Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы фгз және химия кафедрасы



бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі107.38 Kb.
#493883
  1   2   3   4
аналитика 9


Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министірлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
ФГЗ және химия кафедрасы
СӨЖ

Тақырыбы:Дәрілік препараттарды анықтауда тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы, клиникалық зерттеудегі дәрі-дәрмек заттардың метаболизмінде қолдану

Орындаған: Тазабек Қ
Тобы: 206 «А» ФК
Қабылдаған: Дильдабекова Л.А

2012-2013 оқу жылы
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
1) Тотығу-тотықсыздану реакциялары
2) Перманганатометрия және иодометрия.
3) Метаболизм барысында жанды ағзаларда пайда болатын кейбір уытты заттар
4) Нернст-Петерс теңдеуі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде, тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы алғашқы түсініктерді орыс ғалымы Л.В. Писаржевский (1914ж) енгізген.
Реакция барысында электрондарын беретін атомдар, иондар және молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер тотықтырғыш болып есептеледі. Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электрондарды қосып алып, тотықсызданады.

Тотықсыздандырғыш Тотықтырғыш
тотығады. - nе ↔ тотықсызданады.
Электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа тасымалдануы барысында белгілі бір атомның, молекуланың немесе ионның тотығу дәрежесі өзгереді және тотығатын заттың тотығу дәрежесі жоғарылайды, ал тотықсызданатын заттікі - төмендейді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшке бөлінеді: молекулааралық, молекулаішілік, диспропорция.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет