Жазғы мектепті ұйымдастыру



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі38.57 Kb.
#457765
  1   2
ЛШ каз 2022ж



26.05.2021-ғы № 240 шығыс хаты

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы «26» мамырдағы
№ 240 бұйрығына қосымша
Жазғы мектепті ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында әзірленді.
2. Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін жұмыс істейді.
3. Осы Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта берілген.


2-тарау. Жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру

4. Жазғы мектепте оқыту:


– 1-8,10 сыныптағы білім алушыларға;
– 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.
Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.
Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңызды.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
6. Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.
Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасайды («Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар» қосымшасы).
7. Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
8. Кесте құрылған топтарды / сыныптарды ескере отырып жасалады.
9. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
10. Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.
11. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
12. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
13. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
14. Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
15. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
16. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс.
17. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар әзірлеу керек.
18. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жағдаяттық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
19. Сабақ өткізу кезінде педагог:
– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуы және оқуға қолдау көрсетуі;
– сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуі;
– қажет болған жағдайда, физикалық жаттығулар жасау.
20. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.
21. Топтардағы/ сыныптардағы толымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.
22. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.
23. Оқу процесін жүзеге асыру үшін волонтер студенттерді тартуға рұқсат етіледі.
24. Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтиды.
25. Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
26. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.
27. Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
28. Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық, тиімді, функционалды идеяларды жүзеге асыру үшін балаларды (міндетті түрде бір сыныптан емес, жалпы қызығушылықтарына қарай) жобалық жұмысқа тарту ұсынылады.
29. Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және т.б. өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет