Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Иммундық жүйенің әрекеті. Егер ағзаға әлдебір бөтен зат - антиген 
енген жағдайда, оны иммундык жүйенiң лимфа сұйығы лимфалық мүшелерге 
жинайды. Ол жерде макрофаг антигенмен мұқият жанасып антигенің"бөтен" 
бөлшектерiнiң (детерминантының) құрылысы туралы мағлұматты егжей-
тегжейлi "есіне жазып" алады. Бұл антиген ағза үшiн бөтен болғандықтан 
артынша макpoфaг оны жұтып жiбередi (макрофагтың жасушасының iшiнде 
кез келген антигендi ыдыратып, қорыта алатын ферменттер жетіп жатыр). 
Макрофаг детерминанттың құрылысы туралы есіне сақтап алған хабарды Б-
лимфоцитке, сонымен қатар көмекшi Т-лимфоциттерге бередi. Осыдан кейiн 
көмекшi Т-лимфоцит антигеннің детерминанты туралы мәлімет алып 
үлгiрген Б-лимфоцит пен өлтiргiш Т-лимфоциттердi іске қосады. Осы 
айтылған жасушалар өздерінен ерекше лимфокиндер дәл аталатын пептидтер 
(немесе шағын ақуыздар) бөледi және солар аркылы бiр-бiрiне әсер етді, 
иммундық жасушалар бiрiн-бiрi іске қосады. Қазiргi кезде лимфоциттер 
бөлетiн 100-ден аса лимфокин белгiлi. Жоғарыда айтылған жасушалар 
өздерінен интерлейкин деген лимфокиндер бөлiп шығарады. Макрофаг өз 
жасушасынан интерлейкин-1 деген лимфокиндi бөліп шығарады. Осы 
лимфокинмен байланысқан көмекшi Т-лимфоцит бөлiну жолымен көбейiп
ол да өзiнен интерлейкин-2 лимфокинiн бөле бастайды. Интерлейкин-2 Б-
лимфоциттер мен өлтiргiш Т-лимфоциттерге әсер етiп, олардың тез бөлiнiп, 
көбеюiне мүмкiндiк бередi (интерлейкиндердің жасушаларды іске қосу әдiсi 
қазір жан-жакты зерттелуде). Міне жоғарыда айтылған бұйрықтар осындай 
ерекше ақуыздар - лимфокиндер арқылы берiледi.
Макрофаг Б-лимфоцитке антигеннің бiр түрінің ғана детерминанты 
туралы хабар бередi, яғни бiр лимфоцитке үcті-үстiне бiрнеше антигендер 
түрі (мысалы, ақуыз, вирус, полисахарид) туралы хабар бере алмайды. 
Осының артынша интерлейкин-2- нің әсерінен антиген туралы бар алған Б-
лимфоциттер тез көбейiп, әлгі антигеннің бiр түріне қарсы антиденелер 
жасайтын плазмоциттер деп аталатын жасушаларға айналады (плазмоциттер 
секундына 3000-ға дейiн антидене молекулаларын жасай алады). Сонымен 
плазмоциттердің мiндетi - антигеннің бiр түріне қарсы антиденелердің бiр 
түрін жасау. Ағзаға ақуыз, вирус және бактерия түрiнде үш антиген енедi 


108 
делiк. Бұл жағдайда макрофаг бiр лимфоцитке тек ақуыздың, екiншi 
лимфоцитке тек вирустың және үшiншi лимфоцитке тек бактерияның 
детерминанты туралы мәлімет бередi. Яғни Б-лимфоциттерден пайда болған 
плазмоциттердiң бiр тобы - ақуызға, ал екiншi тобы - бактерияға қарсы 
антиденелер жасайды.
Сонымен денеге антиген түскен кезде иммундық жүйеде өте күрделi 
үдеріс жүредi, соның нәтижесiнде осы антигенге қарсы антидене 
молекулалары жасалады, өлтiргiш Т - жасушалар бөтен жасушаларды жоюға 
дайын тұрады. Антидене барлық деңгейдегi антигендерге қарсы бiрдей 
қарқынмен жасалады. Лимфа немесе қан тамырларының ағысына түскен 
антидене өзiне сәйкес антигендi іздейді. Егер әлдебір мүшелерде немесе 
ұлпада ондай антигендi тапса, онымен лезде байланыса кетедi. Антидене 
молекула түрiндегi антигендермен байланысқан кезде ең алдымен ол 
антигендi негiзгi қызметiнен айырады. Мысалы, жыланнын уында жасушаны 
қоршап тұрған мембрананы ыдырататын ферменттер көп (жыланнын уы қан 
тамырына енгенде ферменттер қан жасушаларын жоя бастайды). Егер сол 
фермент өзiне сәйкес антиденемен байланысса, қан жасушасын ыдырататын 
қабiлетiнен айырылады.
Иммунологиялық, 
реакциялардың 
көп 
түрлiлiгi 
Т-мен 
В-
лимфоциттердiң 
және 
макрофагтардың 
одақтасуының 
нәтижесiнде 
антиденелердiң (иммуноглобулиндердiң) пайда болуымен байланысты. 
Антиденелер түзілуі (синтезi) плазмациттерде өтедi, олар Б-лимфоциттерден 
пайда 
болады. 
Б- 
және 
Т-лимфоцитrердiң 
сыртқы 
қабатында 
иммуноглобудиндiк табиғаты бар рецепторлар орналасқан, Б-лимфоциттерде 
олар ондаған, жүздеген есе көп. Рецепторлар - жасуша үстiндегi 
макромолекулалык, 
құрылымдар 
олардың 
көмегімен 
жасушалар 
антигендердi танып бiледi. Сондықтан арнаулы рецепторлар проблемасы 
иммунологияда ең негiзгiлердiң бiрi болып табылады, себебi генетикалык, 
жағынан "өзiнiкiн" және "басқаны" ажырату осыған байланысты. Б-жүйесi 
көптеген 
бактериялық 
инфекцияларда 
антитоксиндiк 
иммунитетке, 
анафилаксияға, жылдам типтi аллергияларға, кейбiр аутоиммундық 
ауруларға көбiрек жауапты. Т-жүйесi көптеген вирустық, инфекцияларға
туберкулезге, бруцеллезге, мүше алмастыру және іскке қарсы иммунитетке 
жауапты. В-лимфоциттер гуморальдық иммундық, жауапты, ал Т-
лимфоциттер жасушалық типтегi иммундық жауапты іске асырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет