерісінде әзірлеу қажеттілігін анықтайды.
ҰТШ-ны әзірлеу үшін бастапқы деректердің құрамына ғимарат тар мен құрылыстардың техникалық төлқұжаты, техникалық құжаттамасы немесе ғимараттар мен құрылыстардың өлшеу сызбалары, конструкцияларды зерттеу материалдары (актілері), құрылысшыларға жұмыстар ауқымын беру, конструкциялар өндірісі және демонтаждау регламенті мен шарттарына сәйкес барлық шектеулер жазылған тапсырушының анықтамасы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет