Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Субарахноидалды қан құйылулар –



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Субарахноидалды қан құйылулар – субарахноидалды кеңістікте (мидың 
өрмелі және жұмсақ қабығы арасындағы қуыста) қан құйылумен 


11 
сипатталатын 
ми 
қанайналымының 
жіті 
бұзылысы 
(МҚЖБ). 
Cубарахноидалды 
қан 
құйылулар 
артериялық 
аневризмалардың 
жарылуынан (жарақаттық емес қан құйылулар) немесе бас-ми жарақатынан 
(жарақаттық қан құйылулар) туындайды. Барлық инсульттердің 5-7%-ын 
құрайды. 
Инсульт кезіндегі ишемияның ядролық аймағы («өзек», 
«инфарктты ядро») – ми қанайналымының жіті бұзылысы дамығаннан
бастап 6-8 минуттың ішінде нейрондардың қайтымсыз зардапталған 
аумағы 
және 
қантамырлардағы 
минуттық 
қанағымның 
(МҚ) 
10 мл/100г/минуттан
–1 
төмен) айқын азайған аймағы. Бұл инсульттің 
орталық аймағы саналады, яғни көлемі жағынан басымдау «ишемиялық 
жартылай көлеңке» деп аталатын тіршілікке икемді аймақпен қоршалған 
некроз ошағы (1- сурет). 
 
Пенумбра («ишемиялық жартылай көлеңке») – ишемияға ұшыраған
бірақ, тіршілікке икемді, инфаркт ядросы аймағын қоршап жатқан ми 
тіндерінің аумағы. Пенумбра аумағында қалыпты қызмет атқару үшін 
қажет болатын қанмен қамтамасыз етілу деңгейінен төмен, бірақ, 
қайтымсыз өзгерістердің критикалық (шектік) межесінен жоғары болады. 
Пенумбра аумағында энергиялық метаболизм толығымен сақталған
құрылымдық өзгерістер жоқ, бірақ функциялық өзгерістер байқалады. Осы 
«ишемиялық жартылай көлеңке» аумағында жасушалардың өлуі инфаркт 
ошағының ұлғаюына әкеледі. Ми тінінің адекватты перфузиясының 
қалпына келуінен және нейропротективті дәрі-дәрмектерді қолданған кезде 
«ишемиялық жартылай көлеңке» аумағы тіршілікке икемділігін сақтай 
алады. Инсультті емдеудің алқашқы сағаты мен алғашқы күндері тек 
пенумбра ғана басты нысана рөлін атқарады. 
Диашиз (грек тілінен ауд. diaschisis – бөліну, ыдырау) – бұл ишемиялық 
зақымданған ошақтан алынған, бірақ сол жерлермен анатомиялық және 
функциялық байланысы бар нерв құрылымдарының бұзылыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет