4.3 Геодезиялық түсірістер
Жерге орналастыру қызметінде жер телімдерінің пландарын жасау үшін топографиялық түсірулердің бірнеше түрлері орындалады. Жиі пайдаланылатын түсірістерге теодолиттік, тахеометрлік, нивелирлік түсірістер жатады, фототопографиялық, аэрокосмостық және де спутниктің технологиялар кеңінен қолданылады. Жерге орналастырудағы түсірулердің ерекшелігі пландардың мазмұнымен, дәлдігімен және олардың көрсетілуімен, сонымен қоса түсіру нысандарымен тығыз байланысты. Кадастрлық пландар мен карталарда жер телімдерінің шекаралары, қалалық құрылымдар, гидрографиялық элементтер, жол-қатынас тораптары, жасыл желектер және т.б. объекттер бейнеленеді. Негізгі масштаб ретінде 1:500 және 1:2000 масштабтар қабылданған. Қаланың немесе ауданның аймағына байланысты 1:10000-1:50000 масштабтарда шолулық-анықтамалық карталар жасалынады.
Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсіріс кезінде горизонталь және тік жазықтықтағы бұрыштарды өлшеу жүргізіледі. Бұл өлшеулер теодолит деп аталатын аспап көмегімен атқарылады. Өлшенетін жер телімінде орындалған жұмыс нәтижелері картада жер бедерін көрсетпей орындалады.
Түсірісті орындау барысында далалық жүмыстар жүргізілетін жер беті зерттеледі. Тірек пункттары анықталып, түсіріс жүрістеріне ыңғайлы нүктелердің орындары белгіленеді, осылай негізгі пункттердің саны анықталады. Бұл жұмыстар рекогоносцировка деген атпен белгілі. Жер беті түгел зерттеліп болғаннан кейін, барлық анықталған нәтижелерді, шарттыбелгілерді пайдалана отырып, абрис сызылады. Абрис барынша дәл салынуы керек. Абриста белгіленген бастапқы пункттен бастап өлшеу жұмыстары басталады.
Тахеометриялық түсіріс. Бұл түсіріс келесі реттілікпен орындалады. Негізгі аспапта бір адам түсіріс жасап тұрады, екінші адам рейканы өлшенетін нүктенің үстіне апарып, ұстап тұрады. Аспап дүрбісімен рейканы нысанға алып, өлшеу жүргізіледі. Осы бір түсіріс нәтижесінде нүктенің бағыты, арақашықтығы мен биіктігі, Х және Y координаталары анықталады. Осылай әрбір нүктелерде түсірістер жасалынып шығады.
Осы түсіріс нәтижелерінде анықталған X, Y, H координаталарын пайдаланып, бағдарламалық өңдеу арқылы жергілікті жердің планы жасалынады. Бұл түсірістерді жасау үшін электрондық тахеометр пайдаланылады. Аспапта орнатылған оптикалық құрылғы арқылы нүктелердің арақашықтығын бір мезетте анықтауға болады.
Нивелирлік түсіріс. Нивелирлеу жұмысының нәтижесінде нүктенің немесе пункттің белгілі келісілген деңгейден басталатын биіктік мәні есептелінеді. Нивелирлеу жұмыстары нивелир деп аталатын аспаппен орындалады. Нивелирлеу жұмыстарын, қолданатын аспаптарға сәйкес: геометриялық, тригонометриялық, гидростатикалық, барометрлік тәсілдермен орындауға болады. Осылардың ішінде геометриялық нивелирлеуді жұмыста өте жиі қолданады.
GPS-қабылдағышы арқылы түсіріс. Біз жұмыс барысында жер учаскесінің координаттары мен шекараларын анықтау үшін GPS-қабылдағыштары орнатылған Leica GS10 аспабын пайдаландық. (4-сурет).
Сурет-4 – Leica GS10 GPS-қабылдағышы
Бұл аспап екі жиілікте жұмыс істейді. Есесіне нүктелердің координаталары аса дәл нәтижемен табылады. Алыс арақашықтықтарда сенімді сымсыз қосылысты қамтамасыз етеді. Мәліметтермен бөлісу аспаптың корпусында орнатылған сыртқы модульдар арқылы жүзеге асады: GSM / GPRS / UMTS / CDMA және UHF / VHF модемдері / GSM / Радио модемі. Нүктелерді сапалы суретке түсіру үшін 2 мегапиксельді сандық камерамен жабдықталған. Жинақталған деректерді сақтау мүмкін болу үшін контроллер 1 гигабайттық жадқа ие. Қайта зарядталатын GEB212 батареясы 10 сағат үздіксіз жүмыс істеуге мүмкіндік береді. Аспаппен жұмыс істеу қолайлы болу үшін резеңке төсеммен орнатылған пернетақта көмектеседі. Бұл пернетақта арқылы ақпараттарды енгізу мен VGA дисплейге шығару өте ыңғайлы. 18 Бұл аспап далалық өлшеулерді жүргізуге арналған. Ылғалдан, шаңнан сенімді қорғалған. Қолайсыз температуралық жағдайларда да жұмыс жасауға бейімделген (-400 С-тан 650 С-қа дейін). Өлшенген координаталар шамасы қабылдағыштан LEICA Geo Office компьютерде орнатылған бағдарламасына флешка, Bluetooth немесе қосымша орнатылған Wi-Fi модулі арқылы көшіріледі.
Жер учаскесінде бұл аспап арқылы геодезиялық түсірістер жасау өте ыңғайлы және қолайлы екен. Жоғары дәлдікті нәтиже беретін бұл аспап жылдам уақыт ішінде түсірістерді жүргізеді. Нәтижесінде жұмысқа кететін уақытты үнемдеп, тиянақты жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Құрылғымен жұмыс жасау өте ыңғайлы және оңай. Тәжірибесі жоқ маман да жылдам уақыт ішінде тез меңгеріп алады. GS 10 аспабының салмағы – 1.20 кг, стандартты комплектпен жүретін RTK ровер салмағы – 5.40 кг және осы аспаптарды тасымалдауға ыңғайлы болу үшін рюкзак бірге жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |