Ғимараттар мен имараттарды қайта жаңарту
Ғимараттар мен имараттарды қайта жаңарту дегеніміз – олардың функционалды қызметін ішінара немесе толығымен өзгерту мақсатында жаңа тиімді құрылғыны орнату, алаңдағы салынған құрылыстарды жақсарту, заманауи жоғары нормативті талаптарға сай келтіру.
Іргетасты қайта жаңарту.
Кез келген іргетас ерте ме, кеш пе қайта жаңартуды қажет етеді. Оған түсетін үлкен жүктемелер, құрылымның тозуы – осының барлығы іргетастың беріктігіне әсер етеді.
Іргетасты күшейту, оған түсетін жүктемені азайту, гидрооқшаулау мен топырақты нығайту жоғары кәсіпқойлық пен сақтықты талап етеді, сондықтан мұндай жұмыстармен тек біліктілігі жоғары мамандар ғана айналыса алады.
Қабырғаларды қайта жаңарту
Қабырғаларды қалпына келтіру кезінде жарықтар мен ішкі кемшіліктерді түзетіп қана қоймай, салмақ түсетін құрылымдарды нығайту керек, қабырғаға түсетін жүктемені дұрыс азайту қажет.
Қаңқаға темір бетон құрылымдар енгізіліп, ескі қабырғаның үстінен қалауға болады және басқа да жұмыстарды орындауға болады.
Қасбеттерді қайта жаңарту
Климаттық жағдайларда ғимараттар қасбеттері көбінесе тозуға бейім және әдемі сыртқы түрін жоғалтып алады. Заманауи материалдардың арқасында қасбетті жылдам және салыстырмалы күрделі емес жаңартуға болады.
Шатырларды қайта жаңарту
Шатыр химиялық және механикалық әсерлерге көп ұшырайтындықтан, көбірек қайта жаңартуды қажет етеді.
Қайта жоспарлау
Қайта жоспарлауды жүргізу көбінесе үйді, офисті, сауда алаңын жақсарту, оның функционалды қызметін ұлғайту ниетімен байланысты.
Бірақ қайта жоспарлауды орындап қана қоймай, оны құрылыс нормалары мен ережелерін сақтай отырып, сәйкесінше инстанцияларда бекіту керек.
Дәріс 3. Ғимаратты техникалық қайта жабдықтауда және қайта құрылымдауда құрылыс-жинақтау жұмыстары
Достарыңызбен бөлісу: |