1. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына кешенді тексеру жүргізу кезінде ерекше назар аударылады:
A) жүріс бөлігінің, жол жиектерінің, тротуарлардың, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының жай-күйіне;
B) автокөліктің жай-күйіне;
C) темір жол көлігінің жай-күйіне;
D) авиациялық көліктің жай-күйіне;
E) теңіз көлігінің жағдайы.
2. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру жылына қанша рет жүргізіледі:
A) көктемде және күзде жылына екі рет 1 сәуір мен 20 маусым және 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы кезеңдерде жүзеге асырылады.
B) көктемде және күзде жылына екі рет 1 наурыздан 20 мамырға дейінгі және 1 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі кезеңдерде;
C) жылына екі рет қыста және жазда 1 ақпаннан 20 наурызға дейінгі және 1 шілдеден 1 тамыз аралығындағы кезеңдерде;
D) жылына бір рет 1 сәуірден 20 маусымға дейін;
E) жылына бір рет 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін.
3. Негізгі көлік құралы:
A) тұтастай алғанда айналысқа шығарылған көлік құралы немесе шанақ немесе шасси түріндегі оның негізгі компоненттері басқа көлік құралын жасау үшін пайдаланылған көлік құралы болып табылады;
B) екі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған кресло-арбалардан басқа) және ондағы адамдардың бұлшық ет күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;
C) күзетілетін адамдарды тасымалдауға және (немесе) ілесіп жүруге арналған көлік құралы;
D) Іштен жану қозғалтқышынан емес, электр энергиясының тәуелсіз көзінен (аккумуляторлар, отын элементтері, конденсаторлар және т. б.) қоректенетін бір немесе бірнеше электр қозғалтқыштарымен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;
4. Жол қозғалысына қатысушы-бұл:
A) жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам;
B) жолдардың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар жатады;
D) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық қарап-тексеру операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;;
C) қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
E) көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не өзге де заңды негізде иеленетін тұлға (жалға алу құқығы, көлік құралын осы тұлғаға беру туралы тиісті органның өкімі).
Достарыңызбен бөлісу: |