Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар


Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Этопедагогика оқулық

5. Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде 
дамып қалыптасуы (1920-1990 ж.ж. аралығы). 
XX ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-
әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. 
Ел арасында толқулар басталды. 
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы 
қауымы осы мәселелер тӛңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға 
белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылдық және орыстандыру 
саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру 
және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы 
талаптар қойды. 
Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, 
Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б., қазақтың 
зиялы қауым ӛкілдері ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың 
кӛсемдеріне айналды. 
Қазан тӛңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889-1902 
ж.ж.), газеті, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916 ж.ж.) және 
басқа да басылымдар қазақ халқынын ұлттық ерекшеліктері, 
мүмкіндіктері, мәдениеті, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса 
маңызды ой-пікірлер жариялап отырды. 
Бұл орайда, белгілі қоғам қайраткері, ғалым-түріктанушы Ахмет 
Байтұрсынов «Қазақ» газетінде былай деп жазады: «...Қазақ жерінде 
ӛндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған ӛнімді 2-3 есе 
қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік – білім-
ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде 
мектептер ӛте аз...», - деді («Қазақ» газеті, 1913 жыл, 26, 15 тамыз). 
1917 жылы Ленин бастаған коммунистік партия Ресей патшасын 
тақтан құлатып, тарихқа белгілі қазан тӛңкерісін жасады, әлемде жаңа 
империяның негізі қаланды. Қазақстан енді орыстар басқарған бұрынғы 
Ресей империясының мұрагері жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына 
кіруге мәжбүр болды. 
Бұл кезең қазақ халқына тиімді және тиімсіз әсерін тигізді. Қоғам 
проблемаларының аса күрделі саласы – сауатсыздық жойылды. Кӛптеген 
маңызды кәсіпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, 
жұмысшылардың жағдайлары едәуір жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар 
және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдік тәжірибелерге 
негізделген кеңестік ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының 
негізі қаланды. 
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары, негізінен, орыс тілінде жүргізілуі 
талап етілді. Әрине, орыс тілінде білім беру прогрессивті роль 
атқарғанымен, онда қазақ мектептерінің оку-тәрбие жұмыстарына қайшы 
келген жағдайлар кӛп болды. Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан 
педагогикалық тәжірибелер «коммунистік идеологияға» негізделіп, 
«коммунистік тәрбие беру» атты саяси-педагогикалық диктатуралық 
жүйеге ұласты. 


24 
1937-1938 жылғы жүргізілген сталиндік жаппай қудалаушылық пен 
1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы ӛте үлкен қырғынға ұшырады. 
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан 
қазақтың кӛптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны 
болды. Мұның ӛзі ұлт мәдениетінің ӛсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. 
Соғыстан кейінгі жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға 
алынды. Қазақстанның тың жерлерін игеру мақсаты отаршылық 
принципке негізделіп, ӛкімет тарапынан жүзеге асырылып отырды. 
Мемлекеттік басқару жүмыстары, іс қағаздары, қоғамдық жиындар 
бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа ұлттардың 
Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген ӛкімет саясатының 
нәтижесінде кӛптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы 
оқу орындарындағы қазақ бӛлімдері қысқартылды. 
Халық педагогикасы жӛнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек 
қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы 
деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар 
ұйымдарының тәрбие жүмыстары коммунистік идеологияға негізделді. 
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде 
пайдаланылды, қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған 
әдістемелік нұсқаулар жазу назардан тыс қалды. 
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының 
қоғамдық ӛмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: 
М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», «Сауат 
ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», 
«Психология» 
атты 
еңбектері, 
С.Кӛбеевтің, 
Н.Құлжанованың, 
М.Әуезовтің, 
М.Дулатовтың, 
Қ.Жұмалиевтің, 
Е.Смайыловтың, 
М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғүланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына 
ұлттық сана-сезім кӛзқарасын қалыптастырды. 
Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдары саласында 
М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтің, 
А.П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдің, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың, 
Ә.Сыдықовтың, 
Қ.Бержановтың, 
Е.Суфиевтің, 
А.Темірбековтің, 
А.Асылбековтың, Қ.Б. Жарықбаевтың, Т.Сабировтың, К.Құнантаеваның, 
М.Мұхановтың, 
А.Мәдиннің, 
С.Мусиннің, 
Ә.Б.Сейтешевтің, 
Т.А.Умановтың, 
Н.П.Хмельдің, 
А.Кӛбесовтің 
т.б. 
әлденеше 
монографиялық еңбектері жарық кӛрді. Педагогикалық ғылыми-
әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп 
мұғалімдері мен педагог ғалымдардың еңбектері үнемі жарық кӛріп 
отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде 
шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты. 
Қазақ мектептері, негізінен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, 
оның материалдық-техникалық базасына кӛп мән берілмеді. Мектептегі 
оқу-тәрбие жүмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық 
тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған, орыс тілінде жазылған 
еңбектердің аудармалары арқылы жүзеге асырылды. 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет