Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


«ПЬЕЗОТЕХНИКА ӨНДІРІСІ» БӨЛІМІ



бет36/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

«ПЬЕЗОТЕХНИКА ӨНДІРІСІ» БӨЛІМІ

1. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ЖАСАНДЫ ӨСІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ


§ 1. АВТОКЛАВТЫ ЗАРЯДТАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кварц кесектерін күбілер мен бактарда шаю. Бөгде қоспалары бар шикіқұрамды сұрыптау және кварцты іріктеу және басқа материалдарды қосу. Таңбалау пластиналары мен биркаларды рамкаға ілу. Рамкаларды контейнерлерге орнату. Кристалдарды шаю және кептіру. Кристалдар мен реактивтерді техникалық таразыларда өлшеу. Бактың тазартылған сумен толуын бақылау.

Білуге тиіс: кварц пен кристалдарды тазарту, шаю және іріктеу тәсілдері, таңбалау пластиналарын рамкаларға ілу және оларды контейнерлерге орнату ережесі; кристалдар мен реактивтерді техникалық таразыларда өлшеу; бакты тазартылған сумен толтыру тәртібі, шикіқұрамға және таңбалау пластиналарына қойылатын қолданыстағы нұсқаулықтар мен стандарттардың талаптары.


§ 2. АВТОКЛАВТЫ ЗАРЯДТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шикіқұрам дайындау (електерде, жуғыштарда, кен аршитын көлікте сұрыптау). Шикіқұрамды кәрзеңкелерге тиеу және оны өлшеу. Шикіқұрамды кәрзеңкелер мен рамкаларды немесе таңбалау пластиналарымен контейнерлерді автоклавтарға орнатуды бақылау. Түрлі үлгідегі таңбалау рамкалары мен автоклавтарды іріктеу. Циклді таңбалаудың орта ұзындығын айқындау; бүркеудің жалпы ауданын айқындау. Ерітіндінің берілген консистенциясын әзірлеу және оны қысым багына құю. Ион немесе жылу алмастыру аппаратында тазартылған су алу. Шаюға арналған тазартылған сумен автоклавты толтыру. Кристалдарды рамкадан алу.

Білуге тиіс: автоклавтарда кварц кристалдарын өсіру технологиялық процесінің негіздері, кварц кристалдарының негізгі физикалық және химиялық қасиеттері, шикіқұрамды дайындау және тиеу тәртібі; берілген концентрацияда тазартылған су және ерітінді дайындау әдістері, кристалл өсіруге арналған шикіқұрамға қойылатын техникалық талаптар; шаюға арналған автоклавтарға су құю тәсілдері; рамкаларды шешу және кристалдарды алу тәртібі; түрлі үлгідегі таңбалау рамкаларына қойылатын талаптар; жалпы таңбалау алаңын калибрлеу және айқындау ережесі.


§ 3. АВТОКЛАВТЫ ЗАРЯДТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоклавтарды зарядтау. Берілген рецептура және концентрацияда ерітінді даярлауға арналған реактивтердің санын есептеу. Ерітіндінің концентрациясын айқындау және оны берілген көлемге дейін жеткізу. Ерітінділерден сынама алу. Берілген коэффициентке сәйкес ерітіндіні автоклавпен толтыру. Қатты фаза деңгейін өлшеу. Таңбалары бар сақиналар жиынтығын іріктеу және оларды контейнерде құрастыру; автоклавтың өсу камерасы көлемін айқындау, таңбалау үлгілері мен түрлерін айқындау. Кристалдардың өсу ерекшеліктерін ескере отырып контейнерде таңбалауды алмастыру; автоклавтағы таңбалау пластиналарының салмағын, санын және жалпы аумағын айқындау. Автоклавты берілген деңгейге дейін ерітіндімен толтыру. Барлық өлшеулерді журналға тіркеу. Қорытынды кристалдарды қарапайым суреттеу.

Білуге тиіс: автоклавты ерітіндімен толтыру тәсілдері және автоклавтың еркін көлемін есептеу; кристалдардың қалыңдығы мен өсу жылдамдығын өлшеу әдістері, оларды рамкалардан алу; қорытынды кристалдарды суреттеу тәртібі, айналған қатты фазаның қабатының деңгейін өлшеу және қалыңдығын айқындау тәсілдері; ерітінділердің құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, ерітінділердің концентрациясын айқындаудың түрлі тәсілдері (молярлы, нормалық, пайыздық және т.б.); берілген рецептура бойынша реактивтердің санын есептеу ережесі; реактивтерді әзірлеу және сақтау тәсілдері, ерітінділердің концентрациясын айқындау және оны берілген көлемге дейін жеткізу; реактивтер және химикаттарды ұстау ережесі; өсу камерасының көлемін айқындау әдістері; кристалдарды түрлі үлгідегі таңбалауларда және автоклавта таңбалау орнына байланысты өсіру; құрастыруда таңбалаудың салмағын, аумағын және санын айқындаудың ережесі; автоклавты зарядтауға техникалық талаптар; орындалатын жұмыс көлемінде химия бойынша негізгі мәліметтер; есептік және техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.


§ 4. АВТОКЛАВТЫ ЗАРЯДТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы тәжірибелі автоклавтарды зарядтау. Берілген рецептура және концентрацияға жұмыс ерітіндісін әзірлеу жөніндегі Ағындық желілерге қызмет көрсету. Тәжірибелік тапсырыстарды орындауға арналған таңбаларды ілу және қажетті есептерді жүргізу. ±Х бағдарын сақтай отырып таңбалау пластиналарын сақиналарға ілу. өсірілген блоктарды алу және байқау, берілген өлшемдерден түрлі ауытқуларды анықтау. ±0,5 мм-ге дейін дәлдікпен кристалдар мен блоктардың қалыңдығын өлшеу. Кристалдар мен блоктарда кристалдарды түрлендіру және қосуларды айқындау. Тиісті техникалық құжаттаманы рәсімдей отырып шикізаттың барлық түрін орау.

Білуге тиіс: кварцты кристалдар туралы негізгі мәліметтер (құрылымы, кристаллографиялық осьтердің бағыты); кристалдардың түрленуін айқындау тәсілдері; кристалдардағы қосулардың санын айқындау тәсілдері; жұмыс ерітіндісін әзірлеу жөніндегі ағынды желілерге қызмет көрсетудің тәсімін; кристалдарды өлшеу, қарау және ілуден кейін журналдарда құжаттаманы ресімдеу тәртібі; блоктар мен кристалдардың ақауларын айқындау әдістері; кристалдар мен блоктарды алу және байқау жөніндегі техникалық талаптар.


§ 5. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ КРИСТАЛДАРДЫ ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары разрядты оператордың басшылығымен үлгілік автоклавтарда пьезокварц кристалдарын өсіру. Автоклавтардағы қысымды және температураны кезеңімен өлшеу. Жоғары разрядты оператордың нұсқауы бойынша жылу оқшаулауды реттеу. Манометрлердің, электро және термоөлшегіш аспаптардың көрсеткіштерін журналға тіркеу.

Білуге тиіс: автоклавтардағы пьезокварц кристалдарын өсіру процесінің негізі; жылу оқшаулауды реттеу тәртібі; бақылау-өлшеу аспабының көрсеткіштерін журналға жазу ережесі; орындалатын жұмыс шеңберінде электр техникасы негіздері.


§ 6. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ КРИСТАЛДАРДЫ ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үлгілік автоклавтарда пьезокварц кристалдарын дербес өсіру. Тәулігіне және орта тәуліктік қуаттылық көлеміне қабырғалары бойынша, температураның орташа көлемі бойынша температураның градиентін, өзгеруін есептеу. Аспаптардың көрсеткіштерін, автоматтандыру тәсімдерін, автоклавтардың дабыл қағу және электрмен қоректендіру көрсеткіштерін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және баптау тәсілдері; градиенттерді, температураның орташа өлшемін және қуаттылығын есептеу тәртібі, автоклавтардың автоматика, дабыл қағу және электрмен қоректену қалыбын тексеру әдістері; пьезокварцты өсіру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, жұмыс істеу принципі және техникалық пайдалану ережесі; өлшеу аспаптарының қателіктерінің мәні; орындалатын жұмыс шегіндегі электротехника негіздері.


§ 7. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ КРИСТАЛДАРДЫ ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы тәжірибелік автоклавтарда пьезокварц кристалдарын өсіру. Өсіру режимдерін реттеу. Автоклавтардың реттеп орау кернеулігін реттеу. Автоклавтардағы электр қыздыру, электр өлшеу, автоматика және дабыл қағу тізбегін оларды режимге қосу және ажырату кезінде тексеру, іске қосу және ажырату. Автоклавтардағы электрмен және термоөлшеу аспаптары мен манометрлердің көрсеткіштерін қадағалау. Автоклавтардың температуралық режимін өлшеу және оларды журналға тіркеу. Автоклавтарды жұмыс режиміне қосу жөніндегі қуаттылық мөлшерін есептеу. Тәсімдердегі ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: автоклавтардың құрылымы, конструкциясы, оларға орнатылған аппаратураның дәлдігін тексерудің тәсілдері мен ережесі; автоклав қыздырғыштарының орналасуы және негізгі мәліметтер; пъезокварцты өсіруде қолданылатын электр күшті жабдықтың қызметі және техникалық пайдалану ережесі; температуралық режимді және кернеулікті реттеу әдістері, жылу беру, оқшаулау, жылу, электр және қысым өлшеу туралы негізгі ұғымдар; жылу оқшаулау материалдарының қасиеті, автоматика, дабыл қағу, автоклавтың термоөлшеу тәсімдері, электрмен қыздыру, электрмен өлшеу, автоматика және дабыл қағу тізбегін тексеру әдістері; автоклавтарды жұмыстың берілген режиміне қосу және одан шығару тәртібі, автоклавтарда берілген температураны және қыздыру қуаттылығын есептеу және температуралық режимдерді өлшеу әдістері; кварц кристалдары туралы негізгі мәліметтер; кристалл өсіру процесінің технологиялық құжаттамасын жүргізу ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде электротехника негіздері.


§ 8. ПЬЕЗОКВАРЦ КРИСТАЛДАРЫН ӨСІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы тәжірибелік автоклавтарда пьезокварц кристалдарын өсіру. Технологиялық процесс режимін бақылау. Автоклавтарды өсу режиміне қосу және тәжірибелік циклді жүргізу кезінде өсу режимінен шығару. Жоғары қысымдағы тәжірибелік автоклавтарды өсу режиміне қосу және өсу режимінен ажырату кестесін құрау және түзету. Кристалдарды өсіру процестеріндегі технологиялық режимдерді түзету, экспериментті деректерді өңдеу, сериялық емес (тәжірибелік) циклдардағы жоғары қысымды тәжірибелік автоклавтарда пьезокварц кристалдарын өсірудің статистикалық деректері бойынша кестелер түзу. Өте жоғары қысымдағы тәжірибелік аппараттарда Щ-31 жоғары жиіліктегі арнайы құрылғыларда қорытынды өлшеу жүргізу. Өте жоғары қысымдағы тәжірибелік аппараттарға арналған көпнүктелік электронды құрылғыларға қызмет көрсету. Төмендеу разрядтағы операторларды жұмысқа үйрету және басшылық жасау.

Білуге тиіс: өте жоғары қысымдағы тәжірибелік автоклав құрылымы; көпнүктелі тәжірибелік электронды құрылғылардың құрылымы; тәжірибелік электронды құрылғылардың тәсімдері, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника, электроника, жылу техникасының негіздері; тәжірибелік автоклавтарда пьезокварц және оның түрлерін өсіру әдістері; кварц кристалдарының және оның түрлерінің негізгі қасиеттері, қорытынды бақылауға арналған потенциометриялық құрылғының құрылымы; төмендеу разрядтағы жұмысшыларды оқытудың теориялық негіздері.


§ 9. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ШИКІЗАТТЫ ТАҢБАЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пьезокварцтың кристалдарын, галькаларын, блоктары мен дайындамаларын кесудің берілген бұрышына таңбалау. Пластыларға, блоктарға және секцияларға кристалдарды таңбалау. Кесу станоктарында кесуге арналған секцияларды пластиналарға таңбалау. Кристалдарды нүктелік жарық көзінен өңдеуді байқау әдісімен жазықтық бойынша бағдарлау. Астериоскоптың, полярископтың және басқа аспаптардың көмегімен Z осі бойынша кристалдарды, галькаларды, блоктарды және пластарды бағдарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, қолдану принципі және баптау тәсілдері; аспаптар мен айлабұйымдардың көмегімен кесудің берілген бұрышы бойынша кристалдарды, галькаларды және пьезокварц дайындамаларды таңбалау, морфологиялық белгілер бойынша кварцты шикізатты таңбалау, сондай-ақ пластиналарға секцияларды таңбалау тәсілдері мен әдістері; кристалдарды таңбалау және бағдарлау кезінде қолданылатын жабдықты (полярископ, микроскоп, астериоскоп және т.б.) бақылау-өлшеу аспаптарды жұмыс уақытында пайдалану ережесі; пьезокварцтың қасиеттері және оларды таңбалау және бағдарлауда оларды ұстау ережесі; кесу туралы негізгі мәліметтер мен кристаллографиялық осьтерді айқындау тәсілдері, пьезокварцты өңдеу әдіптері.


§ 10. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ШИКІЗАТТЫ ТАҢБАЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы аспаптарды, құралдарды және айлабұйымдарды пайдаланып кесудің барлық түріне арналған пьезокварц кристалдарын, галькаларын, блоктарын және дайындамаларын таңбалау. Секцияларды эталондық бұйымдарға және тәжірибелік үлгілерге арналған пластиналарға таңбалау. Күрделі аспаптарды және аппараттарды пайдаланып кез келген жазықтықта және осьтер бойынша кристалдарды, галькаларды және блоктарды бағдарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, кинематикасы, электрлік тәсімі, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; кез келген кесуге арналған кристалдарды, галькаларды, блоктарды және дайындамаларды таңбалау, сондай-ақ эталонды бұйымдар мен тәжірибелік үлгілерге арналған дайындамаларды таңбалау тәсілдері мен әдістері; кез келген жазықтық және ось бойынша кристалдарды бағдарлау тәсілдері мен әдістері, таңбалау және бағдарлау кезінде қолданылатын жабдық, айлабұйым, аспап (полярландырылған микроскоп, коноскоп, ортоскоп және т.б.); пьезокварцтың пьезоэлектрлік және механикалық қасиеттері; пьезокварцтың ақаулары және оларды байқау тәсілдері.


§ 11. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ШИКІЗАТТЫ ТАҢБАЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тікелей, қиялай және екіжақты кесуге кристалдарды, галькаларды және жасанды кристалдарды таңбалау. Кварцты шикізатты сыныптау және оны оңтайлы пайдалануды есепке ала отырып шикізатты бөлу. Кристалдарды екі жақты қиялай кесуге өтпелі блоктарды таңбалау. Кристаллографиялық осьтер және кесудің полярлығын айқындау.

Білуге тиіс: кварцты бағдарлауда қолданылатын жабдықтар мен аспаптардың кинематикасы, электрлік тәсімдері мен тексерудің тәсілдері; сыртқы белгілері бойынша кристалдың монокристалдық учаскелерін айқындау әдістері, фигурастеризм және соққы рентген сәулелерін пайдалана отырып кристалдарды, блоктарды және дайындамаларды бағдарлау әдістері, рентген құрылғылардың есептік бұрыштарын есептеу әдістемесі, өңдеудің технологиялық әдіптері, түрлі модельдегі кесу станоктарындағы жұмыс сипаттамасы; түрлі кесу белгілері, орындалатын жұмыс көлемінде кристаллография туралы қарапайым мәліметтер.


§ 12. НЫҒЫЗДАУШЫ СЛЕСАРЬ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ыдыстарды зарядтау жөніндегі дайындық жұмыстарын орындау; ыдыстар мен олардың ішкі құрылыстарын тазалау. Циклдар аяқталғаннан кейін ыдыстарды шаю. Кәрзеңкелерді, контейнерлерді немесе бір жақты рамкаларды орнату. Даяр өнімді ыдыстар шығару және тасымалдау. Қақпақтарды монтаждау және демонтаждауда тетіктерге қызмет көрсету жөніндегі қосалқы жұмыстар. Ыдыстарды жабуда және ашуда өзге қосымша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөліктерінің атауы және қызметі, қолдану принципі, автоклавтардың құрылғысы, жабдықты қалдық өнімдерден тазарту және ыдыстарды шаю тәсілдері; слесарлық істің негіздері.


§ 13. НЫҒЫЗДАУШЫ СЛЕСАРЬ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау. Қақпақтарды құрастыру және бөлшектеу, жоғары қысымдағы ыдыстардың жылу оқшаулағышын бөлшектеу және тазарту. Жиынтықты арматура мен бақылау-өлшеу аспаптарды орнату. Жоғары қысымдағы ыдыстардың ішкі құрылысын монтаждау және демонтаждау. Жиынтықты арматура мен бақылау-өлшеу аспаптарды демонтаждау. Жоғары қысымдағы аппараттарды зарядтау және зарядтан алу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоклавтардың құрылымы және баптау тәсілдері; жоғары қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау ережесі, ыдыстардағы ақаулықтарды жою тәсілдері, зарядтаудан алдын ыдыстарға қойылатын талаптар, жоғары қысымдағы ыдыстарды тығыздығын монтаждау тәсілдері мен ережесі; ыдыстарды ашуға және жабу жұмыстарына қажетті бақылау-өлшеу аспабы; қақпақты құрастыру және бөлшектеу, бөлшектеу жүйесін құрастыру, термобу карманын түсіру тәсілдері; орындалатын жұмыс көлемінде физика негіздері.


§ 14. НЫҒЫЗДАУШЫ СЛЕСАРЬ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымдағы автоклавтарды сығымдау. Жабын бөлшектерін байқау және одан әрі пайдалану мүмкіндіктерін айқындау. Манометриялық жүйені құрастыру. Штуцермен моанометр орнату және бөлшектеу жүйесін монтаждау. Автоклав қақпағын қорытынды және түпкілікті құрастыру. Автоклавтардың герметикалық жабылуын айқыдауға арналған обтюраторларды қорытынды қаусыру. Термобу кармандарының конустарын ысқылау және автоклавтар фланецтерінде манометрлі үштіктерді орнату. Автоклавтарды бітеуіштерінің барлық түрін және коммуникацияларын монтаждау. Автоклавтарды гидравликалық сығымдау. Автоклавтардағы қысымды бәсеңдету. Жоғары қысымдағы гидравликалық компрессорға қызмет көрсету. Қатты фазаны жойып, ішкі электр қыздырғыштарды ауыстыру.

Білуге тиіс: түрлі модельдердегі жабдықтың құрылғысы, қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикасы, электрлік тәсімі, баптау ережесі; бекіткіштің бөлшектерін одан әрі олардың жарамдығын айқындау мақсатында байқау тәртібі; бекіткіштің, автоклав коммуникациялары мен барлық бекіткіштердің манометриялық және бәсеңдету жүйесін құрастыру және монтаждау тәсілдері; обтюраторларды қаусыру, конустарды ысқылау, автоклавтардың гидравликалық сығымдау әдістері.


§ 15. НЫҒЫЗДАУШЫ СЛЕСАРЬ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Обтюраторларды жоғары қысымдағы ыдыстарға дайындау және қақпақтарының бөлшектерін жөндеу. Қатты фазаларды тазартып және тығыздағыш бетінің кедір-бұдырлығын 0,16 мкм-ге дейін жеткізіп төменгі қыздыру элементтерін ауыстыру. Барлық түрдегі автоклавтарды жөндеу және гидравликалық сынау жүргізу. Циклдағы ыдыстардың манометрін (жоғары температура, қысым) ауыстыру. Күрделі тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру және ауыстыру. Жоғары қысымдағы аппаратты ашу, жабу, манометриялық жүйені монтаждау және демонтаждау, жоғары қысымдықтағы ыдыстарды сығымдау және өңдеу. Жабдықты пайдалану кезіндегі ақаулықтарды дефектоскопия әдісімен, автоклавтардағы ішкі және сыртқы жіктерді өңдеу және металдаумен анықтау және жою. Жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру, жүктеме арқылы сынау және тапсыру.

Білуге тиіс: жоғары қысымдағы автоклавтардың жұмыс принципі; жөнделген күрделі жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылымы; жөнделген жабдықты жөндеу, құрастыру және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістері; қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылу және қауіпсіз пайдалану ережесі; күрделі жабдықты жөндеудің техникалық шарттары, сынау және тапсыру; металдау, дефектоскопия және өңдеу әдістерімен ақауларды айқындау теориясы; орындалатын жұмыс көлемінде теоретикалық механика курсы.


§ 16. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ПЛАСТИНАЛАР МЕН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пьезокварц пластиналары мен кристалдарының қырларын айналып тұратын планшайбада алдын ала тегістеу. Микрометрдің көмегімен жақтардың параллельдігін сақтай отырып және өлшемдерін тексере отырып планетарлық және эксцентрикті жазық тегістеу станоктарында контурлары бойынша оларды ірі тегістеу. Тегістеу режимін айқындау. Пластиналарды платаларға желімдеу және тегістеуге арналған табанға пластиналарды жапсыру. Пластиналарды кассеталарға отырғызу, желімдеу, бензинмен шаю және оларды мастикадан тазарту. Жұмыс процесінде тегістеу станоктарын теңшеу және реттеу. Тегістеу станоктарын тазалау және майлау. Тегістейтін шайбаны тексеру және қысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы, қызметі және қолданыс принципі; пьезокварцты тегістеу тәсілдері мен тегістеу кезінде операциялардың кезектілігі; пьезокварц пластиналарын тегістеуге қойылатын талаптар; тегістеу станоктарында теңшеу, реттеу және майлау тәсілдері, тегістейтін шайбаны тексеру және қысу тәсілдері, пьезокварцтың тегістейтін пластиналарын тексеру тәсілдері, пластиналардың қалыптары мен өлшемдері; пластиналарды табанға желімдеу немесе кассеталарға қалау тәсілдері; пластиналардың табандарын желімдеу және шаю ережесі; пластиналарды платаларға желімдеу ережесі; пластиналарды желімдеуге арналған мастиканың құрамы; шайбаның жұмыс бетін шыны сызғышпен тексеру әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; абразивтік ұнтақтардың маркалары мен қызметі; пьезокварцтың қасиеттері; орындалатын жұмыс көлемінде кварц кристаллография негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Мәтін контуры - 0,1-0,03 мм-ге дейінгі дәлдікпен ірі өңдеу; дайындамаларды пакетке желімдеу; фаскаларды жағу; дайындамаларды колодкаларға желімдеу.

2. Пьезокварцты пластиналар – планетарлық жазық тегістейтін станоктарда 0.01 мм шекті жазықтық бойынша тегістеу.
§ 17. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ПЛАСТИНАЛАР МЕН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 0,3 мм-ден жоғары пластиналарды және қалыңдығы 0,005 мм және контуры бойынша 0,01 мм шекті сақтай отырып берілген өлшемдер бойынша айналып тұратын планшайбада кристалдарды тегістеу. Шаблон және бұрыш өлшегіш бойынша бұрыштарды бақылай отырып айналып тұратын планшайбада қалыңдығы 0,25-тен 1 мм-ге дейінгі тікбұрышты кесу пьезокварцты пластиналардың фаскаларын тегістеу. Белгіленген шектерді сақтай отырып, жиілік өлшегіш (қалыңдығы бойынша) аппаратура арқылы жиілікті бақылай контуры және жазықтығы бойынша планетарлық және эксцентрикті тегістеу станоктарында пьезокварцты пластиналарды тегістеу. Арнайы айлабұйымдарда пластиналардың кесу сызығын түзету және пьезокварц блоктарын жазық тегістейтін станоктарда 0,01 мм дәлдікпен тегістеу. Микрометр көмегімен пластиналардың қалыңдығын бақылау. Шайбаның жұмыс жазықтығын тексеру және қысу. Радиоөлшегіш аппаратураны градуирлеудің дұрыстығын оның жұмыс процесінде тексеру. Қолданылатын радиоаппаратураны берілген жиілікте теңшеу. Абразивтік ұнтақтарды оның жұмыс түріне қарай даярлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және баптау тәсілдері; айналып тұратын планшайбада және станоктарда пьезокварцты тегістеу тәсілдері, айналып тұратын планшайбаның және жазық тегістейтін станоктардың жұмыс істеу принципі; радиоөлшегіш аппаратураның жұмыс істеу принципі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; пластиналардың қалыптары мен өлшемдері; шайбаның жұмыс жазықтығын қысу тәсілдері мен ережесі; пьезокварцты пластиналарды желімдеу және жабыстыруға арналған мастикалардың рецептурасы мен әзірлеу процесі; абразивтік ұнтақтарды әзірлеу және қалпына келтіру тәсілдері; тегістеу пластиналарын тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыптар - 0,001 мм дәлдікке жеткізу.

2. Қалыңдығы 0,04 - 0,5 мм пьезокварц пластиналары - жиілігі бойынша отырғызуы 0,005 мм дәлдікпен, генераторда қалыңдығы бойынша бақылай отырып және жиілікті өлшеп тегістеу.

3. Қалыңдығы 0,2 - 0,5 мм, диаметрі 5,6 мм пьезокварц пластиналары - - 0,01 мм дәлдікпен контур бойынша тегістеу.

4. Қалыңдығы 0,32 мм пьезокварц пластиналары - микрометр бойынша қалыңдығын бақылай отырып айналып тұратын планшайбада қолмен 0,01 мм дәлдікпен және 0,005 мм қалыңдықпен контур бойынша тегістеу.

5. Қалыңдығы 0,5 мм пьезокварц пластиналары - айналып тұратын планшайбада 0,01 мм шекте контуры бойынша барлық жазықтықта тегістеу.

6. Қалыңдығы 0,4 мм пьезокварц пластиналары - айналып тұратын планшайбада фаскаларды тегістеу.

7. Қалыңдығы 0,35 мм пьезокварц пластиналары - 0,01 мм шекте планетарлық жазық тегістеу станоктарында контуры және жазықтығы бойынша тегістеу.


§ 18. ПЬЕЗОКВАРЦТЫ ПЛАСТИНАЛАР МЕН КРИСТАЛДАРДЫ ТЕГІСТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы бойынша 0,002 мм контуры бойынша 0,01 мм шекті сақтай отырып барлық жазықтық және контур бойынша қалыңдығы 0,2-0,3 мм пластиналардың айналып тұратын планшайбасында тегістеу. Шабон, бұрыш өлшегіш және аспапты микроскоп бойынша бұрыштарын бақылай отырып планшайбада қалыңдығы 0,1-0,25 мм түрлі кесетін пьезкварцты пластиналардың фаскаларын тегістеу. Берілген бұрыш бойынша шаблондағы пластиналардың жиынтығын желімдеу. Аралық тегістеуге арналған белгіленген шекті сақтай отырып жиілік өлшегіш радиоаппаратура арқылы жиілікті (қалыңдығы бойынша) бақылау планетарлық және эксцентрикті жазық тегістеу станоктарында пьезокварц пластиналардың қалыңдығын 0,3 мм және одан да жұқа етіп тегістеу және жеткізу. Аяқпен келтіру жылтырату станоктарында немесе 8-9 квалитеттер бойынша оптикалық байланысқа отырғызатын жартылай автомат станоктарында орташа күрделіктегі түрлі конфигурациялы пьезокварцты пластиналарды өңдеу. Миниметрдің көмегімен пластиналардың қалыңдығын бақылау. Тегістеу және жылтыратудың дұрыс режимін орнату. Жұмыс процесінде қолданылатын жабдықты теңшеу және реттеу.

Білуге тиіс: жылтырату станоктарының қызметі, құрылымы, кинематикасы, электрлік тәсімдері мен теңшеу ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен радиоөлшегіш аппаратураның қызметі және қолданылуы; жабдықты теңшеу және реттеу тәсілдері; пьезокварцтың технологиялық және механикалық қасиеттері; пьезокварцты пластиналардың электрлік параметрлеріне фаскалардың түрлі бұрыштарының әсер ету сипаты; жылтыратқыш ұнтақтардың, абразивтік пасталардың қызметі, желімдеу және жылтырату шайырларының таңбалары және әзірлеу процесі; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері; жылтыратылған платиналарды сақтау тәсілдері; жылтыратылған пластиналарға қойылатын талаптар; олардың сапасын тексеру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қалыңдығы 0,3 мм пьезокварцты пластиналар - 0,002 мм қалыңдық және 0,01 мм контур бойынша шекпен жазықтығы және контуры бойынша тегістеу және жеткізу.

2. Қалыңдығы 0,2 мм пьезокварцты пластиналар – шаблондарды қолданбай фаскаларды тегістеу.

3. Қалыңдығы 0,3 мм пьезокварцты пластиналар – шаблонда желімдей отырып берілген бұрыш бойынша фаскаларды тегістеу.

4. Қалыңдығы 0,28 мм пьезокварцты пластиналар – радиоқабылдағыш арқылы берілген қалыңдық бойынша жиілікті сақтай және берілген шекті сақтай отырып планетарлық станокта жұқалап тегістеу.

5. Қалыңдығы 0,2 -0,3 мм сферикалық пьезокварцты пластиналар – жиілігін отырғызып, қиығынан және қалыңдығы бойынша бақылап, генератордағы жиілікті өлшей отырып қолмен тегістеу (контур бойынша 0,01 мм шекте және қалыңдығы бойынша 0,002 мм).

6. Қалыңдығы 0,04-03 мм пьезокварцты пластиналар – жиілікте отырғызып, генератордың қалыңдығы бойынша бақылап және өлшеп тегістеу және (полиритпен) жылтырату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет