Қазақстан Республикасы Жер кодексіне өзгеріс



Дата11.07.2016
өлшемі75.41 Kb.
#190341
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне өзгеріс
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) өзгерістер енгізілді.

Аталған Заңмен басты өзерістер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін пайдаланбау жағдайларына түсінік және оларды мәжбүрлеп алып қою тәртібі, бүгінгі мақала осы тақырыпқа арналады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге өзінің сапасына қарай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жарамды, ауыл шаруашылық мақсатында жұмыс жүргізуге берілген жерлер жатады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.

«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірден бір құзіретіне пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару жатады.

Кодекстің 92 бабы 3 тармағына енгізілген өзгерістерге байланысты, егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, оның ішінде, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жер учаскесін еңсерілмейтін күш салдарынан мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт бұл кезеңдерге кiрмейдi.

Аталған баптын 4 тармағына сайкес, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына,



Егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі;

Шабындықтарда – екі жылдан астам жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

Жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы малының болмауы не оның агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген, жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырмадан аз пайызын құрайтын мөлшерде болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

Көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.

Осымен қатар 5 тармақта, мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне олар жиырма бір жасқа толғанға дейін қолданылмайтындығы көрсетілген.



Осымен қатар Кодекстің 93 бабымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою тәртібі бекітілді.

Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338 бабына сәйкес келесідегідей жауапкершілікті көздейді:



  • Жеке тұлғаларға ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,

  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,

  • Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.

Кодекстің 93 бабы 3 тармағына сәйкес, жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану жағдайларына келесілер жатады:

1) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау;

2) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында айқындалған талаптарды бұза отырып пайдалану;

3) осы Кодекстің 99-бабында белгіленген талаптарды сақтамау (Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерде дақылдарды кезектестiрудiң белгiленген схемасын ұстануға, қажеттi мелиорациялық және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, соның iшiнде учаскеде бар суландыру және тоспа-кәрiз жүйелерiн тиiсiнше тәртiппен күтiп-ұстауға мiндеттi.)

4) жер учаскесін экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай етіп пайдалану жатады.

Осымен қатар,аталған баптын 5 тармағына сәкес, еңсерілмейтін күштің салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының анағұрлым төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соққан жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекетке залалды өтеуге міндетті.



Кодекстің 94 бабы талаптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі бойынша келесідей жүргізіледі:

Жоғарыдағы баптың 1 тармағына сәйкес, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы) талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi.

Жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi.

Кепілге алынған жер учаскелерін осы Кодекстiң 92 және


93-баптарында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берілген жағдайда, кепіл ұстаушы мұндай жер учаскелерін алып қою рәсімінің басталғаны туралы хабардар етілуге тиіс.

Кепіл ұстаушыға хабарламаны сотқа талап арыз берген, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиісті орган жіберетіндігі көрсетілген.

Жоғарыдағы баптың 2 тармағы талаптарына сай, осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген нұсқаманың мерзімі өткеннен кейін беріледі.

Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзім - бір жыл, ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде - жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттілігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.

Осы баптың 3 тармағы бойынша, жер учаскесі осы Кодекстің 92 және 93-баптарында көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен жер учаскесінің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған, жер учаскесiне жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.

Өтеусіз негізде берілген жер учаскесі осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен меншік иесінен мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, осы жер учаскесі жер учаскесінің меншік иесіне құнын өтеместен одан әрі қайта бөлу үшін арнайы жер қорына алынады.

Бұл ретте мұндай меншік иесінің (алып қойылған жер учаскесі осы Кодекстің 9-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының негізінде берілген жағдайда) осы Кодекстің 96-1-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жер учаскесін осы мақсаттар үшін өтеусіз негізде қайтадан алуға құқығы бар екендігі аталған баптың 4 тармағымен көрсетілген.

Жоғарыдағы баптың 5 тармағы талаптарына сәйкес, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiлгеннен кейін және орындалуы жер учаскесінің және жер пайдалану құқығының кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша талаптар мөлшерінде кепіл ұстаушыға төленгеннен кейін түскен сома жер учаскесінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi.

Бiр жыл iшiнде кемiнде үш сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізілгеннен кейiн мұндай жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын өткізу мүмкiн болмаған кезде жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына алынады.

Осымен қатар баптың 6 тармағымен, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы заңды күшіне енген сот шешімі жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаны жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тиісті тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.».

Жәнеде Кодекстің 96-1 бабы талаптарына сәйкес, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынатын ақпараттың негізінде орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы баптың 4 тармының талаптарына сай, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді.

Жер кодесіне енгізілген өзгерістерге сай, жер экономикалық тұрғыда тиімді және экологиялық сауатты пайдаланылады деген үлкен үміттер күтіледі. Жер заңнмасына енгізілген жаңа өгерістерге сай жерге деген қатынастың қаншалықты ұқыпты және тиімді болатындығын уақыт көрсетеді.



Жердің пайдаланылуы мен қорғалуынбақылау мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу, сондай-ақ жер заңдарының нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Пассажирская көш.,15; тел./факс 47-58-59.

 
«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет