Қазақстан республикасы білім және ғылым


Орта буындағы «Әдебиеттің оқу» оқулықтары



бет16/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Орта буындағы «Әдебиеттің оқу» оқулықтары


    1. кесте.



Арналған
сыныптары

Жарық кӛрген жылдары

Оқулықтың авторлар қҧрамы

Оқулықтың аты

1

2

3

4

4-сынып

1967

Т.Әбдірахманов,
Ә.Дайырова

«Әдебиеттік оқу»
кітабы

4-сынып

1971-1972

Т.Абдрахманов, Ә.Дайырова

«Әдебиеттік оқу» кітабы

4-сынып

1973-1989

Т.Абдрахманов,
Ә.Дайырова

«Әдебиеттік оқу»
кітабы

5-сынып

1989-1995

Т.Абдрахманов, Ә.Дайырова,
Қ.Айтқалиев.

«Әдебиеттік оқу» кітабы

6-сынып

1941, 1942, 1947

А.Кӛшімбаев

«Әдебиеттік оқу»
кітабы

5-сынып

1940

Ш.Кәрібаев

«Әдебиеттік оқу»
кітабы

5-сынып

1941-1960

Ш.Кәрібаев, С.Тілешова

«Әдебиеттік оқу» кітабы

1

2

3

4

6-сынып

1989-90

Ш.Кәрібаев, С.Тілешова,
К.Назарғалиева

―Әдебиеттік оқу‖ кітабы

6-сынып

1941-1951

Қ.Бекхожин

«Әдебиет»

7-сынып

1989

Ш.Аманов, Ш.Ахметов,
Р.Құтқожина.

«Әдебиет»

8-сынып

1989-1991

Ш.Кәрібаев,
Н.Ғабдуллин

«Әдебиет»






1 Әбдірахманов Т., Дайырова Ә., Айтқалиев Қ. Ш.Беркімбаева Әдебиет. 11 ж. қазақ орта мектебінің 5-класына арналған оқулық-хрестоматия. Алматы: Рауан, 1992.
2 Ісламжанұлы К., Тілешова С., Әрінова Б., Баттал Р.Әдебиет. 6-класына арналған оқулық-хрестоматия. Алматы: Рауан, 1992.

Кеңес мектебі мен еліміз егемендік алған алғашқы жылдары қазақ әдебиетін орта буында оқытуға мұрындық болған «Жаңа буын»


оқулықтары.

    1. кесте.




Арналған
сыныптары

Жарық кӛреген жылдары

Оқулықтың авторлар қҧрамы

Оқулықтың аты

5-сынып

2001

Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиев, Г.Құраманбаева,
Ш.Беркімбаева.

«Жаңа буын» оқулығы
Әдебиет

6-сынып

2002

К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова,
Б.Әрінова, Р.Баттал.

«Әдебиет»

7-сынып

1993-2003

Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева,
Қ.Жаманбаев.

«Әдебиет»

8-сынып

1996-2004

Н.Ғабдуллин, С.Мақпыров,
Г.Құрманбаева

«Әдебиет»

Ӛмір ӛзгерісі кӛзқарас, әрекет ӛзгерісіне ұласатыны белгілі. Ел тәуелсіздігімен қатар оқу-ағарту саласында да бірнеше реформалар орын алды. Бұл ӛз кезегінде жаңа типті бағдарламалардың жазылуына сұраныс тудырды.
Алғашқы әдістемелік ізденістер. Қазақ әдебиеті жеке пән ретінде отыз екінші жылдан бастап оқылғанымен қазақ әдебиеті әдістемесінің туу тарихы одан ерте басталатынына ұлы ұстаздардың оқыту саласындағы жасаған мұрасы — алғашқы оқу құралдары, әдебиет оқулықтары мысал бола алады. Сол әдебиет оқулықтары әдебиет әдістемесіне алғашқы баспалдақ болып есептеледі. Осы тұрғыда ұлы ұстаздар Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының, Спандияр Кӛбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімәсі» қазақ әдебиеті әдістемесіндегі алғашқы еңбектер деуге толық негіз бар. Себебі бұл оқулықтардағы оқу материалдары оқушылардың жас ерекше- лігіне, таным, түсінік деңгейіне орай сұрыпталып, оқушылардың берілген материалды қабылдау мүмкіндігіне сай келген. Автордың ӛзі кітап туралы былай деген: «Үлгілі бала» хрестоматиясында Крыловтың ӛзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін қазақ тұрмысына лайықтап жаздым. Сол сияқты қазақтың бай ауыз әдебиетін сұрыптап пайдаландым. Осымен қатар, бұл кітапқа табиғат туралы оның әр алуан құбылыстары туралы, география, ӛсімдік, жануарлар туралы мағлұматтар беретін, балалардың ұғымына сиымды және қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім. Әрбір әңгіменің соңына сұрақтар қойдым». Осының ӛзінен оқыту әдістемесіне жасалған алғашқы қадамды айқын аңғаруға болады.
Алғашқы оқулықтардың дүниеге келуі әдістеме ғылымының басталар алғашқы қадамы ғана. Жалпы қазақ әдебиеті әдістемесінің тууы қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқылуымен іліктес ӛрбіп отырған деуге болады.
Қазақ әдебиеті пәнінің дүниеге келуі ӛзімен қоса шешімі күрделі кӛптеген мәселелерді туындатты. Сӛйтіп отызыншы жылдардан бастап әдебиет әдістемесінің кейбір мәселелерін баяндайтын мақалалар жазыла бастады. Алғашқы мақалаларда кӛпшілік мұғалімдер қажет етіп отырған мәселелер сӛз етілді. «Абай» журналының 1918 жылғы 11 санында жарық кӛрген М.Әуезовтің «Оқу ісі» мақаласы мектеп ашу мәселесіне арналды.
Осындай ӛзекті мәселелерді кӛтерген алғашқы мақалалар авторының бірі — Ә.Мәметова. 1932 жылы жарық кӛрген «Әдебиет құралы» оқулығына С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтермен бірге автор болған әдіскердің 30-40 жылдары жарық кӛрген мақалалары «Ауыл мұғалімі» кейіндеп «Халық мұғалімі» аталған әдістемелік журналда жарық кӛріп отырған. Әдіскердің мақаласы кӛбіне оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне, әдебиет пәнінің саяси-әлеуметттік, идеологиялық ықпалын қарастыру мәселелеріне арналады.
Ә. Мәметованың 1927 жылы «Қызыл Қазақстан» «Кӛркем әдебиет туралы» деген мақаласы, «Халық мұғалімі» журналының 1934 жылғы №8 санындағы «Мектеп балаларын әдебиетпен таныстыру» атты мақаласы, аталған журналдың осы жылғы № 9 санында «Үшінші бӛлімде әдебиет шығармасын талқылау түрі» деген мақаласы «Ауыл мұғалімі» журналының 1935 жылғы № 6 санында, «Балаларымызға кӛркем әдебиеттің ең жақсы нұсқауларын беретін уақыт жетті» деген мақаласы жарық кӛрген.
Ә.Мәметова: «Шығарманы оқушылармен таныстырмас бұрын әуелі оқытушы ӛзі жақсы талдап түсініп алуы тиіс. Онан кейін оқушыларға берілетін негізгі мәліметі қайсы, қосымша беретін түсінігі қай дәрежеде, ол алған білімдерін оқушылар қай жолмен нығайтады осылар оқытушыда анық болуы тиіс», - деген пікір айтады.
«Балаларға кӛркем әдебиеттің ең жақсы нұсқаларын беретін уақыт жетті» деген мақаласында Ә.Мәметова мектепте оқылатын шығармалардың оқушы ұғымына лайықтылығын сӛз етеді. 1928 жылдан бергі балалар әдебиетінде 30-40 шамалы ғана кітап бар екенін, оның ӛзі аударма кітаптар ғана екендігін сӛз етеді. Балалар әдебиетінің күрделі екендігін айта келе, сыншылар мен әдебиетшілер тарапынан осы мәселелердің қолға алынуы қажеттігін ескертеді.
30-жылдардағы әдістемелік ой-пікірлердің даму деңгейі, әсіресе, Ә.Үсеновтің «Ауыл мұғалімі» журналында жарияланған «Кӛркем әдебиет сабағының методы»1 «Кӛркем әдебиет сабағының түрлері»2 мақалаларынан кӛрінеді. «Кӛркем әдебиет сабағының методы» атты мақалада әдебиет пәні сынып ӛскен сайын күрделеніп, оқушылардың әдебиеттану ғылымының теориялық мәселерімен де таныс болу керектігі айтылады. Автор: «Ү сыныптан бастап-ақ «әдебиет-образ бен шындықты ашық сана арқылы



1 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының методы // «Ауыл мұғалімі журналы» №4, 1934 - 10-15 б.
2 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының түрлері //«Ауыл мұғалімі журналы» №4,1936
.
танытатын және адамға тәрбие беретін құрал деген анықтаманы бірте-бірте шәкірттер санасына ұялату керек. Ал жоғарғы кластарда бұның үстіне кӛркем әдебиеттің жаратылысы мен ӛзіне жас ерекшелігі туралы балалардың ұғымын кеңітіп, әрі тереңдету, материалды сын кӛзімен оқу, анализ жасағанда типтер мен образдарды терең тану, әдебиет стилін білу т.б. керек болады»1 - деген пікір білдіреді. Ә.Үсенов жаңа сабақты үш топқа бӛліп кӛрсетеді:

  1. Оқушыларды тарихи және тарихи-әдеби материалдармен таныстыру;

  2. Шығарма тексін оқытып, жақсы таныстыру;

  3. Шығарманы талдап, анализ беру.

Мақалада тӛменгі сыныптар мен жоғары сынаптардағы материалдың кӛлеміне қарай тӛменгі сыныптарда сыныптағы талдау жұмыстарына кӛбірек орын беріліп, кӛлемі үлкендеу шығармаларды жоғары сыныптарға беруге болатынын айтуы автордың әдіскер ретінде оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін дұрыс саралай алғандығын танытады. Сондай-ақ мұғалім сыныпта ӛз бетімен орындалатын жұмыстарға бағыт беріп, басшылық жасауы керек деген ой арқылы да шығармашылық сабақ мәселесіне жақындай түседі. Автор мәтінді оқыту жолдарын, мазмұндап айту, жас ерекшелігіне қарай талдау жасату, шығармадағы характер, тип, образ, шығарма композициясы, сюжеті, шығарма тілі, кӛркемдік құны, әдісі, стилі, шығармадағы мазмұн мен форма т.б. ерекшеліктеріне кӛңіл бӛлгізу керектігін айтады. Әдебиеттің пән ретіндегі ерекшелігін басқа пәндермен салыстыра кӛрсету керек деген де ой айтылған. Жалпы алғанда, бұл мақаланың бағалы жағы — сол тұстағы оқыту дәрежесіне қарағанда алғаш осы күнгі шығарма талдау жолдарын кӛрсетуінде байқалады. Солай бола тұра, әдістемелік бұл тарапты айтылған автордың ой- пікірлерінің белгілі бір ғылыми-теориялық негіздері жоқтығы байқалады. Мақалада әдіс пен тәсілдің ара жігі айқын емес.
Ә.Үсенов «Кӛркем әдебиет сабағының түрлері» атты мақаласында:
«Сабақ дегеніміз — алдына қойған анық мақсаты бар, оқушыларға білім беріп, оларды әртүрлі жаттығу жұмыстарымен қаруландыратын, оқу процесін ұйымдастырып, оқушыларды үздіксіз тәрбиелеп отыратын жұмыстың түрі» деген нақты анықтама береді2.
1936 жылы «Ауыл мұғалімі» журналының №9-санында жарық кӛрген. А.Кӛшімбаевтың «Қазақтың орталау мектептеріне арналған әдебиеттік оқу программасының схемасы», «Ауыл мұғалімі» журналының 1938 жылғы №18- санында, М.Жүнісовтің «Абай мектепте» деген мақаласы «Коммунист» газетінің 1940 жылғы 15-қазан айындағы санында, Ә.Қасымбековтің
«Абайдың ұстаздық қызметі» атты мақаласы «Жаңа ауыл» басылымының 1940 жылғы 20-қыркүйектегі санында тағы да басқа осы тектес мақалалар жарияланған.
Отызыншы, қырқыншы жылдарда жарық кӛрген бұл мақалаларда қазақ әдебиетінің жалпы мәселелері, алғашқы оқу құралдарының сапасы, партия



1 Сонда, 12 б.
2 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының түрлері //«Ауыл мұғалімі журналы» №4,1936.
- 11 б.
қаулыларының орындалуы, саяси-әлеуметтік мәселердің сол кездегі әдебиет пәніндегі қамтылуы, әдебиет пәнінің идеологиялық ықпалы, оқу бағдарла- маларының кемшіл тұстары сӛз болады.
Қырқыншы жалдарға дейін қазақ әдебиетінің әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды деуге болады. Бұл қалыптасу бірнеше бағыттағы үдерістен кӛрінеді: осы кезеңде мектептің сабақ жүйесі қалыптасты, яғни жалпыға бірдей орталау және орта білім беру жүйесі құрылды; әдебиет оқулықта- рының ғылыми-әдістемелік, материалдық базасы қалыптасу үстінде болды; оқу бағдарламалары мен оқулықтарының әдістемелік құрал ретіндегі рӛлі күшейе түсті. Әдебиет оқулықтарының оқушы мен мұғалімнің сүйенетін негізгі құрал ретіндегі рӛлінің күшейуі ендігі жерде әдістемелік жүйесін де нығайту талабын туғызды. Ендігі жерде мектеп оқулықтарына әдістемелік нұсқаулардың жазылу қажеттігін туындатты. Сол тұстағы идеологияның әсерінен мектепте оқылатын ақын-жазушыларды іріктеу үлкен жауапкер- шілікпен жүзеге асырылуы себепті, ендігі жерде жеке ақын-жазушылар ӛмірі мен шығармашылығын мұғалімдерге түсіндіруге арналған танымдық мазмұндағы кітапшалар пайда болды.
Қ.Жармағамбетовтің «Жамбыл Жабаевтың ӛмірі мен творчествосы» (1955), С.Сейітовтің «Тайыр Жароков творчествосы» (1955), «Ғабит Мүсірепов творчествосы» (1955), А.Нұрқатовтың «М.Әуезов творчествосы» (1956) деген кітапшалар жарық кӛрді. Бұл кітапшаларда арнайы әдістемелік нұсқау болмағанымен, әдебиет материалы ретінде шығармаларға түсініктеме жасалған.
1957 жылы С.Тілешованың «V класта кӛркем шығармаларды оқыту жолдары» атты мұғалімдерге арналған кӛмекші құралы жарық кӛрді. Бұл әдістемелік құралда да шығарманың идеялық мәнін ашу туралы сол тұстағы талап пен жетекші бағытқа нұсқау жасалады: «Мұғалім шығарманың идеялық, тақырыптық құндылығына кӛп кӛңіл бӛлсін, яғни автордың айтпақшы болған шығармадағы негізгі, түйінді пікірді оқушыларға жеткізу басты міндет болып саналсын»1 -деген пікір жазады. Осының ӛзінен қазақ әдебиетінде 50 жылдарда да авторитарлық жүйенің басымдығы кӛрініс береді.
С.Тілешованың аталған әдістемелік құралында бір сыныпқа берілген әдебиет пәні материалы түгел қамтылған. Яғни 5-сынып оқулығына жазылған алғашқы әдістемелік нұсқау болып табылады.
1957 жылы М.Шәріпованың «Х класта М.Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының кейіпкерлерін талдау» деп аталған әдістемелік кітап- шасы жарық кӛрді. Кітапшада оқушылардың жан-жақты дайындығына кӛңіл бӛлу, оқушыларды іздендіруге жол ашу, мәтінмен жұмыс жүргізудің кейбір әдістері ұсынылған2.



1Тілешова С. Ү класта кӛркем шығармаларды оқыту жолдары. – А., Мектеп, 1957. – 42 б.
2 Шәріпова М. Х класта М.Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының кейіпкерлерін талдау. –А., Мектеп, 1957.
Оқушыларды іздендіру жолдары, оқушылардың ауызша тілін, жазба тілін дамыту жолдарын ұсынған ғылыми-практикалық жағынан мәнді еңбектің бірі
— С.Тілешованың «Әдебиеттік оқу сабақтарындағы жазба жұмыстарының түрлері және жаздыру жолдары» атты әдістемелік мақаласы. Мақалада ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстары бірін-бірі толықтырып тұратын, бір- бірімен сабақтастықта жүргізілетін әрекет екендігі орынды айтылған, мысалдармен дәйектелген. Сынып бойынша жазбаша және ауызша тіл дамыту жұмыстарын алдын ала жоспарлау үлгісін ұсынады1.
1946 жылы «Халық мұғалімі» журналында жарияланған Ә.Қоңыратбаевтың «Мектепте Абайдың мысал ӛлеңдерін оқыту туралы» деген мақаласы – осы тұста жазылған белгілі бір шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту жолдарын ұсынған алғашқы мақала2. Оқушы түсінігіне жеңіл, қызғылықты шығармалар есебінде бағдарламадан мысал ӛлеңдері де орын алған болатын. Сондықтан бұл мақала ӛзекті мәселені қозғаған еңбектің бірі деп айтса болғандай. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1958 жылғы №3-санында жарық кӛрген М.Тӛрежановтың
«Мысал ӛлеңдерді оқыту» атты мақаласы осы тектес шығармаларды оқыту туралы жазылған кӛлемді мақаланың бірі болып саналады. Мақалада тӛменгі сыныптарда Абайдан ӛтілетін мысал ӛлеңдердің ақынның басқа ӛлеңдерімен және қара сӛздерімен ӛзектестігі, идеялық мағынасы туралы түсіндіре келіп, Крыловтан аударылған Абайдың үш ӛлеңі мен Ы.Алтынсарин аударған нұсқасын салыстыра сипаттайды3. Оған қоса автор сабақ барысында, мысал ӛлеңдер бойынша жұмыс жүргізудің ӛзіндік жоспарын құрып ұсынады, бірақ оны іске асыруда мұғалім қандай ұтымды әдістер қолданатыны туралы сӛз қозғалмайды. Осыдан ары қарай әдебиет пәнінің жүргізілу сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік ізденістер бірте-бірте кӛбейе бастады.
1957 жылы Ә.Дербісалиннің «ІХ сыныпта Ы.Алтынсарин творчество- сын оқып-үйрену» атты әдістемелік құралы жарық кӛрді4.
Осы жылы Алматы қаласында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушы- ларының республикалық кеңесі ӛткізілді. Кеңесті 1940-57 жылдардағы қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы қорытындыланды. Жер-жерден келген озат тәжірибелі мұғалімдердің пікірлері ортаға салынды, оқу бағдар- ламалары мен оқулықтарды, сыныптан тыс оқуды жетілдіру мәселелері қозғалып, келешекте атқарылатын істер межеленді. Орыс әдіскерлерінің еңбектерін қуаттап, центристік бағыт ұстанып отырған қазақ әдебиеті әдістемесінде әдебиетті оқытудың кейбір жеке-жеке мәселелеріне іргелі зерттеу жұмыстары да жүргізіле бастады. Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихында 1960 жылдардың орны ерекше. 60-жылдардың екінші



1 Қазақ әідебиеті мұғалімдерінің іс тәжірибесі. А., Мектеп 1972
2 Қоңыратбаев Ә. Мектепте Абайдың мысал ӛлеңдерін оқыту туралы. // Халық мұғалімі. 1946. №9-10. Б 8-13.
3 Тӛрежанов М. Мысал ӛлеңдерді оқыту. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1958. №3. Б. 10-18.
4 Дербісалин Ә. Х класта С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін кӛмекші құрал. Алматы: ОПБ, 1957. – 60 б.
жартысында Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»1, «Қазақ әдебиетінің методикасы»2, А.Кӛшімбаевтың «Қазақ әдебиетінің методикасы»3, «Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методи- касының мәселелері»4 деген еңбектері жарық кӛрді. Аталған еңбектерді қазақ әдебиеті әдістемесінің іргелі мәселесін кӛтергендігі жағынан бағалы деп білуге болады. Осы бір кезеңдерде жеке ақын-жазушылар шығармаларын дербес талдау кӛбірек қолға алынды. Ә.Дербісалиннің «С.Мұқанов твор- чествосын оқыту үшін кӛмекші құрал»5, Ә.Дайырованың «Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыт6, С.Қалиевтің «Ғ.Мүсірепов шығарма- ларын қазақ орта мектебінде оқыту»7, Қ.Тасболатовтың М.О.Әуезовтің твор- чествосын орта мектепте оқыту мәселелерін талдаған «Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары» деген мұғалімдерге арналған кӛмекші құралдар жарық кӛрді8.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет