· Бекітілу әдісі бойынша:
-
Алынбалы протездер – адгезия арқылы, анатомиялық ретенция және механикалық бекіткіштер (ілмектер, вестибулярлы доға, құлыпты бекіткіштер, тіс альвеолалық құрсау) көмегімен бекітіледі, керек жағдайда науқастың өзі протез орны тіңдерін, табиғи тістерді, олардың пародонтына, протездің өзіне ешқандай зиян келтірмей ауыз қуысынан алып шығып, қайтадан орнына кигізе алады. Бұл протездерге жартылай алынбалы пластиналы пртездер, толық алынбалы пластиналы протездер және доғалы протездер жатады.
-
Жартылай алынбалы пластиналы протез дегеніміз – бұл тіс қатарының жартылай ақауларын жасанды қондырғылардың көмегімен қалпына келтіруге арналған протез. Бұндай протездер қондырғыларына тек қана тіс қатарының анатомиялық пішінін келтіріп қоймайды сонымен бірге жоғалтылған жақтың қатты тіңдерінің және ауыз қуысының жұмсақ тіңдерінің рельефтерінің ерекшеліктерін келтіреді. Егерде ақауларды алынбайтын протездермен қалпына келтіру толық жүргізілмесе жартылай алынбалы протездер қолданылады. Жартылай пластиналы протездер көмегімен тіс жақ жүйесінің қызметі қалпына келеді және оның көмегімен айтарлықтай косметикалық нәтижеге жетуге болады. Пластиналы пртездер арқылы тек қана тістердің пішінінін және түсін келтіріп қана қоймай, ауыз қуысының шырышты қабатының рельефі мен түсінде келтіруге борлады. Жартылай пластиналы протез негізден және ақау аймағында орналасқан жасанды тістерден тұрады. Протездің құрамды бөліктеріне бекіткіш элементтер – ілмектер және аттачмендер жатады.
Толық алмалы – салмалы протез бұл – тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс – жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Альвеоляр өсіндісі мен жақтардың семуі жүреді. Жақта барлық тістер болмағанда самай төменгі жақ буынында өзгерістер кездеседі. Толық алмалы – салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады. Толық алмалы – салмалы протездер пластмассалы негізден және жасанды тістерден тұрады.
Доғалы протездер бұл – алынбалы протездер, тірек ілмектерден немесе құлыпты бекіткіштерден, негізі бар жасанды тістерден және доғадан тұрады. Протездің металл бөлшектері протездің қаңқасы деп аталады. Доғалы протезде пластиналы протезге қарағанда, протезден өтетін шайнау қысымы тірек тістерге ілмектер арқылы таралады, ал протездің негізі арқылы альвеолярлы өсіндінің, жақ денесінің және таңдайдың шырышты қабатына таралады. Ілмектер арқылы тірек тістерге шайнау қысымы берілгендіктен пластиналы протезге қарағанда доғалы протездің негізін кішірек етіп жасауға болады. Доғалы тіс протезі ілмектерден, тістесу бастырғышынан, металды доға – бюгельден, ер тәрізді негізден және басқа да арнайы құрылымдардан тұрады.
-
Алынбайтын протездер – бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т.б. жатқызуға болады.
Тіс қатарлары ақауларында олардың орналасуы мен аралығының ұзақтығына байланысты және сақталған тістердің тіректік аппаратының жағдайына байланысты көпіртектес немесе консольды протездер қолданылады. Консольды немесе көпіртектес протездер тіректі бөліктен және протез денесінен (аралық бөлік) тұрады.
Консольды протез бұл – алынбайтын протез түрі, тірек бөлігі бір жақта ғана болғанда тіс қатары ақауын қалыптастырады.
Көпір тәрізді протез – мұнда протездің тірек бөліктері ақаудың екі жағында орналасады.
Консольді және көпір тектес протездің тіректі бөліктеріне қаптамалар , жартылай қаптамалар, салмалар, штифті жасанды қаптамалар жатады.
Консольді немесе көпір тектес протездің денесін жасанды тістер құрайды, олар металдан немесе металл мен фарфордан, металл мен пластмассадан жасалады. Металдан жасалған протез денесін құйылған деп атайды, ал аралас түрін – фасеткалы деп атайды. Жасанды тістердің альвеоляр өсіндісінің шырышты қабатына байланысты консольді және көпір тектес протездің денесі жанаспалы немесе жуылмалы пішінді болып келеді. Көпір тектес протез денесінің жуылмалы түрін көбінесе косметикалық тұрғыдан алдыңғы тіс топтарына жасайды. Шырышты қабатқа протез денесін жанастырғанда дыбыстың шығуы дұрыс болады және сөйлеген кезде сілекей шашырамайды. Басқа барлық жағдайда көпір тектес протездің денесін шырышты қабатпен екеуінің арасына 2-3 мм алшақтық қалдырып жасайды (жуылмалы түрі).
Жасанды қаптамалар - тістің табиғи сауытының бұзылыстарын қалпына келтіруші протез. Жасанды қаптамамен әдетте сау тістерді де қаптайды. Егере де тіс қатарында ақау болса және көпір тектес протез қолданылса жасанды қаптама оның тірегі болады. Жасанды қаптамалар металдардан, пластмассадан, металл мен пластмассадан, металл мен керамикадан жасалынады. Жасанды қаптамаға қойылатын талаптар:
-
Қалыптастырушы тістің анатомиялық пішініне сәйкес келуі.
-
Айқын экваторының болуы.
-
Қызыл иек қалтасына 0,3-0,5 мм кіріп, тістің мойын бөлігін толығымен қоршап тұру.
-
Көршілес тістерімен жанасу нүктесін қалыптастыру.
-
Төменгі жақтың аклюзиялық қозғалысында тіс қатарының түйісуіне кедергі туғыбау.
Дайындалу жолына байланысты жасанды қаптамалар штампталған және құйылған болып екіге бөлінеді.
Салма – табиғи тіс тіндерінің жартылай бұзылыстарын қалпына келтіруге арналған протез. Салмаларды тірек ретінде доғалы және көпір тектес протездерде қолданады. Тістерді салмалармен протездеу келесі клиникалық және зертханалық кезеңдерден тұрады:
-
Тісте қуысты қалыптастыру.
-
Салманың балауыз репрадукциясын алу.
-
Балауыз репрадукциясын металға немесе пластмассаға алмастыру.
-
Салманың дұрыс дайындалғанын тексеріп оны ауыз қуысында бекіту.
Жартылай қаптама – бұл алынбайтын протез құрылымы, табиғи тісті ішкі, бүйірлі және шайнау беттерінен жауып тұрады. Жартылай қаптамалар көпір тектес протездердің тірегі ретінде жақсы косметикалық нәтиже беру үшін қолданылады. Жартылай қаптамаларды алтын – платина құймасынан немесе тот баспайтын болаттан жасайды.
Құрылма түріне байланысты протездер :
-
Пластиналы, өзінің құрылымында пластмассалы немесе металды пластиналы негізі бар.
-
Доғалы, өзінің құрылымында металды доға немесе бір және екі байланытырғыш доғалары болады.
-
Сымды, негізі металды сым болып табылады, соның ішінде – иілмелі сым.
-
Каппалы, құрылымның негізінде металдан немесе пластмассадан каппалар жатады.
-
Қалпақшалы.
-
Көпір тәрізді.
Орналасу орнына байланысты:
-
Ауыз ішілік – бір жақты немесе екі жақты тістерде, альвиолярлы бөлікте, таңдай күмбезінде бекітілген.
-
Ауыздан тыс – бет терісінде, шүйде сүйегінде, бас сүйегіне енгізілген имплантаттарда бекітіледі.
-
Ауыз ішілік және ауыздан тыс әдістер – аппараттың бір бөлігі ауыз қуысы ішінде, ал екінші бөлігі ауыздан тыс тұрады.
Әсер ету қызметіне байланысты:
-
Механикалық (белсенді) – құрылымның ішінде бар әрқашанда әсер етуші күш (бұранданың қысымы ; доғаның, серіппенің серпмділігі; резиналы тартқыштардың, лигатураның эластикалылығы) және бұлшық еттердің жиырылу қаблеттілігіне байланысты емес.
-
Функциональды ( інжарлы) – үзілмелі әсер етуші күш, күштің көзі болып шайнау және ымдау бұлшық еттерінің жиырылу қаблеттігін жатқызады.
-
Аралас – бұл жағдайда механикалық және функциональды әсер етуші элементтердің бірігуі арқылы болады;
Тағайындылуы бойынша:
-
Түзетуші аппараттар (орнына салу) – ортодонттық аппараттардың, қондырғылардың көмегімен, жақ аралық шеңдеуіштердің көмегімен жеклеген тістер, тіс топтары, альвеолярлы бөліктер немесе жақ бөліктері қалыпты жағдайға орналастырады.
-
Бекітуші аппараттар (ұстағыш, тұрақтандырғыш) – жақ сынықтарын дұрыс жағдайда ұстап тұру және олардың қозғалыссыздығын қамтамасыз ету.
-
Бағыттаушы аппараттар – төменгі жақ тістеріне немесе сүйекті сынықтарынан өзінің жазықты қисаю құрылымы арқылы белгілі бағыт береді.
-
Орнына келтіру аппарат – тістер, жақ және бет протездері арқылы тіс қатарының тіңдері ақауларын орнына келтіруге арналған.
-
Қалыптағыш аппараттар – олар пластикалық материалдың тірегі болады немесе олардың көмегімен, тіссіз төменгі жақ операциядан кейін алынбалы протездердің орындары қалыптасады, протездің жақсы бектілуіне бағытталған.
-
Бөлектегіш аппараттар – ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Оларды оптураторлар деп атайды.
-
Аралас аппараттар – бұл аппараттарда бір уақытта бірнеше қызметтер атқарылады, мысалы, репозиция және бекіту, орнына келтіру және қалыптастыру.
Дәріс тақырыптарына байланысты тест сұрақтары
1. Клиникалық зерттеу әдiсiне жатады:
а) сұрау, қарау, сипап сезу, тiстердiң, жұмсақ тiндердiң, пародонт тiнiнiң жағдайын, тiстесудi анықтау
б) қанның, зәрдiң, сiлекейдiң биохимиялық және клиникалық көрсеткiштерi
в)рентгенологиялық, реографиялық, полярографиялық
г) электроодонтометриялық, цитологиялық, гистологиялық
д) электромиографиялық, транслюминисценттiк, тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау
2.Төменгi жақтың шайнау қимылын зерттеудiң графикалық әдiсi - бұл
а) реография
б) электромиография
в) мастикациография
г) томография
д)гнатодинамометрия
3. Электромиография үшiн қолданылады
а) осциллограф
б) кимограф
в) электромиограф
г) гнатодинамометр
д) электроодонтометр
4. Шайнау тиiмдiлiгiн анықтаудың функционалдық әдiсiне жатады:
а) Агапов бойынша
б) Рубинов бойынша
в) Оксман бойынша
г) Курляндский бойынша
д) Калонтаров бойынша
5. Рубинов бойынша жаңғақты шайнау үшiн қажеттi уақыт аралығы:
а) 50 шайнау қозғалысы
б) 50 секунд
в) жұтыну рефлексi пайда болғанға дейiн
г) 30 секунд
д) 20 шайнау қозғалысы
6.Төменгi жақтың тiстерi толық болмаған жағдайда Агапов бойынша шайнау тиiмдiлiгiнiң төмендеу пайызы
а) 50 пайыз
б) 28 пайыз
в) 100 пайыз
г) 12 пайыз
д) 0
7. Рубинов бойынша шайнау сынамасын жүргiзу үшiн қажет
а) 0,3 г жаңғақ
б) 0,5 г жаңғақ
в) 0,8 г жаңғақ
г) 1,2 г жаңғақ
д) 1,5 г жаңғақ
8. Науқасқа жұтыну рефлексiне дейiн 0,8 г жаңғақ берiлетiн шайнау сынамасын ұсынған автор
а) Христиансен
б) Васильев
в) Копейкин
г) Рубинов
д) Кондрашов
9. Субъективтi зерттеу әдiсiне жатады:
а) құрал-жабдықты зерттеу
б) зертханалық әдiс
в) рентгенография
г) науқасты сұрастыру
д) томография
10. Шайнау тиiмдiлiгiн анықтау үшiн қажет
а) рентгенография
б) функциональды шайнау сынамасы
в) фагодинамометрия
г) электромиография
д) электроодонтометрия
11. Фагодинамометрия әдiсi - бұл
а) төменгi жақ қозғалысын графикалық тiркеу
б) шайнау қозғалысының биопотенциалын тiркеу
в) ауыз қуысында шайнау қысымының күшiн анықтау
г) ауыз қуысынан тыс шайнау қысымының күшiн анықтау
д) ұлпаның электроқозғыштығын анықтау
12. Мастикациография әдiсi - бұл
а) төменгi жақ қозғалысын графикалық тiркеу
б) шайнау қозғалысының биопотенциалын тiркеу
в) ауыз қуысында шайнау қысымының күшiн анықтау
г) ауыз қуысынан тыс шайнау қысымының күшiн анықтау
д) ұлпаның электроқозғыштығын анықтау
13. Гнатодинамометрия әдiсi - бұл
а) төменгi жақ қозғалысын графикалық тiркеу
б) шайнау қозғалысының биопотенциалын тiркеу
в) ауыз қуысында шайнау қысымының күшiн анықтау
г) ауыз қуысынан тыс шайнау қысымының күшiн анықтау
д) ұлпаның электроқозғыштығын анықтау
14. Электромиография әдiс -бұл
а) төменгi жақ қозғалысын графикалық тiркеу
б) шайнау бұлшық еттерiнiң биопотенциалын тiркеу
в) ауыз єуысында шайнау қысымының күшiн анықтау
г) ауыз қуысынан тыс шайнау қысымының күшiн анықтау
д) ұлпаның электроқозғыштығын анықтау
15. Ауыз қуысында шайнау қысымының күшiн анықтау әдiсi:
а) мастикациография
б) электромиография
в) гнатодинамометрия
г) фагодинамометрия
д) рентгенография
16. Төменгi жақтың қозғалысын мынандай әдiспен графикалық жазады:
а) мастикациография
б) гнатодинамометрия
в) фагодинамометрия
г) стоматоскопия
д) рентгенография
17. Шайнау бұлшық еттерiнiң биопотенциалын мынандай әдiспен тiркейдi:
а) мастикациография
б) электромиография
в) гнатодинамометрия
г) фагодинамометрия
д) стоматоскопия
18. Металдың штампталған қаптама дайындауға қалып немен алынады
а) стенспен
б) эладентпен
в) ғанышпен
г) эвикролмен
д) фосфат- цементпен
19. Металды штампталған қаптаманы бекіту үшін
а) ортокор
б) фторакс
в) сиэласт
г) фосфат- цемент
д) дентол
20. Металды қаптама штампталады
а) алюминийден
б) КХҚ
в) хромникельді болат
г) платина
д) темір
21. Жасанды қаптама дайындау үшін тістің вестибуляр
бетін егелейді
а) резинатәріздес дискімен
б) сепороциялық дискпен
в) фрезамен
г) алмазды таспен
д) вулканитті дискпен
22. Метал қаптаманың шеті болу керек
а) экваторы жетеді
б) қызыл иекке жетеді
б) қызыл иек жалбырына 0.3 мм еніп тұрады
г) қызыл иек жалбырына 1 мм енеді
д) қызыл иек жалбырына 2 мм енеді
23. Металдың штампталған қаптамаға егелегеннен кейін
тіс пішіні
а) жартылай конус
б) төрт бұрыш
в) эллипс тәрізді
г) целиндр тәрізді
д) тік бұрышты
24. Металдың штампталған қаптама дайындау үшін
тістің бүиір бетін егелеу керек
а) вулканитті диск
б) қаптамалы ара
в) алмазды ұштық
г) алмазды диск
д) карборундты ұштық
25. Металды қаптама шеті
а) тістің экваторын толығымен қамтыған
б) тіс мойнын мықты қамтама
в) қызыл иек бүртігіне жатқан
г) қызыл иекте бос
д) тіс мойнынан кең болу
26. Науқасқа доғалы протез көрсетілді. Тіректі тістер емделген.
Келесі жасанды қаптамалар көрсетілді
а) аралас
б) доғалы
в) жалатылған
г) қалпына келтіруші
д) экваторлы
27. Екі қабатты қалып алу үшін қолданылады
а) стенс+ ғаныш
б) стенс+ репин
в) стенс+ дентофлекс
г) стенс+ стомальгин
д) стенс+ ғаныш+ стомальгин
28. Арналуына байланысты жасанды қаптамалар бөлінеді
а) қалыптастырушы және тірек
б) металдық және металдық емес
в) штампталған және құйылған
г) тігісті және тігіссіз
д) пластмасты және аралас
29. Жартылай қаптама жабады
а) тіл,шайнау, тістің қатты контакті бетін
б) экваторға дейін тісті
в) барлық тісті
г) тіл беткейден басқа барлық беткейлер
д) вестибулярлы,тіл ,шайнау беткейі
30. Көпіртектес протез табиғи тіске кигізіліп
қысымды олар арқылы береді
а) тірек тістердің түбіріне
б) кілегей қабатқа
в) сүйек тініне
г) қызыл иекке
д) тірек тістердің пародонтына
31. Көпір тектес протездердің аралық бөлігінің
ер тәрізді пішінді көпіртектес протездерде
а) аралас
б) толық құйылған
в) біріктірілген
г) пластмассты
д) металокерамикалық
32. Көпіртектес протездер дайындауға кері көрсеткіш
а) төмен клиникалық сауытты тістер мен
шектелген ақау
б) жоғарғы клиникалық сауытты тістер мен
шектелген ақау
в) төменгі жақ ит тістері мен шектелген ақау
г) төменгі жақтың 4 және 6 тістері мен шектелген
ақау
д) жоғарғы жақтың 5 және 8 тістері мен шектелген
ақау
33. Көпіртес протезге тірек ретінде экваторлық
қаптама қолдануға көрсеткіштер
а) бүйір бөлімде ақау
б) алдыңғы бөлімде ақау
в) тірек тістердің шеткері пародонтының зақымдалуы
г) биік клиникалық сауыт
д) өте төмен клиникалық сауыт
34. Салмамен көпіртектес протездерді
бекітуге қай ақау кезінде қолданылады
а) ит тістен бірінші кіші азу тіске дейін
б) ит тістен екінші кіші азу тіске дейін
в) ит тістен бірінші үлкен азу тіске дейін
г) жайылмалы патологиялық қажалуда
д) шамалы ақауларда, бір функциональді
топтарда орналасқанда
35. Салмалармен көпіртектес протезді бекітуге көрсеткіш
а) төмен клиникалық сауыт
б) тіс пішіні ауытқуы
в) патологиялық қажалу
г) төменгі жақтың 2 және 5 тістерімен
д) шектелген ақау
г) бір функциональді топ шамасында орташа ақау
36. Салмалы көпіртектес протезді бекітуге
кері көрсеткіш
а) тірек тістердің пішіні ауытқуы
б) тірек тістердің биік клиникалық сауыты
в) 4 және 6 тістермен шектелген ақау
г) 5 және 7 тістермен шектелген ақау
д) 1 және 3 тістермен шектелген ақау
37. Дайындау әдісі бойынша көпіртектес протез
а) аралас пластмассты
б) металды, пластсмасты
в) металлопластмасты
г) біртұтас кұйлған, штампты құйылған
д) алынбалы, алынбайтын
38.Стандартты гильза неден жасалады
а) алтын құймасынан
б) 1х18н9т
в) КХҚ
г) КПҚ
д) 750 сынапты алтын
39. Көпіртектес протездердің тірек элементтері болып
а) тек толық қаптамалар
б) толық және жартылай қаптама
в) тек штампталған қаптама
г) толық қаптама,экваторлы,жасанды тұқыл
д) қаптамалар,жартылай қаптамалар
,
40. Көпіртектес протездеудің клиникалық кезеңі
а) тісті егелеу,қалып алу, қаптамаларды тексеру,
орталық тістесуді анықтау, бекіту
б) егелеу, орталық окклюзияны анықтау, бекіту
штамптау
в) қаптаманы тексеру, қалып алу, мүсін құю, бекіту
г) қалып алу, егелеу, қаптаманы тексеру, орталық
окклюзияны анықтау,протез бөліктерін қосу
д) қалып алу, бекіту, мүсін құю
41. Толық алынбалы протез дайындауда көп тістер
болғанда мына кезенді жасамауға болады
а) жекеленген қасық дайындау
б) орталық тістесуді аңықтау
в) протезді кигізу
г) қалып алу
д) балауыз құрылымын тексеру
42. Жартылай алынбалы протез дайындауда
екінші клиникалық кезен
а) толық қалып алу
б) тістесу биіктігі мен орталық тістесуін
аңықтау
в) балауыз құрылымын тексеру
г) ауыз қуысында протезді кигізу
д) протезді түзету
43. Жартылай алынбалы протез құрылымын тексерген кезде
бүйір тістер қабысады,ал алдыңғы бөлімде саңылау бар.
Қатені аңықтау
а) алдыңғы тістесу бекітілген
б) бүйір тістесу бекітілген
в) альвеолярлық биіктік биіктеткен
г) жасанды тістердің дұрыс болмауы
д) тіс дұрыс тандалмаған
44. Негіздік пластмассаның бояуына аллергия болған
кезде жартылай алынбалы протездің негізін дайындайды
а) акрилдан
б) түссіз пластмасса
в) фторакстан
г) этакрилдан
д) эластопласттан
45. Жартылай алынбалы протездің пластмасты негізінің
қалыңдығы орташа есеппен
а) 0.5 мм
б) 1 мм
в) 2 мм
г) 1.5 мм
д) 2.5 мм
46. Жоғарғы жақта жартылай алынбалы протездің
пластмасса негізінің қалындығы орташа есеппен
а) 0.1-0.4 мм
б) 0.3-0.8
в) 1мм
г) 0.2-0.6 мм
д) 1-1.4 мм
47. Ауру тарихын толтырудың дұрыс схемасы:
а) шағымы, анамнезi, объективтi көрiнiсi, диагнозы, емдеу жоспары,
емдеу күнделiгi
б) анамнезi, шағымы, емдеу жоспары, объективтi көрiнiсi, диагнозы, емдеу күнделiгi
в) объективтi көрiнiсi, шағымы, анамнезi, диагнозы, емдеу жоспары, емдеу күнделiгi
г) диагнозы, шағымы, анамнезi, объективтi көрiнiсi, емдеу жоспары, емдеу күнделiгi
д) емдеу жоспары, емдеу күнделiгi, шағымы, анамнезi, объективтi көрiнiсi, диагнозы
48.Тiндер мен ағзалардын қозғалғыштығын, консистенциясын, ауырсыну реакциясын, патологиялық ошақтық шекарасы мен көлемiн анықтайтын әдiс:
а) қарау
б) сипап сезу
в) сұрау
г) рентгенологиялық
д) зертханалық
49. Клиникалық зерттеу әдiсiне жатады:
а) сұрау, қарау, пальпация, тiстердiң, жұмсақ тiндердiң, пародонт тiнiнiң жағдайын, тiстесудi анықтау
б) қанның, зәрдiң, сiлекейдiң биохимиялық және клиникалық көрсеткiштерi
в) рентгенологиялық, реографиялық, полярографиялық
г) электроодонтометриялық, цитологиялық, гистологиялық
д) электромиографиялық, транслюминисценттiк, тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау
50. Сау тістердің тітіркену табалдырығы
а) 2-6 мка
б) 20-40 мка
в) 60-80 мка
г) 100-120 мка
д) 200-ден жоғары
Жауаптар:
1 - а
2 – в
3 – в
4 – б
5 – в
6 – в
7 - в
8 – г
9 – г
10 – б
11 – г
12 – а
13 – в
14 – б
15 – в
16 – а
17 – б
18 – в
19 – г
20 – в
21 – г
22 – в
23 – г
24 – г
25 – б
|
26 – б
27 – в
28 – а
29 – а
30 – д
31 – д
32 – а
33 – в
34 - д
35 – г
36 – а
37 – г
38 – б
39 – г
40 – а
41 – а
42 – б
43 – а
44 – б
45 – в
46 – г
47 – а
48 – б
49 – а
50 – а
|
Қолданылған оқулықтар
1. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. Ортопедическая стоматология: Учебник. – 3-е изд., перераб.и доп. – М.:Медицина, 1984. – 576с.
2. Копейкин В.Н., Кнубовец Я.С., Курляндский В.Ю., Оксман И.М. Зубопротезная техника. – М.:Москва,1978 – 425 с.
3. Трезубов В.Н., Мишнёв Л.М., Незнанова Н.Ю., Фишев С.Б. Ортопедическая стоматология. Технология лечебных и профилактических аппаратов:Учебник для медицинских вузов. Под ред.проф. В.Н.Трезубова – СПб.:СпецЛит, 2003. – 367с.
4. Трезубов В.Н., Щербаков А.С., Мишнёв Л.М. Ортопедическая стоматология. Пропедевтика и основы частного курса: Учебник для медицинских вузов. Под ред.проф. В.Н.Трезубова. – СП б.:Спец Лит, 2003. – 480с.
Мазмұны .
Қысқартулар тізімі........................................................................3
1 – ші. Дәріс : Ортопедиялық стоматология
клиникасында науқасты тексеру. Сырқатнама.
Медициналық құжаттар...............................................................4
2 – ші. Дәріс : Шайнау аппаратының негізгі
және қосымша зерттеу әдістері....................................................13
3 – ші. Дәріс : Протездеуге алдын-ала дайындау.......................23
4 – ші. Дәріс : Диагностикалық процесстер кезеңі.
Диагноз қою.Болжам.....................................................................32
5 – ші. Дәріс : Тіс протездерінің түрлері, жіктелуі,
сипаттамасы...................................................................................38
Тест сұрақтары..............................................................................44
Қолданылған оқулықтар...............................................................54
ҚММА-баспаханасында басып шығарылды.
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі-40
Достарыңызбен бөлісу: |