Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



Дата20.06.2016
өлшемі200.44 Kb.
#148706



3-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрінің

2014 жылғы « »_______

№ бұйрығымен бекітілген









Республикалық орындаушылар байқауын ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер


  1. Республикалық орындаушылар байқауын өткізудің бұл ережелері (одан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жасалды. Олар өнер және мәдениет бейініне қарайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық орындаушылар байқауын өткізу реттерін анықтайды.

  2. Орындаушылардың республикалық конкурсын (одан әрі - байқау) – Білім және Ғылым Министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында (одан әрі-қатысушы) студенттердің кәсіптік дайындығын көтеру мақсатында, аса дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық жағынан өсуін, сонымен қатар Қазақстан музыка өнерін насихаттау үшін ұйымдастырады.

3. Байқаулардың басты мақсаттары – Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім беруді дамыту және шыңдай түсу. Орындаушыларды оқытудың одан әрі тиімді әдістемелерін таңдап енгізу, білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қызметіне дем беру.

4. 35-ші Республикалық байқауы келесі мамандықтар бойынша өткізіледі: 0404000 «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада мамандығы» (түрлері бойынша), маманданулар: «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», «Халық аспаптары» (қазақ, орыс), «Эстрадалық музыка аспаптары»;


2. Байқауға қатысушылар
5. Байқауға қатысуға байқаудың бағдарламасын орындауға дайындалған және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің ұсынысын алғандар жіберіледі.

6. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары байқауда әр номинация бойынша екі адамнан артық емес қатысушыны қатыстыра алады. Өткен конкурсқа қатыстырған студенті 1 орын алған ұйым осы конкурсқа дәл сол номинация бойынша 3 студент қатыстыра алады.

7. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары концертмейстерлер мен тағы да бір оқытушыны жібереді.

8. Байқауға қатысуға ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті (одан әрі – ұйымдастырушы комитеті) бекіткен мерзім аралығында, тек қана мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерде терілген осы Ережелердің 2-ші қосымшасында көрсетілген, оқу орнының жетекшісі қол қойылған түрде қабылданады.

Өтінішке төмендегідей құжаттар тіркеледі:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);

2) 10х15 см үлгідегі сурет-1 дана;

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогикалық кеңесінің ұсыныстары;

4) Байқауға қатысушылардың турлар бойынша бағдарламалары.

9. Республикалық орындаушылардың байқауында өткен жылдары аталған номинациялар бойынша 1-ші орын алған оқушылар осы байқауға қатысуға құқы жоқ.


3. Байқауды өткізу реті
10. Бірінші іріктеу тур қатысушыны Республикалық байқауға жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі. Байқау екі турдан тұрады да 2-ші және 3-ші деп белгіленеді. «Үрмелі және соқпалы аспаптар» (ағаш үрмелі, үрмелі мыс және соқпалы аспаптар номинациялары), «Эстрадалық музыкалық аспаптар» мамандандырулары бойынша; «Халық аспаптары» мамандандыруы (қазақ халық аспаптары, фольклорлық аспаптары, орыс халық аспаптары номинациялары.

11. Барлық мамандықтар бойынша байқау Бағдарламаларына сәйкес өткізіледі. Ол Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Қатысушылардың орындау реті Ұйымдастыру комитеті байқау алдында алдын ала өткізетін жеребе тарту барысында анықталып, байқаудың аяғына дейін сақталады.

12. «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша) байқаудың әр туры қатысушының орындауын сипаттайтын 25 балдық бағамен белгіленеді:

жарқын музыкалық дарыны – 5 балл;

орындаушылық техникасы (тазалық, сауаттылық, фразировка) – 5 балл;

шығарманың стильдік интерпретациясы – 5 балл;

әртістігі– 5 балл;

даралығы – 5 балл.

Екінші турға 18 балдан кем емес балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

Үшінші турға әр аспап (дауыс) бойынша, барлық мамандану түрінен жалпы саны 21 балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

13. Қатысушылар ұсынған бағдарламалар өзгертілмеуі тиіс. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әр шығарма тек бір мәрте ғана орындалуы тиіс.
4. Байқау нәтижелерін шығару
14.«Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша) барысында мынандай орындарды иемденеді:

І орын мен лауреат атағы – кем дегенде 24-25 балл;

ІІ орын мен лауреат атағы – кем дегенде 22-23 балл;

ІІІ орын мен лауреат атағы – кем дегенде 20-21 балл.

Байқаудың кем дегенде 18-19 балл жинаған қатысушысына дипломант атағы беріледі.

15. Барлық лауреаттар қазылар алқасы қалауы бойынша ұйымдастыру комитеті өткізетін қорытынды концертке қатыса алады.



5. Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы
16.Ұйымдастыру комитеті мен байқаудың қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

17.Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізетін орынды белгілейді де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітуіне жібереді.

18. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылығын бағалайды. Байқау тапсырмалары аяқталған соң қорытындыларын жариялайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды, сондықтан кесімді болып табылады.

19. Оқушысы конкурсқа қатысқан жағдайда қазылар алқасының мүшесі сол кандидатура бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең түскенде төрағаның дауысы салмақты болады.

20. Қазылар алқасы жүлделі орындардың барлығын да таратпауға құқылы.

21. Қазылар алқасы байқауға қатысушының шеберлігін бағалап, жүлделі орынды анықтайды, әрі жеңімпаздарды дипломдар мен естелік болып қалатын сыйлықтармен марапаттай алады.

22. Демеушілер мен өзге де ұйымдар байқау лауреаттарына жеке жүлделерді ұсына алады.


1-қосымша

Республикалық орындаушылар байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне



ӨТІНІШ
Мамандық _________________________________________________
Мамандану _________________________________________________
Қатысушының аты-жөні ______________________________________________
Жынысы ____________________________________________________________
Туылған күні мен жері ___________________________________
Білім орнының атауы, курсы ______________________________
Оқытушы-педагогтың аты-жөні _______________________________________
Концертмейстердің аты-жөні _________________________________________
Ілесіп жүруші адамның аты-жөні ____________________________________
Үйінің мекен-жайы __________________________________________________
Телефон, факс, кодтың нөмері __________________________________

Өтінішті толтыру датасы ____________________________________________


Қолы ___________________________________________________
Білім орны жетекшісінің аты-жөні ___________________________

_______________________________________________________________________



М.О. Қолы

Ескерту: «Менің репертуарым» екінші парағы (1, 2, 3 тур)


4-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрінің

2014 жылғы « »_______

№ бұйрығымен бекітілген






Орындаушылардың 35- ші Республикалық конкурсының бағдарламасы

0404000 «Аспапта орындаушылық және эстрадалық музыка өнері»

Ағаш үрмелі аспаптар

Флейта



II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Буртон «Сонатина», 2-3 бөлімі;

б) П. Хиндемит «Соната», 2-3 бөлімі;

в) Ф. Пуленк «Соната», 2-3бөлімі;

г) О.Тактакишвили «Соната», 2-3бөлімі;

д) Г. Фрид «Сонатина», 2-3бөлімі.


  1. Қазақстан композиторының шығармасы.



III тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) С. Шаминад «Концертино»;

б) C. Меркаданте «Концерт e-moll», 1бөлім;

в) Ф. Девьенн Концерттер № 1-8 (таңдауы бойынша), 1часть;

г) Э. Келлер «Концерт g-moll», 1бөлім;

д) В. Блодек «Концерт», 1бөлім.



  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма:

а) В. Цыбин «Тарантелла»;

б) М. Рейхерт «Тарантелла»;

в) Ю. Шишков «Скерцо»;

г) А. Шварц «Скерцино»;

д)В.Цыбин «Концерттік этюдтер» (орындаушының таңдауы бойынша біреуі).

Гобой



II тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша соната:

а) А. Вивальди;
б) И.С. Бах;

в) Г.Ф. Телеман;

г) Г.Ф. Гендель;

д) Ж.Б. Лойе.



  1. Қазақстан композиторының шығармасы.


III тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) В.А. Моцарт «Концерт С-dur», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) К. Краммарж «Концерт», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

в) Т. Альбинони Концерт (таңдауы бойынша).


  1. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма:

а) А. Бородин «Танец половецких девушек»;

б) А. Рубинштейн «Прялка»;

в) немесе күрделілігі сәйкес басқа шығарма.
Кларнет
II тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф.Пуленк «Соната», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) К. Сен-Санс «Соната», 1-2 немесе 3-4 бөлімдері;

в) Ф. Девьен «Соната №1 с-moll», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

г) Ф. Девьен «Соната №2 с-moll», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

д) Ф. Девьен «Соната №3 Es-dur», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері.

2. Орындаушының таңдауы бойынша Қазақстан композиторының шығармасы:

а) Б. Дәлденбай «Концерттік пьеса»;

б) Е. Брусиловский «Боз айғыр»сюитасы, скерцо;

в) Е. Брусиловский «Дударай» операсы, кіріспе;

г) Құрманғазы «Балбырауын», Р.Сабировтың өңдеуі;

д) М.Төлебаев «Поэма»;

е) Н. Тлендиев «Толғау».
III тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:
а) К.М. Вебер «Концерт №1», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) К.М. Вебер «Концерт №2», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

в) К.М. Вебер «Үлкен концерттік дуэт», 2-3 бөлімдері;

г) Б.Х. Круселль «Концерт №2», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

д) Э. Габлер «Концерт №1», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

е) Э. Габлер «Концерт №2», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

ж) Л. Шпор «Концерт №1», 1бөлім немесе 2-3 бөлімдері.
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Мессаже «Конкурстық соло»;

б) Э. Боцца «Кларибель»;

в) Э. Боцца «Итальян фантазиясы»;

г) А. Блох «Деннериана»;

д) Ф. Гобер «Фантазия».


Фагот



II тур
1. А. Вивальди Концерт (таңдауы бойынша);

2. Қазақстан композиторының шығармасы.


III тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) К. Вебер «Концерт» (1бөлім немесе 2-3 бөлімдері);

б) Ф. Давид «Концертино»;

в) Л.Мильде «Концерт №2»;

г) А.Дварионас «Тема с вариациями».
2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Л. Мильде «Тарантелла»;

б) О. Мирошников «Скерцо»;

в) В. Купревич «Скерцино»;

г) Г. Чернов «Скерцо»;

д) Р. Глиэр «Юмореска»;

е) Да Минчи «Скерцо».
Саксофон-альт
II тур
1. Қазақстан композиторының пьесасы.

2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Д. Демерссман «Фантазия на оригинальную тему»;
б) Жан-Батист Сингле «Концертино»;

в) А. Юяма «Дивертисмент»;

г) А. Бюссе «Астурия».
III тур
1. Виртуозды сипатты пьеса.

2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Г. Готлиб «Концерт»;

б) П. Бонно «Джаз стиліндегі концерттік пьеса»;

в) П. Крестон «Соната», 1 бөлімі немесе 2-3 бөлімдері;

г) А. Глазунов «Концерт Es-dur» (каденцияға дейін)

д) Д.Мийо «Скарамуш» сюитасы, 2-3 бөлімдері.
Саксофон-тенор
II тур

1. Қазақстан композиторының пьесасы.

2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Раухвергер «Концерт»;

б) Ю. Чугунов «Концерт»;

в)Ж.Демерссман «Фантазия на оригинальную тему» (өңдеуі).


III тур
1. Виртуозды сипатты пьеса;

2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э.Вила Лобос «Фантазия»;

б) Г. Готлиб «Концерт»;

в) А. Флярковский «Концерт», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

г) Г. Калинкович «Концерт-каприччио на тему Паганини».


Жез үрлемелі аспаптар
Валторна

II тур

1. В.А.Моцарт Концерт немесе Концерттік рондо (таңдауы бойынша):

а) «Концерт №1»;

б) «Концерт №2», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

в) «Концерт №3», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

г) «Концерт №4», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

д) «Концерттік рондо».

2. Қазақстан композиторының шығармасы (5-7минут).


III тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Р. Глиэр «Валторнаға арналған концерт», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер;

б) Р. Глиэр «Дауысқа арналған концерт», валторнаға өңделген;

в) Дж. Россини «Прелюдия және вариациялармен тема»;

г) Р. Шуман «Адажио және Аллегро»;

д) Р. Штраус «Концерт №1», 1бөлім немесе 2-3бөлімдер.

2. Кеңес немесе шетел композиторларының шығармасы

(5- 7минут).


Труба
II тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Дж.Тартини «Концерт As-dur»;

б) Т.Альбинони «Концерт Es-dur»;

в) А.Вивальди «Концерт d-moll».

2. Қазақстан композиторының шығармасы.
III тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) С. Василенко «Концерт» 1бөлім;

б) А. Арутюнян «Концерт»;

в) В. Брант «Концерттік пьеса №1 f-moll»;

г) В. Брант «Концерттік пьеса №2 Es-dur»

д) Й.Гуммель «Концерт» 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері.

2. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма

(5-7 минут)


Тромбон



II тур


  1. Орындаушының таңдауы бойынша «Ескілікті сонаталар»;

2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Кроче-Спинелли «Конкурстық соло»;


б) Ж. Мазелье «Конкурстық соло»;

в) К. Сен-Санс «Каватина»;

г) Э. Боцца «Бах стилінде»;

д) Ж. Бара «Анданте және Аллегро»;

е) В. Блажевич «Концерттік эскиз №5».
III тур


    1. Ірі форма (орындаушының таңдауы бойынша):

а) Ф.Давид «Концертино»;

б) В.Блажевич «Концерт № 2, 3, 4, 5, 7».

2. Қазақстан композиторының шығармасы.

Туба



II тур
1. Б.Марчелло Соната (таңдауы бойынша);

2. Қазақстан композиторының шығармасы.


III тур
1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Лебедев «Концерт №1»;

б) А. Лебедев «Концерттік аллегро».

2. Орындаушының таңдауы бойынша:

а) Н. Раков «Сонатина»;

б) В. Зверев «Концертино»;

в) А. Болдырев «Концертино».

Соқпалы аспаптар
II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Виртуозды сипаттағы шығарма (маримба, ксилофон);

3. Вибрафонға арналған пьеса (5 минут);

4. Кіші барабанға арналған пьеса (5 минут).


III тур
1. Виртуозды сипаттағы шығарма (маримба, ксилофон);

2. Вибрафонға арналған пьеса (5 минут);

3. Кіші барабанға арналған пьеса (5 минут).
Қазақ халық аспаптары
Домбыра-тенор
II тур
1. Қ.Ахмедияров «Қуаныш» (міндетті)

2. Тәттімбет «Саржайлау» (міндетті)

3. Батыс Қазақстан өңірінің бір күйі

4. Фортепиано сүйемелдеуінде Қазақстан композиторының шығармасы (таңдауы бойынша)


III тур


  1. Құрманғазы «Ақбай» (міндетті);

  2. Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай өңірінен бір шертпе күйі (таңдауы бойынша);

  3. Қазанғап (таңдауы бойынша бір күй);

  4. Шетел композиторларының шығармасы (таңдауы бойынша).


Шертер
II тур


  1. Кантиленалық сипатты шығарма

  2. Халық әуен немесе әннің концерттік өңдеуі

  3. Бір халық күйі немесе халық композиторының күйі.



III тур

  1. Батысеуропалық немесе шығыс композиторларының виртуозды шығармасы.

  2. Қазақстан композиторының шығармасы

  3. Ірі формалы шығарма ( соната, концерт 1 бөлімі немесе 2,3 бөлімдері.)


Қобыз-прима
II тур

  1. Халық күйі немесе халық композиторының күйінің өңдеуі

  2. Шетел композиторларының виртуозды шығармасы

  3. Кантиленалық сипатты шығарма


III тур

1. Ірі формалы шығарма (1 бөлім немес 2,3 бөлімдері)



2. Түрік халықтарының шығармасы.
3. Қазақстан композиторының шығармасы (таңдауы бойынша)
Қылқобыз
II тур

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (сүйемелдеумен)

  2. Қорқыт «Қоңыр»– Д.Махтыбаев варианты.

  3. Тәттімбет «Саржайлау»– Ж.Каламбаев варианты

  4. Таңдауы бойынша 1 күй.



III тур

  1. Қазіргі заман композиторының 1 күйі

  2. Таңдауы бойынша домбыраға арналған 1 күй

  3. Ықылас: «Ерден», «Жалғыз аяқ», «Шыңырау», «Жез киік» - ( таңдауы бойынша)

  4. Таңдауы боынша 1 күй.


Фольклорлық аспаптары
Саз сырнай
ІІ тур

  1. Ықылас «Жез киік» күйі (міндетті)

  2. Қазақтың халық әні немесе халық күйі (қалауы бойынша)

  3. Саз сырнайға лайықтап жазылған, фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын ән, әуен немесе Қазақстан композиторының бір шығармасы (Н.Тілендиев, Ж.Темірғалиев, Е.Өміров, Е.Үсенов, Қ.Жұмағалиев, Е.Нұрымбетов және т.б.)


ІІІ тур

  1. Е.Үсенов «Балдырғандар биі» (міндетті)

  2. Халық күйі немесе халық композиторларының бір күйі (қалауы бойынша)

  3. Фольклорлық аспаптардың сүйемелдеуімен бір шығарма (дуэт, три, квартет - қалауы бойынша)


Жетіген
ІІ тур

  1. Раздық «Аңшының зары (міндетті)

  2. Қазақтың халық әні (қалауы бойынша)

  3. Ұлт аспаптарының сүйемелдеуімен бір шығарма (қалауы бойынша)


ІІІ тур

  1. Халық әні «Маусымжан» (міндетті)




  1. Халық күйі немесе Қазақстан композиторларының бір күйі (қалауы бойынша)

  2. Фортепиано сүйемелдеуімен Қазақстан немесе шет ел композиторларының бір шығармасы (қалауы бойынша)


Сыбызғы
ІІ тур

  1. Кәлек Құмақайұлы «Арман» күйі

  2. Қазақтың халық әні немесе халық күйі (қалауы бойынша)

  3. Сыбызғыға лайықтап түсірілген, фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын ән, әуен немесе Қазақстан композиторының бір шығармасы


ІІІ тур


  1. Ықылас «Жез киік» (фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын шығарма, міндетті) // Төленов Қ. «Сазсырнай үйрену мектебі»

  2. Халық күйі немесе халық композиторларының бір күйі (қалауы бойынша)

  3. Фольклорлық аспаптардың сүйемелдеуімен бір шығарма (дуэт, три, квартет - қалауы бойынша)


Шаң қобыз
ІІ тур

  1. Халық күйі «Қыз мұңы» (Б.Піржанованың орындауында)

  2. Қазақтың халық әні (қалауы бойынша)

  3. Шаң қобызға өңделген күй (қалауы бойынша)


ІІІ тур

  1. Н.Нышанов «Алатау жазы»

  2. Қазақтың халық әні (қалауы бойынша)

  3. Шаң қобызға өңделген күй (қалауы бойынша)


Орыс халық аспаптар
Баян, аккордеон
I тур

  1. 3 дауыстан кем емес фугасымен полифониялық шығарма

  2. Виртуозды шығарма (өзіндік немесе өңделген)


II тур


  1. Қазақстан композиторының шығармасы немесе қазақ халық әуенінің өңдеуі

  2. Кантиленалық сипатты шығарма (өзіндік немесе өңделген)

  3. Таңдауы бойынша жайылған өзіндік шығарма немесе ірі формалы шығарманың бір бөлімі (сюита, партита, соната) Мысалы:

А.Холминов. Сюита 2 немес 4 бөлімдері

В. Зубицкий. Карпат сюитасы 2 бөлім

В. Семенов. №2,№3 сонаталар – 3 бөлімдері, Каприс №1

А. Кусяков. Токката, «Зимние зарисовки» сюитасы, 6 бөлім, Соната №1 – 4 бөлім

П. Макконен. Полет над временем, Диско-токката және деңгейі сәйкес басқа шығармалар.
III тур


  1. Ірі формалы шығарма


Классикалық гитара
I тур


  1. Полифониялық шығарма

  2. Таңдауы бойынша: қазақ халық әуендеріне жазылған концерттік пьеса, қазақсатн композиторының шығармасы, Қазақстан композиторының гитараға арналған концерттік транскрипциясы, өңдеуі.


II тур


  1. Виртуозды сипатты шығарма

  2. Таңдауы бойынша шығарма: гитараға өңделген немесе өзіндік пьеса


III тур


  1. Ірі формалы шығарма (концерт, соната, жайылған вариациялық форма).


Кіші домра
II тур

  1. Қазақстан композиторының шығармасы немесе күйі

  2. Батысеуропалық немесе орыс композиторларының виртуозды шығармасы

  3. Кантиленалық сипатты шығарма


III тур


  1. Ірі формалы шығарма (соната, концерт/ 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері)

  2. Домраға өңделген халық әуен, ән немесе күй

  3. Таңдауы бойынша шығарма


Домра – бас
II тур


  1. Тәттімбет-Брусиловский «Былқылдақ» (міндетті шығарма)

  2. Шетел композиторының шығармасы (кантилена)

  3. Ірі формалы шығарма (соната, концерт/ 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері)

III тур


  1. Дж.Фрескобальди «Токката» (міндетті шығарма)

  2. Қазақстан композиторының шығармасы




  1. Шетел композиторларының виртуозды шығармасы

  1. Ірі формалы шығарма (соната, концерт/ 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері)


Эстрадалық аспаптар
Саксофон

II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты (mini disk, CD Audio) свинг стилінде шығарма немесе баллада.

3. Bossa-nova
III тур
1. Ірі форма (таңдауы бойынша 2-3 бөлімдері)

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен түрлі стилдеге екі джаз сипатты шығарма (mini disk, CD Audio).



Труба
ІІ тур

    1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты (mini disk, CD Audio) свинг стилінде шығарма, баллада немесе блюз.

3. Bossa-nova



III тур
1. Ірі форма (таңдауы бойынша 2-3 бөлімдері)

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен түрлі стилдеге екі джаз сипатты шығарма (mini disk, CD Audio).


Тромбон
ІІ тур

1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты (mini disk, CD Audio) свинг стилінде шығарма, баллада немесе блюз.

3. Bossa-nova


III тур
1. Ірі форма (таңдауы бойынша 2-3 бөлімдері)

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен түрлі стилдеге екі джаз сипатты шығарма (mini disk, CD Audio).


Джаздық фортепиано
II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Свинг, баллада немесе импровизациямен блюз стилінде екі джаз сипатты шығарма.



III тур


    1. Ірі форма (1-2 немесе 2-3 бөлімдері)

    2. Түрлі стилдегі импровизациямен екі джаз пьеса.



Электрогитара
II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты (mini disk, CD Audio) свинг стилінде шығарма немесе баллада.

3. Bossa-nova

III тур
1. Ірі форма (таңдауы бойынша 2-3 бөлімдері)

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен түрлі стилдеге екі джаз сипатты шығарма (mini disk, CD Audio).


Бас гитара
II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты (mini disk, CD Audio) свинг стилінде шығарма немесе баллада.

3. Bossa-nova
III тур
1. Ірі форма (таңдауы бойынша 2-3 бөлімдері)

2. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен түрлі стилдеге екі джаз сипатты шығарма (mini disk, CD Audio).


Соқпалы аспаптар
II тур
1. Қазақстан композиторының шығармасы.

2. Виртуозды сипатты шығарма ( маримба)

3. 5 минут аспайтын джаз сипатты шығармы (вибрафон).

4. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен соқпалы қондырғыда пьеса (mini disk, CD Audio).


III тур
1. Ірі формалы шығарма, 1-2 немесе 2-3 бөлімдері;

2. Виртуозды сипатты шығарма ( маримба)

3. Джаз сипатты импровизациямен пьеса (вибрафон);

4. Концертмейстермен немесе «минус бір» фонограммамен джаз сипатты пьеса (mini disk, CD Audio) (соқпалы қондырғы)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет