Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №92



Дата17.07.2016
өлшемі66 Kb.
#205513
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

2014 жылғы 11 сәуірдегі № 92

өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

Азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен

бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің

пилоттық жобасын іске асыру туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі – АІЖК) және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – «Медиация туралы» заңына) сәйкес әзірленген осы Ереже азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.



  • Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:



  • сот медиациясы – бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның жәрдемдесуімен сот процесі тараптарының арасындағы дауды (дау-шарды) реттеудің бітімгершілік рәсімі;

  • дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім – тараптардың сот медиациясы нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі.




  • Пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері

3. Пилоттық жобаның мақсаты азаматтық сот өндірісіне бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның жәрдемдесуімен дауды реттеу арқылы сот медиациясын енгізу болып табылады.

4. Пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері:

1) бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту;

2) судьялардың жүктемесін азайту және істерді қарау мен шешу бойынша процеске қатысушылардың және соттардың шығындарын азайту;

3) азаматтық айналымға қатысушылардың дау-шарларды және дауларды соттан тыс реттеуге мүдделілігін анықтау.
4. Пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттары

5. Сот медиациясы тараптардың келісімімен бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья арқылы жүргізіледі.

6. Сот медиациясы:

1) еріктілік;

2) медиация тараптарының тең құқылығы;

3) бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;

4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік;

5) құпиялылық;

6) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде жүргізіледі.

5. Пилоттық жобаға қатысушылар

7. Облыс орталықтарында орналасқан жалпы юрисдикциядағы азаматтық істерді қарауға мамандандырылған аудандық (қалалық) соттар, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқалары пилоттық жобаға қатысушылар болып табылады.



6. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

8. Пилоттық жоба негізгі үш бағыт (сегмент) бойынша жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, ақпараттық және білім беру.

9. Пилоттық жобаның ұйымдастырушылық сегменті:

1) пилоттық жобаға қатысатын соттарда сот медиациясы арқылы бітімгершілік рәсімдерді жүргізу үшін арнайы кабинеттер ашуды;

2) облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағаларының бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьялардың жұмысын ұйымдастыруын көздейді.

10. Пилоттық жобаның ақпараттық сегменті:

1) сот медиациясын енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуі туралы ақпараттарды Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың Интернет-ресурстарына орналастыруды, сондай-ақ пилоттық жобаға қатысатын соттардың Интернет-ресурстарында пилоттық жобаның өткізілетіні туралы тақырыптық бөлімдер құруды;

2) БАҚ, теледидар арқылы соттарда бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

3) судьялардың, соның ішінде бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьялардың, кәсіби медиаторлардың, практик-заңгерлердің және ғалымдардың қатысуымен теледидар арналарында ақпараттық (пікір алысу) алаңдар құруды;

4) соттарда бітімгершілік рәсімдерді енгізу бойынша пилоттық жобаны өткізу туралы ақпараттық стенділер орналастыруды көздейді.

11. Пилоттық жобаның білім беру сегменті:

1) соттарда бітімгершілік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеу бойынша бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) жүзеге асыратын судьяның қатысуымен өткізілетін іс-шараларды;

2) бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяларды семинарлар, тренингтер және қашықтықтан оқыту арқылы бітімгершілік дағдысына үйретуді көздейді.
7. Сот медиациясын жүргізу

12. Сот медиациясын жүргізу тәртібі АІЖК-нің 49, 193, 247, 367 баптарының талаптарын және төменде көрсетілген ережелерді ескере отырып анықталады:

1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттарда өндірісінде іс бар судья сот талқылауының кез келген сатысында тараптардан сот медиациясын жүргізу мүмкіндігін анықтайды;

2) тараптар сот медиациясын жүргізу туралы келісім жасасқан жағдайда, өндірісінде іс бар судья АІЖК-нің 242-бабының 7) тармақшасына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді он күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады;

3) судьяның ұйғарымы негізінде іс автоматты түрде бөлу арқылы бітімгершілік рәсімдерді жүргізетін судьяға беріледі, ол тараптардың келісімімен сот медиациясы жүргізілетін күн мен уақытты белгілейді;

4) бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья сот медиациясын жүргізу кезінде сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы нормаларды қоспағанда, «Медиация туралы» Заңмен және АІЖК-мен белгіленген нормаларды басшылыққа алады;

5) бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья, егер бұл сот медиациясының мақсаттарына жету үшін қажет болса, тараптардың келісімімен немесе олардың өтініштері бойынша бітімгершілік рәсімдерге басқа адамдарды қатыстыруға құқылы;

6) бітімгершілік рәсімдерді жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды;

7) келісімде сот медиациясының тараптары, даудың (дау-шардың) мәні, бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімі, сот медиациясының құпиялылығы туралы міндеттемелер және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылуы тиіс;

8) апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған сот медиациясы тәртібімен дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы судьяға жазбаша өтініштерде көрсетілуі тиіс;

9) тараптар сот медиациясы тәртібімен дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімге келген кезде, өндірісінде іс бар судья АІЖК-нің 247-бабы 4-1) тармақшасына, 367-бабына сәйкес, оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым, қаулы шығарады;

10) сот АІЖК-нің 248-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымда, қаулыда мемлекетік баж салығының қайтарылатындығын көрсетеді;

11) егер тараптар сот медиациясы тәртібімен келісімге келмесе немесе келісім шарттарын сот бекітпесе, іс бойынша іс жүргізу қайтадан басталады және істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.


8. Пилоттық жобаны өткізуді ұйымдастыру
13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы:

1) пилоттық жобаның үйлестірушісі болып табылады;

2) пилоттық жобаны өткізудің әдістемелік және нормативтік тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;


  • пилоттық жобаға қатысатын соттарға ақпараттық сипаттағы тиісті материалдарды жібереді;

4) пилоттық жобаға қатысатын соттардан келген ақпаратты қорытады.

14. Жергілікті соттарда пилоттық жобаны өткізуді үйлестіру үшін жауапкершілік облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағаларына жүктеледі.



  • Пилоттық жоба аяқталған соң үйлестіруші Жоғарғы Соттың Төрағасына оның нәтижелері бойынша есептік ақпаратты және барлық соттарда пилоттық жобаның тетіктерін енгізудің орындылығы туралы ұсыныстарды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет