Қазақстан Республикасы, іске асыруды 2012 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде тартып отырған сыртқы қарыздар бойынша



Дата25.02.2016
өлшемі32.83 Kb.
#25977
Қазақстан Республикасы, іске асыруды 2012 жылы бастау жоспарланып отырған жобалар шеңберінде тартып отырған сыртқы қарыздар бойынша

ақпарат
1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба) Қарыз туралы келісім.

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2011 жылы 26 тамызда қол қойылды.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 20 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарызы Қазақстан Республикасына 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 15 жылдық мерзімге беріледі. Пайыздық ставка пайыздар есептелетін әрбір кезеңге референттік ставка + құбылмалы спрэдке тең. Бір жолғы комиссиялық алым қарыз сомасының бір пайызының ширегіне (0,25%) тең.

Жобаны іске асыру халықаралық әдістемелер мен үздік тәжірибеге сәйкес қажетті, уақтылы және дәйекті деректермен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық статистика жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.

Жоба құрауыштары статистика жүйесінің институционалдық ортасын және операциялық қамтамасыз етілуін жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық жүйені және физикалық инфрақұрылымды жақсарту, кадрлық әлеуетті дамыту, статистикалық инфрақұрылымды, стандарттарды және әдіснамаларды жақсарту, пайдаланушылармен және респонденттермен жұмыстарды жетілдіру, статистиканың нақты салаларында әдіснаманы және тәжірибе мен жобаның басқарылуын жетілдіруді қамтиды.

Жоба бойынша атқарушы агенттік – Қазақтан Республикасы Сатистика агенттігі болып табылады.

Жобаны іске асыру кезеңі – 2012-2016 жылдар.
2. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарлама (Маңғыстау облысындағы учаске) - 1-жоба).

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2011 жылы 22 тамызда қол қойылды.

283 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына Азия Даму Банкінің қарапайым капитал ресурстарынан (ҚКР) беріліп отыр. Қарызды өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда - 25 жыл. Пайыздық ставка пайыздар есептелетін әрбір кезеңге LIBOR+0,3%-ға тең. Міндеттер үшін комиссия жылына 0,15% ставкасы бойынша алынады.

Жоба 200 км «Бейнеу-Ақтау» автожолын реконструкциялауды және көлік қызметінің сапасын арттыруға, жол-көлік оқиғасының деңгейін қысқартуға бағытталған.

Бейнеу–Ақтау көлік жолын реконструкциялау Маңғыстау облысы және республика аумағы арқылы халықаралық көлік ағындарын тартуға мүмкіндік береді, бұл сауданың дамуына, өңірлердің қызмет көрсету саласына, халықты жұмыспен қамту және әл-ауқатын өсіруге ықпалын тигізеді және сонымен өңірлердің де, сол сияқты тұтас алғанда республиканың да экономикасына оң әсер етеді.

Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:

1. «Бейнеу-Ақтау» автожолының шамамен 200 км учаскесін реконструкциялау;

2. құрылысты қадағалау мен жобаға әкімшілік етуде көмек көрсету.

Жоба бойынша атқарушы агенттік – Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

Жобаны іске асыру кезеңі – 2012-2015 ж.



3. Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Ивестициялық бағдарлама – 4-жоба).

Қарыз туралы келісімге Астана қаласында 2011 жылы 7 маусымда қол қойылды.

112 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына Азия Даму Банкінің қарапайым капитал ресурстарынан беріліп отыр. Қарызды өтеу мерзімі 4 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда - 20 жыл. Пайыздық ставка пайыздар есептелетін әрбір кезеңге LIBOR+0,3%-ға тең. Міндеттер үшін комиссия жылына 0,15% ставкасы бойынша алынады.

Қазақстан Республикасына млн АҚШ доллары сомасындағы қарыз Азия Даму Банкінің қарапайым капитал ресурстарынан беріледі. Қарызды өтеу мерзімі – 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 20 жыл. Пайыздық ставка, пайыздың әрбір есептеу кезеңіне LIBOR+0,3 % тең. Міндеттеме үшін комиссия жылына 0,15 % ставка бойынша өндіріліп алынады.

Жобаны іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын барынша арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің жүк айналымы ұлғаяды, бұл Қазақстан Республикасының барлық деңгейлердегі бюджеттерінің кіріс бөлігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба мынадай құрауыштарды көздейді:

1. Тараз – Қордай жол учаскесі шеңберінде дәліздің Жамбыл облысының аумағымен өтетін Аспара кентінен бастап Благовещенка кентіне дейінгі ұзақтығы 49 шақырым (261,5 – 310,5 км) учаскесін реконструкциялау;

2. құрылысты қадағалау бойынша консультациялық қызметтер.

Жоба бойынша атқарушы агенттік – Қазақтан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.



Жобаны іске асыру кезеңі – 2012-2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет