қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
қожды жинау және байыту учаскесінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
136. Білуі тиіс:
қожды алу мен байытудың технологиялық процесін;
күкірт қышқылының, кальцийленген соданың, тұзды қалдықтың физикалық- химиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын және техникалық пайдалану ережесін;
сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін;
шығарылатын өнімге талаптарды.
36. Натрий амальгамасын дайындау аппаратшысы
Параграф 1. Натрий амальгамасын дайындау аппаратшысы, 4-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:
гранозан өндірісінде натрий амальгамасын дайындауды технологиялық процесін жүргізу;
көлемдік мөлшерлерді таразылыққа аударумен тиелетін шикізатты есептеу;
шикізатты дайындау: металл сынабын тазарту, металл натрийді кесу және өлшеу. Реакторға сынапты тиеу, оны тотық қабыршақтан тазалау және кептіру;
ауа ығыстыруға арналған реакторға азотты беру;
арнайы болат иненің көмегімен металл натрийді енгізу, массаны араластыру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температураны, қысымды, сынапта металл натрийінің концентрацияларын, ылғалдылықты және басқа параметрлерді реттеу;
сынамалар алу;
реакторларға, сорғыларға, көтеру- тасу механизмдеріне және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
алынған амальгаманың беттерін механикалық қоспалардан тазалау;
реакция аяқталысымен массаны кейінгі операцияларға қысу;
құрал- жабдықты ұсақ жөндеу;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
138. Білуі тиіс:
натрий амальгамасын дайындау технологиясын;
негізгі құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және оларды пайдалану ережесін;
есептеулер әдістемесін;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін.
37. Аммофосты өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Аммофосты өндіру аппаратшысы, 5-разряд
139. Жұмыс сипаттамасы:
аммофос өндірісінің технологиялық процесін жүргізу;
фосфорлық және күкірт қышқылдарын, сұйық аммиакты қабылдау және сақтау;
аммофосты пульпа алу үшін фосфор қышқылын газ тәрізді аммиакпен бейтараптандыру;
дайын өнімді ұсақтау және кептіру;
салқындату және оны жіктеу;
қалдық газдарды және өңделген ауаны тазалау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;
реакторларға, жинағыштарға, БГС аппараттарына, аммонизатор - ұсатқыштарға, кептіргіш барабандарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
дайын өнімді сақтау және түсіру;
фосфор және күкірт қышқылдарын және аммиакты беруді реттеу;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;
шикізатты дайындау, жартылай фабрикаттарды және өнімді шығару, бейтараптандыру, түйіршіктеу, кептіру, себу, сору аппаратшыларын және аммофос өндірісінде жұмыс істейтін басқа жұмысшыларды басқару.
140. Білуі тиіс:
аммофос процесінің технологиялық сызбасын;
технологиялық параметрлерді және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
сұйық аммиакты, күкірт және фосфор қышқылдарын сақтау ережесін және қабылдау сызбасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
Параграф 2. Аммофосты өндіру аппаратшысы, 6-разряд
141. Жұмыс сипаттамасы:
аммофос өндірісінің технологиялық процестерін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты беру, фосфор қышқылын аммиакпен бейтараптандыру, аммофосты ұсақтау және кептіру, дайын өнімді салқындату және оны жіктеу, қалдық газдарды және дайын өнімнің шығымын тазарту;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін өндірісте кез келген технологиялық процесті жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында өнімнің шығымы мен сапасын бақылау;
автоматты құрылғылардың көмегімен және қолмен процесс параметрлерін реттеу;
есептеулер жүргізу;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
аппаратшыларды, операторларды және аммофос өндірісінде айналысатын басқа жұмысшыларға басшылық ету.
142. Білуі тиіс:
аммофос өндірісінің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен оларды пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
143. Орта кәсіби білім қажет.
Параграф 3. Аммофосфатты өндіру аппаратшысы, 5-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:
аммофосфат өндірісінің технологиялық процестерін жүргізу;
фосұнды, фосфор қышқылдарын және газ тәрізді аммиакты қабылдау;
араластырғышта фосфатты шикізатты ыдырату, түтікті реакторда фосфатты пульпа аммиакпен бейтараптандыру;
БГС аппаратында аммофосфатты пульпаны ұсату және кептіру;
аммофосфатты жіктеу және салқындату;
қалдық газдарды тазарту;
сынаалар алу;
дайын өнімді түсіру;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау;
процесс көрсеткіштерін технологиялық журналға жазу.
145. Білуі тиіс:
аммофосфат өндірісінің технологиясын;
фосфатты шикізатты ыдыратудың, фосфатты пульпаны бейтараптандырудың, аммофосфатты пульпаны ұсату мен кептіру процестерінің физикалық- химиялық негіздерін;
процесті реттеу ережесін;
фосұнның, фосфор қышқылдарын және аммиактың, аммофосфаттың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, қашықтан бсқару пультының құрылысы мен техниалық пайдалану ережесін;
сынамалар алу және құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау ережесін.
Параграф 4. Аммофосфатты өндіру аппаратшысы, 6-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:
аммофосфат өндірісі кезінде технологиялық процесті жүргізу және жұмыстарды үйлестіру: фосфатты шикізатты ыдырату, фосфатты пульпаны бейтараптандыру, аммофосфатты пуьпаны ұсату және кептіру, дайын өнімді салқындату және жіктеу, қалдық газдарды тазарту, дайын өнім түсіру;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою:
неғұрлым күрделі процестерді жүргізуді басқару: тоқтатудан кейін жүйені қосуды, жағатын газдардың температурасын реттеуді, фосфатты пульпаны аммиакпен бейтараптандыруды;
сынамалар алу және бақылау талдаулар жүргізу;
дайын өнімді тиеуді және құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдауды бақылау.
147. Білуі тиіс:
аммофосфат өндірісінің технологиясын; сынамалар алу ережесін;
дайын өнімге қойылатын талаптарды;
өндірістің барлық сатылары бойынша процестің физикалық- химиялық негіздерін.
148. Орта кәсіби білім қажет.
38. Аэрокүштерді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Аэрокүштерді өндіру аппаратшысы, 6-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
«Аэрокүштер» өндірісіндегі технологиялық процестерді жүргізу, ондағы аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;
төрт хлорлы кремнийді ыдыстарға қабылдау;
құрал- жабдықтың қосуға даярлығын тексеру;
құрал- жабдықты қосу кезінде реакциялық аппараттардың жанарғыларына сутегіні қолмен беруді реттеу;
процестің негізгі параметрлерін бақылау: температураны, қысымды, сутегінің және төрт хлорлы кремнийдің шығынын, буландырғыштарға түсетін кепкен ауаның және судың температурасын;
оларды автоматты басқару пультынан және қолмен реттеу;
шикізат компоненттерінің арақатынастарын және әр түрлі маркалардың өнімдерінің шығымдарын есептеу;
бөлімнің жұмысын басқа өндірістік учаскелердің жұмысымен үйлестіру;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
150. Білуі тиіс:
«аэрокүштер» өндірісінің технологиясын;
гидролиз және абсорбция процестерінің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
бақылау- өлшеу құралдарының, құрал- жабдықтың құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
шикізатты және өнімнің шығымдарын есепеу әдістемесін;
төрт хлорлы кремнийдің, сутегінің, хлордың, тұзды қышқылдың физикалық - химиялық қасиеттерін;
шикізатқа және дайын өнімге стандарттар және техникалық шарттарды;
органикалық және бейорганикалық химияның негіздерін.
151. Орта кәсіби білім қажет.
39. Барий тұздарын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Барий тұздарын өндіру аппаратшысы, 4-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:
барий тұздарын: хлорлы барийды, барий тотығының гидратын, күкірт қышқыл барийды өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
шикізатты және ерітінділерді дайындау, барий тотығының гидратын тұндыру, оны сүзгі қаптарда тазарту, кристалдарды вакуум - кристаллизаторларда алу, оларды центрифугаларда тазарту және кептіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және көзбен процестің барысын қадағалау;
реагенттерді, суды, буды, ерітінділерді беруді реттеу;
температуралық режимді бақылау;
сынамалар алу;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
153. Білуі тиіс:
әр түрлі тәсілдермен барий тұздарын өндірудің технологиялық сызбаларын;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен техникалық пайдалану ережесін;
сынамалар алу ережесін;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
Параграф 2. Барий тұздарын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:
барий тұздарын: хлорлы барийды, барий тотығының гидратын, күкірт қышқыл барийды өндірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде жұмыстарды бақылау және үйлестіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
құрал- жабдықтың жұмысын бақылау;
барий тұздарының өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларға басшылық ету.
155. Білуі тиіс:
барий тұздары өндірісінің технологиясын;
өндірістің барлық сатылары бойынша процестің физикалық- химиялық негіздерін;
дайын өнімге қойылатын талаптарды.
156. Орта кәсіби білім қажет.
40. Бертолет тұзын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Бертолет тұзын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:
бертолет тұзын өндіру – хлорланған сілтілерді олардағы гипохлорит пен хлордан «залалсыздандыру» және алмасу реакциясы (кальций хлоратын калий хлоратына ауыстыру) технологиялық процесін жүргізу;
хлорланған сілтілерді реакторға қабылдау және оларды жылыту;
батырылатын хлорлы калийді есептеу;
сілтілерді ауамен үрлеу, меласаны тиеу, реакциялық массаны жылыту және оны қарқынды ауыстыру, қалдықты жою;
«Залалсыздандырылған» сілтілерді реакторға беру, алмасу реакциясын өткізу;
буды, ауаны беруді, болып жатқан реакциялардың температураларын, хлорлы калийдің және мелассаның мөлшерін реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің барысын, сілтілерде гипохлориттың және ерімейтін тұнбалардың жоқ болуын, алмасу реакциясының ұзақтығын бақылау;
реакторларға, тұндырғыштарға, еріткіштерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамалар алу;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
сүзу, буландыру, химиялық ерітінділерді даярлау аппаратшыларына және мен бертолет тұзының өндірісінде жұмыс істейтін басқа жұмысшыларға басшылық ету.
158. Білуі тиіс:
бертолет тұзы өндірісінің технологиясын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін;
хлорлы калийдың, кальций гипохлоритының, бертолет тұзының физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
сынамалар алу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
41. Бор қышқылын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Бор қышқылын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:
бор қышқылын өндірудің технологиялық процестерін жүргізу бойынга жұмыстарды үйлестіру. шикізатты мөлшерлеу, датолитті концентратты ыдырату, бор қышқылын сүзу және сілтісіздендіру;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
күкірт қышқылы мен датолин концентратының арақатынасын, ыдырау дәрежесіне байланысты ыдырау реакциясыны ұзақтығын; және сұйық фазаның берілген арақатынастарын және белгілі рН – ерітіндіні жасау үшін бор қышқылының мөлшеріне байланысты негізгі, тазартатын және буландырылған ерітінділердің және әк пульпасының мөлшерін есептеу;
автоматика құралдарының көмегімен және қолмен процесс параметрлерін реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша барлық сатыларда өнімнің шығымы мен сапасын бақылау;
қуаттандырғыштарға, вакуум - сүзгілерге, барометрлік конденсаторларға, мөлшерлегіштерге, реакциялық камераларға, сілтісіздендірушілерге, жинағыштарға, сорғыларға және басқа құрал –жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамалар алу;
шикізаттың, жартылай фабрикаттардың шығынын және дайын өнімнің шығымын есепке алу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
160. Білуі тиіс:
бор қышқылы процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
бор қышқылының, датолитті концентраттың және басқа шикізаттың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының белгіленуін және пайдалану ережесін;
сынамалар алу ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
161. Орта кәсіби білім қажет.
42. Натрий гидросульфитін өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Натрий гидросульфитін өндіру аппаратшысы, 5-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
натрий гидросульфитін өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
күкірт ангидридін, мырыш гидросульфитын алу, ерітіндіні газбен қанықтыру және ыдырату;
концентрацияланған күкірт қышқылын және натрий бисульфитын газды бағанаға беру;
бисульфитті ыдырату және күкіртті ангидридті алу;
оны реакторға беру және үздіксіз араластырумен реакторға мырышты тозаң мен суды беру;
суспензияны күкіртті газбен салқындату;
реакцияның аяқталуын көзбен анықтау;
мырыш гидросульфитін айырбас ыдырату аппаратына тапсыру;
технологиялық параметрлерді реттеу: шикізатты мөлшерлеп құюды, газды бағанадағы қысымды, температураны, натрий гидросульфитінің және басқа көрсеткіштердің берілген мөлшерін;
газды бағанаға, реакторға, айырбастау ыдырату аппаратына, қысым бактарына, сорғыларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және күрделі емес жөндеу орындау;
учаскеде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
163. Білуі тиіс:
натрий гидросульфиті процесінің технологиялық сызбасын;
күкірт қышқылының, күкірт ангидридінің және натрий бисульфитінің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;
дайын өнімге және шикізатқа қойылатын талаптарды.
43. Хлор қос тотығын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Хлор қос тотығын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
қышқыл ортада натрий хлоратын тотықтыру әдісімен хлор қос тотығын өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
шикізатты бактарға қабылдау және компоненттердің берілген арақатынастарын сақтауымен оны реакторға беру;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен процестің барысын қадағалау;
вакуум астында булағыш аппараттарда натрий хлоратын регенерациялау;
сынамалар алу;
реакторларға, сорғыш бағаналарға, булағыш аппараттарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
165. Білуі тиіс:
хлор қос тотығын өндірудің технологиялық процесін;
құрал- жабдықтың құрылысын; сынамалар алу ережесін;
шикізатқа және дайын өнімге стандарттар және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Хлор қос тотығын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
хлор қос тотығын өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
натрий хлоратының, қышқылдың, су мен электр энергиясының шығыс коэффициенттерін есептеу;
саптама түрлі бағаналарда бөлінетін газ тәрізді хлордың қос тотығын сумен абсорбциялау;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процес параметрлерін бақылау және реттеу: температураны, вакуумды, концентрацияны және алынған өнімді, бактардағы шикізаттың деңгейлерін;
құрал- жабдыққа, бақылау- өлшеу құралдарына, коммуникацияларға және бекітпе арматураға қызмет көрсету;
хлордың қос тотығы ерітіндісін тұтынушыға шайқап ағызу;
шикізат пен дайын өнімді есепке алу;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысына басшылық ету.
167. Білуі тиіс:
хлордың қос тотығы процесінің технологиялық сызбасын;
тотықтыру, абсорбциялау, буландыру процестерінің технологиялық параметрлерін және оларды реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен пайдалану ережесін;
есептеулер әдістемесін; натрий хлоратының, тұзды қышқылдың, хлор қос тотығының физикалық- химиялық қасиеттерін;
шикізатқа және дайын өнімге стандарттар және техникалық шарттарды.
168. Орта кәсіби білім қажет.
44. Сары фосфорды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Сары фосфорды өндіру аппаратшысы, 3-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен сары фосфорды алудың технологиялық процесін жүргізу;
қалдықтың заттарын дайындау тазалау;
қожды және феррофосфорды шығаруға қатысу, электродтарды массамен толтыру;
феррофосфорды ұсақтау және іріктеу, оны қождан тазалау;
жөндеу массасын дайындау, подина жөндеуге қатысу;
баяндалулардың жұмысқа жарамдылығын анықтау, олардың жануға қарсы құраммен жабу, кептіру және жылыту;
балқыту өнімдерін және материалдарды тасу және жинау;
құрал- жабдыққа қызмет көрсету.
170. Білуі тиіс:
шикізаттың, материалдардың, табиғи газдың және оның жану өнімдерінің физикалық- химиялық қасиеттерін;
электр сүзгілерді жылыту жүйесінің сызбасын;
қауіпсіздік құралдарының жұмыс қағидасын;
шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
темір ұста- жөндеу жұмыстарын орындау және құрал мен жабдықтарды пайдалану ережесін.
Параграф 2. Сары фосфорды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
171. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен сары фосфорды алудың технологиялық процесін жүргізу;
пеш бункерлерін шихтамен толтыру;
фосфорды тотықтыру және айдау;
фосфор мөлшері бар пеш газды тазалау;
фосфорды конденсациялау процесін жүргізу және шикізат- фосфорды тұндырғыштарға қотару;
сары фосфорды қождан тұндыру;
белгіленген температураны қолдау және араластыру;
көрсетілген параметрлерге дейін жеткізілген сары фосфорды қоймаға қотару;
қожды және феррофосфорды пештен шығару;
қожды ұсақтау;
қожды және феррофосфорды шығару кезінде бөлінетін газдарды пайдалану және залалсыздандыру;
қожды науаларды және феррофосфорлық шөміштерді тазарту, құю және футерлеу;
қосылған пеш кезінде электродтарды массамен толтыру;
технологиялық процесс нормаларына сәйкес электродтардаы масса деңгейін бақылау;
электр сүзгілерді тазарту;
пеш элементтерін салқындату үшін температураны және су шығындарын, фосфорды шайқау кезінде конденсаторлардың қабылдағыштарында су деңгейін, пеш элементтерінде инертті газдың түсуі мен болуын бақылау;
пешті тоқтатусыз электр сүзгілердің бөлімдерін тазалаудың, жинаудың және жоспарлық- алдын алу жөндеуді қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және тоқтату;
сынамалар алу;
пешті жөндеуге дайындау;
Достарыңызбен бөлісу: |