49
Каспаздық механизмге тәуелді апоптоздың
ішкі жолында жасуша
органеллалары стресстік бүлінудің нәтижесінде иницияцияланады. Бұл
митохондриядан цитохром С пен Apaf-1протеазаны (apoptotic protease
activating factor-1) босатады. Цитохром С пен Apaf-1протеаза прокаспаза
9-ды бессендіруге қатысады. Осының
нәтижесінде апоптосома деп
аталатын кешен түзіледі. Апоптосома апоптоздық реакциялардың
каскадын іске қосатын инициаторлық казпазды белсендіреді. Apaf-1
нейрондардың жіті ишемиялық бүлінуінен кейінгі р-53 нәруызының
проапоптоздық әсер етуінің басты нысанасы ретінде қызмет атқарады. Ал,
р-53 нәруызы Apaf-1 генінен айырылған
нейрондарда олардың
транскрипциясын белсендіреді. Осының нәтижесінде апоптоз индукторы
әсер еткеннен кейін олардың тірілу көрсеткіштері жоғарылайды.
Сонымен бірге, каспаздық механизмге
тәуелді апоптоздың ішкі
жолында каспаза-12 ферменті маңызды рөл атқарады. Бұл эндоплазмалық
ретикулумның қызметі бұзылуынан туындаған апоптоз үдерісінде
байланыстырушы қызметін атқарады. Эндоплазмалық ретикулумда
орналасқан каспаза-12 ферментінің белсенуі
цитохром С қатысуымен
және кальцийдің мөлшерінің көбеюімен бірге жүреді. Цитохром С
митохондриядан шыққаннан кейін
эндоплазмалық ретикулумға өтіп,
инозитол–1,4,5-трифосфатқа
рецепторларды
тежейді.
Кальций
каналдарының жұмысын бұзып, жасушада кальций иондарының мөлшерін
көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: