Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық



бет3/16
Дата27.06.2016
өлшемі7.71 Mb.
#160946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық

нысанда және Мемлекеттік корпорация көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорация -– www._____kz.

интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан

Ауданның коды _______________________

Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

Өтiнiш

Азамат ______________________________________________________________



(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________

Жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың сериясы: _______ құжаттың нөмірі: _______ кім берген: ______

Берілген күні _______ жылғы «___» __________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ________________________________

Облыс _______________________________________________________________

қала (аудан) ________________________________ауыл____________________

көше (шағын аудан) ______________________ үй ________________ пәтер

Банк деректемелері:

Банктің атауы _______________________________________________________

Банк шотының №

Шот түрі: ағымдағы _____________ карта шоты _________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Маған _____________________________________________________________

(жасына байланысты зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болды/болған жоқ ______________________________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Ескертпе:

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беру кезінде мүгедектік тобы немесе асырауындағы адамдардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалды/тағайындалған жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқығым бар екені хабарланды.

Табыс туралы анықтамада көрсетілген аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы транзиттік шот айналымдарындағы электрондық үзінді көшірмеге сәйкес келмейтіні немесе толық сәйкес келмейтіні туралы хабарланды (ондай жағдай болса асты сызылсын).

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2










Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

жасына байланысты зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail ______________

өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» __________

өтініш берушінің қолы _______________________

Азамат ______________________ өтініші № _____________ болып тіркелді.

құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы «___» __________

____________________________________________________________________

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

«Мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемдерін тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің департаменті

_________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бөлімшенің коды ________________

Өтiнiш


портал арқылы Мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындауға
Өтініш иесі туралы мәліметтер:

Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

Азамат (ша) _________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________

Маған _______________________________________________________________

(жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін) тағайындауды сұраймын

Мемлекеттік органдардың растауы:

Өтініш берушінің дерктері:

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың сериясы: ______ құжаттың нөмірі: ________ кім берген: ______

Берілген күні _______ жылғы «___» ___________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ________________________________

Облыс _______________________________________________________________

қала (аудан) ________________________________ауыл____________________

көше (шағын аудан) ______________________ үй ________________ пәтер

Банк деректемелері:

Банктің атауы _______________________________________________________

Банк шотының № ______________________________________________________

Шот түрі: ағымдағы _____________ карта шоты _________________________

(қажетінің асты сызылсын)

Екінші деңгейдегі банткің деректемелері:

БЖК _______________________________________________________________

ЖСК ______________________________________________________________

ЖСН _________________________________________________________________

Өтініш берушінің байланыс деректері:

Үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail ______________

Өтініш беруші туралы мәліметтерді ҚР Әділетмині растайды ____________

(ҚР Әділетмині ЭЦҚ-сы)

Өтініш берушінің банк деректемелерін ЕДБ растайды___________(ЕДБ ЭЦҚ-сы)

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

____________________________________________________________________

«Ұсынылған деректердің дәйектілігіне құқықтық жауапкершілікті көтеремін»

ЭЦҚ _________________________

Төленетін төлем мөлшерінің өзгеруіне/тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне он күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.

ЭЦҚ _________________________________________________________________

Өтінішке қол қойылған күні және уақыты ____жылғы ____ ______

__________сағат ________минут________________секунд

Қазақстан Республикасы   


Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы ­­­____________
№ ________ бұйрығына

5-қосымша

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына

6-қосымша



«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі–Мемлекеттік корпорация);

2) Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі-жәрдемақы) тағайындау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3) Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызмет беруші мүгедек тобын белгілеу.(бұдан әрі- қызмет беруші)

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну

1) Мемлекеттік корпорация – мемлекеттік корпорация және қызмет беруші арқылы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін хабарласқанда;

2) портал –мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін хабарласқан жағдайда және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдай бойынша және жасына байланысты берілетін мелекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпаратты алу.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Қызмет берушіге, Мелекетік корпорация бөлімшесіне жүгінгенде, құжаттардың топтамасын Мелекетік корпорация бөлімшесінде тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мелекетік корпорация ға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. Мелекетік корпорация өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

порталда –ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейдіи

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) Мелекетік корпорация бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық форматта ресімделеді.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорация бөлімшесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, электрондық кезек», жеделдетіп қызмет көрсетусіз және портал арқылы электрондық кезекті «броньдау «тәртібінде көрсетіледі;

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

3) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

Алғашқы мүгедектікті белгілеу кезінде,қызмет берушімен өтінішті қабылдау жүргізу.

1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

2) келіп-кету отырысында

тұрғылықты тұратын жері (тіркеу)бойынша емдеу-профилактикалық мекемелер базасында

мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша;

түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.


үйде, стационарда- Егер адам ДКК қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ке келе алмаса, онда куәландыру (қайта куәландыру) жүргізіледі.

3) Сырттай- куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда . куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен ұсынылған құжаттардың негізінде жүргізіледі, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағанда айқындалған.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпораци бөлімшесіне жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес:, МӘС жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мүгедектігі бойынша тағайындау үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (бұдан әрі – № 44 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

Қажет болған жағдайда (олардың бар-жоғына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

4) он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеу жағдайында қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындау үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) асыраушының қайтыс болғандығы туралы куәлік не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі.

5) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әкесі екенін (анасы екенін) анықтау туралы куәлік, жеке куәлік және тағы басқалар);

Бұдан басқа, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе, азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдарының белгiленген нысандағы анықтамасы;

2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, № 223 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);

3) қамқоршы немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;

5)әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесі адамның дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы ақпараттық жүйесінен және автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен міндетті зейнетақы жарналарының жоқ болған фактісі туралы сұрау жасайды.

Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігін растайтын құжат;

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігін (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, тұлғаның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, мүгедектігі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.

Порталда:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, банктік шоттың нөмірі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе қызмет беруші қызметкер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындауға өтініш қабылдаудан құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге кідіртпей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет