Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ



Pdf көрінісі
Дата28.11.2023
өлшемі181.57 Kb.
#484773
Жылуэнергетика өндірістерін жоспарлау негізі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Профессор Ж.С.Ақылбаев атындағы Инженерлік жылу физикасы 
кафедрасы 
Физика-техникалық факультеті 
СОӨЖ 
Тақырыбы: Жылуэнергетика өндірістерін жоспарлау негізі 
Орындаған: Шыныбеков Д.П 
Тексерген: Ахтаева Х.О 
 
 
 
Қарағанды 2022 


1. Жылуэнергетикалық мекеменің құрылымы 
Жылуэнергетикалық өндірісті жоспарлаудың негізі энергетикалық қондырғы 
сияқылды, жылулық электростанцианың технико-экономикалық көрсеткішін 
анықтау болып табылады. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіш жылдық 
эксплуатациалық шығын мен капиталсалымның шамасы болып табылады. 
Капиталсалымның шамасы негізінде энерго қондырғысының құрылыс бөлігіне 
және қондырғының құнына тәуелді. Жылулық электростанциалар мен 
жылуэнергетикалық қондырғылардағы жылдық эксплуатациалық шығын отын 
шығынымен 
анықталады, 
бірақ 
капитальдық 
салымның 
шамасына, 
қызметкердің еңбек ақысына және басқада факторларға тәуелді. Электр 
станциаларын жоспарлау мен жобалау кезінде олардың орындалуының әртүрлі 
нұсқаулары 
салыстырылады. 
Салыстыру 
нұсқаларындағы 
энерго 
қондырғыларға келесі негізгі талаптар ұсынылады.
Жоспарлау дегеніміз – мақсаттарды тұжырымдау, басым бағыттарды, 
қаражатты және оған қол жеткізу әдістерін айқындау процесі; жоспарлау - 
болжаудың қорытындылаушы кезеңі, оның барысында дамудың белгілі бір 
ықтимал баламаларын немесе нұсқаларын таңдау негізінде шешімдер 
қабылданады.
Жоспарлаудың нәтижесі дегеніміз жоспар, экономикалық ортаны және алға 
қойылған мақсаттарды жағдайға орай болжау негізінде жасалған іс-қимылдар 
үлгісі.
Жоспарлаудың тиімділігін бағалау критерийі ретінде бірнеше принциптер 
қолданылады: 

жоспарлаудың ғылымилығы; 

жоспарлаудың толықтығы мен туралығы; 

жоспарлаудың үздіксіздігі; 

жоспарлаудың икемділігі; 

жоспарлаудың үнемділігі; 

жоспарды бақылау мүмкіншілігі; 

жоспарды оперативті түзету мүмкіншілігі. 
Жоспарлау шаруашылық субъектісінің тиімді қызмет етуінің бір бөлігі 
болып табылады. Жоспарлау процесі 4 кезеңді қамтиды: 
1. шаруашылық субъектісінің жалпы мақсаттарын жасау; 
2. белгілі бір даму кезеңі үшін мақсаттарды нақтылау; 
3. 
осы мақсаттарға жету жолдарын, экономикалық және басқа да 
қаражаттарды анықтау; 
4. мақсаттарға жету үшін қадағалап отыру. 
Жоспарлау әдістемесінің маңызды элементі жоспарлау тәсілін анықтау 
болып табылады.
Прогрессивті тәсіл (төменнен жоғарыға қарай). әр жаңа сатыда жоспарлар 
құрылымдық бөлімшелер бойынша біріктіріліп отырады да, ең соңында 
шаруашылық субъектісінің бірыңғай жоспары құрылады.
Кері (ретроградный) тәсіл (жоғарыдан төменге қарай). Жоғарыдан төменге 
берілетін бақылау сандары негізінде құрылымдық бөлімшенің жоспары 
құрылады.
Үстеме жоспарлау (встречное) прогрессивті және кері жоспарлауды 


біріктіреді. Бұл тәсіл аса тиімді.
Жоспарлауды келесі белгілері бойынша жіктеуге болады: 
1. Қамту дәрежесі бойынша: 

шаруашылық субъектісінің барлық қызмет аясын қамтитын жалпы 
жоспарлау; 

қызметтің кейбір салаларын қамтитын жеке жоспарлау. 
2. Жоспарлау мәні бойынша: 
- стратегиялық жоспарлау (жаңа мүмкіншіліктерді іздеу); 
- тактикалық жоспарлау (нақты бір алғышарттарды құру); 
- оперативті жоспарлау (мүмкіншіліктерді жүзеге асыру). 
3. Жоспарлау тақырыбы бойынша:
- мақсатты жоспарлау; 
- қаражатты жоспарлау (материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, 
жабдықтар, қаржы, ақпарат); 
- бағдарламалық жоспарлау (өндіру және өткізу бағдарламасын жоспарлау); 
- іс-әрекетті жоспарлау (арнайы сату, көп деңгейлі маркетинг). 
4. Қызмет ету саласы бойынша: 
- өндірісті жоспарлау; 
- өткізуді жоспарлау; 
- қаржыны жоспарлау; 
- персоналды жоспарлау; 
- жалпы кеңейтілген жоспарлау. 
5. Мерзімі бойынша: 
- қысқа мерзімжі жоспарлау (жарты жыл, тоқсан, ай, апта, кейде жыл); 
- орташа мерзімдік жоспарлау (1-ден 5 жылға дейін); 
- ұзақ мерзімді жоспарлау (5 жылдан жоғары). 
6. Басқару құрылымы тұрғысынан: 
- кәсіпорынды жалпы жоспарлау; 
- кәсіпорын құрылысының орнын жоспарлау; 
- әрекет ету саласын жоспарлау; 
- фирма бөлімшелері жұмысын жоспарлау. 
7. Жоспардың өзгеру мүмкіндігі бойынша: 
- қатаң жоспарлау; 
- икемді жоспарлау. 
Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттары: жоспарларды дамыған 
ғылыми–техникалық және есептік- экономикалық негіздеуді ұлғайту, қажетті 
нормалар мен нормативтерді қолдану, өндірісті техникалық-экономикалық 
негіздеу, баластық есептеулер жүргізу, өндірістің тиімділігін арттыру 
көрсеткіштерінің 
жүйесін 
жақсарту, 
материал 
сыйымдылығын, 
қор 
сыйымдылығын азайту, жоғары сапалы өнім шығаруды ұлғайту, жоспарлардың 
ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б. 
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық 
нормалар мен нормативті қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз – қандай 
да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең 
көп кеткен шығыны, ол абсалютік шама болып есептеледі. 
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының 


қолданылуын көрсетін көрсеткіш. 
Нормалар мен нормативті жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа 
жетістіктерін, техналогияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың 
жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы 
өнеркәсіптік тәжирибені есепке алып отыру керек. 
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынандай топтар 
бойынша жасалынады: 

нақты еңбек шығындары нормалары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, 
қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі); 

материалдық шығындар нормалары (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, 
жабдықтардың үлестік нормалары); 

еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-
жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері); 

өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, 
аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары); 

іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада 
берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының 
қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді. 
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Нақты еңбек 
шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының 
қолданылу деңгейін, еңбек ақының көлемін анықтауға қолданылады. 
Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті 
материалдық жеке түрлері анықталады. 
Нормалар мен нормативтер, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін 
қолданылады. 
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың 
көрсеткіштерін анықтайды. 
Жоспарлар мынандай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады: сандық, 
сапалық, көлемдік, үлестік. 
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі, сатудың 
көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі 
өндірістік шығындардың мөлшері жатады. 
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек 
өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор 
сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады. 
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жекке процестер мен 
факторлардың көлемі жатады. 
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше 
көрсеткіштердің арақатынасы жатады (мысалы бір үстелді жасауға кеткен тақтай 
шығыны). 
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және 
құндық өлшемдер қолданылады. 
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды 
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді 


қамтиды. 
Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақның мөлшерін, өнім 
нормасын есептегенде қолданылады. өлшем бірлігі норма-сағат. 
Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы 
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Кәсіпорын 
қызметінің 
жеке 
бағыттарынан 
туындайтын 
өндіріс 
факторларының және міндеттерінің пайда болу мәні сипатына байланысты: ұзақ 
мерзімдік және қысқа мерзімдік жоспарлау болады.
Мысалы, құрал-жабдықты сатып алу және оларды пайдалану сипаты, 
кадрлар мәселесі, өнімнің ассортиментін және өткізу рыногын анықтау ұзақ 
мерзімді жоспарда қарастыруды талап етеді.
Ал, кәсіпорындарды шикізатпен, материалдармен қамтамасыз ету, энергияға, 
суға төлеу – қысқа мерзімді жоспарға жатады.
Практикада стратегиялық, ұзақ мерзімді қысқа мерзімді, ағымдағы 
жоспарлау қолданылады.
Стратегиялық жоспарлау – рыноктағы ұзақ болашақта болатын ықтимал 
өзгерістерді жоспарлау, ол жағдаяттың келешектегі өзгеруінің алдын алуға және 
оны кәсіпорынның операцияларында ескеруге мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарлау негізінде ұзақ мерзімді жоспар 3-5 жылға 
жасалады.
Осы жоспарлар негізінде 1-3 жылға қысқа мерзімді жоспар құрылады. Бұл 
жоспарда көрсеткіштер тоқсан сайын, екінші, үшінші жылдардың көрсеткіштері 
жарты жыл сайын өзгертіліп отыр. Ағымдағы жоспарлау 1 жылға жасалады. 
Оның негізі қысқа мерзімді жоспар мен ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың 
өзгеруі болып табылады. Алдыңғы 3 айда көрсеткіштер өзгертілмейді де, ал 
қалған 9 айда түзетулер енгізіледі.
Күнтізбелік жоспарлау 10 күнге жасалады. Бұл - өндіріс өнімдері мен барлық 
факторларының қозғалысының нақты күндері мен қызметтері белгіленген 
бағдарлама.
Жаңа кәсіпорын құрылғанда немесе қандай да бір коммерциялық жобаны 
іске асыру үшін қарыз немесе несие алу үшін бизнес-жоспар құрайды. 
Маркетинг жоспары – маркетингтік мақсаттарға қол жеткізуді көздейтін 
шараларды егжей-тегжейлі дәйектілікпен баяндау. 
Өнімнің ассортиментін жоспарлау - өнімнің түр-түрін үздіксіз жаңарту, оның 
құрылымын жетілдіру және тауардың тұтынушылық қасиеттері мен 
сипаттамларын сатып алушылардың талаптарына сай ету процесі. 
Фирманың пайдасын жоспарлау – фирманың өткізу көлемі мен пайдасын 
молайтуға бағытталған ресми шара, ол стратегиялық жоспарлау мен макетингті 
жоспарлаудан тұрады. 
Кәсіпорын өнімін жоспарлау – кәсіпорын өнімін әзірлеудің, басқарудың, 
сондай-ақ сауда белгісін жасаудың барлық аспектілері бойынша шешімдерді 
жүйелі түрде қабылдау. 
Тауар қозғалысын жоспарлау – тауарға немесе қызметтерге меншікті нақты 
ауыстыру және өндірушіден тұтынушыға табыстау, сондай-ақ тасымалдау, 
сақтау, мәміле жасасу жөніндегі шешімдерді жүйелі түрде қабылдау.
Кәсіпорынның негізгі жоспарының бірі – кәсіпорынның даму жоспары. Ол 


төмендегі бөлімдерді қамтиды: 
1. 
Кәсіпорын өнімін шығару жоспары. Бұнда әртүрлі өнімдерді құндық 
және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру 
қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, 
жинақтау, құрамдастыру жоспарланады. 
2. 
Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Ғылыми-техникалық 
прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді 
шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін 
автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, 
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру – осы бөлімнің негізгі мақсаты болып 
табылады. Сонымен қатар, бұл бөлімге стандарттау мен метрологиялық 
өлшемдердә жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының 
көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру 
және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде 
азайту, һөндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін 
арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру
құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек 
өнімділігінқолдану және т.б. жатады.
3. 
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұнда 
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жлпы көрсеткіштері – нақты 
еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрдеоі қаржыны, материалдық 
ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – 
жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің 
өсу қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор 
сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және 
материал сыйымдылығы.
4. 
Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа 
кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар 
мен нысандарды кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің 
технологиясын дамытуды, механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. 
Негізгі көрсеткіштері өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске 
қосу, жеке нысандар мен өндірістік базаларды кеңейту, өндіріс қуатының өсімі, 
күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, 
аяқталмаған өндірістің көлемі. 
5. 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Өған өнеркәсіп 
өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер 
жүйесі жатады. өндірістік өнеркәсіпте қажетті материалдық ресурстарды 
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда 
шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың 
жолдарын қарастырады.
6. 
Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының 
және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін 
жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші 
салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік 
жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бұндағы негізгі 
көрсеткіш – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы 


анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша 
өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
7. 
Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске 
кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын 
пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын 
пайдалы түрде қолдану.
8. 
Қаржы жоспары. Бұндағы көрсеткіштер – айналым қорларын есептеу, 
олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарм-
қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы 
жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары. 
9. 
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың 
әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау 
шаралары қарастырылады.
10. 
Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану 
жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарны және ауа 
бассейнін сақтау мен дұрыс қолдану жтады. Сонымен бірге аз қалдықты және 
қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдасмтырылған 
өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде 
қолдануды жоспарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет