Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет74/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
2. Қарым-қатынастағы таңдамалылық. 5-6 жастағы бала-
лардың қарым-қатынасында таңдамалылық ойын барысында айқын 
көрінеді (Х. Т. Шерьязданова). 5-6 жастағы балалардың қарым-
қатынастағы таңдамалылығы ересек адамға бауыр басу (С. В. 
Корницская) мен басқа балалармен достасуынан көрінеді (Р. А. 
Смирнова). Айтылғандар негізінде балалардың қарым-қаты настағы 
таңдамалығын анықтауға болады. Біздің зерттеу «ба ла-бала» 
жүйесіндегі таңдамалылық феноменін айқындауға бағытталды.
Диагностикалық əдіс ретінде ежелден қазақ балалары ой-
найтын «Белбеу тастау», «Қаламақ», «Сақина салмақ», «Егіз», 
«Мысық пен тышқан» ойындары алынды. Ойындар балалар тобы-
мен ұйымдастырылады. Əрбір ойын 3-5 күннен кейін қайталанып, 
жеке топтарда 6 реттен ұйымдастырылды. Ойындар барысында 


206
əрбір оқушыға дара хаттама толтырылады. Балалардың қарым-
қатынастағы таңдамалылығы шартты түрде тағайындалды. 
Хаттамаға негіз болатын байқауға, бақылауға арналған зерттеулерде 
Т. А. Репина əдістемесіне арқау ете отырып, былайша құрамыз:
1. Əрбір баланың жеке ойын барысында басқалардың 
əрқайсысымен байланысы (контактісі) саналады.
2. Əрбір баланың жасаған байланыстарының жалпы қосындысы 
есептеп шығарылады.
3. Əрбір бала үшін қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасы 
есептелінеді: мұндағы қарым-қатынастағы таңдамалылық шекара-
сы, m-байланыстардың жалпы саны, N-топтағы балалар саны.
4. Балалардың қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасының 
мəні (p) əрбір баламен жасаған байланыстар санымен (m) салысты-
рылады. Егер болса, оқушының қарым-қатынастағы таңдамалы си-
патын береді.
3. Коммуникативтілік мотивтерін зерттеу. Мұнда диагнос-
тиканың, негізінен, əдістеме алынды. Эксперименталды жұмыс 
мазмұны екі түрлі жағдайдағы баланың инициативалық жəне 
белсенділік əрекеттерін анықтап, қарым-қатынастағы танымдық 
жəне жеке бастық мотивтерінің арақатынасын зерттеуге негізделеді.
Бірінші жағдайда, балалармен «Бес тас», «Үй тігу» ойындары 
ұйымдастырылды. Мұнда оқушы ойыншық заттар жəне басқалармен 
(экспериментаторлар жəне балалар тобы) өзара əрекеттестік жасау-
ына мүмкіндік берілді. Ұсынылған ойын түрлерінде əрбір оқушыға 
ересек адамның немесе басқа балалардың бірлескен əрекеттестігі 
үшін өзара жəрдем беру қажеттілігі пайда болды. Бұл жағдай арқылы 
оқушының қарым-қатынастағы танымдық жəне іскерлік мотивтері 
зерттелді 
Екінші жағдай баланың ересектермен жəне басқа балалар-
мен əңгімелесуіне негізделген. Бұл жағдай оқушының қарым-
қатынаста басқаларды білуге, түсінуге бағытталуын анықтайды. 
Ол үшін «егер мен...», «егер сен...», «бес саусақ неге бірдей емес» 
метафорасы жəне мақал-мəтелдер қолданылды. Мұндағы жағдай 
таза вербалды, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға негізделген 
жəне де əрбір баланың қарым-қатынас жасаудағы жеке бас 
мотивтерінің дамуы анықталды.
Əрбір жағдайдың ұзындығы 30 минут. Байқау, бақылау хатта-
масына əрбір баланың экспериментатордан жəне басқа балалардан 
сұрақ сұрауының саны тіркеліп, жалпыланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет