Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Университет тарапынан (факультет) тағайындалған практика жетекшісі



бет55/56
Дата03.01.2024
өлшемі2.11 Mb.
#488437
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
УМК Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар (Восстановлен)

Университет тарапынан (факультет) тағайындалған практика жетекшісі:

  • студенттер келгенге дейін практика базасының дайындығын қамтамасыз ету үшін практика басталмас бұрын мекеме, ұйым немесе кәсіпорында ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шара өткізеді;

  • практика басталмас бұрын барлық ұйымдастырушылық шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді (жиналыс өткізу, практиканың өткізу тәртібі туралы нұсқау, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқау);

  • студенттерді жұмыс орындарына бөлуге немесе олардың жұмыс түрлерімен қамтамасыз етілуіне қатысады;

  • студенттердің практиканы жоғары деңгейде өтуін және оның мазмұнының негізгі білім беру мен практика бағдарламаларына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

  • мекеме, ұйым немесе кәсіпорын тарапынан тағайындалған практика жетекшісімен бірлесе отырып, практика базасында практика бағдарламасына сәйкес келетін сабақтар ұйымдастырады;

  • практика мерзімі мен мазмұнының сақталуын қадағалайды;

  • практика бойынша құжаттарды қабылдау мен практиканың қорытындысы бойынша студенттік конференцияларды дайындау комиссиясының жұмысына қатысады;

  • практика бойынша студенттердің есебін қарастырады, олардың жұмысы туралы пікір береді және студенттердің кәсіби бағдарланған даярлығын жүзеге асырудағы ұсыныстар мен кемшіліктерді қамти отырып, практиканың өткендігі туралы кафедра меңгерушісіне жазбаша есеп тапсырады;

  • өз саласына сәйкес мекеме, ұйым немесе кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісімен тығыз қатынас ұстанады;

  • жеке тапсырмалар дайындайды, осы тапсырмаларды орындауда және қажет жағдайда бітіру мен курстық жұмыстарға қажетті мәліметтер жинауда студенттерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Студенттердің практикасына мекеме, ұйым немесе кәсіпорын тарапынан жалпы жетекшілік ететін практика жетекшісі:

  • мектептерде студенттердің практика жетекшісі ретінде тәжірибелі мамандарды тағайындайды;

  • университет тарапынан тағайындалған практика жетешісімен бірлесе отырып, студенттер практикасының осы Ережеге, практика бағдарламасы мен бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылуын қадағалайды;

  • университет тарапынан тағайындалған практика жетешісімен бірлесе отырып, кәсіби саланы дамытуда негізгі бағыттар бойынша жетекші мамандардың кеңес беруі мен семинарлар өткізуін ұйымдастырады, мекеме, ұйым мен кәсіпорын ішіне экскурсия өткізеді;

  • практиканың өткендігі туралы мекеме, ұйым немесе кәсіпорын басшысына есеп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет