Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар


Тәуелсіз Қазақстандағы ҧлттық тәлім-тәрбиенің қайта



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Этопедагогика оқулық

6. Тәуелсіз Қазақстандағы ҧлттық тәлім-тәрбиенің қайта 
жанданып ӛркен жаюы (1991 ж. кейінгі егеменді ел). 
1980 жылдардың ортасында Қазақстанда ұлттық сана-сезімнің 
оянуына тарихи ықпалын тигізген Желтоқсан оқиғасы болды. Оның әсері 
бертін келе қоғамның барлық салаларын қамтыды. Қазақ мектептеріндегі 
проблемалар туралы кӛптеген ұсыныс пікірлер қалыптасты. Халық 
педагогикасын оқу-тәрбие жүмыстарына енгізудің аса қажеттігі туралы 
баспасӛз бетінде пікір білдіріп, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, 
М.Балтабаев, Қ.Бӛлеев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыров, М.Құрсабаев, М.Оразаев, 
М.Смайылова және басқа ғалымдар ӛз үлестерін қосты. 
Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Кеңестік Социалистік 
Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында ӛз тәуелсіздігін ресми 
түрде жариялап, егемен мемлекет болды. Тәуелсіздіктің әсері қоғам 
дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық 
тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етті. 
Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дүниетанымына, ұлттық 
қасиеттеріне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа 
қайшы деп кезінде жауып тастаған туындылар мен шығармалардың беті 
ашылды. Ұлттық сана-сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани кӛтерілу 
процесі басталды. Білім беру мен тәрбие мәселелеріне кӛзқарастар мен 
талаптар ӛзгерді, нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. 
Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына 
енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында жергілікті 
жерлерде әр түрлі бағыттарда семинарлар-мәжілістер, пікір алмасу іс-
шаралары, сондай-ақ мұғалім-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес 
білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды. 
Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта 
және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына 
жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған 
«Қазақтың салт-дәстүрлері» (М.Смайылова, М.Оразаев), «Қазақтың тәлім-
тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), «Атамекен» (М.Құрсабаев), 
«Елім-ай» (М.Балтабаев), музыкалы-этнографиялық, «Кәусар бұлақ» 
(З.Ахметова), «Бал бӛбек» (Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова) және басқа да 
кӛптеген ғылыми-тәлімдік баздарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие 
жұмыстарына енгізіле бастады. 
Мектеп және оқу орындарына кӛмекші құрал ретінде үлкен маңызын 
тигізетін ғылыми-тәлімдік зерттеу жұмыстары, тарих, мәдениет, 
философия, социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, 
әдістемелік нұсқаулар кӛптеп шығарылуда. 1995 жылы «Санат» 
баспасынан профессор Қ.Б.Жарықбаев пен педагогика ғылымдарының 
докторы С.Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалімдеріне арнап 
жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқулығы шықты. 
1994-1995 ж.ж. «Рауан» баспасынан қазақтың Білім проблемалары 
институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер 


26 
антологиясының (құрастырушылар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) орысша-
қазақша томдары жарық кӛрді. 
Бұл аталғандар ұлттық тәлім-тәрбие ісі мен ғылыми зерттеу 
жүмыстарының алғашқы бастамасы ғана. Алайда арнаулы орта және 
жоғарғы оқу орындарына арналған ұлттық тәлім-тәрбие оқулықтары мен 
ұлттық педагогика және психология тарихын бүгінгі күн талабы 
тұрғысынан қарастырып жазылған монографиялық ғылыми-зерттеулер 
қажет-ақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет