ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
В.Н.Приз, Г.Б.Мукашева,
Ж.К.Шайхина, Л.Н.Ботченко
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДЕНЕ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
оқу - әдістемелік құрал
Қарағанды, 2009
УДК 613. 95
ББК 57. 31 я 7
О – 64
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Т.А.Киспаев – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ спорттық медицина және дене шынықтырудың теория мен әдістеме кафедрасының доценті м.ғ.к.;
С.К. Омаров – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының коммуналды гигиена курсының оқытушысы, м.ғ.к., доцент;
Т.С.Омаров - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының биохимия және молекулярлы биология кафедрасының доценті.
О 64 Приз В.Н., Мукашева Г.Б., Шайхина Ж.К., Ботченко Л.Н.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу және бағалау әдістемесі мен ұйымдастырылуы:
– Оқу - әдістемелік құрал – Қарағанды – 2009ж – 55 б.
ББК 57
Осы әдістемелік құралда балалар мен жасөспірімдер арасында жасына байланысты, бір уақытта кезекті медициналық тексеріс өткізетін мерзімі және ұйымдастырылуы көрсетілген. Шкала регрессия және центильдік интервал бойынша баланың дене дамуын жекелей бағалау, ұжымдағы балалардың дене дамуы, денсаулық жағдайы, индивидуумның денсаулық топтарын анықтау әдістемелері берілген. Медициналық-профилактикалық, педиатрия факультеттерінің студенттері, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерлеріне, мектепке дейінгі және мектеп, жасөспірімдер мекемелерінің дәрігер педиатрлары мен медициналық қызметкерлеріне арналған.
ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік секциясымен бекітіліп, типографиялық тәсілмен басып шығаруға рұқсат берілді.
Хаттама № 8 30. 04. 2009 ж.
© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы,2009
Негізгі шартты қысқартулар тізімі
АҚ – артериалық қысым
АҚЖ – ас қорыту жүйесі
Ах— қолтық астындағы түктердің пайда болуы
V – дауыс ырғағының өзгеруі
ДД – дене дамуы
ДДСҰ – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДЕЛ – демалу мен енбек лагері
ЖАБ – жиі ауыратын балалар
ӨТС – өкпенің тіршілік сиымдылығы
КТМ – кәсіптік-техникалық мектебі
L – қалқанша шеміршегінің өзгеруі
МЕСТ – мемлекеттік стандарт
МДМ – мектепке дейінгі мекеме
Ма – сүт безінің дамуы
Ме –етеккірдің болуы немесе болмауы
М – орташа арифметикалық шама
Р– шап аймағында түктердің пайда болуы
Rу/х – регрессия коэффициенті
СҚО – студенттік құрылыстық отряды
С – вариация коэффициенті
СШО – студенттік шаруашылық отряды
F – бетінде түктердің пайда болуы
δ – сигма
δ r – сигма регрессии
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау баланың туылған сәтінен бастап, мектеп, КТМ бітіргенге дейін ква-лификацияланған дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе болып табылады. Бұл жүйе динамикалы болып келеді. Уақыт өтуімен зерттеу тәсілдері және денсаулық көрсеткіштері де өзгеріп отырады, осы-ның барлығы тәжірибедегі дәрігер жұмысын ұйымдастыруда және дайын-дығында көптеген қиыншылықтарға алып келеді. Бұл балалар контингенті арасында бүкіл сауықтандыру жұмысының тиімділігін төмендетеді.
Қазіргі оқу-әдістемелік құралда осындай кемшіліктерін жоюға және онда біздің республикамыздағы балалардың медициналық қамтамасыздандыру дағдыларының мазмұны бар.
Антропометриялық зерттеулерді жүргізу кезіндегі кемшіліктері болып,
олардың қатаң кезеңділігін сақтамау және медициналық қарау мерзімінің қойылмауы табылады ( кейбіреулерінде тек айы мен жылы ғана қойылады). Балалардың даму тарихында бала анасының ұлтын тіркеу қарастырылмаған, ол аралас некелердегі баланың антропологиялық ұлтын анықтауды қиындатады.
Балалардың денсаулығын бағалаудың және зерттеудің бүкіл жүйесінің басты табалдырығы болып, осы екі процестің ажырауы табылады. Көбіне антропометриялық зеттеулерді жүргізуге мейірбике жауапты, ал оларды бағалауға дәрігер – педиатр жауапты болып келеді. Бұл өз жұмысының нәтижесін көрмеген, соның нәтижесінде осы зерттеулердің маңыздылығын түсінбегендіктен, мейірбике жұмысының сапасы төмендейді.
Барлық көрсетілген кемшіліктер жеңіл жойылады және балалар денсаулық жағдайын зерттеу және бағалау сұрақтарына балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің барлық медициналық звеноларының жауапты және саналы қарым – қатынасын талап етеді. Осы арқылы қазіргі оқу - әдістемелік құралдың мақсаттылығы анықталады.
-
Денсаулық - бала ағзасының қоршаған ортамен өзара қатынасының сәйкес адекваттылық критерийі ретінде
Балалар мен жасөспірімдер дене дамуында және денсаулықты жақсарту жұмысындағы соғысқа дейінгі жылдармен салыстырғанда маңызды прогресс, “дені сау бала” түсінігін қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті. Егер осы түсінік тек ағзада ауыр созылмалы аурулардың жоқтығы және баланың дене және ақыл – ой дамуында айқын артта қалу дәрежелерінің жоқтығы деп түсінілсе, қазіргі кезде ол түсінік мүлдем өзгеше.
Денсаулық анықтамасын қалыптастыру және оны сандық бағалу үшін, критерийлерді іздеу қазіргі кезде социологтардың, гигиенисттердің, экономисттердің, демографтардың, клиницисттердің, социал – гигиенисттердің және т.б.назарында қалып отыр. 1942-1986 жылдар аралығында әртүрлі шет ел және отандық мамандармен денсаулықтың 40-тан астам анықтамалары берілді. Барлық ұсынылған анықтамалар кәсіптік көзқарастарға тәуелді денсаулықты көрсетеді:
-
ағзаның функционалдық жағдайы ретінде;
-
ағзаның морфо-функционалдық жүйелерінің қасиеті ретінде;
-
статистикалық сипаттамалар жиынтығы ретінде;
-
ағзаның биологиялық және әлеуметтік қызметтерді орындай алу қабілеттілігі ретінде;
Денсаулық 3 әртүрлі принципті мағыналарда қарастырылады:
-
Денсаулық – ағзаның оңтайлы жағдайы ретінде Осы түсініктің анықтамасы “ең жақсы”, “оңтайлы”, “ең толық”, “максимальді” т.б. терминдерімен беріледі.
-
Денсаулық – функционалдық норма ретінде, бұл кезде денсаулық ауру мен патологияға қарама – қарсы түсінік ретінде қарастырылады. (“норма - патология”, “денсаулық - ауру”).
-
Денсаулық – ол ағзаның азды – көпті дәрежеде, яғни оңтайлы сәйкестігінен бастап, экстремальды сырқатына дейінгі жағдайы. Мұнда қолданылатын “денсаулық деңгейі”, “денсаулықтың жақсаруы”, “денсаулықты балдық бағалау” сөз тіркестерімен түсіндіріледі.
Барлық келтірілген мағыналарды денсаулық ағзаның өмір сүру қабілеттілігі ретінде қарастырылған.
Денсаулықтың келтірілген белгілердің бірігуі келесі кең таралған да жоғары. Бұл толық еңбектену, дем алу, адамға тәне биологиялық және әлеуметтік қасиеттерін орындау, еркін және қуанышты өмір сүру. анықтамалармен беріледі:
-
денсаулық – бұл адамға өзінің әлеуметтік қызметтерін және кәсіптік міндеттерін орындауға мүмкіншіліктерімен қамтамасыз ететін азаның өмір сүру қабілеттілігінің оңтайлы эффективті деңгейі;
-
денсаулық – бұл адамның әртүрлі салада қызмет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін салыстырмалы психосоматикалық жағдайлардың жиынтығы, ағзаның оңтайлы өзіндік реттелу жағдайы және оның ортамен динамикалық тепе – теңдігі;
-
денсаулық – аурулар мен зақымдардың жоқтығына қарағанда,одан
Гигиена жағынан қызығушылықты қоршаған ортада ағзаның оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз ететін денсаулық тудырады. Сондықтан гигиенисттерге жақын анықтама болып, 1949 жылы (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ДДСҰ қаулысымен қабылданған анықтама табылады:
“ Денсаулық – ағзаның қоршаған ортамен динамикалық тепе – теңдігін сипаттайтын, денесінің, жан дүниесінің және әлеуметтік сәттілігі, сонымен қоса сырқаттың, кемістіктің болмауы.”
Денсаулық ағзаның оңтайлы қызмет ету қабілеттілігі ретінде, тек клиникалық айқын симптомдардың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар олардың бастапқы көріністерінің жоқтығы.
Демографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталатын “денсаулық” көрсеткіштері бұл тек айсбергтің көрінетін бөлігі ғана, ал су астындағы бөлігін патология алды жағдайлар құрайды. Осы жағдайларды дені сау баланың “деңгейін ” анықтау негізі ретінде гигиеналық диагностика пәні болып табылады. Ұжым денсаулығы бұл жағдайда нозологияға дейінгі диагностика критерийі болып табылады.
Біздің қоғамның мәдениетінің, ғылымының және денсаулығының қазіргі сатысындағы баланың денсаулық жағдайы мен даму сипатын жан – жақты бағалау ағзаның функционалдық ерекшеліктерін ескергенді талап етеді. Толық денсаулықты нығайтудың бірінші сатысы дене дамуы және жүйке жүйесінің дамуының үйлесімділігін және дәрежесін бағалауын талап етеді. Екінші саты – анықталған патология формасы мен сипатын бағалау. Сондықтан баланың дене дамуы және функционалдық жағдайы қазіргі күнде тікелей, ал сырқаттанушылық және т.б.демографиялық көрсеткіштер жанама денсаулық көрсеткіштері ретінде қарастырылады.
Патология алды жағдайлар диагностикасы тәсілдерінің саны, осы процестердің дәрежесін сандық бағалау, алдын-алу шараларының ғылыми негізі болуы мүмкін. Олар бірінші реттік және екінші реттік алдын-алу шараларымен сәйкес келуі тиіс. Осыдан келе, алдын-алу шаралары нақты аурулардың алдын алуға емес, олардың даму мүмкіншілігін төмендетуге бағытталған.
2. Дене дамуы – тұрғындар денсаулығының маңызды
көрсеткіштерінің бірі
Балалар контингенті үшін дене дамуының көрсеткіштерінің маңызы зор. Ол көрсеткіштер әр баланың дамуының жеке ерекшеліктерін бағалауға, оның қалыпты гармониялық дамуынан ауытқуын уақытында анықтауға және өз уақытында қажетті сауықтандыру шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Дәрігер, индивидумның дене дамуының көрсеткіштерін стандарттармен салыстыра отырып, ағзаның дене даму жағдайын, дене салмағын, тығыздығын, дене пішінін, ағзаның құрылымдық-механикалық қасиетін бағалайды, бірақ жастық даму жолында толық ақпарат бере алмайды. Даму процесін, бойдың жылдық өсімін талдау жолымен бағалау, сүт тістерінің ауысу жолымен, екінші жыныстық белгілердің даму жолымен бағалау мүмкін болады, ал жеткен деңгейді «биологиялық жасты» паспорттық жаспен салыстыра отырып, бағалауға болады. «Биологиялық жас» дегеніміз онтогенездің әр этабында баланы сипаттайтын морфо-функционалдық көрсеткіштерінің дамуының нақты деңгейі.
Антропометриялық жағынан дене дамуын ағзаның физикалық күш қорын анықтайтын морфо-функционалдық қасиеттерінің кешенін түсінуге болады. Дене дамуы денсаулық деңгейін анықтайды, немесе денсаулық деңгейі дене дамуын анықтайды. Осы екі көрсеткіштің арасында тығыз байланыс бар, денсаулық көрсеткіші жоғары болған сайын, дене дамуының деңгейі де жоғары болады.
Дене дамуы – әр нақты сәттегі ағзаның жетілу процесін сипаттайтын, қоршаған орта жағдайына бағынышты және онымен өзара байланыста болатын морфологиялық, функционалдық белгілердің жиынтығы.
Сонымен дене дамуы, даму процесінің биологиялық жасқа сәйкестігін ғана емес, уақыттың әр бөлігінде морфо-функционалдық жағдайын сипаттайды.
Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы биологиялық заңдылықтарға бағынады және организмнің өсуінің және дамуының жалпы заңдылықтарын бейнелейді:
-
бала ағзасы жас болған сайын, ондағы өсу және даму процестері қарқынды жүреді;
-
өсу және даму процестері біркелкісіз өтеді және әр жас кезеңіне нақты анатомо-физиологиялық ерекшеліктер тән;
-
өсу және даму процестерінің жүру барысында жыныстық айырмашылықтар байқалады.
3. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жайдайын зерттеу әдістемесі
Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын зерттеу медициналық байқаудың ажырамас бір бөлігі. Медициналық байқау өткізу мерзімдері бірқатар әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстармен реттеледі.
Балалар мекемелерінде кезеңді медициналық байқауларды балалардың жасына сәйкес, белгілі бір мерзімде дәрігер –педиатр жүргізеді.
-
1 жасқа дейінгі балалар- ай сайын, айдың соңғы бес күндігінде;
-
1-3 жас – квартал сайын, 20-30 наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан;
-
3-7 жас – жылына 2 рет, 20-30 мамыр, қараша;
-
7- жастан жоғары – жылына 1 рет, тұрақты график бойынша 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.
1. Бала -бақшалардың дайындық топтарында және мектепте медициналық байқаулар әрқашан кешенді сипатта және құрамында педиатр, окулист, отоларинголог, невропатолог, хирург, стоматолог кіретін дәрігерлер бригадасымен жүргізіледі.
2. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды медициналық байқаудан МДМ медбикесі өткізеді. Антропометриялық тексерістер жүргізе отырып, дене дамуының дәрежесін бағалайды.
3. Міндетті антропометриялық зерттеулер көлемі, баланың жасына қарай белгіленеді: 3 жасқа дейін бойы тікесінен, дене салмағы, кеуде клеткасының аумағы тыныштық жағдайда, бас аумағы; 3-7 жас – бойы тікесінен, дене салмағы және кеуде клеткасының аумағы тыныштықта; 7- жастан жоғары – бойы тікесінен, дене салмағы, кеуде клеткасының аумағы тыныштықта, максимальды тыныс алғанда, тыныс шығарғанда.
МДМ медициналық кабинеттің ауа температурасы 22 градус С кем емес, мектептерде 20 градус С, 1 күнде байқаудан өткізілген балалар саны 60-80 адамнан көп болмауы керек. Басты антропометриялық көрсеткіштер: бойы, салмағы және тыныштық кезінде кеуде клеткасының аумағы, ал бас аумағы мен тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы кеуде периметрінің терапиялық ақпараты бар.
4. Дене дамуы туралы П.Н.Башкировтың «Адамның дене дамуы туралы оқу» атты классикалық еңбегінде көрсетілген. ХІХ ғ. Соңында А.Д.Доброславин, Ф.Ф.Эрисман, Р.Н.Рума спирометрия және динамометрия дұрыс жетілмеген деп есептеген, ол зерттеушісінің еріктік және эмоциялық жағдайына байланысты деп көрсеткен, ал В.И.Сергеев (ӨТС) өкпенің тіршілік сиымдылығы дене дамуы жақсы адамдарда әрқашан жоғары бола бермейді деп көрсеткен. Сондықтан дене дамуын зерттеу бағдарламасына ӨТС және динамометрияны енгізудің мәні жоқ.
1 жасқа дейінгі балалардың дене ұзындығын өлшеу, көлденең ағаш бой өлшегішке жатқызып өлшенеді. Басы көз қиығы құлық ұшымен бір тік жазықтықта болатындай орналастырылады. Тізелері бүгілмейтіндей етіп, бой-өлшегіштің жылжымалы планкасын табанын тік бұрышпен орналастырып, өкшесіне тірейді. Дәлділігі 0,5см.
7 жастан жоғары балалардың бойын өлшеуде вертикальді бой өлшегіш қолданылады. Бала тік бой өлшегішке өкшесін, жамбасын, жауырындарын тигізіп тұрады, басы көздің төменгі қиығы, құлақ ұшымен көлденең бір жазықтықта болатындай орналастырылады. Жылжымалы планка бастың жоғары нүктесіне тигенше түсіріледі. Дәлділігі 0,5 см. Бойды өлшеу күннің бірінші жартысында жүргізіледі, өйткені күні бойы дене ауырлығының нәтижесінде омыртқааралық дискілер қысылып, табан ойығы жалпаяды, сөйтіп баланың бойы күн соңында өзгереді.
5. Бір жасқа дейінгі балалардың дене салмағы (массасы) табақшалы таразыда өлшенеді. Дәлділігі -10г. 1 жастан асқан балаларды Фербенкс түріндегі медициналық таразыда өлшейді. Дәлділігі -50г. Өлшену уақытында бала тарзының ортасында тұру керек. Балаларды өлшеу аш қарында немесе тамақ қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан өткеннен кейін жүргізіледі.
6. Кеуде клетка аумағы резиналы сантиметрлік лентамен өлшенеді. Лентаны арт жағынан жауырынның төменгі бұрышының астына (ол қолды жоғары көтергенде жақсы анықталады), алдыңғы жағынан төменгі сегмент емізікше маңына қойылады (жоғарғы сынып оқушыларының пубертатты кезеңде аралық деңгейінен сүт безінің жоғарғы шетінен өтеді). Өлшеу кезінде жұмсақ тіндерді шамалап қысып, лентаны тарту керек. Лентаның санақ басы жағы әрқашан оң жақта болу керек. Кеуде аумағын өлшеуде үзіліс кезінде зерттеуші дауыстап санау немесе сөйлеу керек. Үзілісте өлшегеннен кейін, лентаны қозғамай зерттеуші максимальді дем алу керек және көрсеткішті жазып алу үшін, демін ұстап тұру керек, содан кейін максимальды тыныс шығарады, өлшеудің дәлділігі – 0,5см.
7. Бас аумағын өлшеу үшін лентаны артынан шүйде төмпешігіне, ал алдынан- қас үстілік бұрыш бойынша маңдай төмпешігіне қояды. Өлшеу дәлділігі – 0,5см.
8. Педиатр мен хирургтың баланы тексерудің дәрігерлік зерттеу бағдарламасына белгілерді сипаттау кіреді.
- көрінетін шырыш қабаттары мен терінің жағдайы –түсі, тазалығы, тері серпімділігі, шырыштың бояуы және т.б.
- май жинауының айқындылығы және сүйек рельефінде жиналуы үш балдық шкаламен бағаланады (аз, орташа, үлкен немесе сәйкесінше 1-2-3 баллмен). Май жиналудың «аз» кезінде сүйек рельефі анық көрінеді, «орташа» сүйек рельефі айқын емес, «үлкенде» сүйек рельефі тегіс, контуры жұмсақ, дөңгелектенген.
- бұлшықет рельефінің айқындылығы және оның тонусы 3 балдық шкала бойынша анықталады. Бұлшықет дамуының «аз» дәрежесінде еттердің рельефі әлсіз анықталады, серпімділігі төмендеген, «үлкен» рельефі айқын және еттердің серпімділігі жоғары, «орташа» осы екі бағаның ортасындағы жағдай.
- сүйек жүйесі – сүйек жағдайы бойынша бағаланады (ірі, жіңішке), рахиттан кейінгі сүйек белгілерінің болуы (қабырғада рахиттің белгілері, кеуде клеткасының, аяқтың формасының өзгеруі), омыртқаның дұрыстығы немесе оның формаларының функционалды бұзылыстарының болуы.
Дұрыс мүсін кезіндегі көрсеткіштер мойын тереңдігі және омыртқалық бүгілістері сәйкес және кішілерде 3-4см, орташа және үлкен жастағыларда 4-4,5см ауытқиды, денесі тік ұсталады, бас көтерілген, иықтары бір деңгейде тұрады, іші тартылған, аяқтары тік.
Бүкірейген мүсін кезінде мойын бүгілуі тереңдейді, омыртқа тегістеледі, басы алға иілген, иықтары төмен түскен.
Лордоз типті мүсін кезінде омыртқа бүгіледі, жоғарылайды, мойын тегістеледі, іші шыққан, дененің жоғарғы бөлігі артқа шалқайған.
Кифоз типті мүсін кезінде мойын және омыртқаның бүгілулері үлкейген, арқа дөңгелек, иықтары төмен түскен, басы алға иілген, іші шыққан.
Тік мүсін – екі бүгілудіңде тегістелуімен сипатталады, арқасы тік.
Сурет 1.
а) А – қалыпты; Б – бүкірленген; В – лордоз типті; Г – кифоз типті; Д –тік мүсін.
9. Табан – қалыпты, тығыздалған және жалпақ болып бөлінеді. Табанның жағдайы визуальды және пальпация арқылы анықталады. Белгісіз жағдайда плантография әдісі қолданылады. Плантограф биіктігі 2 см, ағаш рамкадан тұрады және өлшемі 40х40, бетінде полиэтиленді пленка, төменгі жағы авторучка үшін 1:1 ерітілген сиямен боялады. Плантографтың боялған жағына еденге таза парақ қояды. Табанның ізін алу үшін зерттеуші бір немесе екі аяғында плантографтың полиэтиленді пленкаға қояды, боялған ткан иіліп және қағазға аяқ қондырады. Алынған ізге (2 сурет) өкше ортасынан бірінші саусақ ортасына және екінші саусақ аралық аралыққа сызық жүргізіледі. Егер табан ізінің контуры сызықты жаппаса, онда табан – қалыпты болып есептелінеді, ал егерде сызық бірінші линияны жапса – ол жалпақтау табан, екінші сызықты жапса – жалпақ табан. Жалпақтау және жалпақ табанды балаларды ортопедке жіберу керек.
Сурет 2.
Плантограмма түрлері.
А –қалыпты табан; Б –жалпақтау табан; В –жалпақ табан (майтабан).
10. Жыныстық жетілу деңгейлері формула түрінде көрсетіледі, екінші жыныстық белгілер балмен бекітіледі.
1. Шаптағы түктердің дамуы.
- түктің болмауы Р0
- бірнеше қысқа түктер- РI
- шаптың ортасында, қалың, ұзын түктер – Р2
- шаптың барлық үшбұрышында қалың ұзын түктер Р3
- түктер шаптың барлық аймағында орналасқан, жамбасқа, іштің ақ сызығы бойымен шыққан – Р4
2. Қолтық астының түктерінің дамуы.
- түк болмауы – Ах 0
- сирек түктер – Ах I
- ортасындағы түктер – Ах 2
- барлық жерде, толық түктер – Ах3
3. Бет жамылғысында түктердің дамуы.
- түктердің болмауы – F0
- сирек ұзын түктердің пайда болуы немесе беттегі айқын «шоғыр» - ҒI
4. Дауыс ырғағының өзгеруі.
- дауыс мутациясының болмауы – V I
- дауыс мутациясының пайда болуы – V2
5. Жұтқыншақтағы қалқанша шеміршегінің өзгерісі.
- өзгерістің болмауы – L0
- жұтқыншақта қалқанша шеміршегінің ұлғаюы –LI
6. Сүт безінің дамуы
– балалық кезең – Ма 0
- без байқалмайды, емізікше маңайындағы дөңгелекте емізікшенің көтерілуі – Ма I
- емізікше маңайындағы дөңгелек ұлғайған, емізікшемен бірге конус тізілген. Без байқалады – Ма 2
- без үлкен көлемде көтерілген, емізікше конус тәрізді – Ма3
- емізікше маңы дөңгелегі, без үлкендердікіндей – Ма4
7. Етеккірдің болуы немесе болмауы.
- оның пайда болу жасы- Ме13
Денсаулық жағдайын жалпы скрининг- тесті негізінде бақылау.
І – этап – балалар мекемесіндегі медециналық бике скрининг- бағдарламасымен барлық балаларға зерттеу жүргізеді.
ІІ – этап – балалар мекемесінің дәрігері балаларды скрининг тесті бойынша зерттейді.
ІІІ – этап- балалар емханасының қысқа мамандарымен жүргізіледі. Медициналық қараулар балалар денсаулық жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Скрининг – бағдарламаға кіреді.
1. Анкеталық тест – оқушының өзін немесе ата-анасын арнайы анкета арқылы сұрау жүргізу. Анамнездік мәліметтерге және шағымдарға, жүйке, жүрек тамыр, ас қорыту жолдары, зәр шығару жолдарының өзгеруімен сипатталады, және де сонымен қатар мұрын- жұтқыншақ аурулары және аллергиялық аурулар жағдайларының бар жоқтығына сұрау жүргізуі бағытталған (қосымша).
Осы анкета белгілі жүйе бойынша балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайының ауытқуы пайда болған кезде, негізгі «кілттік» шағымдары топтастырған қарапайым сұрақ түрінде.
Мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларын тексерген кезде, анкетаны ата-аналары толтырады, ал 5 сыныптан бастап – оқушылар өздері толтырады.
1-7-ге дейінгі сұрақтар жүйке жүйесінің ауытқуларына бағытталған, ал 8-9 аралығындағы сұрақтар жүрек –тамыр жүйесінің ауытқуларына бағытталған, және де 10-12 дейінгілері мұрын-жұтқыншақ жағынан, ал 13-19 аралығы ас қорыту жолдарына арналған, 20-21 –ге дейінгісі бүйрек ауытқуларына, 22-24 аллергиялық сұрақтарға бағытталған.
Сұрап біткен анкетаның нәтижесін медбике тексереді, ол жауап берілген сұрақтарды (+) белгілерімен белгілейді, оң жауап алған сұрақты санмен белгілейді. Осыдан кейін оның нәтижесін балалар дәрігері тексеріп, қай балаға көңіл аудару керек екендігін және қандай арнайы және қосымша тексерулер жүргізу керектігін шешеді.
2. Регрессия шкаласы бойынша дене дамуына баға беріледі.
3. Артериялық қысымды өлшеу (төменгі сынып оқушыларын жастарына байланысты, стандартты манжетке байланысты), яғни гипертоникалық және гипотоникалық жағдайларына байланысты.
8—12 жастағы балалардың артериялды қысымын өлшеу, тек «үлкен» кездегі манжетті немесе қосымша есепті баланың иық аумағының көлемін білуімен және тығыз дене салмағымен салыстыра отырып жүреді. Баланың дене дамуын бағалау жеке стандарттармен салыстырылуы қажет. І –ші кестеде көрсетілгендей.
1 кесте
Стандартты манжет өлшеулері кезінде алынған систолалық
қысымның өлшеулерінің (мм.сынап бағанасы бойынша) жөндеулері
(8-12 жастағы әртүрлі дене салмағындағы балалар).
Жасы (жыл бойынша)
|
Дене салмағы стандарт бойынша
|
қалыпты
|
дефицит
|
артық
|
8
|
+10
|
+15
|
+5
|
9
|
+10
|
+15
|
+5
|
10
|
+10
|
+15
|
0
|
11
|
+5
|
+10
|
0
|
12
|
0
|
+5
|
0
|
13 хх
|
0
|
0
|
0
|
Ескерту: Х-саны диастолалық қысымды қарастырғанда жүргізіледі және де диастолалық қысымды стандарттық және манжеттік өлшеулермен ажыратылады.
ХХ – 13 жастағы және үлкен жастағы балаларда (дене салағына тәуелді болмай-ақ) артериялық қысымдардың нақты сандарын стандарты үлкен жаста манжет бойынша өлшемдері ажыратылмайды.
4. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын визуальді-инструмент көмегімен зерттеу.
4.1. Мүсіннің бұзылуын анықтау үшін тест картасы
№
|
Сұрақтар
|
Жауап
|
1
|
Қимыл мүшелерінің зақымдануы, жүректің ақаулары, жарақаттар.
|
Иә
|
жоқ
|
2
|
Мойынның, бастың ортаңғы сызықтан ауытқулары; иық, жауырын, жамбас сүйектері симметриялы емес.
|
Иә
|
жоқ
|
3
|
Кеуде клеткасы «етікші», «құс төс», деформирленген.
|
Иә
|
жоқ
|
4
|
Омыртқаның физиологиялық қисаюының, мойын лордозы, кеуде кифозы, бел лордозының үлкейуі және кішірейуі.
|
Иә
|
Жоқ
|
5
|
Жауырынның шамадан тыс қалуы.
|
Иә
|
жоқ
|
6
|
Шамадан тыс іштің шығып тұруы.
|
Иә
|
жоқ
|
7
|
Аяқтардың осьтерінің бұзылуы (О-тәрізді және Х-тәрізді).
|
Иә
|
жоқ
|
8
|
Бел үшбұрышының тегіс еместігі.
|
Иә
|
жоқ
|
9
|
Өкшенің вальгусты болуы (өкше ортасының сыртқа ауытқуы) тұрған кезде.
|
Иә
|
жоқ
|
10
|
Жүрістің өзгеруі: ақсап жүру, «үйрек» сияқты.
|
Иә
|
Жоқ
|
Тексерулер келесі түрде жүргізіледі:
-
Алдынан қарау – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Аяқ, бас, мойын, иықтарының симметриялары, бел үшбұрышының түзу пішінін анықтайды. Қалыпты жағдайда үшбұрыштар біркелкі пішінде болуы керек. Кеуде клеткасының деформациясы, жамбастың бірқалыпты деңгейде болуы.
-
Қырынан қарағанда – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Кеуде клеткасының пішіні, іштің, жауырынның шығып тұруы, арқа пішіні анықталады.
-
Артынан қарағанда – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Жауырын бұрышының симметриясы, омыртқа пішіндері, аяқ пішіні, табанның ортасын анықтау (вальгусты және жоқ).
-
Соңғы тексеруде балаға бірнеше қадам жасатқызып көреді, оның жүрісінің бұзылысын байқайды.
Тексеріс кезінде тестік карта (2 кесте) толтырылады, және де мүсінінің бұзылысына баға береді.
-
қалыпты мүсін – барлық сұрақтарға теріс жауаптар
-
кейбір ауытқулар, мектеп, мектепке дейінгі балалар дәрігерінің қадағалауын талап етеді – бір немесе бірнеше сұрақтардан 3 –тен 7- санға дейін оң жауап болса.
-
Мүсіннің қалыптан айқын ауытқуы, ортопедке кеңеске бағыттама беру -1,2,8,9,10 сұраққа оң жауап болса.
4. 2. Шынайы сколиозді анықтау тесті
Шынайы сколиоздарға омыртқа бейнесіне жүретін немесе омыртқаның өзінің тік өсіне қатысты айналуымен жүретіндер, осы кезде омыртқаның сүйекті өсіндісін ортаңғы жазықтықтан денені бүкірейткенде көрінетін, төмпек түзе отырып, орта жазықтықтан қисаюы жүретіндер жатады.
Шынайы сколиозды анықтау үшін, омыртқаны иілтіп және денені алға еңкейтіп қарау.
-
Дененің еңкеюі ақырын жүреді, қолдары төмен салбырап бос тұрады, аяқтары түзу тұрады.
Омыртқа жотасының бейнесін (қисаюын) анықтаған кезде нақты тексеруді екі түрде жүргізеді: алдынан және артынан.
Артынан қараған кезде (бала дәрігерге артымен тұрады), баланы алға қарай енкейтіп, омыртқа жотасының бейнесін кеуде-белдік және бел омыртқа бөлімінде анықталуы мүмкін.
Алдынан қараған кезде (бала дәрігерге алдымен қарап тұрады), баланың кеудесінің еңкеюі, жоғарғы-кеуде омыртқа жотасының бейнесі (торси) және кеуде бөлімінің омыртқа жотасының бейнесінде өзгеріс бар екенін анықтауға болады.
4.3. Плантография – майтабанды анықтау тестісі
А.А.Малиновский тестісі бойынша миопия алды көріністі анықтау.
Бұл тест мектепке дейінгі мекемеде 6 жастан және 1 сыныптарда қолданылады. Сивцев –Годовина кестесі бойынша арнайы көру өткірлігін зерттеу қажет. А.А.Малиновскиий тестісі балаларда миопия алды орналасуды анықтайды. Бұл тест 2 этап бойынша анықталады:
1. Көру өткірлігін анықтау (жалпы әдіс бойынша).
2. Қалыпты көру өткірлігінің орташа контингентін балалардағы миопияны алдын-ала анықтау.
Тексеру әдістері: көру өткірлігін анықтағаннан кейін, қалыпты көру өткірлігін анықтауға линза қолданылады; әрбір көзді жеке-жеке тексереді, бір көзін щитпен жауып тұрып. Линзаны қолдану тестісі бойынша + 1,0Д баланың көз әйнегінді, көзінің ара қашықтығы 56-58мм болғанда.
Нәтижеге баға беру.
-
бала линзаны киіп кестенің 9-10 жолдарын оқыса – тест теріс болып шығады (қалыпты жасты рефракция);
-
бала линзаға қарап, кестенің 9-10 жолдардағы әріптерді оқи алмаса және де оларды бір-бірінен ажырата алмаса – тест оң болып шығады (миопия алды жағдайдағы рефракцияның жас бойынша күшеюі).
Миопия алды балалар «қауіпті топ» миопия ауруы ретінде қарастырылады. Бұндай балалар офтальмологқа бағыттама алып, кезеңділік бақылаудан өніп отыруы тиіс.
Балалар мекемесінің медбикесі Малиновский тестісімен зерттеу жүргізеді. Малиновский тестімен көздің өткірлігін зерттеген уақытта, теріс нәтиже берілген балалар 3 жылда 1 рет тексерістен өтеді, яғни 4-7-10 сыныптарда.
б. Түрлі- түстің бұзылуын анықтауға көзге тест жүргізіледі (мектеп оқушылары). Түрлі –түсті сезудің бұзылысы көбіне мамандық таңдаған уақытта маңызды роль атқарады (жүргізуші, аппаратшы т.б.) әсіресе ұл балаларда жиі тұқымқуалаушылық сипатынан байқалады. Көзді түрлі-түсті зерттеуде арнайы полихраматикалық Рабкин кестесі қолданылады. Бұл кестеде дөңгелектер әр түстес, бірақ белгілері мен сандардың бойы интенсивті бірдей, оларды қалыпты түсті көруді жеңіл ажыратуға болады. Зерттеуге тек 1-ХШ полихраматикалық кестесі қолданылады. Зерттеу табиғи жарықпен жүргізіледі, зерттеулуші арқасымен терезеге қарап отырып, ал зерттеуші терзеге бетімен қарап отырады. Кесте көлденең көрсетіліп ара-қашықтығы 1м 5-6 секундты құрауы керек. Нәтиженің бағалануы: жеке кестелердің дұрыс емес айырмашылығы – көздің түстік аномалиясы болып есептелінеді. Оқушы офтальмологқа консультацияға жіберіледі. Көздің түстік зерттелуі 4 сыныпта жүргізіледі.
Лабораторлық скрининг – скрининг тесті протеинурия мен глюкозурияны анықтауға арналған.
Балалар мекемесінде медбике көмегімен арнайы диагностикалық реактивті сызықпен зәрдегі белокпен глюкозаны анықтайды. Түстің өзгерісі бойынша зәрдегі концентрациясына қорытынды жүргізіледі. Зәрде белок анықталған балалар протеинурияның себебін зерттеуге жіберіліп, ал зәрде глюкоза анықталса, эндокринологқа кеңеске жіберіледі. Жоғары сапалы және медициналық тексерістің ақпараттығын алдын-ала лабораторлық тексерісті балаларға жүргізіледі. Жалпы қан анализі, нәжіс (медициналық тексеріске дейін 2-3 апта дейін). Қазіргі уақытта қалауы бойынша ешқандай кемшіліктері функциясында ауытқулары жоқ балалар жатады.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын кешенді бағалаудың төрт критерийлері бар:
-
тексеру кезінде созылмалы сырқаттың бар – жоқтығы;
-
ағзаның резистенттілігінің дәрежесі;
-
негізгі жүйелердің функционалды жағдайы (жүрек – тамыр, дем алу т.б.);
-
дене және жүйке – психикалық даму деңгейі және оның гармониялық дәрежесі.
Осы критерийлерді пайдалана отырып, денсаулықтың бес тобын бөлеміз.
Денсаулықтың І тобы -бұл топқа дене және жүйке – психикалық дамуы жақсы, дендері сау, ағзасында ешқандай кемістіктері, функционалдық ауытқулары жоқ балалар жатады. Бірен – сараң тіс кариесі, туберкулездік интоксикация байқалмайтын Пирке реакциясы оң және І дәрежедегі аденоидтар мен бадамша бездерінің гипертрофиясы және де функциясы өзгермеген қалқан бездері ІІ дәрежелі ұлғайған балаларды денсаулықтың І тобына жатқызуға ешқандай кедергі жоқ.
Денсаулықтың ІІ тобы - созылмалы сырқаттары жоқ, бірақ кейбір функционалдық ауытқулары бар дендері сау балар жатады. Бұл топқа эндокриндік патологиясы жоқ, дене дамуы нашарланған, қан құрамындағы гемоглобині азайған, гипер және гипотониялық реакциялар, вегетативтік тұрақсыздық, невротикалық, астеникалық және аллергиялық реакциялар, етеккір циклының бұзылуы, ішек пен өт қабының дискинезиясы, интоксикациясыз гельминтоз. ІІ дәрежелі аденоидтар мен миндалина гипертрофиясы, мұрын аралығының қисаюы, скалиозды мүсін, төменгі дәрежедегі (3,0 Д дейін) рефракция сияқты функционалдық ауытқулары бар балалар жатады.
Денсаулықтың ІІІ тобы- компенсаторлық фазадағы, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, созылмалы сырқатпен ауыратын балалар жатады (созылмалы тонзилит, ревматизм, холецистит т.б.). Сол сияқты дене кемістіктері бар, еңбек және оқу қабілетін жоғалтпаған елеулі зақымдық салдары бар балаларды жатқызуға болады.
Денсаулықтың ІV тобы -функционалдық мүмкіншіліктері төмендеген, емдеуді қажет ететін, субкомпенсаторлы фазадағы (созылмалы аурулардың өршуінен кейінгі реконвалесценттер, созылмалы процестер жиі асқынатын) балалар жатады.
Денсаулықтың V тобы- декомпенсациялық фазадағы, ауыр түрдегі созылмалы сырқаттармен ауыратын балалар және І – ІІ топтағы кәріптер (инвалидтер) жатады.
«Даму тарихы» денсаулық жағдайын қорытындылау мен қоса, қысқаша көрсеткіштерді, анықтаушы. Мысалы:
-
денсаулықтың ІІ тобы (ЧБД, ФР (ІІ));
-
денсаулықтың ІІІ тобы (созылмалы тонзилиттің жай формасы, кариес);
-
денсаулықтың ІҮ тобы (созылмалы тонзилиттің токсико-аллергиялық формасы, анемия).
-
Денсаулық Ү тобы (гидроцефалия, декомпенсация формасы).
Денсаулық І тобындағы балаларға - сау балаларға өткізілетін медициналық тексеріс тәрізді жүргізіледі.
Денсаулықтың ІІ тобындағы балалар «қауіпті тобы» арнайы әрбір балаға бекітілген, патологияның қауіптілігіне байланысты, инфекциялық процестің айқындылығы резистенттілігіне. Жиі ауыратын балалар – пневмония, Боткин ІІ топқа жатады, бірақ реконвалесценция кезінде диспансеризацияға Ф№30 алады.
ІІІ, ІҮ, Ү топқа жататын балалар олар № 30Ф диспансеризацияға алынады да, мед.тексеріс арнайы әдістемелік нұсқаулармен өткізіледі.
Бағалаудың нәтижелері бойынша, дене дамуына, физикалық дайындығына байланысты – медициналық тұрғыдан келесі топтарға бөлінеді. Медициналық топты құруда дәрігер келесі сұрақтарға жауап беру керек.
-
Дене тәрбиесіне;
-
зерттелетін балаға қойылатын талаптарды орындауға шамасы бар ма;
-
дене шынықтыру жаттығуларын емдік мақсатпен жүргізу керек пе (коррегирлік гимнастика т.б.);
-
спорт секцияларында, жарыстарда, қатыса ала ма, қандай жағдайда;
-
сонымен қатар баланың денсаулық тобын анықтау.
ІІІ еңбек семестрінің маңызы зор, қазір шартты түрде 3 формасы бар:
-
Студенттік құрылыс отряды (СҚО). Отряд қатысушылары ауыл аймақтарында құрылыс жұмыстарымен айналасады, жұмыс механизирленген бұл жұмыспен айналысатындарға физикалық дайындық және жоғары талаптар қойылады.
-
Студенттердің ауылшаруашылық отряды (САШО) немесе еңбек ету және демалу лагері (ЕДЛ). Ондағы балалар шаруашылық алаңдарында жұмыс істеп, мәжбүрлі қалыпта болады, ауыр және орташа ауыр жұмыстарды орындайды.
-
Жеңіл еңбек (ЖЕ). Бұл отрядтағы балалар қосымша жұмыстарды орындайды және көп физикалық күшті қамтамасыз етпейді.
4. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының жекелей әдістемесі
Көп жылдар бойы дене дамудың индекстер әдісін кең қолданады. Индекстер: бөлек антропометриялық белгілердің, көрсетілген математикалық формуладағы бейнесі. Осы әдістің қателігі болып – белгілі баланың кез-келген өсу көрсеткіштердің ауытқуын ескермеу.
Индекстік әдістің орнына дене даму профилі келеді. 1910ж орыстың санитарлық дәрігері И.И.Моллесонмен ұсынылған. Осы әдістің артықшылығы, осы формулаға кіретін көрсеткіштер бір бірімен байланыста болмайды.
Индекс және Моллесон ұсынған формуланы 1929ж В.Г.Штефко әдісі алмастырды. Осы әдісте зерттелетін баланың мәліметтері осы бала жататын топтың мәліметтері (стандарт бойынша) салыстырылады. Осыған байланысты арнайы бағалаушы кестелер құрылады. Олар белгілі физикалық көрсеткіштерге байланысты әрбіреуі (Мартин бойынша 7), (Штефко бойынша 5) бағалаушы категориялары төмен, ортадан төмен, орташа (норма), орташадан жоғары. Градацияның негізі болып, орташа квадратты ауытқу δ алынады. Бірақ осы әдістің де кемшілігі болады. Белгілер арасындағы ауытқумен көрсетті, ал δ тек қана бір-бірімен байланыспаған белгілер ауытқуын бағалайды.
Қазіргі кезде дене дамуды бағалаудың корреляция әдісі (регрессия шкаласы) центильдік талдау.
5. Дене дамуы регрессия шкаласы бойынша бағалау әдістемесі
Осы әдістің негізі – тәуелді белгіні табу, бұл белгі болып – бой көрсеткіші табылады. Салмақ және кеуде клетка аумағы туынды болды. Осы көрсеткіштер бір-бірімен жұп корреляция арқылы байланысады. Өлшеу ауытқулары бойынша – бой ұзындығы бойынша қорытынды орташа квадраттық ауытқу δ, салмағы мен кеуде клетка аумағы орташа квадраттық ауытқуы δ Алынған регрессиялық талдаудың коэффициенті болып
Біртұтас жүйе болып, балалардың дене дамуын бағалау, ҚР –да денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Ұсынылған сызба бойынша дене дамуының 5 дәрежесі бар, ондағы І,ІІ,ІІІ топтар корреляциялық қатынастар бойынша анықталады, ал ІҮ,Ү дәрежеде тек қана бой көрсеткіші арқылы. Айта кету керек коррекцияланатын белгілер дұрыс бөліну керек, яғни, бөліну қисығы белгінің орташа арифметикалық өлшеміне қатысты симметриялы.
а) мектепке дейінгілер б) мектеп оқушылары
Жақсы, гармониялық дене дамуы (1 дәреже) 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде клеткасының аумағы мен салмағы:
М+- -Ι –М +2
Нашарланған, дисгормониялық дене даму (ΙΙдәр.) +2-3-4-5 бой қиылысындағы индивид, кеуде көлемі мен салмақтары бойынша Ι дәрежесі шекарасынан асатын көрсеткіштер.
Нашар, дисгормониялық дене дамуы (ΙΙΙдәр.) – 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде көлемімен салмақтары бойынша ΙΙΙ дәреженің шекарасынан асатын көрсеткіштер. Жалпы тежелу (қалып дамыған) дене даму (ΙVдәреже).
Бой көрсеткіштері (Ιкласс) «өте төмен» (Ι класс) кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.
Оза дамыған (Vдәреже) – бой көрсеткіштері (V кластан жоғары), кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.
Сурет 4а. Белгілердің қалыпты үлестірілуінің қисығы.
|
Сурет 4 б. Балаларда антропометриялық белгілерді үлестіру қисығы.
|
|
|
Балалар арасында антропометриялық көрсеткіштеріне байланысты даму әдеттегідей, себебі ағза жас және өсу кезеңінде, әртүрлі уақыт кескінінде әр түрлі дамиды (гетерохронды). Егер уақыт кескініндегі даму ұзақ болған жағдайда, онда көрсеткіштер де әртүрлі болады. Осы тұжырымнан келесі сұрақ туындайды: Баланың биологиялық жасы паспорттық жасына сай келе ме? Осы сұраққа Д.И. Арон, М.И. Карсонский , М.В. Иматьев оң жауап қайтарды.
Осы қателіктерді болдырмау үшін – стандартта берілген жастық диапозондардағы қысқарту керек, яғни интервалды бір жылға емес бөлшекті түрде құру: 1 жасқа дейін әрбір ай, 1-3 жастан – 3 ай сайын, 3-7 жастан – 6 ай сайын, оқушыларда 1 жыл.
Оқушылардағы – ассиметриалды түзету мақсатында – салмақ пен кеуде клеткасының аумағы бойынша : Му +2 R қолданылады.
Дене дамуын бағалау үшін тиімді және қарапайым формада 3 кесте берілген. Балалар мекемелерінің медбикесі дене дамуын зерттеу және бағалау үшін қолданады.
Дене дамуын бағалау үшін дене дамуының дәрежесін бойдың ұзындығына салмақтың және кеуде клеткасының аумағының қатынасын анықтап, жалпы түрде қорытынды береді, яғни ауытқу көрсеткіші бағаланады.
Берілген стандартқа сәйкес, дене дамуының индивидуумы II-III дәрежесінде салмақ пен кеуде клеткасының артта қалуы немесе оза жүруі байқалады. Символ түрінде дене дамуының дәрежесін артта қалуы мен оза жүруін салмақ бойынша санның алдында "-" немесе " + " (+II; +III), ал кеуде клеткасының көрсеткіші бойынша артта қалуы мен оза жүруі "-" немесе " + " санның артыннан қойылады (II+; III+).
Егерде кеуде клеткасымен салмағы қарама-қарсы белгіде болса (біреуі артта қалып, екіншісі – оза жүрсе) дене дамуы дисгамониялық түрде бағаланады.
Дисгармониялық – антропометриялық көрсеткіштердің біреуінің стандарттқа сәйкес еместігі, сондықтан дене дамуының II және III дәрежелері әрдайым дисгармониялық болады.
Мысалы дене дамуын бағалау. Тыныштыкпаев Олег, 5,5 жаста, анасының ұлты - украин. Антропометриялық көрсеткіштері: бойы - 112 см, салмағы - 16,4 кг, кеуде клеткасының аумағы - 50,6 см.
Достарыңызбен бөлісу: |