Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары.
Оқу және ғылыми әдебиеттерде басқару әдістері мен олардың жіктелуі әртүрлі нысанда болады. Басқару әдістері деп әдетте олардың оптимальды функциялары мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін қамтамасыз ету мақсатымен басқарылатын обьектілерге ұйымдасқан әсерлердің белгілі бір тәсілдері түсініледі. Осыған орай басқарылатын обьектілерге әсерлердің өзі, адамдардың ведомствалық ұжымдары ғылыми әдебиет пен басқарушылық тәжірибеде жасап шығарылған басқару әдістерінің жалпы қасиеттеріне негізделеді (ұйымдасқан бастау, әсер ету тәсілдері, биліктік). Осыған сәйкес әдістердің мәні басқару обьектілеріне тікелей билікті әсерімен құралады, басқару қызметінің мазмұнын білдіретін функциядан айырмашылығы әдістер басқарылатын тәртіппен санаға тигізетін әсерлердің тәсілдері ретінде көрінеді.
Қоғамдық процесске арнайы әсер етуге ие әдістерге мемлекеттік органмен қабылданатын әсерлер ие болады. Мемлекеттік басқару әдістері үшін олар мемлекет атынан қолданылатындығы, сондықтан да олар басқарылатын обьектілерге арнайы әсер ету тәсілдері болып табылады. Басқарушылық қызметтің мемлекеттік сипаттамасы мемлекет органдарының заңды, билікті өкілеттіктерге бөлінулерімен байланысты. Мемлекеттік органдардың атқарушылық- нұсқаушылық қызметі көп түрлі нысанда жүзеге асырылады, олардың ішінде құқықтық ерекше орынды алады.
Мемлекеттік басқару әдістері оның келесі топтарына қолданылуымен ашылады: әкімшілік – құқықтық, экономикалық және идеологиялық
( моральдық) әсерлер.
Басқарушылық тәжірибеде ерекше орынды әкімшілік-құқықтық әдістер алады. Қоғамдық процесстер мен қатынастарға байланыстарға мемлекеттік органдардың едәуір белсенді әсер ету әдістері. Олардың мәні басқарылатын обьектілерге, адамдардың тәртібіне нормативтік актілерге жататын тікелей міндетті нұсқаулар жолымен, не басқару обьектілері қызметіне бағытын анықтайтын жеке әмірімен тікелей ұйымдасқан әсер етуімен құралады.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформасын жүзеге асыру мен нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік басқару тәжірибесінде экономикалық басқару әдістерінің өсіруді қолдану үшін жағымды жағдайлар туғызды, ол мемлекеттің белсенді ролі мен маңызды шетел инвестицияларын тартуға, мықты нарықтық экономикаға негізделген. Мемлекеттің алдында осыған байланысты Қазақстан көптеген ірі базарлар арасындағы байланыстырғыш буын болуы үшін ашық экономикалық және еркін сауданы құруға бағытталған саясатты жүйелеу бойынша стратегиялық мәселе тұр.
Идеологиялық әсер ету әдістері (моральдық) жеке тұлғаны жүйелеумен, жаңа буындағы адамды тәрбиелеумен байланысты. Аталған әдістің мәнділігі Қазақстанның даму басымдықтары мен стратегиялық мәселелер әлемінде 2030 жыл кезеңіне өседі. Азаматтардың жаңа буыны осыған орай өзінің салт дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға сай нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін болады, өз елінің патриоты болады, қазақ, орыс және ағылшын тілін жақсы, еркін бірдей меңгеретін болады. Аталған әдістер рухани құндылықтарды құру мен таратуда, адамды тәрбиелеуде, халыққа айқындалатын кәсібі мен ұйымдар қызметі, кәсіпорынның меншік түрі бойынша әртүрлі қатынастарға қатысты қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |