ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16-13.1.68/01-2013
|
ПОӘК
Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»
|
«__»_______2013 ж.
№3 басылым
|
ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Биологияға кіріспе»
Биология 5В011300 мамандығы
1-ші курс студенттеріне арналған
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2013ж
I. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1. Оқытушы туралы мәлімет: Кунанбаева.СК
1.2.Пән бойынша мәлімет:
Пән атауы: БИОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ
Кредит саны - 2
Өтетін орны: СМПИ №2 оқу ғимараты, сабақ кестесіне сәйкес дәріс
курс
|
Сем
естр
|
кред.
|
Сағат саны
|
Жиынтық бақылау
|
Дәріс
|
прак.
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
1
|
1
|
2
|
30
|
15
|
22,5
|
22,5
|
90
|
емтихан
|
Мазмұны
Тарау 1. Пән бойынша глоссарий
Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі
Тарау 3. Практикалық сабақтарды жүргізуге
арналған әдістемелік нұсқаулар
Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары.
Тарау 1. Пән бойынша глоссарий
вирусология - вирустарды зерттейді
ботаника - өсімдіктерді зерттейді
зоология - жануарларды зерттейді
микробиология - микроорганизмдерді зерттейді
микология-саңырауқұлақтарды зерттейді
анатомия - тірі ағзалар құрылысын
цитология - клетка түрлерін зерттейді
морфология - тірі ағзалардың сырт құрылысын зерттейді
физиология - тірі ағзаларды кұрайтын мүшелер мен Жүйелердің қызметін зерттейді
бриология - мүктерді зерттейді
альгология - балдырларды зерттейді
ихтиология - балықтарды зерттейді
орнитология - кұстарды зерттейді
Метаболизм - тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы зат және энергия алмасуы нәтижесінде тірі ағзалардын қоректік заттарды сіңіру /анаболизм/ және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару /катаболизм/ процестері.
Өсу және даму. Өсу - жасушалар санының көбеюі нәтижесінде дарабас салмағы мен пішінінің ұлғаюы, бүл кезде оның жалпы түрінің, құрылысы сакталады және онтогенездің дамуымен сипатталады.
Тірі ағзалардың туғаннан бастап жеке дамуы-онтогенез. тарихи дамуы-филогенез деп аталады.
Репродукция - организмнің өзіне ұқсас организмді өндіруі. Бұл процесс ДНК сақталатын ақпараттың жаңа қүрылымы мен молекуласы негізінде жүзеге асады.
Тиым қуалаушылың- организмдердін өзіне тән белгілерді, қасиеттерді және даму ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиеті.
Өзгергіштік - организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.
Тітіркенгіштік - организмнің сыртқы және ішкі ортадағы өзгеріске жауап беруі.
Өзін өзі реттеу - организмнін химиялық құрамы мен физиологиялық процесс ағымын тұрақты ұстап түру қасиеті.
Энерготәуелділік - тірі организмдерге материядан тыс үздіксіз энергия түсуінін қажеттілігі.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Гидрофитер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп өседі.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.
Цитология – клетканың жалпы морфологиялық құрылысын, ішіндегі болатын зат алмасу процесін, сыртқы ортамен қарым қатынасын зерттейтін ғылым.
2.Гистология -тіндердің құрылысы, дамуы және тіршілік әрекеті туралы ғылым.
3. Эмбриология — ұрық және оның даму заңдылықтары туралы ғылым.
4. Симпласттар – көп ядролы цитоплазмадан тұратын ірі түзіліс. Олар екі жасуша қосылғанда немесе жасушалардың цитоплазмасы бөлінбей, тек ядролары бөлінген кезде түзіледі. Оларға көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары мысал бола алады.
5.Синцитий – жасуша бөлінген кезде цитокинез аяқталмай, цитоплазманың жұқа қоспасы арқылы байланыс сақталу нәтижесінде түзілед
6.Гиалоплазма – негізгі плазма немесе цитоплазманың матриксі. Ол жасушаның негізгі бөлігін құрайды.
7.Цитоплазма- қошаған ортадан плазмалеммамен жектелген. Ол негізгі компоненттер – органеллалар мен қосындылары бар гиалоплазмадан тұрады.
8.Гиалоплазма – негізгі плазма немесе цитоплазманың матриксі. Ол жасушаның негізгі бөлігін құрайды.
9.Плазмолемма- немесе ішкі клеткалық мембрана, әртүрлі клеткалық мембрананың ішінде негізгі орын алады. Ол жасушаның сыртқы ортадан тек шектеп қана қоймай, сондай-ақ оның жасушасыз ортамен байланысуын қамтамасыз етеді.
10.Плазмолемма арнайы құрылым – жасушааралық байланыстар түзуге қатысады. Мұндай байланыстардың бірнеше түрлерін ажыратады: Қарапайым жасуша аралық байланыс, тығыз байланыс, десмосома, саңылаулы байланыс, нексус, синапс.
11.Десмосома- жасушааралық байланыстар түзуге қатысады.
12.Нексус -жасушааралық байланыстар түзуге қатысады.
13Синапс- жасушааралық байланыстар түзуге қатысады..
14.Органеллалар – барлық жасушаларда болатын тұрақты және олардың тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын микроқұрылым.
15.Митохондрия - жасуша және бүкіл организмнің тіршілік әрекеттеріне қажет энергияны, цитоплазмаға түскен заттарды аэробты тотықтыру арқылы өндіріп, АТФ молекуласының фосфаттық байланыстары түрінде жинақтайтын мембраналы органелла.
16.Эндоплазмалық тор ядроны қоршай орналасқан түтікшелер мен ірі қуыстар жүйесі. Ол көмірсудың, липидтердің және белоктардың синтезін қамтамасыз етеді. Олар цитоплазма ішінде мембраналы тор түзеді. Эндоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: гранулды ЭПТ (гр.ЭПТ) және тегіс немесе агранулды ЭПТ (аЭПТ).
17.Гольджи аппараты- бұл оргоноидты 1898 жылы италиялық ғалым К. Гольджи нерв жасушасынан тапқан. Ол негізгі үш элементтерден түзілген: 1) бірінің үстінде бірі орналасқан жалпақ мембраналы қапшалар - цистерналар жинағы; 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер. Бұл элементтердің жиынтығын диктиосома (грек. diktyon - тор) деп атайды. 18.Лизосомалар- 1949 жылы швед ғалымы де Дюв ашқан. Олар дара мембранамен шектелген, көлемі 0,2 – 0,4 мкм шар тәрізді құрылым.
19.Фаголизосома -кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың құрамында сырттан жұтылған тығыз және ірі түйіршіктері бар фагосомамен бірігуі арқылы қалыптасады. Бұл материалды бұзу процесі гетерофагия деп аталады.
20.Аутофаголизосома- кеш кездік эндосомалар немесе лизосомалардың құрамында жасушалардың бұзылған меншік компоненттері бар мембраналық көпіршік - аутофагосомамен (грек. autos - өзі, phagein - жеу және soma - дене) бірігу арқылы қалыптасады. Бұл материалды қорыту процесі аутофагия деп аталады. 21.Мультивезикулалық денешік- (лат. multi – көп және vesicula – көпіршік) (диаметрі 200-800 нм) мембранамен қоршалған ірі шар тәрізді вакуоль. Оның құрамында ұсақ (40-80 нм) көпіршіктер мен ақшыл және қоймалжың матрикс бар.
22.Қалдық денешіктер – ішінде қорытылмаған материалы бар лизосома.
Липофусцинді көпіршіктер-адам организмінде қалдық денешіктердің кең тараған түрі - диаметрі 0.3-3 мкм.
23.Пероксисомалар-(лат. peroxysoma) эукариоттық жасушалардың міндетті түрде болатын органелласы. Ол мембранамен шектелген, кішіректеу сфера тәрізді денешік, пероксисома ортасында кристалл тәрізді құрылымы бар гранулалы матрикстен тұрады.
24.Рибосомалар – ұсақ (диаметрі - 15-30 нм) тығыз мамбранасыз органеллалар. 25.Рибосомалар - күрделі рибонуклеопротеидтер, олардың құрамына белоктар және РНҚ молекулалары кіреді.
26.Микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер (микрофибрилдер) -
үш түрлі мембрананасыз оргоноидтар құрайды, аталған құрылымдар өзара жеңіл бірігіп және айырылып отыратын глобулді, ал соңғылары – олардан гөрі тұрақты болатын фибриллді белокты суббірліктерінен тұрады.
27.Кірпікшелер -цитоплазманың жіңішке цилиндр тәрізді өсіндісі. Бұл өсінді басынан бастап ұшына дейін плазмалық мембранамен қапталған.
28.Аксонема- оның ішінде көбінесе микротүтіктерден тұратын күрделі құрылым орналасқан. Аксонема перифериясында 9 жұп микротүтікшелер, ал ортасында 2 жеке микротүтікшелерді ажыратады, яғни оның құрылымдық формуласы 2х9+2. Олардың қызметі кірпікшелер мен ширақшалардың өзегін құру.
29. Базальді денешіктер- құрылысы жағынан ценртиольдерге ұқсас. Олар кірпікшелер мен ширақшалардың түбінде орналасқан микротүтікшелердің 9 триплеттерінен тұрады. Оның қызметі: аксонема қалыптасуына матрица болу.
30.Трофикалық қосындыларға- белоктар, майлар, көмірсу және аналық жыныс жасушаларының сары уызы жатады.
31.Секреторлық қосындылар – жасушаның сыртына шығарылып, организмнің тіршілік әрекеттеріне қатысатын өнімдер. Олар цитоплазмада гормондар мен белоктардың гранулдары немесе тамшылары ретінде кездеседі.
32. Эскреторлық қосындылар – зиянды зат есебінде жасушалардан шығарылуға тиісті ыдырау өнімі. Оның құрамында ферменттер немесе басқа активті заттар болмайды.
33. Пигментті қосындылар- цитоплазманың табиғи боялған заттары. Оларды көру үшін арнайы бояумен бояудың қажеті жоқ.
34.Транскрипция – дегеніміз ДНК негізінде РНК молекуласының синтезделуі.
35.Процессинг – информациялық РНК түзіліп, и-РНК – да жазылған нәруыз құрылымы туралы хабардың ядродан цитоплазмаға жылжуы.
36.Трансляция – иРНК – дағы нәруыз құрылымы туралы хабар арасында поипептид тізбегінің құрылуы.
37Модификация – түзілген полипептид молекуласына әртүрлі химиялық топтардың қосылуы.
38. Гетерохроматин/конденсиялық/-тығыздалған ,транскрипциялық активтілігі аз, яғни ДНК - да транскрипция өтпейтін хроматин. Гетерохроматин ядрошық маңы мен ядроның шеткі бөлімінде орналасады. Сәулелі микроскопта базофильді үйінділер түрінде ал, электронды микроскопта тығыз түйіршіктер түрінде көрінеді.
39. Эухроматин /диффузды/ - хромосоманың тығыздалмаған, болбыр формасы. Ол ақшыл түсті, шашыранды орналасқан. Транскрипциялық активтілігі күшті.
40.Жыныстық хроматин – интерфазадағы хроматиннің өте тығыздалған бөлігі. Ол әйелдердің клеткаларында кездеседі.
41.Ген - дегеніміз әртүрлі қасиеті бар белгілерді анықтайтын хромосоманың бөліктері.
42.Мезенхима – бұл эмбриондық кезеңде ғана болатын уақытша тін.
43.Фиброциттер - фибробластардың дамуы барысындағы соңғы формасы. Олардың органеллаларының, вакуольдерінің, липидтер мен гликогендерінің сандары аз болады. Фиброциттерде коллаген мен басқа заттардың синтезі бірден төмендейді.
44.Миофибробластар - фибробластарға ұқсас жасушалар. Олар коллогенді және жиырылғыш белоктарды синтездеуге қабілетті.
45.Фиброкластар – жоғары фагоцитоздық қасиеті бар және гидролитикалық белсенді жасушалар. Мүшелердің инволюциялық кезеңі кезінде ол сору қызметін атқарады.
46.Макрофагтар - моноциттен дамыған, белсендi қызмет атқаратын, органеллаларға бай жасуша. Макрофагтардың көлемдері мен пішіндері олардың функционалдық күйіне байланысты.
47.Миосателлитоциттер - бұл бұлшық ет тінінің регенерация көзі болып табылатын аз түрленген жасушалар.
48.Хроматофильдi зат – бұл түйiршiктi эндоплазмалық тордың, бос рибосомалардың және полисомалардың жиынтықтары.
49. Синапстар – нейрондар арасындағы арнайы байланыс, бұл жерде импульс бiр нейроннан екiншi нейронға немесе етті және безді құрылымдарға өтедi.
50.Аморфты зат - дәнекер тінінің жасушалары мен талшықтарынан түзілген, гидрофильді сұйық орта.
Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі.
Тақырып 1. Жалпы биология
Биология пәні мен міңдеттері.
1.Тірі организмдерге тән қасиеттер.
Мақсаты: Биология ғылымының негізгі салаларымен танысу, жұйе қалыптастыру.
Дәріс тезистері: Биология /гректің bios-өмір және bogos-ғылым/ тіршілік жөніндегі ғылым.
Қазіргі биология - тірі табиғатты, материя қозғалысының ерекшеформасын және оның тіршілік етуі мен даму зандылықтарынзерттейтін ғылым жүйесі. Зерттеу нысанының алуан түрлілігіне байланысты казіргі кезде биология ғылымы жүйелі түрде тармақталған:
вирусология - вирустарды зерттейді
ботаника - өсімдіктерді зерттейді
зоология - жануарларды зерттейді
микробиология - микроорганизмдерді зерттейді
микология-саңырауқұлақтарды зерттейді
анатомия - тірі ағзалар құрылысын
цитология - клетка түрлерін зерттейді
морфология - тірі ағзалардың сырт құрылысын зерттейді
физиология - тірі ағзаларды кұрайтын мүшелер мен Жүйелердің қызметін зерттейді
бриология - мүктерді зерттейді
альгология - балдырларды зерттейді
ихтиология - балықтарды зерттейді
орнитология - кұстарды зерттейді
Жалпы биология - тірі табиғатты, оның алуан түрлілігі мен тірі ағзалардың құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін тарихи-эволюциялық ғылым.
Дәстүрлі жалпы биология клетка жөніндегі ғылымды, организмнің жеке дамуын, молекулярлық биология, генетика, эволюциялық ілім, биоэкология, биосфера және адам жөніндегі ілімді қарастырады.
Тіршілік - материяның /ақуызды дене/ физико-химиялық жағдайының ерекше тіршілік ету формасы, зат алмасу, гомеостаз, тітіркенгіштік, өздігінен өндіру, өзін-өзі реттеу, ортаға бейімделу, өздігінен даму, кеңістікте орын ауыстыру, ақпарат жеткізу сиякты касиегтер тән тірі организмдердін күрделі ашық жүйе құрауы.
Тірі организмдерге тән қасиеттер.
1. Метаболизм - тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы зат және энергия алмасуы нәтижесінде тірі ағзалардын қоректік заттарды сіңіру /анаболизм/ және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару /катаболизм/ процестері.
2. Өсу және даму. Өсу - жасушалар санының көбеюі нәтижесінде дарабас салмағы мен пішінінің ұлғаюы, бүл кезде оның жалпы түрінің, құрылысы сакталады және онтогенездің дамуымен сипатталады.
Тірі ағзалардың туғаннан бастап жеке дамуы-онтогенез. тарихи дамуы-филогенез деп аталады.
3. Репродукция - организмнің өзіне ұқсас организмді өндіруі. Бұл процесс ДНК сақталатын ақпараттың жаңа қүрылымы мен молекуласы негізінде жүзеге асады.
4. Тиым қуалаушылың- организмдердін өзіне тән белгілерді, қасиеттерді және даму ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиеті.
5. Өзгергіштік - организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.
6. Тітіркенгіштік - организмнің сыртқы және ішкі ортадағы өзгеріске жауап беруі.
7. Өзін өзі реттеу - организмнін химиялық құрамы мен физиологиялық процесс ағымын тұрақты ұстап түру қасиеті.
8. Энерготәуелділік - тірі организмдерге материядан тыс үздіксіз энергия түсуінін қажеттілігі.
Тірі ағзалардың химиялық құрамы
Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтерді кездесу мөлшеріне қарай үш топқа бөлеміз:
1.макроэлементтер - Сутегі, оттегі, көміртегі, азот - осы төрт элемент жасуша құрамының 98%-ға жуығын құрайды, күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір - бұлардың жиынтығы 1,9%құрайды.
2.микроэлементтер - Марганец, мыс, мырыш, йод, фтор, кобальт және т.б. -0.1%, жасуша құрамының өте аз мөлшерін құрайды.
3.улътрамикроэлементтер - Алтын, сынап, селен және т.б. Жасуша құрамында бүл элементтердің мөлшері өте аз болса да, олар тіршілік үшін өте маңызды жэне өздеріне тән ерекше атқаратын қызметтері болады.
Атомдық деңгейде органикалық және бейорганикалык заттардың химиялық кұрамы арасында айырмашылық болмайды, айырмашылық одан жоғарырақ молекулалак денгейде көрінеді. Химиялық элементтер жасушалардың ққрамында органикалық және бейорганикалық иондар мен молекулалар түрінде кездеседі. Жасушаның құрамына кіретін маңызды бейорганикалық заттарға - су және минералды тұздар, органикалык заттарға -көмірсулар. майлар. нәруыздар және нуклеин қышқылдары жатады.
Бейорганнкалық заттар
Су - тіршілік процееінін негізгі көзі болып табылады және оның молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды (60-80%). Судың ерекше қасиеттерінін бірі оның молекуласының асимметриялығында. Осы қасиетке байланысты су молекуласы полюсті (диполь) болады.
Су еріткіш қасиетке ие, суда полюсті және зарядталған заттар ериді, оларды гидрофильді заттар деп атайды, ал зарядталмаған заттар ерімейді, суда ерімейтін заттарды гидрофобты заттар деп атайды.
Су молекулалары арасында сутектік байланыстар түзіледі, осы байланытардың түзілуі немесе ажырауына байланысты ағзадағы температура реттеліпотырады.
Жасушада жүретін химиялықреакцияларға қатысатын заттар суда еріген түрде болады, сондықтан жасуша мембранасы арқылы заттар суда еріген түрде ғана тасымалдана алады.
Жасуша құрамының басым бөлігі су болғандықтан, судың қатысуымен барлық химиялың процестер жүреді және осмос пен тургорлық қысымдар реттеліп отырады.
Минералды тұздар. Жасушадағы тіршілік процестерінде маңызды орын алатын минералды түздар су ерітіндісінде катиоңдар (К+, Са2+, Мg2+, Na+) аниондарға (С1,SO42", НР042", НС03", NO3) ыдырайды.
Әртүрлі катиондардың жасуша ішінде және сыртында концентрациялары әртүрлі болады, бұләрекет потещиялының пайдаболуына әкеледі. Мысалы тірі жасуша ілінде К+ концентрациясы жоғары, Na+ концентрациясы төмен, ал қан плазмасында керісінше болады. Бұл жасуша мембранасының таңдамалы өткізгіштігімен сипатталады және сыртқы ортадан жасуша ішіне судың көптеп еніп тургор қысымының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Аниондар жасуша ішіндегі жәнесыртындағы рН деңгейін тепе-теңдікте ұстап тұрады. Кейбір иондардың жетіспеуі (Ғе, Р, Мg, Со, Zn) нуклеин қышқылдары, гемоглобин, нәруыздардың және т.б. түзілуін тоқтатуы мүмкін, себебі олардың түзілуінде құрылымдьщ бөлшектерінің көздері болып табылады.
Органикалық заттар
Полимер - бірлігі мономер болып табылатын күрделі қосылыстар. Тірі организмдер жасушаларының құрамына кіретін полимерлерді биополимерлер деп атайды.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Тірі ағзалардың химиялық құрамы.2.Бейорганикалық заттар.
3.Органикалық заттар. 4.Тірі организмдерге тән қасиеттер.
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.