Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
74) балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;
75) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;
76) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;
77) балаларды балалар ауылындағы отбасына беру туралы үлгілік шартты бекіту;
78) балалар ауылының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және тәрбиеленушінің (түлегінің) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгілік шартты бекіту;
79) азаматтардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;
80) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру;
81) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
82) мүгедектерді оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
83) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
84) кәмелетке толмағандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оны білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
85) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
86) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
87) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әзірлеу және бекіту;
88) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;
89) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
90) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
91) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
92) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
93) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
95) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
97) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
98) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлеу және бекіту;
99) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
100) университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды айқындау және бекіту;
101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
102) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
103) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
104) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;
105) білім беру ұйымы ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
106) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
107) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандықтар топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;
108) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
109) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
110) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
112) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
114) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
115) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыру тәртібін айқындау;
116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;
118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;
119) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
120) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;
121) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;
122) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
124) білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындау;
125) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындау;
126) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
127) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
128) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
129) орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
130) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
131) мемлекеттік қызмет көрсету.
Ведомстволардың функциялары:
1) білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
2) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
11) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;
12) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
13) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
14) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
18) ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
19) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
22) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
24) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;
27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
31) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
34) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;
35) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнімнің берілуін бақылауды жүзеге асыру;
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;
43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
44) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
45) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
46) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
48) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
51) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
52) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
53) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;
54) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
55) ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 958 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
57) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
58) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
59) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;
60) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
61) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
62) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001
Достарыңызбен бөлісу: |