Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген



бет1/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#7950
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




Қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №  бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы

ЕСЕП
Кезең есебі: 2014 жыл
1. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. Электроэнергетика, көмір өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану саласын дамыту

1.1-мақсат. Экономиканың энергияға өсіп келе жатқан қажеттiлiгiн қамтамасыз ету

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды: 007, 009, 013, 026, 030, 035


Нысаналы индикатор, міндеттің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезең) көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жетпеушілік себептері

2014 ж. жоспар

2014 ж. нақты

Нысаналы индикатор
















Электр энергиясын өндіру көлемі

ҰЭМ

млрд. кВтч

92,1

93,9

-

Ел экономикасын көмір өнімдеріне тұтынуын қажетті көлемде қамтамасыз ету

Ведомстволық деректер

%

100

100

-

1.1.1-міндет. Электр энергиясын дамыту (инфракұрылымы)

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Энергия өндіруші кәсіпорындардың құралдарының тозуын төмендету

ведомстволық деректер

%

58,8

58,8




Электр энергиясын өндірудегі газды электр станцияларының мөлшері

ведомстволық деректер

%

18,5

18,5




«Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша «DoingBusiness» реитингісіндегі Қазақстанның орнын жақсарту

ДБ есебі

орын

98

97




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын келісу

15

Электр энергетиканы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстары қалыптастыру




Электр және жылу энергетикасы саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар әзірлеу және бекiту




Электрмен жабдықтау объектілерінің құрылысын және реконструкциялауын мониторингілеу: оның ішінде

Жаңа энергия көздері салуын мониторингілеу

Балхаш ЖЭС салуын мониторингілеу

Қазақстан Республикасы Үкіметімен жобаны іске асыру үшін барлық заңнамалық база құрылды. 2013 жылы үкімет аралық келісім ратификацияланды және ҮАК өзгеріс енгізу туралы хаттама күшіне енді. Жоба бойынша бағасын, генерациялық қондырғылардық электр қуатын ұстап тұру бойынша дайындығын ұстап тұруды сатып алудың көлемін, мерзімін анықтайтын, сондай ақ ұзақ мерзімді шартқа сәйкес «Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – «Балқаш ЖЭС» АҚ) жаңадан іске қосылатын өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алатын ұйым ретінде «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Балхаш Жылу электр станциясы жобасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы қаулы жобасы 2014 жылғы 17 маусымда № 667 қабылданды.

Қазақстан Республикасына Корея Республикасы Президенті Пак Кын Хе мырзаның арнайы іссапары аясында «KEGOC» АҚ мен «Балхаш ЖЭС» АҚ арасында жаңадан іске қосылатын өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет туралы ұзақ мерзімді келісім жасалды (Қуатты салып алу келісім шарты).

2014 жылы 25 шілдеде РММ «Мемсараптама» ЖСҚ бойынша оң қорытынды алынды. 2014 жылы 21 қарашада ЖСҚ Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс жұмысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстары басқармасы комитеті бұйрығымен №114-ПИР бекітілді. 2015 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы архитектуралы-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасынан белгілі қозғалыс немесе қызметті жүзеге асыру немесе бастаумен тоқтату ескертуін алу туралы талон алынды.

Қазіргі уақытта сегіз инфрақұрылымдық дайындық кезеңі объектілері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде (т/ж, сумен және канализациямен қамтамасыз ету).



Екібастұз МАЭС-2 3-нші энергия блогының салуын мониторингілеу

Евразиялық даму банкімен және Сыртқы экономикалық банкімен 2010 жылы кредиттік шартқа қол қойылғанына сәйкес, 2012 жылғы қараша айында Кредиттік қаражаттар тартылды. Келісімге сәйкес негізгі жабдықты жеткізушіге аванстық төлем жүргізілді. Жоба бойынша негізгі жабдықтың параметрлері өзгеруіне байланысты 2013 жылғы 22 ақпанда Жобаның «П» сатысын түзету бойынша құжаттамалар Мемсараптамаға жіберілді.

2013 жылғы 23 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

Бүгінгі күнде дайындық кезеңінің құрылыс объектілері аяқталды, мына объектілерді қолданысқа қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілеріне қол қойылды: жылу желілерінің магистральды өткізгіш құбыры, ішкі алаң темір жол жолдары, уақытша сақтау қоймасы, 100 адамға арналаған асхана, жылу-салқын қоймасы, ішкі алаң және сырт алаң су өткізгіш торабы мен канализация, жылумен жабдықтаудың сыртқы торабы, құйматас-ерітінді шаруашылығы мен құрылыс ауласының электр жабдықтау желісі.

Қазандық бөлімше алаңының инженерлік геологиялық іздестіруі бойынша жұмыстар аяқталды. Әзірлеу және қазандық бөлімінде топырақ қазу орындалды. «Қада алаңы» ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындау үшін мердігерді мобилизациялау жүргізілді,. Сондай-ақ, қазандықтың іргетасының астынан «қада алаңы» бойынша 164 қаданың жабдығы орындалды. Қадалардың статикалық жүктемесіне сынақтар орындалды.

№ 3 энерго блокты салу алаңына бірінші және екінші қазаңдықтардың белдеулері бойынша 18 партияның жабдықтары толығымен жеткізілген.


Қолданыстағы энергия көздерін жағңғыртылауын және жаңалауын мониторингілеу:

Шардара СЭС жаңғыртуын мониторингілеу

Жоба электр станциясының қуатын 116 МВт-қа ұлғайтуды көздейтін. Жобаны қаржылық ұйымдастыру шеңберінде 2012 жылы «Шардара ГЭС» АҚ мен Еуразиялық банк арасында Жаңарту және Дамыту бойынша Кредиттік келісім жасалды. 2013 жылы тамызда EPC мердігерін таңдау бойынша екі кезеңді тендер қорытындыланды, Andritz Hydro GmbH (Германия) компаниясы жеңімпаз болып таңылды. 2013 жылы 18 желтоқсанда «Шардара ГЭС» АҚ мен Andritz Hydro GmbH (Германия) арасында ЕРС-келісімшартына қол қойылды. Қазіргі уақытта ТЭН-ді түзету және ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Бүгінгі күні жоба бойынша мына іс-шаралар орындалған: қалдықтарды ұстап қалатын торларды пайдалану іске қосылды, трансформаторлар ауыстырылды, 110 кВ АТҚ-ны 110 кВ КРУЭ-ге ауыстырылды, компрессорлық станция жасалып орнатылды және оңтүстік жағалаудың көшкіні жойылды.



Екібастұз МАЭС-1 № 2 блогын қалпына келтіру жобасын мониторингілеу

2012 жылы 20 тамызда жобаның ЖСҚ бойынша РМК «Мемсараптама» оң қорытындысы алынды. Приводтың турбинаны монтаждау және турбогенератордың іргетасын қалпына келтіру аяқталды. Агрегат қазандығы, турбогенератор құрылғыларын монтаждау бойынша жұмыстар жалғасуда.


Екібастұз МАЭС-1 № 1 блогын қалпына келтіру жобасын мониторингілеу

2013 жылы 27 маусымда жобаның ТЭН бойынша РМК «Мемсараптама» қорытындысы алынды. Құрылғыларды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы 4 мамырда жобаның ЖСҚ бойынша РМК «Мемсараптама» қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта орта радиациялық бөлігі блокы бойынша демонтаждық жұмыстар жалғасуда, агрегат қазанжық оралуда.




Алматы ЖЭО-2 (3-4 кезең) күлді алып тастау жүйесін қайта жаңғыртуын және кеңейтуын мониторингілеу

2013 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. «ЖЭО-2, 3 технологиялық кезеңі күлін құрту жүйесін комбинарлау» объектісін пайдалануға қабылдау комиссиясы 2013 жылы сәуірде қабылдады.


Алматы ЖЭО-2 (3 кезек № 8 қазандығын) кеңейтуын және жаңғыртуын мониторингілеу

2013 жылы ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды. 2013 жылы 27 маусымда №13К0466Р құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімге қол қойылды. Қазір келесім қаржының болмауына орай тоқтап тұр.


Электр желілік объектілерді жаңғыртуын және салуын мониторингілеу

2 кезең (55 қосалқы станцияның электр қондырғыларын ауыстыру) ҰЭЖ жаңғыртуын мониторингілеу

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен 55 шағын станцияның 45 шағын станциясы пайдалануға берілді. 6 шағын станция бойынша жұмыс комиссиясының қорытындысы жасалған және Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілеріне қол қойылуда.

Жобаның іске асырылуының 2-ші кезеңі бойынша «Бурный – Түлкібас» 220 кВ ӘЖ жобалық сматалық құжатын әзрлеу және трассаны келісу бойынша таңдау жұмыстары жүргізілуде.




ЦГПП-Осакаровка ӘЖ 220 кВ жақайта жаңартуын мониторингілеу

2014 жылы қазанда жобаны іске асыру аяқталды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.


Павлодар энергия қиылысының Қазақстан БЭЖ байланысын күшейту

«ТПЭП» ЖШС «кілт» клесімі бойынша жобаны іске асыруға келісім жасалды. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу және инжинерлік ізденіс, ҚС алаңымен ӘЖ трассасын келісу және таңдау жұмыстары жүргізілуде.


«500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті» жобасының салуын мониторингілеу:

I-кезең. Іске асыру мерзімі 2011 – 2017 жылдарға жоспарланған «Екібастұз – Семей – Өскемен 500 кВ ӘЖ-ны салу».

Жобаның I-кезеңін іске асыру үшін объектілердің құрылысын «толығымен» салып бітіруге «KEGOC» АҚ шарттар жасады. 220 кВ, 500 кВ трассалар желілері және қосалқы станциялар алаңдары бойынша инженерлік іздестіру жұмыстары орындалды.

Төмендегідей объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындылары алынды:

- 500 кВ Семей ҚС-дан 500 кВ Өскемен ҚС-ға дейінгі 500кВ ӘЖ;

- 500 кВ Семей ҚС құрылысының 1,2 және 3-сатысы;

- 220 кВ ПС 51 ҚС – 18 ҚС және 18 ҚС – Шүлбі ГЭС ҚС ӘЖ-нің кіре берісі мен шыға берісін салу;

- 500 кВ Семей – Шүлбі СЭС ҚС 220кВ ӘЖ салу.

Басқа объектілер бойынша жобалау сметалық құжаттамалар әзірленуі және 220, 500 кВ ӘЖ мен 500 кВ ҚС салу бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары үшін материалдар жеткізу жалғасуда.

II-кезең. Іске асыру мерзімі 2012 – 2018 жылдарға жоспарланған «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алма 500 кВ ӘЖ-ны салу».

Жобаның II-кезеңін іске асыру үшін объектілердің құрылысын «толығымен» салып бітіруге «KEGOC» АҚ шарттар жасады.

Қазіргі уақытта трассаларды таңдау мен келісу және 500 кВ ӘЖ трассалары мен қосалқы станциялардың алаңдары бойнша инженерлік іздестіру жұмыс жүргізілуде.


I-кезең. «Екібастұз – Семей – Өскемен 500 кВ ӘЖ-ны салу»

Жобаның I кезеңін іске асыру үшін «KEGOC» АҚ объектілерді салу бойынша «толығымен орындау» шарттары жасалған. 220, 500 кВ ӘЖ трассасы бойынша инженерлік іздестіру орындалған:

Келесі нысандар бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленіп «Мемсараптама» РММ-нің қорытыңдысы алынған:

- «500 кВ Семей шағын станциясы- 500 кВ Өскемен шағын станциясы» 500 кВ ӘЖ;

- «Семей» 500 кВ шағын стансиясын салудың 1,2 және 3 кезеңдері;

- 500 кВ Семей шағын станциясы – Шүлбі СЭС»-нің 220 кВ ӘЖ;

- Шағын станция 51 - Шағын станция 18 бен Шағын станция 18 – Шүлбі СЭС кіру-шығу құрылысына;

- Семей шағын станциясы – Шүлбі СЭС-нің 220 кВ ӘЖ.

Қалған нысандар бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірлеу және 220, 500 кВ ӘЖ, мен 500 кВ бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарына материалдар жеткізілу жалғасуда.



II-кезең. «Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алма 500 кВ ӘЖ-ны салу»

Жобаның 2 кезеңін іске асыру үшін «KEGOC» АҚ «кілтпен» объектіні салу келісімі жасалды.

Қазіргі уақытта ҚС аймағымен 500 кВ ӘЖ трассасы бойынша инжинерлік ізденіс және трассаны келісумен таңдау жұмыстары жүргізілуде.



1.1.2-міндет. Көмір өнеркәсібінің дамуы

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















Көмір және лигнит өндіру НКИ-і

ҰЭМ СК

%

96

95,4

Көмір өндіруші компаниялар 2014 жылда 107,6 млн. тонна көмір өндірді (көмір қойыртпасын қоспағанда), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,2 млн. тоннаға кем немесе 95,4%.

Көмір өндіру көлемі энергия кәсіпорындары жұмысының мерзіміне және мезгілдік сипаттарға тәуелді. Көмірге деген сұраныс қоймаларда эндогендік өрттерді және көмірдің сапасының жоғалтуын болдырмауға көмірдің ірі көлемінің жиналуын болдырмау мақсатында мезгілдік сипат себебі бойынша төмендеді.

2014 жыл ағымында көмір саласы тұрақты жұмыс істеді, келісімшарттарға сәйкес барлық тұтынушылар көмір өнімімен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, ресейлік электр станциялары сұралған көлемнен бас тартуына байланысты көмірдің экспортқа жөнелтілімінің көлемі толығымен орындалмады.


Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Сыртқы және ішкі нарыққа көмір өнімінің жөнелтіміне және өндіру мониторингі

Көмір өндіруші компаниялар 2014 жылда 107,6 млн. тонна көмір өндірді (көмір қойыртпасын қоспағанда), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,2 млн. тоннаға кем немесе 95,4%.

Көмір экспорты 30,4 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 97,0%.

2014 жылдың 12 айында ішкі нарыққа 72,1 млн. тонна көмір жеткізілді. Қазақстандық тұтынушыларға қойылған көмірдің жалпы көлемінен 73,0% немесе 52,6 млн.тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жеткізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 млн.тоннаға кем.


Көмірді баламалы қолдану бойынша технологиясын дамыту

Қазақстанда көмірхимияны үдемелі дамыту мақсатында 2013 жылғы 7 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Синь Цзинпиннің Қазақстан Республикасына сапары кезінде екі Меморандумға қол қойылды, олар:

1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және ҚХР Энергетика бойынша мемлекеттік басқармасы арасында көмірді кешенді қайта өңдеу саласында ынтымақтастық туралы.

2. «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы» ААҚ, «KAZNEX INVEST» АҚ, «ҚДБ» АҚ және «Разрез «Кузнецкий» ЖШС-нің көмірді кешенді қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыру саласында ынтымақтастық туралы.

Бірінші Меморандум көмірді кешенді қайта өңдеу саласында мемлекеттік деңгейде тәжірибе және технологиялар алмасу ынтымақтастығыны қарастырады.

Екінші Меморандум шеңберінде Қазақстанда «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы» ААҚ-ы қатысуымен көмірді кешенді қайта өңдеу жобасын іске асыру жоспарлануда. Болжанған негізгі өнім: бензин, дизельдік отын, электр энергиясы және әр түрлі химиялық өнімдер болып табылады.

Министрлікте болған мәжілістің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-сы «Цинхуа» қытайлық энергетикалық корпорациясымен» «Разрез Кузнецкий» ЖШС және «СП Арбат» жобаларын қосқанда Қазақстанда көмірді кешенді қайта өңдеу бағытттары бойынша алдағы жұмыстары мақұлданды.

2014 жылдың тамызында «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-сы «Цинхуа» қытайлық энергетикалық корпорациясы» ААҚ арасында құпиялылық туралы келісімге қол қойылды. Көмірді газдандыру жобасы бойынша техникалық және құқықтық мәселелерді шешу үшін жеке жұмыс топтары құрылды.

А.ж. 28 қаңтарында жоба қатысушыларының бірлескен отырысында Жобаны іске асыру бойынша жол картасы бекітілді.

Сонымен қатар, а.ж. сәуіріне дейін қатысушылармен бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда, ал мамырда ТЭН-ді әзірлеу шартына қол қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспарлануда.


Бұрынғы «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігіңің шахталары, көмір разрездері және байыту фабрикалары қызметтеріңің зардаптарын, Қарағанды көмір бассейні шахталарын жою бойынша техникалық іс-шараларды орындау

Әр айдың 25 жұлдызына 007 бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстың актілері ұсынылады. Атқарылған жұмыстың актісі бойынша 2014 жылы 113,07 га жер аумағына тазарту тегістеу, 1582384 м³ бұзылған жерге себу жұмыстары жасалып жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. 2014 жылға республикалық бюджеттен бөлінген 620 775 мың тенге қаражат толығымен игерілді.

Көмір бөлігінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын тіркеу

2014 жылдың қорытындылары бойынша ҚР Энергетика министрлігінде көмір бөлігінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар тіркелген жоқ.

Көмір бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру келісімшарттарын тіркеу

ҚР Энергетика министрлігіне «Көмір қуат» ЖШС 2008 жылғы 5 мамырда №2640 келісімшартқа «Темір Банк» АҚ ҚФ Қарағанды облысына К2 пластына № 3 учаскесінде барлау және өндіру өткізуге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге рұқсат беру 05.12.2014ж. № 702 өтініш келіп түсті.

2014 жылғы 24 желтоқсандағы «Көмір Қуат» ЖШС жер қойнауын пайдалану құқығына кепілі тіркелді.



1.1.3-міндет. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















Жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясы көлемі

ведомстволық деректер

млрд.

кВт/сағ.


0,57

0,58




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




Жаңартылатын энергия көздері саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу

2014 жылы аталған іс-шара қарастырылмаған, іске асыру мерзімі 2016 жылдан басталады.


«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

2013 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында 15 заңға тәуелді НҚА қабылданды:

1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2014 жылғы 9 шілдедегі № 786 ҚР ҮҚ);

2. "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2014 жылғы 29 сәуірдегі № 418 ҚР ҮҚ);

3. "Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2014 жылғы 29 қаңтардағы № 36 ҚР ҮҚ);

4. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын айқындау туралы (2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 ҚР ҮҚ);

5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 ҚР ҮҚ);

6. Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 ҚР ҮҚ);

7. Тіркелген тарифтерді бекіту туралы (2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 ҚР ҮҚ);

8. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 1 сәуірдегі № 290 ҚР ҮҚ);

9. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 ҚР ҮҚ);

10. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2014 жылғы 18 сәуірдегі № 376 ҚР ҮҚ);

11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы (2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 ҚР ҮҚ);

12. Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті бекіту туралы (2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 ҚР ҮҚ);

13. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 28 шілдедегі № 834 ҚР ҮҚ);

14. "Қазақстанда баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2014 жылғы 28 шілдедегі № 835 ҚР ҮҚ);

15. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы (2014 жылғы 5 тамыздағы № 878 ҚР ҮҚ).


ЖЭК пайдалану саласындағы жобаларды іске асыруын мониторингілеу

2014 жылы ЖЭК саласында 9 объектердің белгіленген жиынтық қуаты 53,62 МВт құрылысы аяқталды ( 3 ЖЭС - 49 МВт; 3 КЭС - 2,42 МВт; 2 шағын су электр станциясы (СЭС) - 2,15 МВт; бір биоэлектростанциясы - 50 кВт.), соның ішінде:

Ақмола облысында - Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт ЖЭС құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл объект бойынша көзделген 21 жел қондырғылардан 19-на (100%-дан -86%) монтаж жұмыстары өткізілді. Қазіргі танда ЖЭС-тің белгіленген құаты 36 МВт құрайды.

Алматы облысында - Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 150 кВт Есік шағын СЭС және қуаты 50 кВт биоэлектростанциясы іске қосылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде қуаты 2 МВт «Рысжан» шағын СЭС, Шымкент қаласында қуаты 1 МВт КЭС және Сайрам ауданында қуаты 1 МВт КЭС құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Жамбыл облысында - қуаты 21 МВт Қордай ЖЭС аяқталды. «Vista International» ЖШС-нің ақпараты бойынша бұл объектінің аяқталуы кезең-кезеңмен жоспарланған. А.ж. аяғында ЖЭС-тің белгіленген құаты 11 МВт құрады, 7 жел қондырғылары іске қосылды.

Қызылорда облысында - Жаңақорған ауданда қуаты 420 кВт КЭС салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында - Қызылжар ауданындағы Новоникольский ауылының маңында қуаты 2 МВт ЖЭС-нің құрылысы аяқталды.

Бірақ, облыстық әкімдіктердің деректері бойынша жобалық қуатына қол жеткізілген объектілері пайдалануға беру және жоспарланған өндіретін электр энергиясын көлемін шығару 2015 жылдың бірінші жартыжылдықта қамтамасыз етіледі.



Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп электр орталықтандыру экономикалық жағынан тиімсіз болып табылатын электрлендірілмеген елді мекендерде немесе қоныстарда электр энергиямен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын өткізу

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңының 9-бабы 10-тармағына сәйкес, мемлекет, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді.


Аталған норманы іске асыру мақсатында ЖАО-мен:

1) Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 ҚР ҮҚ);

2) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 28 шілдедегі № 834 ҚР ҮҚ) келісілді және бекітілді.


Республикалық бюджеттік комиссиясының (бұдан әрі - РБК) 2014 жылғы 7 наурыздағы № 4 шешімімен 026 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 8 облыстарға 32 данада ЖЭК пайдалануға қондырғыларды сатып алу үшін 70 880,0 мың теңге көлемінде қаражат берілді. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында Министр және 8 облыстар әкімдер арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге қол қойылды.

2014 жылға арналған республикалық бюджетінің екінші нақтылау кезінде републикалық бюджеттік комиссиясының № 31 шешімімен 6 облыстарға 27 данада ЖЭК пайдалануға қондырғыларды сатып алу үшін 59 805 мың теңге көлеміндегі қаражатты бюджетке қайтаруды қолдаған болған, 5 дана көлемінде ЖЭК пайдалану қондырғыларға қалған 11 075 мың теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат 11 010 мың теңге көлемінде иегерілген (100%), 65 мың теңге – үнемдеу, оның ішінде:

Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Сейтжанов» шаруа қожалығында құаты 4,6 кВт КЭС;

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы «Нұрсәт» ШҚ (3 қондырғы) және «Нұр» ШҚ (1 қондырғы) 4 КЭС.

2015-2017 жылдарған арналған бюджеттік өтінім әзірленді және қолдау тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет