ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ № 1
Тақырыбы: «Тігін жабдықтарының жалпы сипаттамалары»
Орындаған: Тілеумбек Қ.
Тобы: ТКШИ ТиПО 19-12
Тексерген: Кандидат М.
Алматыма 2020 ж.
Жоспары:
Кіріспе
1. Тігін машина жасау өндірісінің жағдайы және оның дамуы бағыты
1.1 Тігін машинасының даму тарихынан деректер
2. Технологиялық жабдықтардың жалпы сипаттамасы
3. ТІГІН МАШИНАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
3.1. Қайықты инешаншым құратын машиналарға сипаттама
3.2 Ілмекті инешаншым машиналары
3.3. Жартылайавтоматтар
Кіріспе
Тігін машиналарын шығаратын өндіріс саласы жылдам дамитын өндірістер қатарына жатады. Осыған орай тігін өндірісі үшін жоғары өнімді жабдықтардың пайда болуы заңды жағдай.
Қазіргі кездегі тігін және тұрмыстық қызмет көрсету өндірістері үшін әртүрлі технологиялық мүмкіндіктері бар тігін жабдықтары көптеп пайда болуда. Тігін өндірісінің жабдықтарының номенклатурасы бойынша, технологиялық операциалардың орындау түрлеріне, машиналардыңқұрылмалық құрлысы, басқарылу негізіне байланысты алуан түрлі.
Тігін бұйымдарын өндірудің технологиялық үдерістері, оларды орындауға арналған жабдықтардың құрлысын, оларды құрайтын құрылымдардың негізін анықтайды. Қолданылатын үдерістердің мақсатына, операцияны орындау тәсіліне, сонымен қатар өңделетін бұйымның пішіні мен мөлшеріне, сипатына байланысты жоғары өнімді, сапалы, өндіру уақыт шығыны аз болатын алуан түрлі, тиімді жабдықтар жасалуда.
1. Тігін машина жасау өндірісінің жағдайы және оның дамуы бағыты
Қазіргі кездегі тігін жабдықтарын шығаратын өндірістерді, олардың жаңалық идеясына, өндіру сапасына байланысты үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.
Тігін жабдықтарын шығарудағы бірінші деңгейдегі жетекші өндірушілер -дәстүрлі Алмания және Жапонияда орналасқан. Тігін машиналарының барлық түрін шығаратын Алманияда PFAFF және Duerkopf-Adler, ал Жапонияда JUKI және Brother фирмалары. Осылардың қатарына кейбір ерекшеліктерін ескере, тек ілмекті тігін машиналарын шығаратын Pegasus және Jamato (Жапония), тек қайықты тігін машиналарды шығаратын Mitsubishi (Жапония) фирмаларын да қосуға болады. Бұл келтірілген фирмалардың барлығы тігін машиналарын жасаушылардың ішіндегі алдыңғы қатардағылар болады. Олар саудаға тұрақты түрде жаңалықты, жоғарғы сапаны қамтамасыз ететін жабдықтарды шығарып отырады. Әрине, бірінші топтағы жабдықтардың барлығы тек осы фирмалармен шектелмейді. Машиналардың жеке түрлерін шығаратын көптеген ұсақ фирмалар да бар. Олардың ішінде, мысалыға, Strobel (Алмания), AMF-Reece (АҚШ), Vibemac, Seiko және де басқалар.
Екінші топтағы жабдықтар қатарына сапасы жоғары жабдықтардың көшірмесі жатады, мысалыға, Kingtex, Siruba, Taking (барлығы – Тайвань), SunStar (Оңтүстік Корея), Shanggong (ҚХР), АОМЗ (Ресей ) және басқалар. Бұлар белгілі фирмалардың лицензиясымен немесе бірлесіп еңбектенудің басқа түрлерімен, бірінші топтағы машинажасаушылардың өнімдерінің көшірмесін шығарады. Дегенімен, бұлар шығаратын машиналардың деңгейі 8 -10 жылға төмен болады.
Үшінші топқа барлық басқа машиналарды жатқызамыз. Олар рұқсат етілмеген, сапасы төмен көшірмелер. Негізінен мұндай жабдықтарды Оңтүстік, Шығыс Азия елдері, олардың ішінде Қытай елдерінде шығарылатын машиналар жатады.
Ресейде жетекті деңгейдегі тігін машина жасау зауыттары қатарында Подоль механикалық «Промшвеймаш» зауытын (қазіргі кезде «Зингер» фирмасымен бірлескен) атауға болады.
Зауыт шығаратын барлық машиналардың ішінде: екіинелі қайықты және ілмекті сырып тігу машиналарын; ауыр (пәлтелік, арнайы киімдік) маталарды тігуге арналған бір инелі ілмекті инешаншымды сырып тігу машинасын; түзу түйме ілмегін торлап тігу, түйме қадау, жең қондыратын арнайы машиналарын, белдік ұстағыш және де басқа машиналарын атап өтуге болады.
«Агат» ААҚ (Дондағы Ростов қаласындағы) «Азов оптика - механикалық зауыты» сырып - жиек торлап тігу, жиекторлап тігу машиналарын лицензиямен жоғары сапалы машиналар шығарады. «Агат» ААҚ тігін машиналары мен қатар булы – электрі үтігі УТП-2, ОЭП-ны да шығарады. Бұл үтіктерИталияның «Макпи» фирмасының үтіктеу үстелімен де қамтамасыз етеді. Чебоксардың тәжірибелі механикалық зауыты да «Макпи» фирмасының лицензиясымен әмбебап және арнайы баспақтар кешенін, операция аралық және соңғы ылғалды жылумен өңдеу баспақтарын, оларға арналған арнайы жастықтар кешенін шығарады.
ЖШҚ «Геран Люкс» (Мәскеу) Ресейдегі ылғалды жылумен өңдеу жабдықтарын шығаратын жетекті өндірушісі болады. Бұл фирма арнайы үтіктеу үстелдерін, қаптағыш баспақтарды, бу генераторларын және де басқа ылғалды – жылумен өңдеу қосымша жабдықтарын шығарады.
Компания «Ролл Текс» (Калининград) даярлау – пішу жабдықтарын шығаратын ресейлік жетекші өндіруші болып табылады. Компания өлшеп-сапалау машиналарын, кескіш сызғыштарын, матаны орағыштарын, тасымалдау арабаларын, ораманы ұстағыштарын шығаруға арналанған.
«Орша» ААҚ (Беларусь) автоматтандырылмаған және авоматтандырылған қайықты және ілмекті инешаншымды, тығыздығы әртүрлі материалдардан киім тігетін машиналарды шығарады. «Орша» зауытының тігін машиналарының техникалық сипаттамасы және технологиялық мүмкіндігі жоғары.
Соңғы онжылдықта тігін машиналарының саудалануы шаруашылық байланыстардың өзгеруіне байланысты өзгерістерге түсті.
Олардың қатарында келесілерді атап өтуге болады:
- Тігін жабдығын шығарып, Қазақстанда саудалап жатқан өндірушілердің географиясы өзгерді, алыс шетелдердің машиналары көбейді;
- Қазақстанның жеңіл өндірістерін жабдықтау қашықтығы көптеген Еуропа, Азия, Америка фирмаларына тиімді болды. Кейбір фирмаларға өздерінің қызмет көрсету орталықтарын ашуға мүмкіндік туды.
Тігін машиналарын жасау дүниежүзілік тәжірибесі соңғы онжылдықта өзгеріске түсті, шығарылып жатқан машиналардың техникалық, технологиялық мүмкіндіктері артып, әмбебаптықтары жоғарыланды.
Қысқаша қарастырғанда, тігін машиналарын жасау келесі бағыттармен дамуда:
➢ Жеке операциаларды орындауға арналған тігін машиналарын жасау номенклатурасы кеңейіп, жаңалау;
➢ Әртүрлі материалдан тігін бұйым жасайтын толық технологиялық қатарлар мен жабдықтар жиынын жасау;
➢ Майлауды қажет етпейтін «кебу бастиек» («dry-head» машиналар түрін шығару;
➢ Басқару жүйелерін және блоктарын бірегейлеу. Бағдарламалауға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйелерді басқаруды құрастыру;
➢ Жұмысшының мамандық дәрежесіне байланыссыз тігін машинасының жұмыс үдерісін ақаусыз орындауға мүмкіндік беретін құрылымдар мен жүйелерды жасау;
➢ Тігін машиналарының эргономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін машиналар дизайннын дұрыстау.
Достарыңызбен бөлісу: |