Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 129. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ КЕПТІРУШІ



бет15/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
§ 129. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ КЕПТІРУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Керамикалық дайындамалар, бөлшектер, тораптар, жиналған конденсаторлардың жуылғаннан, сырланғаннан, таңбаланғаннан кейін кептіру шкафтарында, пештерде, термостаттарда кептіру. Дистанциялық потенциометрлердің және байланыс термометрлерінің, термобу, термогальванометрлер, пирометрлер, соратын және құйылатын желдеткіштердің көмегімен кептіру температурасын реттеу. Бұйымдарды кассеталарға, дискілерге, рейкалар мен рамкаларға орнату. Кассеталарды кептіру температурасында белгіленген уақыт ішінде ұстап, кептіру камераларына орнату.

Білуге тиіс: кептіру пештерінің, термостаттар мен кептіру температурасын реттеуге арналған аспаптардың құрылғысы және қызмет көрсету ережесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану шарттары; керамикалық дайындамалар, бөлшектер, тораптар, жиналған конденсаторлардың үлгілік өлшемдері; кептіру режимдері; кептіру сапасын айқындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Өңделгеннен кейінгі блоктар – кептіру.

2. Өткізгіш блоктар – кептіру режимін реттейтін лактаудан кейінгі кептіру.

3. Керамикалық конденсаторлардың дайындамасы – электрмен жылытатын кептіру шкафтарында кептіру.

4. ОБ-1 керамикадан жасалған бөлшектер – кептіру.

5. Дроссельдер мен (шағын габаритті) трансформаторлар – кептіру шкафтарында, терморадиациялық құрылғыларда кептіру.

6. Барлық түрдегі конденсаторлар – электр кептіру шкафтарында сырлағаннан, лактағаннан және таңбалағаннан кейін кептіру.

7. Микроплаталар – дәнекерлегеннен, жуғаннан, лактағаннан кейін кептіру.

8. Жаңартылғаннан және шайылғаннан кейін құрастырылған аяқтары – кептіру.

9. Лампалық керамикалық панельдер – желімдегеннен кейін, таңбалағаннан кейін кептіру.

10. Радиобөлшектер – электр жылытқышпен кептіру шкафтарында және көлденең кептіргіштерде кептіру.

11. Қағаз өтпелі конденсаторларға арналған секциялар мен оқшаулағыштар – термошкафта кептіру.


§ 130. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ КЕПТІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсатор қағаздарды, керамикалық дайындамаларды, бөлшектер, тораптар, аспаптарды, үздіксіз жұмыс істейтін конвейерлі электр пештерде, инфрақызыл сәулелі лампалы конвейер құрылғыларда, термостаттарда, кептіру шкафтарында жиналған конденсаторларды кептіру. Кептіру шкафтарында сіңдірілгеннен, сылағаннан, сырлағаннан, лакталғаннан және таңбалағаннан кейін арнайы аппаратураға арналған жинақталған трансформаторлар мен дроссельдерді кептіру шкафтарда кептіру.

Білуге тиіс: конвейерлік электр пештердің, ультрадыбыспен кептіру конвейерлерінің, үш камералы кептіру шкафтарының қолданылу принципі, құрылғысы және қызмет көрсету ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; бөлшектерді, аралықтарды, құрастырмаларды және жабық аспаптарды кептіру режимдері; кремний органикалық лакты жабындардың сипаттамасы мен қасиеті; ылғалдық пен шық орнының арасындағы тәуелділік.

Жұмыс үлгілері

1. Микротәсімдер арматурасы – таңбалағаннан, шайғаннан кейін кептіру шкафтарында кептіру; инфрақызыл сәулелі лампалы конвейер құрылғыларда кептіру.

2. Әртүрлі үлгідегі конденсаторлар үшін конденсаторлы қағаз – үш камералы электр кептіргіш шкафтарда кептіру.

3. Саз – газбен жұмыс істейтін кептіру барабандарында кептіру.

4. ОБ-1 керамикадан, ВК 94-1 массадан жасалған металданған бөлшектер – кептіру.

5. Конденсаторларға арналған дайындамалар – конвейерлі кептіргіштерде кептіру.

6. Отқа төзімді бұйымдар - туннельді кептіргіштерде кептіру.

7. «Малютка», «Габарит», «Потенциал» және т.б. ТРИ-200 үлгісіндегі бұйымдар – кептіру шкафтарында, термостаттарда кептіру.

8. Қалпақтар – ауа тазартатын құрылғыларда кептіру.

9. Шыны керамикалық корпустар – тігінен және көлденең кептіргіштерде шыны пластарды құрғату.

10. Түтікшелі керамикалық конденсаторлар – конвейерлік электр пештерде күмістелгеннен кейін кептіру.

11. Әртүрлі үлгідегі конденсаторлар – сырлағаннан, лактағаннан кейін инфрақызыл сәулелі лампалы конвейерлік электр пештерде немесе конвейерлік құрылғыларда кептіру.

12. Микромодульді конденсаторлар – тұрақтылығын арттыру үшін вакуум шкафтарда кептіру.

13. Микроплаталар мен полиэлементті платалар – шайғаннан және сырлағаннан кейін кептіру.

14. «Тропа», «Трапеция», «Посол» үлгісіндегі интегралды гибридті микротәсімдер – белсенді элементті платаларды кептіру.

15. Микротрансформаторлар – ауа тазартқыш құрылғыларда шаю және кептіру; термостатта кептіру.

16. Құрастырылған аяқтар – конвейерлік пештерде кептіру.

17. Алудты отқа керек-жарақтар мен инфрақызыл сәулелену плиткалары – кептіру шкафтарында кептіру.

18. Өтпелер – ультракүлгінмен кептіру.

19. Жартылай өткізгіш аспаптар мен өтпелер - өңдегеннен кейін кептіру және қорғау.

20. Тұрақты көміртекті және металданған резисторлар – кептіру.

21. ТВС катушкаларына трансформаторлар – кептіру шкафтарында кептіру.


§ 131. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ КЕПТІРУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсатор қағаз, бөлшектер, аспаптар, өтпелерді вакуумды кептіру құрылғыларында, вакуумды шкафтарда және жартылай автоматты және автоматты желілерде кептіру. Кептіру құрылғысын жұмысқа дайындау. Конвейердің қозғалыс жылдамдығын тексеру. Жылытуды қосу және берілген температураны жеткізу. Ауаны сондай-ақ ауаны белгіленген қысымға дейін тартуға арналған сорғыларды қосу. Белгіленген вакуум мен температура бойынша берілген уақыт ішінде бөлшектерді кептіру. Бақылау-өлшеу аспаптары (вакуумметр, манометр, амперметр, термометр) мен реттейтін аппаратураның көмегімен кептіруді бақылау және режимді реттеу. Журнал жүргізу және ілеспе паспорттар жасау. Жоғары жиіліктегі токпен конденсатор қағазды кептіру. Режимдердің кестесі бойынша кері байланыстың тұрақты көлемін реттеу және сақтау. Аспаптардың көмегімен белгіленген режимдерді реттеу.

Білуге тиіс: вакуум кептіру құрылғыларында және жоғары жиіліктегі құрылғылардың құрылымы, басқару жүйесі; теңшеу ережесі; диэлектриктерді кептіру үшін жоғары жиіліктегі токтарды пайдалану ережесі; бөлшектерді, аспаптарды, өтпелерді кептіруге арналған конвейерлерді жұмысқа дайындау ережесі; жылыту, ауа саңылауларын және конвейердің қозғалыс жылдамдығын реттеу; ылғал сорғыштардың негізгі қасиеттері (күйдіру, регенерациялау режимі), олардың аспаптардың параметрлеріне және жұмыс тұрақтылығына әсері; энергия жеткізгіштікке талаптар; өлшеу аспаптары (ротаметрлер, психометрлер, гигрометрлер және т.б.) вакуумды өлшеу бірліктері; электр параметрлерін тұрақтандыру әдістері; өлшеу аспаптарының дәлдігін түзету және деңгейін ескере отырып термостарение камераларының температуралық режимін айқындау.

Жұмыс үлгілері

1. Конденсаторлы қағаз – вакуум кептіру құрылғыларда кептіру.

2. ОБ-1 керамикадан жасалған бөлшектер – вакуум кептіру құрылғыларында кептіру.

3. Микроқұрастыру – шықпа рамкалы ситалл етекті желімдегеннен кейін термостатта кептіру.

4. ИФМ микротрансформаторлар – термоциклдеу және термостатта ұстау.

5. Аспаптар, өтпелер, жартылай өткізгіш бөлшектер – вакуум кептіру шкафтарда кептіру.

6. Жартылай өткізгіш аспаптар – термостарлеу.

7. Жартылай өткізгіш аспаптар, интегралды тәсімдер, жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды тәсімдердің бөлшектері мен тораптары - өңдегеннен, сырлағаннан, таңбалағаннан, майсыздандырғаннан, фотолитографиялағаннан және қорғау қабатын жаққаннан кейінгі кептіру.

8. Резисторлар – автоматты және механизацияланған желілерде кептіру.

9. Трансформаторлар мен дроссельдер – автоматты және механизацияланған желілерде, вакуум кептіру құрылғыларында кептіру.


§ 132. ПРЕЦИЗОНДЫ ӨҢДЕУ ӨҢДЕУШІСІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді өңдеу, майсыздандыру және бейтараптандыру. Жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдердің пластиналарын қышқылдарда, органикалық еріткіштерде өңдеу. Былауларды қышқылдар мен сілтілерде өңдеуге дайындау. Былау температурасын дәлдеп түзету. Бөлшектерді кассеталарға жүктеу немесе оларды өңдеуге арналған тіректерге желімдеу. Электр жылытқыш аспаптармен жұмыс. Өңдеу процестерін берілген режим бойынша реттеу. Өлшейтін аспаптың көмегімен өңдеу процесін бақылау және өңдеу сапасын айқындау. Бөлшектерді кептіру. Ерекше таза реактивтер үшін ыдыстарды, керек-жарақтарды, айлабұйымдарды және химиялық еріткіштерді жуатын ерітінділерде және органикалық еріткіштерде өңдеу. Ақаудың туындауын болдырмау.

Білуге тиіс: қажетті бөлшектердің атауы және қызметі, қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану принципі; өңдеу және майсыздандыруға арналған бірүлгілі жабдықтардың құрылғылары және пайдалану ережесі; процестің жекелеген этаптарының қызметі және олардың орындалу кезектілігі; өңдеу, майсыздандыру және тазартудың негізгі режимдері; қолданылатын өңдейтін және майсыздандыратын ерітінділердің құрамы; бетін тазартуды бақылау әдістері, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары; қышқылдың, сілтілердің, қолданылатын материалдың негізгі қасиеттері, ақаулардың түрлері, орындалатын жұмыс шегінде электротехниканы және электрохимияны.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезокварц блоктары, шықпалар, бүркеніштер, жапсырмалар, қара, түрлі-түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бөлшектер және реле - өңдеу.

2. Фуродитті бөлшектер мен эмиттер – электр химиялық өңдеу.

3. Магнетрондар үшін қарапайым бөлшектер – химиялық және электр химиялық өңдеу.

4. Жартылай өткізгіш аспаптардың корпустарының бөлшектері – органикалық еріткіштер мен қышқылдарда өңдеу; шаю.

5. Тот баспайтын және қоспаланған болаттан жасалған бөлшектер – химиялық жылтырату және өңдеу.

6. Ұсақ бұрандалы бөлшектер - өңдеу.

7. Ыдыс бұйымдар (цилиндрлік және тегіс) және олардың арматуралары - өңдеу.

8. Оқшаулағыштар және кварцты баллондар – 100 пайыздық балқытқыш қышқылда өңдеу.

9. Кварц және кремний қайықшалар мен кассеталар – балқытқыш қышқыл мен хром қоспасында өңдеу; шаю.

10. Интегралды тәсімдердің корпустары, арматура блоктары – тұғырды өңдеу, шаю, майсыздандыру және кептіру.

11. Пьезокварц кристаллдары – балқытқыш қышқылда өңдеу.

12. Пластиналар, германий, кремний кристалдары және өтпелер – механикалық өңдегеннен кейін химиялық-динамикалық жылтырату әдісімен өңдеуге даярлау; дайын өңдегіште химиялық-динамикалық жылтырату; пластинаны бір жағынан өңдеу және екінші жағынан химиялық мықты лактармен қорғау; майсыздандыру және шаю.

13. Пластиналар – пластиналарды фотолитографиялық өңдеуден және (тұзды, күкірт, балқытқыш) қышқылда және органикалық еріткіштерде қайнатудан алдын сапалы түрде шаю.

14. Кварцты пластиналар - өңдеуден және металдаудан алдын (тұзды, күкірт, азот) қышқылдарда шаю және қайнату.

15. 15 мГц-ке дейінгі жиіліктегі екі жақты салалы жазық кварцты пластиналар – белгіленген тазалыққа дейін өңдеу.

16. Төмен жиіліктегі кварц пластиналар - өңдеу.

17. Монокристалды кремний пластиналары мен құймалары – ашық былаулардағы құрылғыларда өңдеу.

18. Әртүрлі диаметрдегі түрлі металдардан жасалған сымдар – химиялық және электрохимиялық өңдеу және тазарту.

19. Тұтқалар, шассилер, арқалықтар, планкалар, платалар, тұғырлар және басқа да механикалық бөлшектер - өңдеу.

20. Құймалар, шыбықшалар және қалдықтар - өңдеу.

21. Арнайы аспаптар – шықпаларды химиялық жылтырату.

22. Дәнекерленген шықпалы арнайы аспаптардың стақандары - өңдеу.

23. Шыны жинақтар – химиялық майсыздандыру.

24. Тегістелген және жылтыратылған кристалл элементтер – химиялық тазарту.
§ 133. ПРЕЦИЗОНДЫ ӨҢДЕУ ӨҢДЕУШІСІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді, диэлектриктерді, жартылай өткізгіштерді, пластиналар мен металдарды технологиялық құжаттамаға сәйкес берілген қалыңдыққа дейін өңдеу, химиялық тазарту. Қол жетпейтін ішкі беттері бар бөлшектерді және бұрандалы бөлшектерді берілген өлшемдерді сақтай отырып өңдеу. Балқытылған селитрада, қышқыл мен сілтінің ыстық ерітінділерінде өңдеу. Кремний тотығын, боросиликатты шыныны, жұқа металл байланыстарды өңдеу. Болат және молибден керндердің ерітінді процестерін енгізу. Ультрадыбысты былауларда өңдеу процесін жүргізу. Бөлшектерді химиялық-динамикалық жылтырату құрылғыларында шаю. Қондырғыны теңшеу. Әртүрлі химиялық өңдеу кезінде сыртының сапасын айқындау мақсатында микроскоптарда жұмыс істеу. Бекітілген қойыртпа электролиттер мен ерітінділерін әзірлеу. Электролиттерді есептеу және түзету, сүзгілеу. Өңделген электролиттер мен ерітінділерді бейтараптандыру және регенерациялау. Бақылау бөлшектерінде өңдеу жылдамдығын айқындау және өңдеу уақытын дәлдеп түзету. Ағын суда су тотығының, сілтілер мен қышқылдардың болмауын индикаторлардың көмегімен айқындау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі өңдеуге арналған жабдықтардың құрылғысы және пайдалану ережесі; ультрадыбыстық өңдеу құрылғыларының құрылғысы мен жұмыс істеу ережесі; микроскоптарда, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және жұмыс істеу ережесі; одан әрі технологиялық операциялар үшін өңдеу, майсыздандыру және тазарту сапасының мәнін; қышқылдар мен сілтілердің химиялық және физикалық қасиеттері, өңдейтін және майсыздандыратын ерітінділердің құрамы мен қасиеті; электролитті тазарту процесінің принципиалды тәсімі.

Жұмыс үлгілері

1. Мыс бөлшектер, жапсырмалар – ультрадыбыстық құрылғыларда мөлшерлік өңдеу.

2. графит бөлшектер - өңдеу.

3. Туннельді диодтар – бақыланатын электрлік өңдеу.

4. Молибден және вольфрам дайындамалар (лента) – былауларда өңдеу, балқытылған калий селитрасында өңдеу, электрлі өңдеу, химиялық өңдеу, ағарту, шаю.

5. Бериллий қорытпасынан жасалған катодтар - өңдеу.

6. Арнайы керамика – балқытылатын қышқылда өңдеу.

7. Молибденді керн – вольфрамды спиральдан өңдеу.

8. СВЧ аспаптары корпустары – микроскопта тексере отырып өңдеу және химиялық жылтырату.

9. Германий және кремний кристалдары, ковардан жасалған пластиналар – дәлме-дәл өңдеу.

10. Шыны корпусқа дәнекерленген германий және кремний кристалдары - өңдеу.

11. Кристалл ұстағышқа жинақталған германий және кремний кристалдары – фторсутекті қышқыл ерітіндісінде өңдеу.

12. Кристалл ұстағыштар, шассилер, металл колбалар - өңдеу.

13. Тозаңдату құрылғылары үшін жарақтар – «патша арағында» шайып тазарту, алтын жинау.

14. Жинақталған өтпелер – ультрадыбыстық өңдеудің көмегімен өңдеу, балқытылған қышқылда өңдеу.

15. Өтпелер, кремний пластиналары – силандау.

16. Шықпалардан жиналған өтпелер - өңдеу.

17. Кварц пластиналар – берілген жиіліктегі оны теңшеу кезінде алюминий бифторидінде өңдеу.

18. Жартылай өткізгіш материалдардан жасалған пластиналар – қышқылмен таңбалау, қайта жөндеу, өңдеу.

19. Монокристалл кремнийі пластиналары мен құймалары – ашық былау құрылғыларында кейіннен өңдегіштің қалдықтарын бейтараптандыра отырып ұсақ және терең өңдеу.

20. Жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдер пластиналары – тотық-аммиак ерітінділерінде химиялық өңдеу; химиялық-динамикалық жылтырату; қайта жөндеу (фтористі сутек қышқылы ерітіндісінде өңдеу, азот қышқылында қайнату, көп құрамды өңдегіште өңдеу).

21. Арсенид галлий пластиналары – химиялық өңдеу.

22. Кремний пластиналары – боросиликатты шыныны алып тастау; беттік кедергіні өлшеуден алдын бақылау пластиналарын өңдеу; фотогравировкалағаннан кейін пластиналарды шаю; күйдіруден алдын пластиналарды шаю; металлды тозаңдандырудан алдын пластиналарды шаю; мезоқұрылымды өңдеу.

23. Кварц пластиналар – балқытқыш қышқылда өңдеу; никелдеу; жоғары жиіліктегі кварц пластиналар – балқытқыш қышқылда өңдеу.

24. Тегістелген және жылтыратылған 5-механикалық гармоника бойынша 45-тен 200 мГЦ-ке дейінгі жиіліктегі кварцты пластиналар - белгіленген жиілікке дейін өңдеу.

25. Тотыққан жұқа планкалар – қабаттап өңдеу.

26. Сымдар, алюминий құймалары, ванадий, титан, нихром, никель ілмектер, ситалл, кремний серіктері – органикалық еріткіштерде қайнату; органикалық емес қышқылдар ерітінділерінде өңдеу; шаю.

27. Вольфрам сымдар мен буландырғыштар, металл жарақтар мен ыдыстар, оргшыныдан – сілтілер мен қышқыл ерітінділерінде химиялық өңдеу.

28. Баяу балқитын металлдар мен олардың балқымаларынан жасалған сымдар - өңдеу, майсыздандыру, тарту әдісімен нейтралдау.

29. Шынылы металл дәнекерлер – мөлшерлі өңдеу.

30. Транзисторлар - өңдеу.

31. Эммитер мен коллектор электродтар - өңдеу.


§ 134. ПРЕЦИЗОНДЫ ӨҢДЕУ ӨҢДЕУШІСІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластиналарды, күрделі конфигурациялы бөлшектерді берілген қалыңдыққа және бетіндегі кедір-бұдырлық параметріне дейін өңдеу (дәлме-дәл өңдеу, химиялық және химиялық-механикалық жылтырату). Қышқылдарды (сірке суы, азот, фтористі-сутекті және т.б), сілтілерді, қоспаларды ыстық ерітінділерде процесті жүргізудің дәлме-дәл бақылау құрылғысында химиялық өңдеу. Жартылай өткізгіш материалдардың кристалдық құрылымындағы ақауларды химиялық анықтау. Көлемдегіш жабыны бар бөлшектерді кескінді өңдеу. Микроскоптағы кескіннің тереңдігі мен енін өлшеу. Өңдеу және химиялық өңдеуге арналған күрделі ерітінділерді, электролиттерді даярлау. Өңдеудің оңтайлы режимін таңдау. Химиялық және химиялық-механикалық жылтыратуға арналған суспензиялар мен өңдегіштерді жаңа технологияны сынамалау кезінде іріктеу. Ион алмасу қабатын, алтынды регенерациялау. Бөлшектер мен пластиналардың бетін өңдегеннен кейін және алдын тазарту. Бөлшектер мен пластиналарды кремний, цирконий, хром тотығының негізінде жасалған жылтыратылған бетін тазарту. Құрылғыларды және ультрадыбыстық жартылай автоматтарға қызмет көрсету. Микроскоппен кедір-бұдырлығын бақылау.

Білуге тиіс: түрлі модель жабдықтарының құрылғысы, кинематиканы, электр тәсімді, оны жөндеудің және тексерудің ережесін, түрлі құрылымдағы бұлаулардың жұмыс істеу принципі, іске қосатын және реттейтін құрылғылардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы, қызметі мен пайдалану шарттары; өңдеу процесінің түрлері, қызметі, тәсілдері мен режимдері; индикаторлардың қасиеті, оларды пайдалану және дайындау; түрлі материалдарға арналған өңдеу режимдері, рельефтің жазықтық және тереңдік өлшемдерін өлшеу әдістері; параметрлерді технологиялық процесті жүргізудің жекелеген сатыларында бақылау әдістері, техникалық құжатнаманың жүргізудің және даяр өнімді тапсырудың тәртібі; шығыс материалдарының шекті нормалары.

Жұмыс үлгілері

1. Полюстік ұштамалардың анодты блоктары, магнетрон катодтарының керндері – бетін ультрадыбыстық құрылғылардың көмегімен сілтілік және қышқыл ерітінділерде, сондай-ақ йон алмасу құрылғысында тазаланған суда ерекше сапалы тазарту.

2. Баяу балқитын металдардан жасалған бөлшектер мен сымдар және олардың балқымалары – тарту әдісімен өңдеу.

3. АРМКО-дан жасалған бөлшектер – қыздырылған (80 градустан жоғары) қышқылдарды қолданып химиялық жылтырату және өңдеу.

4. Электронды-оптикалық жүйенің бөлшектері мен тораптары – бұлауларда дәлме-дәл өңдеу, электрмен өңдеу.

5. Толық қоспалау құрылғылары бөлшектері – тұз ерітінділерінде бейтараптандыру, қышқыл ерітінділерінде, сутек тотығында өңдеу, органикалық еріткіштерде қайнату.

6. Катодтар – ультрадыбыстық құрылғыларда түрлі қышқылдарда өңдеу.

7. Тозаңдандыру құрылғыларының қалпақтары, қалпақ асты құрылғылары – органикалық емес қышқылдардың, сілтілердің, сутек тотығының ерітінділерінде өңдеу.

8. Германий және кремний кристалдары мен пластиналары – берілген өлшемде дәлме-дәл өңдеу; қуыстарды екі жағынан электролитті өңдеу.

9. Галлий-гадолинді гранаттың монокристалдары мен пластиналары – дәлме-дәл өңдеу.

10. БИС корпустары мен қақпақтарының тұғыры – толуолды пайдаланып ультрадыбыстық құрылғының көмегімен бетін аса сапалы тазалау.

11. Жартылай өткізгіш материалдан жасалған пластиналар – термодиффузионды операциялардан алдын өңдеу.

12. Жартылай өткізгіш материалдардан жасалған пластиналар – центрифугада тұз қышқылын, фтористі қышқылды, бидистилденген суды, кистімен шаю және кептіруді пайдалана отырып диэлектрлі жабынды тозаңдатардан алдын өңдеу; бөлу жыраларын өңдеу.

13. Германий мен кремний пластиналары мен кристалдары, арсенид галлий пластинасы – дәлме-дәл өңдеу.

14. жиілігі 20 мГЦ-ке дейінгі жазық және жазық-дөңес кварцты пластиналар – берілген жиілікке дейін өңдеу.

15. Кремний пластиналары – алтынды химиялық жолмен отырғызу.

16. Германий және кремний пластиналары – кедір-бұдырлықтың берілген параметрлерімен белгіленген мөлшер шеңберінде химиялық өңдеу.

17. Аспаптарға арналған пластиналар – ультрадыбыстық құрылғыларда шаю.

18. Пластиналар – бетінде белгілі бір өңделген кескінді алу мақсатында өңдеу.

19. Кремний пластиналары – сірке суы, балқытқыш, азот қышқылын пайдалана отырып динамикалық өңдеу құрылғысында қуыстарды өңдеу.

20. Жылтыратылған кремний пластиналары – бұзылған қабатты анықтау үшін бетін химиялық өңдеу; берілген мөлшерге дейін терең өңдеу.

21. Кремний пластиналары – эпитаксиалды ұзартудан кейінгі, жартылай автоматта фотогравировкадан және диффузиядан алдын шаю; микроскоптың көмегімен микрорельефтің бетін өлшеу жолымен сапасын айқындау.

22. Жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдер пластиналары – жартылай автоматты желілер мен құрылғыларда химиялық өңдеу.

23. СФАГ пластиналары – мырышты араластырудан алдын, кейін, алюминийді тозаңдандырудан алдын химиялық өңдеу.

24. Жинақталған өтпелер – мезоқұрылымды электролитті өңдеу.

25. Эпитаксальді пленка – химиялық өңдеу.

26. Түсті металл мен қорытпалардан жасалған сымдар – электромеханикалық тәсілмен, тарту әдісімен өңдеу.

27. Кварц реактивтері – УТКР, ФОКР; УС-1 құрылғыларында өңдеу, шаю, кептіру.


§ 135. ПРЕЦИЗОНДЫ ӨҢДЕУ ӨҢДЕУШІСІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу құрылғыларында және автоматты желілерде көп компонентті өңдегіштердегі бөлшектерді өңдеу. Көп сатылы өңдеу. Жоғарылатылған диаметр пластиналарын химиялық және химиялық-механикалық өңдеу. Кремний пластиналарын тереңдетіп өңдеу және синтетикалық материалдарды пайдалана отырып жылтырату. Кескінделген құрылымды өңдеу. Кескінделген құрылымның жылдамдығын және өңдеу уақытын айқындау. Электролит әзірлеу, электролитті қалайымен қанықтыру, отырғызу режимін есептеу. Күрделі флюстерді, жарық сезгіш қабатты, метилоранж, контакол даярлау. Молекулярлы күміс алу. Өңдеу және шаюға арналған ультрадыбыстық құрылғыларды реттеу. Өңдеу режимдерін іріктеу және түзету. Микроскоппен интерференционды желілер бойынша өңдеу тереңдігін өлшеу.

Білуге тиіс: электр тәсімдер, қызмет көрсетілетін жабдық пен құрылғыларды тексеру тәсілдері; өңдеу және шаюға арналған қолданылатын құрылғыларды қолдану принципі; контактолды, отырғызу және қалпына келтіру реакциясын пайдалану; тұздармен жұмыс істеу үшін шарттарды; ұсақ дисперсионды күмісті кептіру ережесі; пластиналардың бетін өңдеу және тазарту процесінің механизмі; жұмыс процесінде қолданылатын қышқылдардың, тұздардың, органикалық еріткіштер мен деиондалған судың негізгі қасиеттері; ақаулардың негізгі түрлері мен оларды жоюдың тәсілдері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Баяу балқитын металлдардан жасалған микросымдар және олардың қорытпалары – тарту әдісімен өңдеу.

2. Металлдар (вольфрам, тантал, кремний) – электролиттік өңдеу.

3. Өтпелер – ТМ-10 үлгісіндегі аспаптарды силанирлеу.

4. Құрастырылған аяқтар – түрлі реактивтерде өңдеу.

5. пластиналар, кристалдар – ултьтрадыбыстық құрылғылардан өңдеу.

6. ТС-1, ТС-2, ТС-З, ТМ-10, 1ТЗО1-30 үлгісіндегі аспаптарға арналған пластиналар, күрделі қатты тәсімдер - әзірлеудің түрлі кезеңдерінде өңдеу.

8. Пластиналар – базалық, эмиттерлік тотықтырып өңдеу (ультрадыбыстық құрылғылардың еріткіштерінде және кешен жасағыш ерітінділерде шаю).

9. Пластиналар – берілген дәлдікпен сызба бойынша белгілі бір кескіннің жырасын өңдеу.

10. Негізгі жиілігі 15 МГц-тен жоғары және 45-тен 110 МГц-ге дейінгі жиілікте 3-механикалық гармоника бойынша тегістелген кварц және жылтыратылған пластиналар – берілген жиілікке дейін өңдеу.

11. Жартылай өткізгіш аспаптар мен микротәсімдердің пластиналары – «Лада – 1» үлгісіндегі желіде көп сатылы химиялық өңдеу; кейіннен аммиакты су тотығы және тұзды су тотығы ерітінділерде химиялық өңдей отырып, боросиликатты шыныны алу.

12. Монокристалды кремний пластиналары – берілген сапалы бетін химиялық өңдеу.

13. Жіңішке вольфрам сымдар - өлшемді өңдеу (21......11 микрон диаметрден 17...5 микрон диаметрге дейін).

14. Күрделі әйнектер (ФСе; БСе) - өңдеу.

15. Күрделі магнитті интегралды тәсімдер үшін феррит гранаттардың эпитаксиалды құрылымдары - әзірлеудің түрлі сатыларында өңдеу.

§ 136. ПРЕЦИЗОНДЫ ӨҢДЕУ ӨҢДЕУШІСІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластиналарды көлемді химиялық өңдеу, диэлектрлі пленкаларды (кремний екітотығы, кремний нитриді, фосфорсиликатты шыны) алты және одан да көп құрылғылардан тұратын автоматталған кешендерде химиялық өңдеу процесін жүргізу. Компоненттердің талап етілген концентрациясымен технологиялық ерітінділерді дайындау үшін ЭЕМ бағдарламаларға арналған тапсырмаларды дербес таңдау. Химиялық өңдеу, шаю және кептірудің технологиялық параметрлерін ЭЕМ-ге енгізу. Дисплей бойынша бақылау және технологиялық параметрлерді реттеу (өңдеу уақыты, температура, судың меншікті кедергісі). Пластиналардың партиясымен роботтың қозғалыс бағытын ЭЕМ-де айқындау және тапсыру. Процестің ақаулығын бақылау, сыртқы бетінің “SUZFSKAN4500” үлгісіндегі автоматталған анализаторларда ақаулықтары деңгейін бағалау. Химиялық өңдеудің автоматталған кешендеріне «жөндеу» режимінде қызмет көрсету. ЭЕМ беретін автоматталған кешеннің тоқтап қалуын есепке алуды жүргізу, диагностиканы талдау; жай жөндеу жұмыстарын жүргізу. Пластиналарды автоматты түрде қайта тиегіштерге қызмет көрсету және жөндеу. Автоматты ульрадыбыстық желілерде шыны пластиналарды химиялық өңдеу. Шыны пластиналарды өңдеу параметрлерінің шаю режимін компьютерде бағдарлау жолымен айқындау және тапсыру. Бақылау кестесін пайдаланып берілген режимдерді кейіннен түзете отырып технологиялық процестер параметрлерін бақылау.

Білуге тиіс: Химиялық өңдеу мен пластиналарды автоматты түрде қайта тиеу автоматталған кешендерінің құрылғысы, жұмыс істеу принципі, құрылымдық ерекшеліктері және пайдалану ережесі; дербес компьютерде жұмыс істеу принципі және алты және одан да көп құрылғылардан тұратын автоматталған кешендерде химиялық өңдеу параметрлерін тапсыру әдістері; ІВМР үлгісіндегі ЭЕМ құрылғысы және пайдалану ережесі; химиялық реагенттерді жеткізу тәртібі; химиялық реактивтерді автоматты түрде беру жүйесін пайдалану ережесі; өңделген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері және оларды жоюдың әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. СБИС пластиналары - «Кубок» желісінде аммиакты тотық ерітіндісінде және сутегі тотығымен күкірт қышқылы ерітіндісінде өңдеу, «Кубок Т» желісінде SI2O2, SI3N4, ФСС өңдеу.

2. Шыны пластиналар – ультрадыбыстық автоматты желілерде көп сатылы химиялық өңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет