Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі abay university силлабус пән туралы ақпарат



бет1/8
Дата20.10.2023
өлшемі182 Kb.
#481185
  1   2   3   4   5   6   7   8
Силлабус. Пед.зерттеу. Косшыгулова А.С



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ABAY UNIVERSITY
СИЛЛАБУС

1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы: Педагогикалық зерттеулер
Кредит саны: 5 ESTC
Курс, семестр, оқу жылы: 2, 3, 2023-2024 оқу жылы; ОКББ (ССО)-1 к.1сем.
Шифр және ББ аталуы: 6В01512- Химия-биология
Институт: ПжПИ, Педагогика кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі
Лектор: п.ғ.к., унив.профессоры Махметова Балайна Теменовна
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) тел. : 8 (701) 4433961, balaina.mahmetova.54@mail.ru
Оқытушы: Косшыгулова Алия Сериковна, оқытушы
Қатынас ақпарат (телефон, e-mail): 87016638560, alenti85@mail.ru


2.1. Курстың сипаттамасы. Университеттің «Педагогикалық зерттеулер» компонентінің базалық пәнінің оқу бағдарламасы 6В01 «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша бакалавриат мамандықтарына арналған.


2.2. Пәннің мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы заманауи зерттеулер мен іс-әрекеттік зерттеулерді меңгеру негізінде болашақ заманауи мұғалімнің кәсіби дамуы үшін құзыреттіліктерді қалыптастыру.


2.3. Пәнінің негізгі міндеті студенттерде негізгі құзыреттіліктермен (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) арнайы құзыреттермен қатар дамыту болып табылады.


3. Құзыреттілік, құзыреттілік нәтижелері және бағалау критерийлері.



Құзыреттілік нәтижелері

Бағалау критерийлері

Педагогиканың табиғатын және оның негізгі терминологиясын түсіну.

Әзірленген педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының құрылымдық-логикалық диаграммасы

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәнін және мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктерін білу және түсіну.

Мұғалімдерге іс-әрекеттік зерттеу жүргізу үшін әзірленген жоба.

Білім берудегі зерттеудің орталық бағыттарын тану және күнделікті ойлау мен ғылыми білім арасындағы айырмашылықты түсіну.

«Қазіргі заман мұғаліміне оқу-тәрбие процесінде әдістемелік тәсілдерге назар аудару керек пе?» тақырыбына әзірленген эссе.

Адам табиғаты туралы мәдени нанымдар мен олардың мұғалім жұмысына ықпалын ажырата алу.

«Мен жеке адамнан жеке тұлғаға дейінгі өз жолымды қалай елестетемін» тақырыбында әзірленген эссе.

Білім беру саласындағы өзгерістерді олардың даму перспективаларын ескере отырып қабылдау.

«Үшінші мыңжылдық мектебіндегі мұғалімнің зерттеуші бейнесі» тақырыбына әзірленген эссе.

Мұғалімнің шығармашылық, зерттеушілік әрекетін дамытуға, оның кәсіби және тұлғалық өсуіне баса назар аудара отырып, теориялық және әдістемелік білімдерін қорытындылау.

Білім беру бағдарламасының құрамдас бөліктерін ескере отырып, сыныптан тыс жұмыстың әзірленген жобасы.

Педагогикалық білімді, білім беру процесінің құрамдас бөліктерін оқушыларға қолайлы, қауіпсіз және ынтымақтастық ортасын құруға бағыттау арқылы жіктеу және жүйелеу.

Тәрбие тұжырымдамалары мен модельдерін талдауға арнап әзірленген жоба. Мектептегі қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасының әзірленген моделі.

Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық даму үдерісі жағдайында жеке тұлғаның әлеуетін дамытудың тиімділігін түсіндіру.

«ХХІ ғасырдағы заманауи студент тұлғасының портреті» әзірленгені. Заманауи педагог зерттеушінің әзірленген моделі.

Тәрбие және оқу іс-әрекетін өткізудің тиімді стратегияларын, тактикасын, тәсілдері мен әдістерін таңдау кезінде шешім қабылдау.

Білім беру саласындағы тұжырымдамалардың дидактикалық идеяларын дамытудың негізгі кезеңдерін негіздеу үшін әзірленген жоба. Әзірленген «Lesson Study» енгізу технологиясының ерекшеліктерін ашу жобасы.

Үздіксіз кәсіби даму үшін сананы қалыптастыру.

Болашақ мұғалім-зерттеушінің кәсіби өсуінің әзірленген жол картасы.

Білім беру мен педагогикадағы жаңалықтарды ескере отырып, өзінің кәсіби іс-әрекеті мен дамуын бағалау.

Жаңашылдықтарды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың әдістері мен тәсілдерін ескере отырып әзірленген қысқа мерзімді заманауи сабақ жоспары.

Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін (гуманизм, педагогикалық ойлау, коммуникативтілік, педагогикалық такт, толеранттылық және т.б.) дамыту.

Болашақ зерттеуші мұғалім ретінде тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытудың әзірленген жоспары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет