Қазақстан республикасы халықаралық Қайта жаңарту және даму банкі қаржыландыратын



Дата30.06.2016
өлшемі236.5 Kb.
#168660





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ

ОРТАЛЫҚ-БАТЫС ЖОЛЫНЫҢ: «АСТАНА-АРҚАЛЫҚ-ТОРҒАЙ-ЫРҒЫЗ» (КМ 19- КМ 894) ЖОЛЫ УЧАСКЕСІНІҢ ЖОБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҚАРЖЫЛАНДЫРАТЫН
ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЫҚПАЛ ЕТУДІ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ СОҢҒЫ ЕСЕП


2015 ШІЛДЕ




үшін әзірленген: әзірлеген:



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Қабанбай Батыр даңғылы 47 САПА СЗ және САЭН Инжиниринг бірлескен ҚазжолҒЗИ

Астана Манатау көшесі 21, 3 қабат, 10 кеңсе, Астана Tel: +7 7172 51 81 17 E-mail: pmc_kazdornii@mail.ru







ҚЫСҚАРТУЛАР

Әкімдік

Қазақстандағы атқарушы биліктің аумақтық органы

АЖК

Автомобиль жолдары комитеті (ИДМ)

ИЖ

Инженер-Жобалаушы

ҚОжӘС

Қоршаған орта және Әлеуметтік сала

ТІНЖ

Табиғатты қорғау іс-шараларының негіздемелік жоспары

ТІЖ

Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары

ҚОӘСЫБ

Қоршаған орта мен әлеуметтік салаға ықпал етуді бағалау

ТЭН

Техника-Экономикалық негіздеме

ТҚ ж ЕҚ

Қауіпсіздік техникасы және Еңбекті қорғау

ҮА

Үлкен салмақты автомобиль

ҚР ЭМ

ҚР Энергетика министрлігі

ЭРБМКМИК

Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті

ИДМ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

ХҚДБ

Халықаралық қайта жаңарту және даму банкі

ЖҚТ

Жобаға қатысты тұлғалар

ТММ

Тарихи-мәдени мұралар

ЖБК

Жобаны басқару консультанты

БЖ

Бақылау жоспары

ҚР

Қазақстан Республикасы

ҚНС

Қоныс аудару бойынша негіздемелік саясат

МЭС

Мемлекеттік экологиялық сараптама

ЖК

Жұмыстардың көлемі

ДБ

Дүниежүзілік банк

ЖҰМЫС ТҮЙІНДЕМЕСІ

Жоба

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Автомобиль жолдары комитеті Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағынан өтетін «Орталық-Батыс» автомобиль жолы жобасының «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз» жолының учаскесін іске асырады. Жоба қолданыстағы жолды ІІ санатқа дейін қайта жаңартуды және жақсартуды және қажет болған жерлеріне айналма жолдарды орналастыру арқылы жаңа жолды салуды көздейді, жалпы жол учаскесінің ұзындығы 894 км құрайды және жол учаскесі әртүрлі орталар мен ландшафтардан өтеді. Жобада шамалы кеңістікті ұлғайтатын, ландшафтқа, биосфераға және жер пайдалану түрлеріне айтарлықтай ықпал ететін, сондай-ақ, топографияға, климатқа, ауа-райыңа және адамдардың қызметіне ықпал ететін үлкен желілік инфрақұрылымдық жобалардың барлық физикалық сипаттамалары бар.

Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуді "Юпитер" БАҚ ғылыми орталығы 2015 жылғы 7 шілдеде бастады, жоба дәлізінің ұсынылған учаскесінің жалпы ұзындығы Ырғыз ауылына дейін шамамен 894 км құрайды, бұл жол одан әрі Астананы Ақтау қаласымен қосатын болады.

Осы жұмыс түйіндемесі жобаға жалпы сипаттама береді және жүргізілген әртүрлі экологиялық және әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін шығарады.

Жобаны жартылай Халықаралық қайта жаңарту және даму банкінің есебінен, Дүниежүзіліктің банктің несиелік мекемесінен 1,0 млрд АҚШ $ көлемінде қаржыландыру күтіледі. Жобаны қаржыландыру мақсатында ХҚДБ экологиялық және әлеуметтік бағалау және бақылау арқылы Қазақстанда қолданылатын Ұлттық талаптарға (ҚР Экологиялық кодексі, 2007 және басқа нормативтік құжаттары) және Дүниежүзілік банктің Операциялық саясатына сәйкес жобаны әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етуге талпынады.
Жобаны сипаттау

Жоба қолданыстағы жолды ІІ санатқа дейін қайта жаңартуды және жақсартуды және қажет болған жерлеріне айналма жолдарды орналастыру арқылы жаңа жолды салуды құрайды, «Орталық-Батыс» жобасының осы учаскесінің ұзындығы шамамен 894 км құрайды. Осы дәліз көлік секторындағы Қазақстан Үкіметінің басты міндеті болып табылады. Сәйкесінше Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің республикалық жолдарын жетілдіру бағдарламасын жүргізеді. Осы бағдарламаны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті басқарады. Бағдарлама Қазақстанның ішінде және көрші елдерге тауарларды тасымалдау және тауар транзитін жақсартуға бағытталған, бұл еліміздің жалпы ішкі пайдасында айтарлықтай үлес қосады.
Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз жолы учаскесінің бөлігі жолдың III және IV санатына сәйкес келетін әрбір жағында бір қозғалыс жолағы бар (2 жолақты жол) қолданыстағы жол болып табылады және жолдың ІІ санатының талаптарына сәйкес келетін әрбір жағына бір қозғалыс жолағы бар жол учаскесіне ауыстыру үшін қайта жаңарту қажет. Жол учаскесінің кейбір бөлігі көтерме жолды құрайды және кейбір жерлерде жол мүлде жоқ, сәйкесінше осы жерлерге жаңа жол салу қажет. Техникалық сипаттамасымен қоса әкімшілік бөлінуі бойынша жол учаскесін толық сипаттау, сондай-ақ кеніштер мен көпірлерді сипаттау Жобаны сипаттаудың 2-ші бөлімінде келтірілген.

Орталық-Батыс дәлізі еліміздің астанасы Астананы Арқалықпен, Торғай және Ырғыз кенттерімен және одан әрі Астананы Қазақстанның бастысында орналасқан Ақтау қаласымен байланыстырады. Орталық-Батыс жобасының шеңберінде автомобиль жолының жай-күйін жақсарту Қазақстанның орталығы мен батысы арасындағы байланысты, өнеркәсіпті және туризмді дамытуға аса қолайлы.

Жол учаскесі өтетін облыстың климаты континентті, өте құрғақ. Қысы ұзақ, ызғарлы, қатты жел және бұрқасындарымен ерекшеленеді, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Қыста ең төменгі температура 35-40 градусқа дейін төмендейді, ал абсолюттық төменділігі нөлден 50-53 градусқа төмен. Температураның абсолюттық жоғарылығы Цельсии бойынша 41-43 градус.

Жергілікті жері жазық. Аймақтың сейсмикалық белсенділігі ҚР ҚНжЕ 2.03 -30-2006 бойынша 5 балл.



Республиканың солтүстік бөлігі барлық Ақмола және көбінесе Қостанай облысын қамтитын қара топырақты өңірге жатады. Одан әрі оңтүстікке қарай аумақ қоңыр топырақтан құралады.

Орталық-Батыс жол дәлізі учаскесінің ұсынылған қайта жаңарту мен салу жобасы Астана қаласының шекарасынан 19 км басталады және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының шамамен 913 км аяқталады.

Қоршаған орта мен әлеуметтік салаға ықпал етуді бағалау (ҚОӘСЫБ)

ҚОӘСЫБ «ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстанның Ұлттық талаптарын ескере отырып (ҚР Экологиялық кодексі, 2007 және басқа нормативтік құжатар) және Дүниежүзілік банктің ОП 4.01 және ОП 4.12 Жедел саясатына сәйкес Орталық-Батыс жол дәлізінің жобасы үшін консультациялық қызметтердің бөлігі ретінде «САЭН Инжиниринг Групп» ЖШС бірлесіп әзірледі.



Дүниежүзілік Банктің қорғаныс механизмдері бойынша талаптары

Дүниежіүзілік банк тиісті деңгейін және экологиялық бағалау (ЭБ) типін анықтау мақсатында ұсынылған жобаларға экологиялық тексеру жүргізуді талап етеді. Жобаның типі, орналасқан жері, сезімталдығы және ауқымына қарай, сондай-ақ, табиғаты мен қоршаған ортаға ықтимал әсер етуінің көлеміне қарай Дүниежүзілік банк ұсынылған жобаларды төрт санатқа бөледі:

• А санаты – қоршаған ортаға айтарлықтай қолайсыз, елеулі, әртүрлі немесе теңдессіз әсер ететін ұсынылған жобаны сипаттайды. Осы ықпал етулер дене жұмысына түсетін орындар немесе құралдарға қарағанда аса кең облысқа әсер етеді. ЭБ А санатындағы жоба үшін жобаның қоршаған ортаға ықтималды теріс және оң әсер етуін зерттейтін, балама түрлерімен салыстыратын және қолайсыз әсер етуге және экологиялық тиімділігін жақсарту үшін алдын алу, ықшамдау, жеңілдету немесе өтемақы беру үшін тиісті шаралар қабылдау ұсынылатын қоршаған ортаға ықпал ету бағасы;

• B санаты – егер оның қоршаған ортаға, халыққа немесе экологиялық маңызды объектілерге (шалшықтанған жерлер, ормандар, егістер және басқа табиғи мекен ету орындарын қоса алғанда) ықтималды қолайсыз әсері А санатындағы жобаларда аса қолайсыз болса, жобаны сипаттау. Бұл әсер етулер нақты бір жерге байланысты, ондайлар болса, тұрақсыз және көптеген жағдайда жеңілдету шаралары әзірленеді.

• C санаты – қоршаған ортаға ең аз немесе мүлдем ешқандай қолайсыз әсерлер туғызбатын жобаларды сипаттайды. Алдын ала тексеруден басқа, С санатындағы жобалар үшін ЭБ бойынша ешқандай одан әрі әрекеттер талап етілмейді.

• FI санаты – егер жобалар қаржы делдалы немесе қаржы делдалдығындағы акциялардағы инвестициясы арқылы несиелік лимитті құраса FI санаты бойынша сыныпталады. Қаржы делдалы егер барлық шағын жобалар болмашы әсер етуге алып келмеген жағдайда, экологиялық бақылау жүйесін қолдануы тиіс.

Экологиялық және әлеуметтік кепіл мақсаты – даму процесінде қоршаған орта мен адамдарға келетін зиянның алдын алу мен жеңілдету. Қауіпсіздік саясаты дамушы елдерге, даму бойынша олардың серіктестеріне көрсетілетін көмек болып табылады. Саясат бағдарламалар мен жобаларды дайындау мен ендіруге инвесторлар мен борышкерлерге ұсыныс жасайды. Келесі кепіл талаптарын ҚОӘБ-ды енгізу кезінде қарастырған.

Жобаның ұсынылатын санатталауы

Дүниежүзілік банктің экологиялық сыныптау жүйесі жеңілдету іс-шараларысыз жүзеге асырылған жағдайда, жобамен (және шағын жобамен) байланысты тәуекел ықтималдылығы мен ауқымына сәйкес анықталады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Банктің саясатына сәйкес, жоба А санаты ретінде сыныпталған болатын. Бұл сыныптау қолданыстағы жолды ІІ жол санатына дейін кеңейту және жетілдірумен және Орталық-Батыс жобасының шеңберінде қажет болған кезде жаңа жол трассасын салумен негізделеді.



Кепіл саясаты

Төменде осы жобаға тікелей қолданылатын немесе олардың тақырыбы салдарынан жобаны іске асыру кезінде қоршаған және әлеуметтік ортаға әсер етуін бағалауды дайындау уақытында аса назар аударылатын Банктің жедел саясаты көрсетілген және талқыланған.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау ОП/БП 4.01 (қолдануға болады): құрылыс уақытындағы негізгі болатын теріс әсерлер – бұл кеніштерді дайындау, қалдықтардың пайда болуы (құрылыс материалдары, шығыс материалдары және тұрмыстық қалдықтар және құрылыс қалашықтарының, ағын сулары), жерлерді шектен тыс қолдану, егін қабатын жою және эрозия. Сонымен қатар, жерасты және жер үсті суларының бұзылуы, көліктерді (цемент тасушы) өзенде жуу. Жол салу кезінде жаңбыр суларын басқару, жер қабатының, жер асты және жер үсті суларының ауыр металдармен, органикалық заттармен, шаң, дауыстармен ластануы, ауаның ластануы қиындық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, құрылысты нашар басқару процесінен экожүйе мен табиғаттың бұзылуына ауқымды қатер тууы мүмкін.

ҚОӘСЫБ есебі жобаны сипаттау және жол өтетін учаскенің бойындағы мәліметтер жинағын, жеңілдету бойынша шараларды жоспарлау үшін пайдалы база және әсер анализі бар барлық негізгі элементтерді қамту керек. Жолдың нақты учаскесі үшін табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары әзірленетін болады және жобаны кейіннен іске асырған кезде экологиялық қадағалау бойынша нақты нұсқаулықтар мен келісімшарттық міндеттемелерді ұсыну үшін тендерлік және келісімшарттық құжаттамаларға біріктірілетін болады.


Табиғи тіршілік ету аймағы ОП/БП 4.04 (қолданылуға жатпайды, бірақ ҚОӘБ-мен ескерілген):

Бұл саясат табиғи тіршілік ету аймағының сақталуына, жер пайдалануды жақсартуға ықпал етеді және қолдау көрсетеді, тіршілік ету аймағын және экологиялық аспектілерді сақтау бойынша талаптарды жұмыс жобасына қосуды талап етеді. Саясат жобаның орналасқан жерін көрсетуді ескереді: жоба табиғатты-қорғау аймақтарының аумағынан өте ме және жобаны іске асыру нәтижесінде осы аймақтарда тұрақты бұзылулар қаупі бар ма.

Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз трассасының жоспары Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағында орналасқан Қорғалжын қорығынан 25 км арақашықтықта өтеді. Қостанай облысының аумағында орналасқан «Алтын дала» табиғи қоры Амангелді ауданындағы жобаланатын жолдан 75-80 км және Жангелді ауданындағы 50-60 км Арқалық қаласынан 140 км арақашықтықта орналасқан. Жобаланатын жолдың шамамен 90 км Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығы аумағының бойынан өтетін болады. Жергілікті әкімдіктерден алынған мәліметтерге сәйкес, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи қорығының аумағы жобаланатын жолдан 40-50 км арақашықтықта орналасқан.

Осы облыста жануарлардың тұрақты немесе маусымдық мекендауі байқалмайды. Сонымен қатар, өзендердің үстіндегі көпірлер, су өткізу құбырлары, мал айдайтын орындар және ауыл шаруашылығы өтпелері трассаның өтетін облысында жануарлардың кездейсоқ мекендеуі үшін ықтимал маршрут бола алады.

Трасса табиғи қорықтардың аумағынан алыс орналасқан, сондай-ақ, құстар мен сүт қоректілері негізінен қолданыстағы бөлу жолағынан алыста мекендейді және олардың мекендеу ортасына Жобаның әсер етуі күтілмейді.
Жеке мәдени ресурстар ОП/БП 4.11(қолдануға болады): Осы саясат «жеке мәдени ресурстарды» - ЖМР (археологиялық, тарихи учаскелер және діни маңызы бар объектілерді қоса алғанда) қорғауды көздейді. Мәдени меншік бұрын мекендеген адамдардан қалған мұраларды құрайды. Жоба кездейсоқ табылған («қазбаларды айқындау» рәсімі) ЖМР қорғау және/немесе жақсарту жоспарын құрауы тиіс.

Алдын ала жүргізілген археологиялық зерттеулердің және жобаның өңірін тексеру нәтижесінде бірнеше ЖКА құрбандарының зираты, кесенелер және монументтер табылды. Археологиялық іздестірулерді лицензиясы бар консультанттар жүргізді. Құрылыс ауданында жобаға әсер етуі мүмкін ЖМР объектілері. Демек, осы ОП/БП саясаты қолданылады және осы саясаттың талаптарына сәйкес, ТММ объектілерін қорғау бойынша шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, толық жобалау аяқталғаннан кейін және құрылыс кезінде қосымша ТММ объектілерінің анықталуы мүмкін, ондай жағдайларда «кездейсоқ анықталу» рәсімі қолданылатын болады.


Ормандар ОП/БП 4.36 (қолданылуға жатпайды, бірақ ҚОжӘСӘБ-мен ескерілген):ормандарға тигізілетін еш әсер жоқ, сондықтан саясат қолданылмайды.жол құрылысы нәтижесінде кесілетін ағаштар ҚОБЖ-на (қоршаған ортаны басқару жоспары) сәйкес іс шаралар бойынша қайта отырғызылады. Бұл бөлек көгалдандыру шартымен жүзеге асырылады.
Мәжбүрлеп қоныс аудару (ОП/БП 4.12, қолдануға болады).

Осы саясат (i) қоныс аудару немесе қонысынан айрылу; (II) активтерінен айрылу немесе активтерге шектеу қою; немесе (III) пайда көздерін жоғалту немесе өмір сүру қаражатынан айрылу, тартылған тұлғаларды мәжбүрлеп қоныс аударту; немесе қолайсыз әлеуметтік салдарға әкеп соғатын парктер мен қорғалатын аудандарға мәжбүрлеп шетеу қою нәтижесінде жерді мәжбүрлеп алумен байланысты тікелей экономикалық және әлеуметтік салдарын қамтиды. Егер жобада пайдалануда тұрған жерді бөлу немесе қоныс аудару талап етілсе (жоғарыда анықталғандай), әсер ету ауқымына (айтарлықтай немесе болмашы) қарай қысқартылған немесе толық Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарын (ҚІЖ) әзірлеу қажет.

Әлеуметтік басқару және Қоныс аудару саясатының жобасы «ҚазжолҒЗИ» АҚ әзірлеген және ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетімен келісілген жеке құжаттар. Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз жолының учаскесіне арналған ҚІЖ осы автожол учаскесінің құрылысына түскен меншік иелері, бизнес және адамдардың аяқталған тізіміне сәйкес, жол учаскесін егжей-тегжейлі жобалау аяқталғаннан кейін әзірленетін болады.

Дамбыларды қорғау БП 4.37. (қолданылмайды). Жоба аумағын бағалау барысында дамбылардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер анықталмады.

Халықаралық ағынсулар жобасы ОП/БП 7.50 (қолданбайды, алайда ҚОӘБ ескерілген): Жобалау аумағының шегінде Ырғыз өзені бар. Алайда жобаның шеңберінде көпірлермен қиылысатын өзендердің гидрологиялық режиміне теріс әсер ету байқалмайды, өйткені ағынның гидрологиялық режимі толығымен өзгеріссіз қалады.

Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау әдіснамасы

ҚОЫӘ мақсаты ұснылған жобаның шеңберінде әртүрлі қызметтің экологиялық және әлеуметтік әсер етуән бағалау үшін қоршаған ортаның талаптарын анықтау болып табылады. Осы жоба техника-экономикалық негіздеме және егжей-тегжейлі жобалау сатысында. Алайда ҚОЫӘ субъектісі болып табылмайды және кейбір зерттеулерді жүргізуді талап етеді. Алайда қоршаған ортаға ықпал етуді жеңілдету жоспары және Экологиялық бақылау жоспары егжей-тегжейлі жобалау және егжей-тегжейлі жобалау кезінде қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау аяқталғаннан кейін толықтырылуы мүмкін Экологиялық Негіз (теріс ықпал етуді азайту жоспары, 7, 9 бөлімдер) ретінде әзірленді.

Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау кезінде мынадай әдістер қолданылды:



      • Барлық рұқсат берілген табиғатты қорғау заңнамасы және нұсқаулықтарды қоса алғанда қолдағы негізгі мәліметтер жинақталды, қаралды және талдау жасалды.

      • Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Экологиялық мәселелері, су ресурстары жөніндегі тиісті Облыстық әкімшіліктерінің, облыстық департаменттерінің жергілікті сарапшыларымен дискуссиялар жүргізілді;

      • Жобаланатын жолдың бойында тұратын және жұмыс істейтін адамдармен бейресми интервью және бірлескен дискуссиялар жасалды;

      • Қосымша қоғамдық кеңестер жобада ұсынылған жол учаскесінің бойында орналасқан ауылдарда, аудандарда өткізілуі тиіс; қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде қабылданған шешімдер жобада, ҚІЖ жән ҚОӘСЫБ ескерілуі тиіс және жобаға қатысты қажетті әрекеттер қабылдануы және ИДМ келісілуі тиіс;

      • Жобалау шешімдері мен техникалық деректер әзірлену үстінде, сондықтан осы ҚОЫӘ есебі жобалау шешімдерін құрамайды. Жобалау аяқталғаннан кейін жол учаскесін салу және пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсер етуді және жеңілдеті шараларын толық анықтау мақсатында шешімдер қаралады және назарға алынатын болады;

      • 2015 жылғы мамырдан шілдеге дейінгі кезеңде ұсынылған трасса жоспарын экологиялық жағынан зерттеу және тексеру мақсатында «ҚазжолҒЗИ» АҚ ЖБК және «САЭН Инжиниринг Групп» ЖШС өкілдері учаскелерге шықты.

Қоршаған ортаға ықтималды әсер ету Дүниежүзілік банктің саясатына және Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес бағаланды. Сондай-ақ, институционалды жауапкершіліктері ескерілді.
Экологиялық және әлеуметтік шығыс мәліметтер

Орталық-батыс дәлізінің Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз жол учаскесі Торғай қойнауының аумағынан өтеді. Жобаның аумағында жер үсті және жер асты сулары көп, трасса жоспары Торғай өзенінің бойынан өтді. Климаты өзгермелі, батысы тынық, шығысы құрғақ, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ, көктемнің және күздің қысқа кезеңдерінде жауын-шашынды. Табиғат апаттары жобаға қауіп төндірмейді. Нөсер уақытында су басуға ықпал ететін жоғары маусымдық өзгерістері бар қиылысатын өзендердің қаупі басым. Эрозия немесе тау көшкіні, жылжымалар және сел трассаға қауіп төндірмейді.

Трасса бойының басым бөлігінде тұратын елді мекендердің тұрғындары егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады. Кейбір аймақтар табиғи жолмен – жаңбырмен суармалы егін шаруашылығымен айналысады, олардың негізгі бөлігі Ақмола және Қостанай облыстарының аумағы арқылы өтетін учаскелерде орналасқан. Барлық жобалау дәлізінде негізінен мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы түрінде антропогенді ықпал етулер байқалады. Жолдың өтетін аймағында табиғи пайда болған ландшафтар және қол тимеген табиғи кешендер өзгертілмейді. Алайда трасса жоспарының маңында шудан қорғануды орнату талап етілуі мүмкін.

Әсер және оны жеңілдету және басқару

Трассаның жобасына қоршаған ортаға және әлеуметтік ортаға барынша әсерді аз тигізу үшін барлық шаралар енгізілген. Негізінен жоба маршруты қолданыстағы трассаның желісі бойынша өтеді, осылайша жердің жер пайдаланудың басқа түрлеріне өзгеруіне шектеу қояды. Жобаға жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жылдамдықты азайту бойынша жаяу жүргіншілер жолдары ұйымдастырылған. Сондай ақ мал шаруашылығымен айналысатын сол аймақтағы фермерлер үшін жер асты өткелдері қарастырылған. Бұл жер асты өткелдері жабайы жануарлар үшін де қызмет етеді (негізінен қасқырлар, қояндар және т.б.) және жабайы жануарларға арналған өтпелерді салу қажеттілігі болмайды. Жобаға гидрографиялық және гидрологиялық іздестірулердің нәтижелері енгізілетін болады және үнемі немесе маусымды судың жиналуының және батпақ немесе сазды жерлердің пайда болуының алдын алу үшін құбырлардың жеткілікті саны жобаланатын болады. Көпірлерді жобалау маусымдық су ағытқыш, сондай-ақ, мүмкін болатын нөсер тасқындарын ескере отырып есептелетін болады.


Құрылыс кезіндегі әсердің көп бөлігі жобада қолданылатын басқару тәжірибесіндегі ең жақсы шаралармен жүргізіледі. Яғни қалдықты шығару, шаң мен тозаңнан, газдарды қадағалаудың әр түрлі алдын алу не жеңілдету шаралары қарастырылады. Лагерлердегі ағын сулар қоныс учаскелерінде өңделеді. Лагерлерден келетін ағынды сулар және дәретханалардың септикалық шламы трассаның бойындағы ағын сулардан тазалайтын қолданыстағы қондырғыға шығарылатын болады. Балама шешім ретінде ағын суларды тазалайтын шағын габаритті станциялар қолданылатын болады. Терең қазу немесе топырақты аудару жұмыстары жоспарланбағандықтан, жоба бойынша жер асты суларынан әсер болмайды.
Құрылыс қажеттілігіне арналған сулар Торғай, Ырғыз сияқты үлкен өзендерден, сондай-ақ, Терісаққан, Қарасу, Қозыкөш шағын өзендерінен алынады. Су ресурстары құрылыс жұмыстарына да жеткілікті. Ауыз суды мердігер қолданыстағы құдықтар мен жалпы сумен қамсыздандыру жүйесінен жеткізеді. Жол учаскесі өтетін ауданның шегінде жер асты суларының көздері жеткілікті.
Шу мен газды мердігерге талап қою арқылы төмендетіледі, яғни жаңа технологиялар мен құрылғыларды пайдалану арқылы, және жоба аяғына дейін оны жақсы жұмыс жағдайында ұстау талап етіледі. Бұл талаптың барлығы тендер құжаттарында көрсетіледі. Халыққа кедергі келтірілмес үшін жұмыс уақытын шектеу мен түнгі жұмысқа жол берілмейді. Тұрғын үйлер аумағында жұмыстар жасау барысында шу басатын немесе шу шығармайтын терезелерді құру қолданылады.
Топырақты жабу, қалпына келтіру, құнарлығын қалпына келтіру жоспарын құрайтын жолдың нақты учаскесі үшін қоршаған ортаны басқарудың арнайы жоспарысыз топырақ кеніштерін әзірлеуге рұқсат берілмейді. Осы жоспар жергілікті табиғатты қорғау органдарымен (Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес) және құрылысты қадағалау инженерімен (халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайтын болады) және Дүниежүзілік банкпен келісілді.
Барлық табиғатты қорғау іс шаралары құрылыс кезінде мердігерлермен орындалады, тендерлік құжаттамаға енгізіледі және ол жұмыс келісім шарттарының бөлігі болып табылады. Мұнда тіпті байқаусыз табылған процедуралар бойынша нұсқаулықта кіреді. Мердігерлер құрылыс учаскелеріне жергілікті органдар мен қадағалау бойынша инженерге есеп беретін экологиялық және әлеуметтік басқару (тіпті шағымдарды қарау бойынша маманды қосқанда) функцияларына сәйкес келетін тұрақты жұмысшыларды жалдауы керек.

Пайдалану уақытында жоғарыда жазылған жобалау бөліміндегі көлік шуының деңгейін азайту және жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша шаралар бақыланатын болады және тиісті күйде ұсталатын болады. Жоба аяқталғаннан кейін кез келген қажетті өзгертулер, жақсартулар немесе толықтырулар құрылыс және қайта жаңарту жоспарында белгіленетін және енгізілетін болады.

Балама талдау

Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз жол учаскесінің жобалау шешімдерін дайындау барысында Астана мен Арқалық арасында және оларды айналып өтетін жолдардың кейбір бөліктерінде жаңа трассаны салудан өзге, жол учаскелерінің негізгі бөлігі өзгеріссіз қалады. Маршруттың бойындағы негізгі кабельді коммуникация желілері және электр байланысы желілері сол дәліздің бойында сақталады. Жобада «жобамен» және «жобасыз» балама нұсқалар, сондай-ақ, Жантекеден Ырғызға дейін жолдың әртүрлі өту нұсқасы қаралатын болады (34 бетті қараңыз).

«Жобасыз» балама нұсқаның – қолданыстағы трассаның бойындағы кенттерде қоршаған ортаға және әлеуметтік жағдайларға теріс салдары болатын еді. «Жобасыз» балама болған жағдайда жолдарды жергілікті пайдаланушылар үшін қауіп арта түседі, әсіресе егер жол жақсармаса және жол жоқ учаскелерге жол салынбаған жағдайда. Қолданыстағы жолды ІІ санатқа қайта жаңарту және жаңа жолды салу оң әлеуметтік ықпал етулерге әкеп соғады. Құрылыс трасса өтетін жердің бойындағы ауыл шаруашылығы қызметіне әсер етуі мүмкін, алайда жобаға қандай да бір маңызды теріс әсер етулер күтілмейді.
Трасса жоспары табиғатты қорғау аймақтары арқылы өтпейді. Осыған байланысты трасса жоспары қоршаған ортаны қорғау жағынан Астана мен Қазақстанның батыс бөлігінің арасындағы көлік байланысын жақсарту үшін ең жақсы тәсілді ұсынады. Жоба қоғамға маңызды оң әсер етеді, өйткені Астана мен жол учаскесінің бойынан өтетін қалалардың арасындағы экономикалық дамуды және әлеуметтік байланысты жақсартуға ынталандырады.

Жер алу мен қоныс аудару

Ұсынылған жоба жерлерді алуды және олармен байланысты әсер етулерді құрайды. Егжей-тегжейлі жобада Дүниежүзілік банктің талаптарына сәйкес, автожолдарды салу үшін қоныс аудару және жерлерді бөлу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет.

Орталық-Батыс дәлізінің барлық жобасында пайдалану үшін АЖК мен Банк арасында келісілген Қоныс аудару бойынша Негіздемелік саясатқа енгізілген қағидаттар мен стандарттар осы жоба үшін қолданылады;

(а) Қоныс аудару бойынша Негіздемелік саясаттың нақты іске асырылуы талап етілетін жерлерді алуды бағалау, сондай-ақ, осы кезеңде Қоныс аудару бойынша Негіздемелік саясаттың талаптарын сақтау үшін талап етілетін қосымша іс-шараларды ұсыну мақсатында жүргізілетін болады.

(б) ұсынылған, алайда жобаны бағалау сәтінде басталмаған жерлерді алудың жеке жағдайларында жалғаспалы бақылау және есеп беру үшін шаралар қабылдау.

Алдын ала бағалауға сәйкес, жобаланатын жол ұсынылатын айналма жолдарды және жол жоқ жерлерге жол салудан өзге, трассаны қандай да бір маңызды өзгертулерсіз қолданыстағы жолдың жоспары бойынша өтеді. Қолданыстағы жолды қайта жаңартумен және жаңа жолды салумен байланысты жобаны әсер етуге түсетін адамдар санының аз болуы күтіледі. Бастапқы бағалауға сәйкес, бірнеше адам және мүлік объектілері жобаға әсер етеді. Трассаның шегінде ешқандай мүлік объектілері қозғалмайтыны анықталды. Алайда Астана мен Арқалық арасындағы, Торғай мен Ырғыз арасындағы кейбір бөліктерде жаңа жол салу үшін жолды кеңейту мақсатында жерлерді қосымша алу талап етіледі. Ұсынылған кеңейтумен байланысты қозғалған мүлік объектілері мен жер туралы егжей-тегжейлі ақпарат жерлерді бөлу бойынша егжей-тегжейлі жобада және жобалық құжаттамада ұсынылатын болады.

Жолды қайта жаңарту жеке кеніштерден, құрылыс лагерлерінен, жол-құрылыс техникасының тұрақтауы және жол-құрылыс материалдарына арналған қоймалардан топырақты шектеуді қамтамасыз ету үшін барлық құрылыс кезеңінде уақытша жер бөлуді талап етеді.

Сонымен қатар уақытша пайдалану үшін қажетті жерлер жердің иесі мен құрылыс уақытында жермен тікелей жұмыс істейтін және пайдаланатын мердігерлердің арасында тікелей келіссөздер негізінде ерікті түрде алынатын болады, жерді уақытша пайдаланғаны үшін өтемақы төлеуге шарттар бекітілетін болады.

Қоныс аудару бойынша Негіздемелік тұжырымдаманың жобасында қажет етілетін жерлерді бөлудің әртүрлі түрлеріне қатысты барлық толық ақпарат ұсынылады.

Егжей-тегжейлі жоба аяқталғаннан кейін Орталық-батыс дәлізінің жобасына арналған Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары (ҚІЖ) ұлттық заңнамаға сәйкес, сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің ОП 4.12: «Мәжбүрлеп қоныс аударту» талабына сәйкес әзірленетін болады.

ҚІЖ Қазақстан Үкіметі Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті арқылы сақтауы тиіс рәсімдер, сондай-ақ, Жобаға қатысты тұлғаларды тиісті қоныс аударту және өтемақы төлеу үшін қабылданатын әрекеттер жазылады. Құжат объектлерді алу барысында қозғалатын жерлерді, үй шаруашылықтарын және бизнесті сипаттауды қамтамасыз етеді. Мақсаты жерлерді бөлу кезінде теріс әрекеттерді төмендету, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарына ерекше назар аудара отырып, жобаға қатысты тұлғалардың әртүрлі санаттарының құқықтарын белгілеу болып табылады.

ҚІЖ барлық жобаға қатысты тұлғалардың жерге арналған заңды-тіркеу құқықтарының болуы мен болмауына қарамастан оларға қолданылатын болады. Ықпал ету маңыздылығы өтемақы сипатына және басқа көрсетілетін көмекке ықпал етеді. ҚІЖ құжаты қоғамдық тыңдаулардың, мәліметтерді жинау мен талдаудың әртүрлі кезеңдерінің нәтижесі болады. ҚІЖ талаптарын орындау Автомобиль жолдары комитеті арқылы Қазақстан Үкіметі үшін де, Жобаны іске асыруға тартылған барлық мердігерлер үшін де міндетті.



Қоғамдық тыңдаулар және ақпаратты ашу

Қоғамдық тыңдауларды «ҚазжолҒЗИ» АҚ ЖБК және «САЭН Инжиниринг Групп» ЖШС өкілдері экологиялық зерттеулердің барысында 2015 жылғы маусым айында өткізді. Алғашқы қоғамдық тыңдаулар 2015 жылғы 9-12 маусымда Ақмола облысының 5 ауданында - Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл, Атбасар және Жарқайын аудандарында, Қостанай облысында, Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында, сондай-ақ, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өтті. 2015 жылғы 29 маусымда көптеген адамдарды жоба туралы ақпараттандыру үшін Ақмол, Жантеке, Егіндікөл, Сочинский ауылдарында қоғамдық тыңдаулар қайта өтті. Қоғамдық тыңдауларды өткізу жергілікті тұрғындарға және жобаға тартылған тараптарға жобаның жалпы мәліметтерімен танысуға және экология мен әлеуметтік аспектілерге қатысты мазалаған мәселелерін талқылауға, ҚОӘСЫБ және ҚІЖ енгізілетін өз ұсыныстары мен ұсынымдарын білдруге мүмкіндік берді. Кезекті тыңдаулардың және егжей-тегжейлі жобалау қорытындылары бойынша қажеттілігіне қарай жануарларды айдайтын тиімді орындар мен қиылысулар анықталатын болады.

Қоғамдық тыңдаулардың келесі кезеңі және мүдделі тараптардың кеңесі жол учаскесінің бойында орналасқан жергілікті елді мекендер мен жақында орналасқан ауылдардың адамдарының қатысуымен ҚОӘСЫБ жобасын талқылаудың мақсаты өткізілетін болады. Осылайша, ҚОӘСЫБ жобасын әзірлеу ақталысымен (сондай-ақ, Банктің пікірінен кейін) ҚОӘСЫБ құжаты халыққа хабардар етіледі және ол бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады. Жобаны іске асыру кезеңінде мынадай жолдармен көбінесе бейресми кеңестер өткізілетін болады:


  • Жоба сипатталған, жоспарланған жұмыстар және оларды орындаудың болжамды мерзімдері көрсетілген қазақ және орыс тілдерінде брошюраларды дайындау және тарату; және

Жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің қатысумен шағымдарды қарайтын ресми комитет құру. Жобаны қадағалау консультанты Мердігермен бірлесіп шағымдарды қарау бағдарламасын тиімді басқаруға жауапты болады.

жергілікті халық және әлеуметтік-экономикалық жағдай
Дәліздің болжамды учаскесінің бойында орналасқан барлық елді мекендер үшін жерді пайдалануға, жол инфрақұрылымы, су өткізу желілері, электрмен жабдықтау және газбен қамсыздандыру, денсаулық, білім, мәдениет және спорт объектілері, сондай-ақ, өндіріс және бизнеске ықпал етуге бағалау жүргізілетін болады.

Объектіге бару және халықпен байланыс барысында адамдардың этникалық түріне, иесі әйел отбасыларға, әлеуметтік қорғалмаған топтарға ешқандай ықпал ету туралы сөз қозғалмаған.

Негізгі теріс әсер етулер мынадай факторлар болып табылады:


  • Ұсынылатын жол фермерледің қозғалысы және малды айдау үшін ықтимал кедергі болуы мүмкін,

  • Кейбір жерлерде ұсынылған жол мектеп, дүкен және басқа жергілікті мекемелерге жету үшін ықтимал кедергі болса,

  • Құрылыс, сумен қамсыздандыру, электр және газбн қамсыздандыру уақытында жергілікті тұрғындардың жобаға ыпал етуі;

  • Құрлыс уақытында қолданыстағы дренажды жүйелер қозғалуы мүмкін,

  • Жұмыскерлердің келуі,

  • Жерлерді алу және мәжбүрлеп қоныс аудару егер процесс тиісті түрде реттелсе, Жобаға қатысты тұлғаларға (ЖҚТ) теріс ықпал етуі мүмкін,

  • Құрылыс барысында ЖҚТ жерлерді пайдалану бойынша кейбір шектеулері пайда болуы мүмкін

  • Жерлерді бөлу және жолды салу ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты ЖҚТ тіршілік әрекетіне теріс ықпал етуі мүмкін.

Негізгі оң әсер етулер мынадай факторлар болып табылады:



  • Жаңа жол қалған аудандармен, өңірлермен және елмен жақсы байланысты қамтамасыз етеді.

  • Құрылыс кезеңінде көптеген жұмыс орындарын, соның ішінде жолдың құрылысына қатыса алатын жергілікті тұрғындар үшін көптеген жұмыс орындары құрылатын болады;

  • Кеңейтілген жол жаңа дүкендер, мейрамханалар, барлар, май құю станцияларын, жергілікті азық-түлік дүкендерін және т.б. салуға мүмкіндік беретіндіктен, жергілікті экономиканы жандандырады.

табиғатты қорғау іс-шараларының негіздемелік жоспары (ТІНЖ)

ТІНЖ жобаны іске асыруға жауапты мердігерлер мен басқа қатысушылар енгізуі тиіс экологиялық шаралар мен рәсімдерді анықтау үшін ҚОӘСЫБ зерттеу бөлігі ретінде дайындалған болатын. ТІНЖ жобаны іске асыру барысында қаралуы мүмкін.


ТІНЖ мынадай ақпаратты қамтиды:

  • Қоршаған ортаға ықтималды әсер ету

  • Әсер етуді жеңілдету шаралары;

  • Құрылыс және жолды пайдалану барысында әсер етуді жеңілдету бойынша іс-шараларды енгізуге арналған институционалды міндеттер;

  • Қоршаған ортаны бақылау жоспары.

ТІНЖ негізінде жеке учаскелер/лоттар үшін табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары (ТІЖ) әзірленетін болады. ТІЖ іске асыру кестесінде қоршаған ортаға әсер етуді жеңілдету бойынша іс-шаралардың мерзімін, жиілігін, ұзақтығын және құнын анықтайды және осы әрекеттерді жоба жұмысының толық жоспарымен біріктіреді.

ТІЖ құрылыс кезінде қоршаған ортаға ықпал етуді бақылау және жеңілдету бойынша шаралар енгізілетін бақылау іс-шараларын құрайды. Жеңілдету бойынша жоспарланған шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бақылау жоспары ҚОӘСЫБ есебінде анықталған әсер етуді қамтитын болады.

Тұжырымдар, ұсыныстар және қорытындылар

Ұсынылған жолды салу жобасында бірқалыпты экологиялық және әлеуметтік әсер етулер бар. Осы әсер ету есебінде сипатталған құрылыс уақытындағы әсер етуді жеңілдету бойынша іс-шараларды енгізген жағдайда экологиялық және әлеуметтік аспектілерде жіберілетін болады. Орталық-батыс дәлізінің жол учаскесін жақсарту және кеңейту трасса өтетін жолдың бойындағы халық үшін әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі. Кез келген ауа-райында жылдам, қауіпсіз және қол жетімді жол Қытай, Қазақстан Ресей арасында, сондай-ақ, Еуропа және Орталық Азияға қарай жүкті тиімді және тез тасымалдауға мүмкіндік береді. Осы елдердің ішінде өндірілген тауарлар маршрут бойынша тез жеткізілетін болады. Негізгі кәсібі болып табылатын осы аумақтың ауыл шаруашылығы өнімі одан да ірі нарыққа тез тасымалдануы мүмкін. Жұмыс күші елдер арасында еркін жылжуы мүмкін, сондай-ақ, өңірлік және экономикалық жағынан туризм үшін аса маңызды болады. Жұмысқа орналасу және бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер туындайды. Өңірлік деңгейде Ақмола облысының халқы Қазақстанның орталық және батыс бөлігінде орналасқан басқа қалалар мен өңірлерге сапарға шыққан кезде жолға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік алады.

Келесі ұсыныстар ҚОӘБ-тың нәтижесі болып табылады:


  • Жолдың трассасын 2 санатқа дейін жақсарту үшін қолданыстағы жолды кеңейту уақытында қажет болған жерлерге жаңа жолды және айналма жолдарды салуды қоса алғанда, жоба қолданыстағы жорл трассасының жоспарынан ауытқымауы тиіс;

  • Құрылыс бойынша жобалау құжаттамасы салдарды жеңілдететін түрлі шаралар бойынша барлық ережелер кіруі тиіс;

  • Келісім құжаты қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық талаптарды қанағаттандыру үшін 7 бөлімде көрсетілген сәйкес тармақтар қосылуы керек. Құрылыс материалдары (құм және қиыршық тастар) тек лицензияланған карьерлерден алынуы керек. Артық материалдар экологиялық таза әдіспен жойылуы керек.

ҚОӘСЫБ жобасын әзірлеу аяқталғаннан кейін (және Банктің келісімінен кейін) ҚОӘСЫБ құжаты халыққа хабардар етіледі. Жеке учаскелер/лоттар үшін ҚІЖ бойынша қоғамдық кеңестер жобалау учаскелерінің бойында орналасқан тартылған адамдар мен жергілікті халықты шақыру арқылы әрбір учаскені егжей-тегжейлі жобалау кезінде өткізілтін болады. Сондай-ақ, жобаны дайындау барысында төмендегілер арқылы ақпаратты жария ете отырып, бірқатар бейресми кеңестер өтетін:

• • Жоба сипатталған, жоспарланған жұмыстар және оларды орындаудың болжамды мерзімдері көрсетілген қазақ және орыс тілдерінде брошюраларды дайындау және тарату; және

• Жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің қатысумен шағымдарды қарайтын ресми комитет құру. Жобаны қадағалау консультанты Мердігермен бірлесіп шағымдарды қарау бағдарламасын тиімді басқаруға жауапты болады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет